Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
аккредиттеу.docx
Скачиваний:
85
Добавлен:
24.03.2015
Размер:
118.87 Кб
Скачать

26.Өнім сәйкестігін міндетті түрде растау.

Сәйкестікті міндетті растау- өнімнің техникалық регламенттерде белгіленген талаптарға сәйкестігін жүзеге саыратын рәсім.

1. Сәйкестiгi мiндеттi расталуға жататын өнiм техникалық регламенттерде айқындалады.

2. Сәйкестiктi мiндеттi растау:

1) дайындаушы (орындаушы) кәсiпорынның сәйкестiк туралы декларация қабылдауы;

2) мiндеттi сертификаттау жүргiзу нысанында жүзеге асырылады.

3. Өнiмнiң сәйкестiгiн мiндеттi растау техникалық регламенттерде белгiленген талаптарға сәйкестiгі және сәйкестiктi растау схемалары бойынша жүзеге асырылады.

4. Сәйкестiктi растау схемаларында сәйкестiктi белгiлеу тәсiлдерi (сынау, өндiрiстi бағалау, сапа менеджментi жүйесiн бағалау, техникалық құжаттаманы талдау, инспекциялық тексеру) болады және сәйкестiктi растау жөнiндегi органдар мен (немесе) өнiмдi дайындаушылар (орындаушылар) оларды мiндеттi сертификаттау жүргiзген немесе сәйкестiк туралы декларация қабылдаған кезде қолданады. Өнiмнiң сәйкестігін мiндеттi растау кезiнде техникалық сарапшылар тартылуы мүмкiн. Егер техникалық регламенттерде өзгеше белгіленбесе, бұрын тұтынуда болған, көрме үшін және оны нысаналы пайдаланбау үшін әкелінген, сондай-ақ iзгiлiк көмек желiсi бойынша жеткiзiлетiн өнiм сәйкестiктi мiндеттi растау объектiлерiне жатпайды.

29.Ак.уге арыз беруге қажетті құжаттар. Өтініш беруші аккредиттеу жөніндегі органға мынадай құжаттар ұсынады:

  1. Аккредиттеуге өтінім

  2. Өтініш берушінің заңды мәртебесін нотариат куәландыратын құжат

  3. Мәлімделген аккредиттеу саласының қағазжағы және электрондық жеткізгіштері

  4. Сынақ, салыстырып тексеру, калибрлеу зертханаларына, өлшемдерді орындау әдістемелерін метрологиялық аттестаттауды жүзеге асыратын заңды тұлғаларға арналған паспорт

  5. Сәйкестікті бағалау жөніндегі жұмыстарды орындайтын персонал туралы мәліметтер

Өтініш беоуші өзі таңдап алған нормативтік құжатқа байланысты тиісті ақпарат ұсынады. Егер өтінім және оған қоса берілген құжаттар белгіленген нысанға сәйкес келмеген не толық көлемде ұсынылмаған жағдайда аккредиттеу жөніндегі орган құжаттарды қайтарудың себептерін көрсете отырып, олардың түскен күнінен бастап есептелетін бес жұмыс күні ішінде өтініш берушіге қайтарады.

Жалпы аккредиттеу ұйымының құжаттары үш топқа бөлінеді:

  1. Аккредиттеу бойынша жалпы құжаттар

  2. Аккредиттеу процедураларына сәйкес ішкі құжаттар

  3. Ұйым және оның әрекеті туралы құжаттар.

30. Сынақ жүргізудің негізгі түрлері. ГОСТ 16504-81 сәйкес сынау дегеніміз сынау обьектісінің сандық және сапалық сипаттама қасиеттерін тәжірибе жүргізіу арқылы анықтау. Сынау түрлері: механикалық, климаттық, термобаралық, т.б. материалдардың және бөлшектердің механикалық қасиеттерін зерттейді. Сынау процесі кезінде бағаланатын параметрлер диапазондарын ұлғайтатын сынау жабдықтарына қойылатын талаптар жоғарылайды. Климаттық сынаулар қиын климаттық полярлық, тропикаылық, т.б жағдайларда көптеген обьектілер қалыпты жұмыс жасау қажет, оларға климаттық әсерлер, температура, ылғалдылық, ауа қысымы, т.б әсер етеді. Климаттық сынаулар:

  • Температураның циклдық өзгеруі, ол қоршаған ортаның температурасы өте төменгіден өте жоғары температураға тез өзгеруі

  • Ылғалдылықтың өзгеруіне байланысты температураның өзгеруі

  • Атмосферадан түсетін жауын шашындар

  • Суға, шаңға қоғанушылығы сияқты әсерлер бойынша жүргізіледі.

Кез келген обьектінің сипаттамасына сәйкес әртүрлі тәжірибе жүргізіледі: функционалдық( көрсеткішті анықтау), сенімділік ( берілген жағдайда кез келген обьектінің тұрақты жұмыс істеуі), беріктілік ( температура, қысым, т.б , құландағы шыдамдылығы), орнықтылық, қаіпсіздік, тасымалдау қабілеті (приборды тасымалдағанда ішкі фактордың өзгермеуі), шектік қасиеті (прибордың режимі), технологиялық ( прибордың бір бөлігі істен шықса, оны алмастыра алуы).