Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМКД АП РК и ЗС, КМП-201, 202,203 2012-2013 дай...doc
Скачиваний:
6
Добавлен:
20.11.2019
Размер:
2.16 Mб
Скачать

«Қазақстан Республикасының және шетелдердің әкімшілік құқығы» пәні бойынша жұмыс оқу бағдарламасы

Мамандық: 5В030200-Халықаралық құқық

Оқу нысаны: күндізгі

Пән атауы және коды – KK 2222

Конституциялық құқық және мемлекеттік басқару кафедрасы

Оқу жылы: 2012-2013.

Семестр: 3

Барлығы _2_ кредит

Курс _2_

Дәріс__20__ сағат

Семинар_10_ сағат

СОӨЖ___30__ сағат

СӨЖ __30__ сағат

Емтихан__3__ семестр

Жалпы көлемі __90__ сағат

Астана-2012ж.

Жұмыс оқу бағдарламасы 5В030200-Халықаралық құқық бакалавр мамандығының мемлекеттік білім берудің жалпы стандарттарының, «ҚР және шет елдердің әкімшілік құқығы» пәні бойынша типтік бағдарлама негіздерінде конституциялық құқық және мемлекеттік басқару кафедрасының аға оқытушысы, з.ғ.к. Ж.Е. Садықанова әзірледі.

Конституциялық құқық және мемлекеттік басқару кафедра отырысында талқыланды.

Хаттама № ____ «_______»__________________ 2012 ж.

Кафедра меңгерушісі _____________________ з.ғ.к. А.Б. Жұмәділова

Ұлттық құқық жоғары мектебінің (әділ сот, адвокатура және кәсіпкерлік құқық) оқу-әдістемелік кеңесімен мақұлданған.

Хаттама № ____ «____» __________________2012 ж.

Төраға _________________________________ з.ғ.д., профессор У. Шапақ

Пәннің мақсаты:

Қазақстан Республикасының әкімшілік құқығы елдiң мемлекеттiк және қоғамдық өмiрiнiң басқару салаларын реттейтiн ұлттық құқық жүйесінің жетекші салаларының бірі. Оны оқытудың мақсаты әкімшілік құқықтың негізгі теориялық мәселелерін жүйелендiрiлген түрде қарастыру. Әкімшілік құқық ғылымының теориялық мәселелерiн терең түсiну, алынған бiлiмдi заңгердiң болашақтағы практикалық қызметiне, өзінің, қоғамымыздың, мемлекетіміздің қауіпсіздігіне, дамуына қолдану.

Пәндi оқу міндеттері:

  1. Заң ғылымдарының құрамдас бөлiгi ретiнде әкімшілік құқық ғылымының негiзгi түсiнiгi туралы бiлiм алу.

  2. Әкімшілік-құқықтық институттардың негiзгi пәнiн, қазақстанның әкімшілік құқығының дамуының ерекщелiктерiн тану.

  3. Өмiрдiң басқару саласындағы маңызды қоғамдық қатынастарын реттейтiн әкімшілік құқық нормаларын терең бiлу.

  4. Қазақстан Республикасының Конституциясымен бiрге әкімшілік құқықтың негiзгi қайнар көздерi болып табылатын, мемлекеттiк-басқару қатынастарын реттейтiн конституциялық заңдар мен заңдарды, әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексті және өзге де нормативтік сипаттағы актілерді жан-жақты оқып, бiлу.

  5. Пән бойынша ғылыми оқулықтар және оқулықтармен жұмыс жасауға дағдылану.

  6. Әкімшілік құқық пәнi бойынша алынған бiлiмдi тәжiрибелiк немесе ғылыми қызметте пайдалана бiлуге машықтандыру.

Әкімшілік нормаларды оқу кезiнде жүйелiк және диалектикалық әдiстердi, салыстырмалы анализдi, тарихи аспектiлердi, статистикалық әрi социологиялық көрсеткiштердi пайдалана бiлу.

Әкімшілік құқық Қазақстан Республикасының ұлттық құқық жүйесiнде белгілі бір орынға ие болады. Сондықтан оның өзге де құқық салаларымен өзара қатынасы бар. Барлық құқық салалары, оның ішінде әкімшілік құқық үшiн де Конституцияда бекітілген адам және азаматтың құқықтары мен бостандықтары, мемлекеттiк басқару нысандары мен құрылысы, мемлекеттiк басқару жүйесi ұйымдастыру қағидалары туралы және т.с.с. нормалар негiз болып табылады.

2.Пәннің пререквизиттері: Қазақстан Республикасының әкімшілік құқығы пәнін игеру үшін Мемлекет және құқық теориясы, Қазақстан Республикасының конституциялық құқығы пәндерінен бастапқы білімдер қажет.

3.Пәннің постреквизиттері: Пәнді қарастыруды аяқтаған кейін арнайы: Кеден құқығы, қаржы құқығы, Әкімшілік юстиция, Әкімшілік жауаптылық, Құқық қорғау органдарының әкімшілік қызметі, Адам құқықтары мен бостандықтарын қорғау тетігі курстарын қарастыруға мүмкіндік пайда болады.