Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМКД АП РК и ЗС, КМП-201, 202,203 2012-2013 дай...doc
Скачиваний:
6
Добавлен:
20.11.2019
Размер:
2.16 Mб
Скачать

5. Азаматтар - әкiмшiлiк құқықтың субъектiсi ретiнде.

Азаматтардың әкiмшiлiк құқықтық мәртебесi.

Азаматтардың әкiмшiлiк құқық қабылеттiгi және әрекет қабылеттiгi.

Шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ тұлғалардың әкiмшiлiк құқықтық жағдайы.

1. Азаматтардың әкiмшiлiк құқықтық мәртебесi.

Азаматтар - әкiмшiлiк құқықтың субъектiсi ретiнде қоғамдық қатынастарға нормативтiк актiлерде мазмұндалатын нақты құқықтар мен мiндеттерге ие болады. Осы құқықтар мен мiндеттердiң жиынтығы азаматтарың құқықтық мәртебесiн көрсетедi.

Азаматтардың әкiмшiлiк құқықтың мәртебесi – заңда және јзге де нормативтiк құқықтық актiлермен бекiтiлген азаматтың мемлекеттiк басқаруға, жеке және бұқаралық мүдделерiн қанағаттандыруға қатысуын қамтамасыз ететiн құқықтары, мiндеттерi және жауаптылығы.

Нормативтiк құқықтық актiлер – құқықшығарушы органдардың өзiнiң құзыретi шеңберiнде белгiлi бiр нысанда қабылданатын және құқық нормаларын өзгертуге, бекiтуге бағытталған, жазбаша ресми құжат.

Құқық нормалары - жалпыға бiрдей мiндеттi, тұрақты немесе уақытша сипатқа ие болатын, бiрнеше рет қолдануға негiзделген мемлекеттiк предписание?

Азаматтардың әкiмшiлiк құқықтың мәртебесi – ҚР-ның Конституциясы, “ҚР-ның азаматтығы туралы”, “ҚР-дағы мемлекеттiк қызмет туралы” және өзге де актiлермен анықталады.

Азаматтардың әкiмшiлiк құқықтық қатынасқа қатысушы ретiнде сипатталатын басты ерекшелiктерi – олар жеке тұлға болып қатысады, яғни атқарушы билiк саласында өзiнiң жеке құқықтары мен мiндеттерiн жүзеге асырады.

Азаматтардың әкiмшiлiк құқықтық мәртебесi күрделi сипатқа ие болады және атқарушы билiк аясында көптеген құқықтар мен мiндеттердi қамтиды. Сондықтан әкiмшiлiк құқықтық қатынастар мемлекеттiк билiк уәкiлеттiгiне ие болатын сәйкестелген органдардың және бұндай уәкiлеттiктерге ие болмайтын, бiрақ мемлекеттiк билiк саласында белгiлi құқықтар мен мiндеттерге ие болатын азаматтар арасында пайда болады.

Олар:

  • азаматтардың атқарушы билiк саласында заңмен бекiтiлген құқықтарын жүзеге асыруы;

  • азаматтардың атқарушы билiк саласында өзiне жүктелген мiндеттерiн атқаруы;

  • азаматтардың атқарушы билiк саласындағы құқықтарының бұзылуы;

  • азаматтардың атқарушы билiк саласындағы заңды мiндеттерiн орындамауы.

Әкiмшiлiк құқықтық қатынастардың пайда болу шеңберi әр түрлi, сондықтан азаматтардың әкiмшiлiк құқықтық мәртебесiн нығайтуды қажет етедi. Олар:

  • мемлекеттiк iстердi басқаруға тiкелей және өкiлдерi арқылы қатысуы;

  • азаматтардың мемлекеттiк қызметке тең құқығы;

  • еркiн жүрiп-тұру;

  • азаматтардың экономикалық, әлеуметтiк-мәдени құқықтары.

Сонымен қатар мiндеттерi:

  • қоршаған ортаны қорғау;

  • отанды қорғау;

  • салық төлеу.

2. Азаматтардың әкiмшiлiк құқықтық жағдайы оның әкiмшiлiк құқық субъектiлiгiмен анықталады.

Құқық субъектiлiк – құқықтың субъектiсi болу қабылетi.

Азамат атқарушы билiк саласында құқықтарға ие болып, мiндеттер атқару үшiн оның әкiмшiлiк құқық қабылеттiгi және әрекет қабылеттiгi болуы керек.

Әкiмшiлiк құқық қабылеттiк мемлекетпен қамтамасыз етiлген. Кейбiр жағдайда әкiмшiлiк құқық қабылеттiк заңмен белгiленген тәртiпте уақытша немесе жартылай шектелуi мүмкiн (әскери қызметiн өтеу кезiнде, денсаулығына байланысты; көлiк айдау құқығынан уақытша айыру; төтенше жағдайлар кезiнде).

Әкiмшiлiк құқық қабылеттiк әкiмшiлiк әрекет қабылеттiктiң қажеттi шарты болып табылады.

Жалпы алғанда азаматтар бiрдей әкiмшiлiк әрекет қабылеттiкке ие болады. Бiрақ, денсаулық және т.с.с. жағдайларға байланысты олар жартылай немесе толық әрекет қабылеттiгi жоқ деп танылады (егер есi дұрыс болмаса, онда жауаптылыққа тартылмайды).

Әрекет қабылеттiгi бар азамат нақты әкiмшiлiк құқықтық қатынасқа түсiп, атқарушы билiк органдарының талаптарын орындайды немесе өзiне тиiстi құқықтарын жүзеге асырады.

Азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын бөлiп қарастыру ҚР-ның Конституциясында бекiтiлген жүйеге сүйенедi және оны жүзеге асыру кезiнде тереңдетiледi (меншiк құқығының пайда болуы әкiмшiлiк құқығымен уәкiлеттендiрiлгенорган немесе лауазымды тұлғамен берiлетiн заңды құжатпен куәлендiрiледi).

3. Әкiмшiлiк құқықтың субъектiсi ретiнде шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ тұлғалар жатады.

Бұл тұлғалар жалпы құқықтар мен бостандықтармен қоса арнайы құқықтық мәртебеге де ие болады.

Мемлекет шетел азаматтарымен қатынастарды реттеумен қатар олардың құқыққабылетiн бекiтiп, құқықтары мен бостандықтарын анықтап, кепiлдiктердiң көмегiмен құқықтық мәртебесiн қорғайды және iске асыруды қамтамасыз етедi. Сонымен қатар атқарушы билiк органдары шетел азаматтарының құқықтық iс қимылына бақылау және қадағалау шараларын қолданады.

Мемлекетке келген шетел азаматтарының шектелген құқыққабылеттiгi олардың посольстволар мен консульстволарда келуге рұқсат алу және құжаттарын рәсiмдеуден басталса, ал толық құқыққабылеттiк ҚР-ның аумағына келiп кiргенде басталып, ҚР-нан кеткенде немесе азаматтығын өзгертуде анықталады.

Шетел азаматтарының әрекет қабылеттiгi – оның өзiне жүктелген мiндеттердi орындау қабылеттiгi және өзiнiң әрекеттерiмен өзiне берiлген құқықтарды жүзеге асыру болып табылады.

Заңдағы критерилерден басқа шетел азаматтарының әрекет қабылеттiгi халықаралық келiсiмге сәйкес негiзде анықталуы мүмкiн.

Шетел азаматтарының әкiмшiлiк құқықтық мәртебесiнiң ерекшелiктерi: олардың саяси құқықтары болмайды.

Заңды кепiл - шетел азаматтарының берiлген құқықтары мен бостандықтары және мiндеттерiн бұзғаны үшiн жауаптылықты да қарастырады (әкiмшiлiк жазалар – Республиканың аумағынан әкiмшiлiк жолмен кетiру). Бұл жазаларды қолдануға әсер ететiн салдар:

  • мемлекеттiк қауiпсiздiк пен қоғамдық тәртiптi қорғау мүдделерiне қайшы әрекеттер жасау;

  • халықтың денсаулығын қорғауға қажеттi деп танылса;

  • жалпыға бiрдей мiндеттiлiктi сақтамаса;

  • еңбек құқығының нормаларын бұзса және т.с.с.

Әкiмшiлiк құқық позициясынан шетел азаматтары:

  • тұрақты тұратындар, яғни ҚР-да тұрақты тұруға рұқсат немесе тұрақты тұруға вид алған – шетел азаматтары;

  • уақытша келгендер деп сараланады.

Әкімшілік құқық бұзушылық түсінігі.

Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің міндеттері мен принциптері.

Әкімшілік құқық бұзушылық құрамы.

Қоғамдық тәртіпке және имандылыққа қол сұғатын әкімшілік құқық бұзушылықтар.

Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша іс- жүргізу.

Әкімшілік құқық бұзушылық түсінігі. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің міндеттері мен принциптері.

Қазақстан Республикасында әр түрлі әкімшілік ережелер әрекет етеді. Мысалы, олардың қатарына қоғамдық орындардағы тәртіп ережелері, жол қозғалысы ережелері, от қауіпсздік, қоршаған ортаны қорғау ережелері, төтенше жағдай туралы ережелерді жатқызуға болады. Бұлардың барлығы Қазақстан Республикасының заңдарымен бекітіледі. Ал, бұл ережелерді бұзу құқық бұзушылық болып саналады. Соның ішінен әкімшілік құқық бұзушылықты айыра білу керек.

Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 28 бабына сәкес, әкімшілік құқық бұзушылық – жеке адамның осы кодекс бойынша әкімшілік жауаптылықты көзделген құқыққа қарсы, кінәлі (қасақана немесе абайсызда жасалған) іс-әрекеті не әрекетсіздігі немесе заңды тұлғаның құқыққа қарсы іс-әрекеті не әрекетсіздігі. Профессор А.А. Тарановтың жазуынша, әкімшілік құқық бұзушылық дегеніміз – жалпыға міндетті әкімшілік нормаларды бұзатын және әкімшілік жаза түріндегі жауаптылықты тудыратын заңсыз айыптың әрекет не әрекетсіздік.

Әкімшілік құқық бұзушылық ыриқтық іс-әрекет актісі болып табылады, ол өзіне іс-әрекеттің екі аспектісін - әрекеттік немесе әрекетсіздік көріністі білдіреді.1 Міндеттемені, заңды талапты белсенді түрінде орындамау, сондай-ақ салынған тыйымды бұзу (мысалы, егіндкті бүлдіру, көкнар немесе қарасораны заңсыз отырғызу) әрекет болып табылады. Ал әрекетсіздік дегеніміз міндетті көрінеу орындамау ( мысалы, мемлекеттік статистикалық бақылау жүргізуден бас тарту, өндіріс қалдықтарын көміп тастау талабын орындамау, т.б.)

Әкімшілік құқық бұзушылықты жасау әкімшілік жауапкершіліктің негізі ретінде, әкімшілік жаза қолдануға әкеп соғады. Жаза қолдануға нормативтік негіздемеге құқық нормалары жатады және әкімшілік жауапкершілік осы нормаларға сәйкес белгіленіп, қолданылады.

Әкімшілік құқық бұзушылықты басқа құқыққа қайшы әрекеттен айыру үшін оның белгілерін білу қажет. Сонымен, әкімшілік құқық бұзушылықтың белгілеріне мыналар жатады:

заңға қайшылық. Бұның мәні құқық нормасының диспозициясын бұзатын әрекеттің (әрекетсіздіктің) жасалуында, ал ол үшін әкмшілік жауапкершілік белгіленеді. Мысалы, құқық бұзушылық құқықтың, заңнаманың әр түрлі салаларының нормаларына қатысты болуы мүмкін (мысалы, білім, қораныс, ветеринария, т.б. туралы), бірақ ол үшін әкімшілк, сот тәртібінде қолданылатын әкімшілік жазалау шаралары көзделсе, онда ол әкімшілік құқық бұзушылыққа жатады.

Кінәлілік. Кез-келген әрекетті (әркетсіздікті) жасаудағы кінәлілік дегеіміз – оның қасақана немесе абайсда жасалуы. Кінәнің болуы - әкімшілік құқық бұзушылықтың міндетті түрдегі белгісі, ал кінә болмаса іс-әрекет әкімшілік құқық бұзушылық деп танылмайды, сондақтан кінәнің формасы сараланбайды. Ол белгілі бір теріс қылықты жасағадық үшін әкімшілік жауапкершілік салыстырмалы- белгілі бір жазалау шараларында көрініс тапқанда, мысал, көптеген теріс қылықтар үшін жаза бергенде, негізгі немесе қосымша жаза бергенде ескеріледі. Жаңа ӘҚтК-тің 36-бабына сәйкес заңды тұлағалардың әкімшілік жауакершілігі белгіленген, онда кінә саралаушы белгі болып табылмайды (яғни, кінә анықталмайды).

Жаппай жасалу (теріс қылықтардың жаппай орын алуы). Жаппай жасалушылық әкімшілік құқық бұзушылықтың белгісі ретінде заң ғылымында әзірше толық, жан-жақты зерттелмеген.

Жаппай жасалғандықты көрсететін белгілерге мыналар жатады: теріс әрекетті қайталап жасау, не құқық бұзушылықты көптеген субъектілердің алдын-ала келісімінсіз жасауы. Мысалы, электр немесе жылу қуатын пайдалану құқығын бұзу.

Әкімшілік құқық бұзушылықтың белгілерімен қатар, оны басқа құқыққа қайшы әрекеттерден (әрекетсіздіктерінен) айыру қажет. Және бұл мәселені дұрыстап қарастыру, біріншіден, мемлекетті басқару органдары мен лауазымды тұлғалар үшін өте маңызды.

Ең басты, материалды белгісі бойыша, яғни қоғамға қауіптілік дәрежесіне қарай барлық құқық бұзушылықтар екіге бөлінеді: Қылмастар және теріс қылықтар.

Әкімшілік құқық бұзушылыққа қарағанда қылмыстық қоғамдық қауіптілік дәрежесі жоғары болады. Және бұлар қылмыстық заң бойынша сараланып, жауапкершілікке тартылады.

Сонымен қатар, әкімшілік құқық бұзушылықты, тәрбиелік мәнді теріс қылықтардан ажырату маңызды. Яғни, теріс қылық – белгілі бір мекеме немесе ұйымның нақты бір қызметтеріне жүктелген әрекетті жасамау. Ал, әкімшілік құқық бұзушылық жалпыға бірдей міндетті ережелерді, нормаларды орындамау.

«Әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңдардың міндеттері – адамның және азаматтардың құқықтарын, бостандықтарын, заңды мүдделерін, халықтың денсаулығын, санитариялық – эпидемиологиялық салауаттылығын, қоршаған ортаны, қоғамдық имандылықты, меншікті, қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті, мемлекеттік билікті жүзеге асырудың белгіленген тәртібін, ұйымдырадың заңмен қорғалатын құқықтары мен мүдделерін әкімшілік құқық бұзушылықтан қорғау, сондай-ақ олардың жасалуының алдын алу деп жазылған ҚР ӘҚтК-нің 7-баптың 1-ші тармағында. Осы жоғарыда айтылған міндеттерді орындау үшін жауаптылықтың негіздері мен принциптері белгіленеді. Яғни, қандай әрекеттерді әкімшілік құқық бұзушылық деп қарастыруды, қолданылатын жаза түрлерін, оны қолдану тәртіптерін көрсетеді.

Әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңдардың принциптерінің басты маңызы: заңдарды бұзу, әрекеттің сипаты мен дәрежесіне қарай, іс бойынша жүргізілген істі жарамсыз деп тануға, шешімдердің күшін жоюға әкеп соғады. Яғни, бұл принциптер істі дұрыс шешу үшін маңызды.

Әкімшішілік құқық бұзушылық құрамы

Әкімшілік құқық бұзушылықтың құрамы дегеніміз – қандай да бір әрекеттердің (әрекетсіздіктердің) заңға қайшы, кінәлі деп танылған, әкімшілік жауапкершілікке алып келу үшін қажетті, әкімшілік заңнамада белгіленген белгілер жиынтығы.

Іс-әрекет құқық бұзушылық деп саналу үшін онда құрамның барлық белгілеріболуға тиіс. Олар ӘҚтК-тің ІІ тарауының Жалпы бөлімінің нормаларымен анықталған. Ол құқық бұзушылықтың обьектісі, объективтік жағы, субъектісі және субъективтік жағы. Осылардың біреуінің болмауы құрамның толық болмауын білдіреді. Яғни, жауапкершіліктің негізі болмайды.

Жинақтау дәрежесіне қарай құқық бұзушылық жалпы, тектік және тікелей обьектілерге бөлінеді. Құқықтың әр түрлі салаларымен реттелген, әкімшілік жауапкершілік шараларымен қорғалатын қоғамдық қатынастар әкімшілік құқық бұзушылық объектісі, оның ішінде жалпы объектісі болып табылады. Жалпы объектінің дербес бөлігін құрайтын қоғамдық қатынастар әкімшілік құқық бұзушылықтың тектік объектісі болып саналады. ӘҚтК тектік объектілерді тек мемлекеттік басқару салалары бойынша ғана емес, сонымен қатар реттелетін қоғамдық тәртіп, табиғат қорғау, т.б. бөліктеп қарайды. Бір текті бірқатар құқық бұзушылық (жол қозғалысы, төқұжат режим ережелерін, кеден ережелерін бұзу) үшін ортақ қоғамдық қатынастар тобы түрлік объекті деп танылады. Тікелей объекті дегеніміз - әкімшілік жауапкершілік шараларымен қорғалатын нақты қоғамдық қатынасқа зиян келтіру (Кеден бақылауы аймағында режимді бұзу). Мысалы, ұсақ бұзақылық кезінде тікелей объект азаматтардың тыныштығы және имандылық.

Объективтік жақ әкімшілік құқық бұзушылықтың сыртқы көрінісін, іс-әрекеттің (әрекеттің немесе әрекетсіздіктің) өзін сипаттайды. Құқық бұзушының құрамында, көбіне, құқық бұзушылық жасау тәсілінің, сипатының (қайталанушылық, бірнеше рет жасалғандық), жасалған уақыт пен орнының (қоғамдық орын, шекара зонасы, әуе кемесі), келген зиянның, қылмыс жасауда пайдаланылған құралдардың (көлік құралы, ішімдік, есірткі заттар, қару) маңызы зор.

Объективтік жақтың іс-әрекеттің бірнеше рет жасалғандығы және қайталанғындығы сияқты белгілері әкімшілік құқық бұзушылықтың құрамдарына жиі қарастырылады. Бірнеше рет қайталану дегеніміз – бір текті әрекеттің немесе әрекетсіздіктің бір реттен көп жасалуы. Бір тектілік болмаса бұл белгі әкімшілік құқық бқзушылықтың объективтік жағына жатқызылу мүмкіндігі болдырамайды.

Ал, қайталанушылық дегеніміз – бір адамның әкімшілік жаза берілген біртекті құқық бұзушылықты бір жыл ішінде қайталап жасауы. Қайталанушылық әкімшілік құқық бқзушылықты жасағаны үшін жауаптылықты ауырлататын мән-жай болып табылады.

Бірнеше рет құқық бұзушылық, қайталанушылыққа қарағанда, бірнеше құқық бұзушылық емес, бір құқық бұзушылық деп саналады.

Әкімшілік құқық бқзушылық субъектісі дегеніміз – оны жасаған жеке тұлға, басқа сөзбен айтқанда - әкімшілік құқық бқзушылықты жасауға қабілеті бар, құқық бұзғандығы үшін заңға сәйкес әкімшілік жауаптылыққа тартылуы мүмкін адам.2

Әкімшілік жауапкершілік субъектісінің жалпы және арнайы белгілері боладв. Жалпы белгілері – 16 жасқа толғандық және ақыл-есінің дұрыстығы. Олар әкімшілік жауапкершілікке тартылатын адамдардың барлығында болуы тиіс. Егер құқық бұзушылықтың құрамына сәйкес осы екі белгілерге ие адам субъект ретінде танылса, онда әкімшілік құқық бұзушылықтың жалпы субъектісі жайында сөз болады.

Кейбір жағдайларда қандай да бір адамды құқық бұзушылық жасағаны үшін жауаптылыққа тартуға жалпы белгілердің болғандығы жеткіліксіз. Сондықтан да заң шығарушылар мұндай жағдайларды құқық бұзушылық құрамына қосымша, субъектіні сипаттайтын арнайы белгілер кіргізген.

Бұл жерде әңгіме арнайы субъект жайында, ондай адамда жалпы белгілермен қатар әкімшілік құқық бқзушылық құрамына заң шығарушы кіргізген арнайы, қосымша белгілер де болады. Бұл белгілер үш топқа бөлінеді, олар мынаны сипаттайды:

тұлғаның құқықтық жағдайын немесе қызмет түрін (лауазымды адам, әкімшілік мемлекеттік қызметкер, сауда немесе қоғамдық тамақтандыру кәсіпорынның қызметкері, көлік құралын жүргізуші, кәсіпкерлік қызмет);

субъектінің құқықтық мәртебесінің ерекшеліктері (әскери міндетті, ата-ана, шетел азаматы немесе азаматтығы жоқ тұлға);

субъектінің бұрынғы құқық бұзушылық іс-әрекеті (әкімшілік қадағалаудағы адам; құқық бұзушылықты қайтара жасаған адам).

Әдебиетте заңды тұлғаларды жауаптылыққа тарту жөніндегі даулар ұзақ уақыт айтылып келеді.

Заңды тұлғалардың әкімшілігін болдырмайтын дәлел ретінде мамандар көңілге қонымды және жеткілікті мысалдардың жоқтығына сілтеме жасайды. Әс жүзінде мүлде басқаша. Қазақстан Республикасының заңнамасында заңды тұлғалардың әкімшілік жауапкершілігі көзделген.3 Бұл жерде осы құбылыстың жаратылысын, әсіресе уәкілетті лауазымды адам заңды тұлға болып құрылған кезде, бөліп алып саралаудың маңызы зор.

Субъективтік жақ, бұл – субъектінің өзі жасаған заңсыз әрекетке немесе әрекетсіздікке және оның мүмкін болатын салдарына психологиялық қатынасы. Кінә арам ниеттіліктен немесе абайсызда туындауы мүмкін. Қасақана әрекет немесе әрекетсіздік жасағанда адам өз іс-әрекетінің сипатын ұғынады, оның теріс зардабын алдын ала көреді, сол зардаптардың болуын қалайды немесе саналы түрде оған жол береді.

Ал, абайызда жасалған деп танылады, егер адам зиянды салдардың болатынын білуге тиіс болса немесе біле алса, бірақ оларды болады деп ойламаса.4

Әкімшілік құқық бұзушылық жасағанда кінәнің формасы, көбіне, көрсетілмейді және онда сараланушылық маңыз болмайды. Кінә - субъективтік жақтың міндетті белгісі. Құқық бұзушылық жасаудың себебі мен мақсаты факультативтік белгілерге жатады, себебі олар тек бірнеше құрамдарда ғана көрсетілуі тиіс.

Әкімшілік құқық бұзушылық құрамы толық болған жағдайда ғана, оны жасаған адам жауапкершілікке тартылуы мүмкін.

ӘҚтК құқық бұзушылық жасаған адамды әкімшілік жауаптылықтан босатудың негіздемелерін қарастырған. Жасалған құқық бұзушылықтың сипаты мен құқық бұзушының жеке басы сондай негіздемелерге жатады. Бұл ретте әкімшілік құқық бұзушылық үшін жауапкершілікті жеңілдететін мән – жайлар (шын жүректен өкіну, кінәлінің зиянды салдарын тойтаруы, құқық бұзушылықты кәмелетке толмағанның жасауы және т.б.), құқық бұзушының қаншалықты кінәлі екендігі, оның мүліктік жағдайы ескеріледі.

ӘҚтК-тің 67-70 және 71-баптарына сәйкес әкімшілік құқық бұзушылық жасаған адам өзінің іс-әрекетімен өкінуіне, құқық бұзушылықтың елеусіз болуына, ескіру мерзімінің өтуіне, рақымшылық жасау актісіне, науқасына байланысты одан босатылуы мүмкін.

Әкімшілік құқық бұзушылықтың құрамын дәлірек түсіну үшін ӘҚтК-тің 114 бабын «Кәмелетке толмағандарға темекіні және темекі бұйымдарын сату» - алып қарастыруға болады.

Бұл баптың жалпы объектісі – кәмелетке толмағандардың құқықтары. Және қоғамдық тәртіп. Субъект болып әкімшілік құқық субъектілігіне ие жеке тұлға. Яғни, заңды тұлға емес. Бұл құқық бұзушылықтың субъективтік жаға қасақана немесе абайсызда болуы мүмкін. Ал, объективтік жағы- әрекет.

Әкімшілік жаза

1. Әкімшілік жазаның түсінігі

2. Әкімшілік жазаның жүйесі

3. Әкімшілік жазаның түрлері

4. Әкімшілік жазаларны қолдану ерекшеліктері

5. Әкімшілік жазаға тарту мерзімінің өтуі

Әкімшілік жаза, заңмен уәкілеттік берілген судья, органдар (лауазымды адамдар) әкімшілік құқық бұзушылық үшін қолданатын мемлекеттік мәжбүрлеу шарасы болып табылады, және осындай құқық бұзушылықты жасаған адамның ӘҚБК-те көзделген құқықтары мен бостандықтарынан айыруға немесе оларды шектеуге саяды.

Әкімшілік жазаны қолдану барысында келесіге көңіл аударған жөн, ол: 1. Құқық нормаларының арасындағы байланыс. 2. Өкілетті тұлғалардың құқықтық жағдайы. Осы айтылғандар бір соңғы шешімге жету үшін бағытталған.

Әкімшілік жазалар ӘҚБК-те және басқа да әкімшілік құқықтың актілерімен көрсетілгендей әртүрлі негіз бойынша шектеледі, олар:

Түрлеріне қарай: 1) Ескерту жасау. 2) Әкімшілік айыппұл салу. 3) Әкімшілік құқық бұзушылықты жасау құралы және оның тікелей объектісі болған затты, өтемін төлеп алып қою. 4) Әкімшілік құқық бұзушылықты жасау құралы немесе оның тікелей объектісі болып табылатын затты, әкімшілік құқық бұзушылық жасау салдарынан алынған кірістерді, ақшаны және бағалы қағаздарды тәркілеу. 5) Арнаулы құқықтан айыру (аң аулау құқығы, көлік айдау құқығы). 6) Әкімшілік қамауға алу. 7) Жеке кәсіпкерлердің қызметін тоқтата тұру немесе оған тыйым салу. 8) Лицензиядан, арнаулы рұқсаттан, біліктілік аттестатынан, куәліктен айыру немесе қызметінің белгілі бір түріне не белгілі іс-әрекеттер жасауға оның қолдануын тоқтата тұру. 9) Шетелдікті немесе азаматтығы жоқ тұлғаны Қазақстан Республикасы аумағынан әкімшілік жолмен кетіру.

Процессуалдық қамтамасыз етудің түрлері бойынша: соттық және әкімшілік жаза тағайындау тәртібі.

Тағайындау орны бойынша жаза:

  1. Құқық бұзушылық жасаған орны бойынша

  2. Оқу орны, қызметі бойынша

  3. Тұратын тұрғын жай орны бойынша

  4. Көлікті тіркеу орны бойынша

Негізгі және қосымша жазалар.

Мерзім уақытына қарай: бір реттік, бір мерзімдік (ескерту, айыппұл), созылмалы (қамау, арнаулы құқықтан айыру).

Құқық бұзушылықты болдырмау функциялары бойынша жазалар келесі түрлерге жіктеледі:

  • Жалпы

  • Жеке

  • Арнайы

Жалпы - әкімшілік құқық бұзушылықты жасаған сол тұлғаға жаңа құқық бұзушылықты қайта жасауға болғызбауға бағытталған, сонымен қатар бұл басқа да тұлғаларға қатысты болады.

Жеке – бұл тек әкімшілік құқық бұзушылық жасаған сол тұлғамен жаңа құқық бұзушылықты жасауды болғызбауға бағытталған.

Арнайы – бұл жеке жаза түрінің бір бөлігі болып табылады. Кінәлінің жаңа әкімшілік құқық бұзушылық жасамау үшін кедергі болатын жағдайлар туғызу.

Барлық жазалар Қазақстан Республикасының заңымен анықталатын жалпы бір жүйені құрайды, заңмен жазаны орналастыру тәртібі қатаң түрде белгіленген, олар: жеңіл және қатаң, бұл осы жазаны қолданатын тұлғаларға қатысты болады.

Әкімшілік жаза құқық бұзушылық жасаған тұлғаға материалдық және моральдык тұрғыда көрініс табады.

Әкімшілік жаза әлеуметтік әділеттікті қалпына келтіру және құқық бұзушылықты жасаған адамды заңдар талаптарын сақтау және құқық тәртібін құрметтеу рухында тәрбиелеу, сондай-ақ құқық бұзушының өзінің де, сол сияқты басқа адамдардың да жаңа құқық бұзушылық жасауының алдын алу мақсатында қолданылады. Ең басты ол заңдылық сипатқа ие әкімшілік құқықты бұзған тұлғаға белгілі бір мақсатта нақты жаза қолданылады. Әкімшілік жаза бұл кінәлі тұлғаға келеңсіз салдары бар жағдай туғызуы мүмкін. Осыны қылмыстық жазамен салыстыратын болсақ, әкімшілік жаза жеңілірек, бірақ кей жағдайларда ұқсастығы бар деп те айтуға болады. Әкімшілік жазаны не материалдық не моральдык тұрғыдан алсақ та, оның мақсаты материалдық залалды өтеу болып табылады.

Заң жазаны міндетті белгісі ретінде қарастырмаса да, бірақ әкімшілік жазаны жауапкершілік шарасы ретінде әкімшілік құқық бұзушылыққа байланысты қарастыру керек. Осыған байланысты жазаның келесі мақсаттарын бөліп көрсету қажет:

  • Құқық бұзушының өзінің де, сол сияқты басқа адамдардың да жаңа құқық бұзушылық жасауының алдын алу мақсатында қолданылады

  • Әкімшілік заңының нормаларында көрсетілген әрекетсіздік үшін жауапкершілік

  • Құқық бұзушылық жасаған адамды заңдар талаптарына сай тәрбиелеу

  • Жаңа құқық бұзушылықты жасауды алдын алу

ҚР заңымен бекітілген әкімшілік жаза жоғарыда көрсетілген мақсаттарға сүйеніп, қолданылуы керек. Әкімшілік жаза құқық бұзушылық жасаған адамға тән азабын тарттыруды немесе оның адамгершілік қадір қасиетін қорлауды, сондай-ақ заңды тұлғаның іскерлік беделіне зиян тигізуді мақсат тұтпайды.

Әкімшілік жазалардың түрлері және жүйесі.

ӘҚБК-тің 46-бабына сәйкес, әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін жеке тұлғаларға келесі әкімшілік жазалар қолданылады:

  1. Ескерту жасау;

  2. Әкімшілік айыпұл салу;

  3. Әкімшілік құқық бұзушылықты жасау құралы және оның тікелей объектісі болған затты өтемін төлеп алып қою;

  4. Әкімшілік құқық бұзушылықты жасау құралы және оның тікелей объектісі болған затты, әкімшілік құқық бұзушылықты жасау салдарынан алынған кірістерді, ақшаны және бағалы қағаздарды тәркілеу;

  5. Арнаулы құқықтан айыру;

  6. Лицензиядан, арнаулы рұқсаттан, біліктілік аттестатынан (куәліктен) айыру және қызметтің белгілі бір іс-әрекеттер жасауға оның қолданылуын тоқтата тұру;

  7. Жеке кәсіпкердің қызметін тоқтата тұру және оған тыйым салу;

  8. Өз бетімен салынып жатқан және салынған құрылысты мәжбүрлеп бұзып тастау;

  9. Әкімшілік қамауға алу;

  10. Шетелдікті және азаматтығы жоқ тұлғаны ҚР-ң аумағынан әкімшілік жолмен кетіру;

Заңдылық қағидасы:

  1. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істі қарастырып жатқан өкілеті тұлға немесе арнайы орган кінәліге тек қана жаза қолдануы мүмкін, ол заң актілерінде белгіленуі мүмкін және ол нормативтік актілер санкциясы шеңберінде қарастырылуы қажет.

  2. Тұлғаны әкімшілік жауапкершілікке тарту және оған заңсыз әкімшілік жаза түрлерін қолдану заңсыз әрекет болып табылады.

  3. Сонымен қатар заңсыз әрекеттер дұрыс саралануы қажет

  4. Арнайы органның немесе өкілетті тұлғаның өздерінің өкілеттігі шеңберінде ғана істі қарастыру.

Әкімшілік жауаптылық: генезис, негізгі белгілері, құрылымы

Әкімшілік жауаптылық институтының қалыптасу тарихы

Әкімшілік жауаптылық дегеніміз бұл кінәлі адамға әкімшілік құқығының зерттеу тақырыбы болып табылатын қоғамдық қатынастарды реттейтін әкімшілік құқықтық нормаларды бұзғаны үшін қолданылатын әкімшілік мәжбүрлеу шаралары.

Жауаптылық дәрежесі өте ұзақ мерзімде пайда болып дамыған. Оның алғашқы бастамасы ретінде б.з.д. 399ж. Афинадағы Сократтың сотталуымен, ал аяқталуын – орта ғасырлар шегімен сәйкестендіруге болады.

Платонның фиософиясы және Сократқа қарсы жүргізілген өндіріс, осы фактілерінің барлығы жауаптылықтың дәрежесінің дамуында маңызды роль атқарды. Көнегректік және көнеримдік стоиктер философиясының негізі- тәртіп, адамдардың іс-әрекеті, оларға мемлекет пен биліктің қатынасы еді.

Рим империясының кезеңіндегі философтар және тарихшылар (Сенека, Эпиктет, Улпиан және т.б.) адамның туғанынан пайда болатын құқықтарды қорғауға бағытталған шараларды қолдаңған еді. Уақыт өте келе ежелгі Рим заңнамасында кінәлі тарапты тыңдау қағидасы пайда болды: «nemo inauditus damnari potest» (оны тыңдап алғанша,ешкім кінәлі деп саналмайды ) деген мағынада қарастырылған5.

Жауаптылық институты алғашқы кезінен бастап өз мақсаты ретінде жазаны әділдік қағидасын қолданып тағайындауды білдірген еді. Гоббстың жазуы бойынша: «Жаза тағайындаудың кемшілігі -ол жазаны мемлекеттік биліктің тағайындағаны» деп айтылған6.

Мемлекеттік құқық саласы жауаптылық институтын алғашқы болып қабылдаған. Сонымен, 1 Петрдің Жарлығы 2 наурыздың 1711 жылы «Сенаттың билігі мен жауаптылығы» деп аталған7.

Кешірек, XIX ғасырда жауаптылық ұғымы қылмыстық және азаматтық құқық салаларына енеді. Әкімшілік құқық болса тек XX ғасырда заңнамада пайда болады8.

Шын мәнінде Кеңестік 50ж. әкімшілік жауаптылық түсінігі мен термині әкімшілік құқық ғылымында жаналық болып,оны зерттеуге деген ынта 60-80ж.әкімшілік жауаптылық институтын оқып қарастыру әкімшілік құқықтық зерттеулерде маңыздысына айналып,бұл тақырыпқа арнала әдебиеттер монобланы жазыла,ды.Жалпы өткен онжылдықтарда ресей әкімшілік-ғалымдары Д.Н Бахрах,И.А Галагин,И.И Веремеенко,Б.Л Лазарев,А.Е Лунев,Г.Н Салищева,М.С Студеникина,Л.Л Попов,А.П Шергин және т.б. 1980ж.Кеңестік,1984-86 ж.Кеңестік Республикаларының Кодекстері әкімшілік құқық бұзушылықтың теориялық негізін салады.

Әкімшілік заңдылықтың элеметтері ең алғаш рет Францияда пайда болды. 17ғасырда монархқа бағынған,төменгі әкімшілікті бақылап,азаматтардың дауларын,әкімшілікпен байланысты талаптарын шешетін провинциялық басқарушы орган - интенданттар пайда болды.17ғ. аяғында бұл органның құзіреті арта түсіп,король азаматтық,кейін қылмыстық істерді жүргізу уәкілеттігінен айырылады.Интенданттардың шешімдерін Мемлекеттік Кеңес қарастырып,бірте-бірте бұл органның беделі күшейеді. 18ғ.Людовик ХIII кезінде Мемлекеттік Кеңес корольдің барлық әкімшілігін басқарады.Интенданттар мен Мемлекеттік Кеңес арасындағы шиеленіс нәтижесінде 1789ж.23маусым және 22желтоқсандағы шыққан заңдар интенданттарды жойып,жаңа департаменттер пайда болады,ал Кеңес –Министрлер кеңесі ретінде қайта құрылады.1790ж.Ұлттық жиналыс соттық-әкімшілік функцияларын атқара бастайды.Францияның әкімшілік институттарының қалыптасуындағы басты қағида-соттардан тәуелсіз,еркін,күшті әкімшілік биліктің болуы.

Әкімшілік жауаптылығының негізгі белгілері ұғымын айқындай отырып көптеген әкімшілік-ғалымдары бұл мемлекеттік басқару органдарының әкімшілік құқық бұзушылыққа жазалау, әкімшілік санкциясын қолдануымен сипатталатын «әсерлестік»формасы деп тұжырымдайды.Әсерлестік әр түрде жүзеге асады ,өндеп алу –оның бір түрі. Сондықтан әкімшілік жауаптылық,мемлекеттің құқық бұзушылыққа әсерін сипаттай отырып,ең біріншіден, бұл құзіретті орган немесе лауазымды тұлға айып салып,құқық бұзушылық бойынша тергеу жүргізетінін айтып кеткен жөн.

Әкімшілік жауаптылықтың басты ерекшеліктерінің бірі -өкілетті орган, лауазымды тұлғаның билік құзіретіндегі әсер ету шараларын қолдана отырып (протокол толтыру), оны жасаған құқық бұзушылығы жөнінде түсініктеме беру құқығын айту болып табылады.Басқаша айтқанда,мемлекеттің әкімшілік құқық бұзушылыққа әсер ету формасы тұлғаны айыптау және оның құқық бұзушылық негізін түсіндіру құқығы секілді процессуалдық іс әрекеттерімен белгіленеді.Бірақ ешкімнің де кінәлі тұлғаны түсініктеме беруге мәжбүр ете алмайды, себебі бұл құқық бұзышылық жасаған тұлғаның жеке құқығы.

Әкімшілік жауаптылықты мемлекеттік органдардың заңмен тыйым салынған іс әрекеттерді жасауға ықпалы ретінде сипаттала отырып,бұндай әсерлестік жасалған әрекетті «теріс бағалау» арқылы жазаға тартумен белгіленеді.Әкімшілік тәртіпсіздікке берілетін теріс бағалау – уәкілетті органмен жүзеге асатын өзіндік әсер ету шарасы.

Әкімшілік жауаптылық өзіне тән спецификалық өндіріс формаларында жүзеге асады.Мемлекеттік басқару органдарының заңдылық тәртібімен жазалау шаралары алдын-ала белгіленген ереже,процедуралары арқылы жүргізілгені өте маңызды.

Сонымен қатар әкімшілік жауаптылықтың мынадай белгілері бар:

1) оны мемлекеттің әкімшілік құқық бұзушылыққа қарсы әсерлестігі (реакциясы) деп қарастырамыз және ол әкімшілік жаза шараларын кодданудан көрініс табады;

2) құқық бұзушыға күқықтық "шығын" келтіреді және ол әкімшілік күқық бұзған адамды тәрбиелеу, сондай-ақ сол құқық бұзған адамды, басқа да адамдарды жаңа құқық бұзушылық жасаудан сақтандыру мақсатында қолданылады;

3) онда адамның ар-намысын таптау, оған күйзеліс келтіру, жеке (немесе заңды) тұлғаның іскерлік беделін түсіру мақсаты болмайды.

Әкімшілік жауапкершілік арнайы процедуралар белгіленген тәртіпте сақталып, белгіленген іс жүргізу формаларында жүзеге асырылады.

Қылмыстық-құқыктық, азаматтық-құқықтық жауапкершілікке қарағанда әкімшілік жауапкершілік:

1) құқыққа қарсы жасалған әрекет (әрекетсіздік) фактысы үшін;

2) әкімшілік-құқықтық нормаларда көзделген жағдайларда;

3) уәкілеттігі бар органдар (лауазымды адамдар) арқылы сот және әкімшілік тәртібінде қолданылады.

Заңды тұлғалардың әкімшілік жауаптылығы

Ұйымдық билік ету немесе әкімшілік-шаруашылық - міндеттерді орындауға байланысты әкімшілік құқық бұзушылық жасаған заңды тұлға, кәсіпкерлік қызметпен айналысатын азамат , сондай-ақ мемлекеттік органдар немесе жергшікті өзін-өзі басқару органдары болып табылатын ұйымдардың жетекшілері, басқару функцияларын орындайтын басқа да қызметкерлер лауазымды адамдар ретінде жауаптылықта болады9.

Әкімшілік кодекстің баптарында заңды тұлғаның жауаптылығы көзделген жағдайларда жеке кәсіпкер әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін занды тұлға ретінде жауаптылықта болады.

Тұрақты, уақытша немесе арнаулы уәкілеттігі бойынша билік өкілінің функцияларын жүзеге асыратын(яғни оларға қызмет жағынан тәуелді емес адамдарға қатысты заңда белгіленген тәртіппен мемлекет атынан немесе оның органдарының атынан зандық маңызы бар актілер шығару құқығы немесе билік ету өкілеттігі берілген) не мемлекеттік органдарда, жергілікті басқару органдарында, соңдай-ақ Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде, Қазақстан Республикасыньщ басқа әскерлері мен әскери құрылымдарында ұйымдық билік ету немесе әкімшілік-шаруашылық функцияларды орындайтын адамдар лауазымды адамдар деп танылады.

Атап айта кететін бір жағдай - әскери қызметшілер мен әскери жиында жүрген азаматтар әкімшілік құқық бұзушылық үшін тәртіптік жарғылар бойынша жауаптылықта болады. Прокурорлар, Ішкі Істер Органдарының қатарындағы және басшы құрамындағы қызметкерлері, салык полициясы мен кеден органдарынын қызметкерлері әкімшілік құқық бұзушьшық үшін

тиісті органдарда қызмет өтеу төртібін регламенттейтін нормативтік құқықтық актілерге сәйкес жауапттылыкта болады.

Жоғарыда аталған адамдар Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасы режимін, Қазақстан Республикасының кеден шекарасы арқылы өткізу бекеттеріндегі режимді, санитариялык заңдарды, өрт қауіпсіздігінің талаптарын, жолда жүру ережелерін, қызмет орындарынан тыс кеден ережелерін, аң аулау, балық аулау ережелерін, табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану меи қорғаудың басқа да ережелері мен нормаларын бұзғаны үшін жалпы негіздер бойынша әкімшілік жауаптылықта болады. Аталған адамдарга - атылатын және суық қаруды алып жүру мен сақтау құқығынан айыру және әкімшілік қамауға алу түрінде, ал шақыру бойынша әскери қызметін өтеп жүрген әскери қызметшілерге, әскери және арнаулы оқу орьшдарының курсанттарына (тыңдаушыларына) айыппұл түрінде де әкімшілік жаза қолдануға болмайды.

Кәмелетке толмағандардың әкімшілік жауаптылығы

Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 72-бабына сейкес әкімшілік, құқық бузушылық жасаған кезде 16 жасқа толған, бірақ 18 жасқа толмаған адамдар кәмелетке толмағандар деп танылады.

ҚР-дағы кәмелетке толмаған тұлғалармен жасалатын әкімшілік-құқық бұзушылықтың қазіргі кездегі белсенді динамикасы мемлекеттік органдар,қоғамдастықтармен өткізілетін алдын-алу және профилактикалық шараларының жеткіліксіз екендігі дәлелдейді.Бұндай пікір әр түрлі зерттеушілермен өткізілген социологиялық сауалнама нәтижесінде де айқындалған.Сондықтан мемлекет саясатының осы аспектіде қарастыратын аса мәнді саяси бағыты -әкімшілік жауаптылық қолдану қажеттігін белгілейтін сәйкес құқықпен реттеу арқылы жүзеге асатын қоғамдық қолсұғушылықтан азаматтар нақты қорғалуы керек.

Қолданыстағы тәжірибе жастар арасында құқық бұзушылықтың өсуін көрсетеді.Мысалға,статистикалық мәліметтер бойынша 1997-2000ж. «Павлодар қаласының кәмелетке толмағандардың әкімшілік құқық бұзушылық жағдайы жөніндегі »анықтамасына сәйкес 9045 кәмелетке толмағандардың,әсіресе көп тараған:спирт ішімдіктерін ішу,масан күйде қоғамдық жерлерде жүру,есірткі заттарды қолданып ,сақтау секілді делинквенттері орын алған.

Заң бойынша әкімшілік құқық бұзушылық жасаған кәмелетке толмағандарға әкімшілік жаза тағайындалуы мүмкін не оларға тәрбиелік ықпал етудің мәжбүрлеу шаралары колданылуы мүмкін.

Айыппұл көмелетке толмаған адамның өндіріп алуға болатын дербес жалақысы немесе мүлкі болған кезде тағайындалады. Айыппұл мөлшері 10 айлық есептік көрсеткіштен аспауға тиіс. Кәмелетке толмағанның өндіріп алуға болатын дербес жалақысы немесе мүлкі болмаған жағдайда айыппұл жалпы негіздерде ата анасына немесе олардың орнындағы адамдарға санылады.

Арнаулы құқықтан айыру кәмелетке толмағанда 1-жылдан аспайтын мерзімде қолданылуы мүмкін10.

Кәмелетке толмағандарға Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодекстің 45 бабында көрсетілген әкімшілік жазалар (әкімшілік қамауға алуды қоспағанда), сондай-ақ әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодекстің 57-баптарында аталған өкімшілік құқықтық ықпал ету шаралары және мынадай тәрбиелік ықпал ету шаралары қолданылуы мүмкін:

1) заңды түсіндіру;

2) ата-аналарының немесе олардың орньшдағы адамдардың, не мамандандырылған мемлекеттік органның қадағалауына беру;

3) келтірген зиянды реттеіліру міндетін жіктеу;

4) бос уақытын шектеу жөне кәмелетке толмағанның мінез-құлқына ерекше талаптар белгілеу.

Зандарда тәрбиелік ықпал етудің өзге де шаралары козделуі мүмкін. Сондай-ақ кәмелетке толмаған адамға бір мезгілде тәрбиелік ықпал етудің бірнеше шаралары тағайындалуы мүмкін.

Шетелдік және азаматтығы жоқ адамдардың әкімшілік жауаптылығы

Азаматтар - әкімшілік құқықтың субъектісі ретінде қоғамдық қатынастарға нормативтік актілерде мазмұндалатын нақты құқықтар мен міндеттарге ие болады.

ҚР-да әкімшілік құқық субъектісі ретінде шетел және азаматтығы жоқ адамдар жатады.Бұл тұлғалар жалпы құқықтар,бостандықтармен қоса арнайы құқықтық мәртебеге ие.

ҚР-да тұрақты тұратындар не уақытша келген шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ тұлғалардың құқықтық қатынастары алуан түрлі.Ол – азаматтық-құқықтық қатынастар,бұл тұлғалардың еңбектік-құқықтық қатынастары,т.б.Аса маңызды топты шетел және азаматтығы жоқ тұлғалардың әкімшілік нормаларының әрекет ету аясындағы құқықтық қатынастар құрайды.

Мемлекетімізде шетелжәне азаматтығы жоқ тұлғалардың нәсіліне,ұлтына,тіліне,әлеуметтік шығу тегіне,мүліктік және қызметтік жағдайына,дініне,қоғамдық бірлестіктің мүшелігіне ,өзге де жағдайларға байланысты құқықтары шектелмейді.Ал шетел азаматтарының өз мемлекеттерінің заңдарында белгіленген әр түрлі шектеулер ҚР-ның территориясында танылып,қолданылмайды.

Шетелдік және азаматтығы жоқ тұлғалардың мемлекеттік басқару аясындағы міндеттері республикамызда шетел азаматтарына байланысты бекітілген құқықтық режимдерге негізделеді.

Бұл жерде ғалымдар арасында шетелдіктердің құқықтық режимдеріне байланысты пікірталастар туындайды.Қазіргі кезде шетелдіктердің құқықтық режиміне берілетін анықтаманың аса көп тараған түрі ол – шетелдіктердің құқықтары мен міндеттерінің жиынтығы.Ғалым Л.Н Галенскаяның ойынша : «Шетел азаматтарының құқықтары мен міндеттерінің жиынтығы-олардың құқықтық статусы болып табылады.»

Заң әдебиеттерінде халықаралық,конституциялық,әкімшілік құқықтар бойынша ұлттық,арнайы секілді режимдер білгіленген.Ұлттық режим жөнінде сөз қозғасақ,онда шетел және азаматты жоқ тұлғалардың құқықтық мәртебелері өз азаматтарымен теңестіріледі.Бірақ ,дегенмен шетел азаматтарының құқықтары еш уақытта мемлекет азаматтарымен тең бола алмайды,құқықтарының ауқымы азырақ.Әсіресе,конституциялық және әкімшілік құқық аяларында.

Шетел және азаматтығы жоқ тұлғалар мемлекеттік уәкілеттікке ие бола алмайды.Яғни оларға мемлекеттікбилік және қызмет функцияларын жүзеге асыруға мүмкіндік берілмейді.Бұл тұлғалар мемлекеттік органдардың техникалық персоналында жұмыс істеуге құқылы.Конституцияға сәйкес олар еңбекке қабілеттлігіне сәйкес мамандығы тандайды.Шетел азаматтары еркін еңбектерін әр түрлі жүзеге асырады: өз мемлекетткрінің дипломатиялық елшіліктерінде,мемлекетімізде құрылған кәсіптік филиалдарда,банктер мен өзге занды тұлғалар ретінде.ӘҚтК-тің 37бабының 1.1 тармағына сәйкес Шетелдік және халықаралық коммерциялық емес үкіметтік емес бірлестіктердің құрылымдық ббөлімшелері (филиалдары,өкілдіктері) ҚР-ның қоғамдық бірлестіктер туралы заңнамасын бұзғаны үшін заңды тұлға ретінде әкімшілік жауапқа тартылады.Сонымен қатар шетел азаматтарына мемлекеттік қорғаныс,республиканың маңызды әкономикалық мүдделеріне байланысты,табиғи ресурстарға тәуелсіз құқықтармен қамтамсаыз ету саларында шектеуліктер қойылады.

Шетелдік және азаматтыжоқ тұлғалар бірлестіктер құра алады және ҚР азаматтарымен құрылған бірлестіктерге еркін кіреді.Жеке,меншік,отбасы ,өзге құқықтарын қорғауға мемлекеттік органдарға,сотқа арыздануға құқлы.

Жоғарыда айтылғандай,барлық шетелдік және азаматтығы жоқ тұлғалар ҚР азаматтарымен бірдей құқықтар мен міндеттерге ие.Сәйкес ҚР аумағында әкімшілік құқық бұзушылық жасаған шетелдіктер,шетелдік заңды тұлғалар,азаматтығы жоқ адамдар жалпы негізде әкімшілік жауаптылықта болады.ҚР континенттік қайраңында ҚР-ның егемендік құқықтарына қол сұғатын әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін жалпы негіздерде әкімшілік жауаптылықта болады.Ал шет мемлекеттердің дипломатиялық өкілдері және қорғанышты пайдаланатын өзге щетелдіктер ҚР жасалған әкімшілік құқық бұзушылық үшін әкімшілік жауаптылық жөнінденгі мәселе халықаралық құқық нормаларына сәйкес шешіледі.

Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша істер жүргізу.

Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша өндіріс әкімшілік-юрисдикциялық процестің құрылымына кіреді. Әкімшілік өндірістің бұл түрі әкімшілік құқықтың материалыдқ және іс-жүргізу нормаларымен барынша толық реттелген. Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істердің өндірісі Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодекспен реттеледі. Бұл өндірістің мынадай міндеттер заңмен анықталып берілген:

  1. әр істің мән-жайын уақытылы, жан-жақты, толық және әділ айқындау;

  2. істі заңнамаға сәйкестендіріп шешу;

  3. шығарылған қаулының орындалуын қамтамасыз ету;

  4. әкімшілік құқық бұзушылық жасауға итермелейтін себептер мен жағдайларды анықтау;

  5. құқық бұзушылықтың алдын алу, азаматтарды заңды сақтау рухында тәрбиелеу, заңдылықты нығайту.

Кейде жоғарыда аталған міндеттер орындалмай, заңдылық сақталмайды. Мысалы, іс бойынша шешімдер, көбіне жабық отырыстарда және шағын аудиторияларды қабылданады. Кейбір жағдайларда хаттамалар жасалынбайды, ал жаза құқық бұзушылық жасалған жерде беріледі. Іс қаралған кезде құқық бұзушы мен іс бойынша шешім қабылдайтын және оны сол жерде орындайтын лауазымды адам ғана болады. Әкімшілік бәсекелестік принципіне қарамастан процеске адвокаттың, прокурордың міндетті түрде қатысуы болмайды, кейде құқық бұзушының өзі де қатыспайды.11

Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша өндірістің екі түрін бөліп алуға болады, олар әдеттегідей және оңайлатылған әдеттегі өндіріс түрі істердің көпшілігіне тән, ол заңнамада жан-жақты реттелген. Кодексте тікелей көзделген істер жеңілдетілген өндіріс тәртібінде қаралады. Онда іс жүргізу әрекеттері аз әрі жеңіл болады.

ӘҚтК-ке сүйеніп әкімшілік өндірісте бірнеше дербес іс жүргізу сатыларын бөліп алуға болады. Олар: 1)әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша істі қозғау; 2)істі қарау; 3) іс бойынша қаулы шығару; 4) шешіімге шағым және наразылық келтіру; 5)қабылданған шешімді орындау.

  1. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істі қозғау өндірістің бастапқы сатысы болып табылады, онда нақты мақсат болады және іс жүргізу құжатын – хаттаманы толтыруда. Заңға сәйкес айыппұл салынып алынатын, ол құқық бұзушылық жасалған жерде ескерту берілетін жағдайдан басқа реттерде уәкілеттік берілген лауазымды адам хаттама толтыруға тиіс.

Іс-қозғау – жасалғандығы анықталған және іс жүргізуді рәсімдемен құқық бұзушылықтың салдары болып табылатын нақты әкімшілік іс жүргізу қатынасының туындауына әкеліп соғады.

Әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамалар жасауға ӘҚтК-нің 636-бабында өзіне уәкілеттік берілген адам құқылы (ішкі істер органдарының, атқарушы органдарының, көлік инспекциясы органдарының, сот орындаушылар, тағы басқа лауазымды адамдар). Сонымен қоса, 634 баптың 3 тармағына сәйкес істің прокурордың қаулысының негізінде қозғалуы мүмкін.

Ал, хаттаманың өзіне мынадай талаптар қойылады: оны толтырған күн және орын көрсетілуі; оны жасаған адам жайында деректер, аты-жөні, қызметі; құқық бұзушылық жасаған адам туралы мәліметтер; әкімшілік құқық бұзушылық жасалған орын мен уақыты, оның мәні; құқық бұзушылық үшін жауаптылық көзделген нормативтік акт; куәлар мен жәбірленушілердің көрсетулері; құқық бұзушының түсініктемесі; істі шешуге қажетті басқа да мәліметтер. Хаттамаға оны жасаған адам, құқық бұзушы, егер бар болса, куә және жәбірленуші қол қояды. Құқық бұзушы өз түсініктемелері мен ескертулерін ұсынуға құқылы, олар хаттамаға тіркеледі.

Хаттама бірден әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс жүргізуге уәкілетті органға жіберілуі тиіс.

Заңда тікелей көзделген кейбір жағдайларда хаттамаға жасау міндетті емес. Мысалы, темір жол көлігінде тәртіпті қорғау және жүру қауіпсіздігі жөніндегі ережелерді бұзғанда, әуе кемесінде өзін қалай ұстау ережелерін бұзғанда, егер адам өзіне берілетін әкімшілік жазаға қарсы болмаса, сондай-ақ айыппұл салынып алынатын, ал ескерту құқық бұзылған жерде тіркелетін басқа да жағдайларда хаттама жасалынбайды.

Егер хаттама жасау міндетті болса, ал оны сол жерде жасау мүмкін болмаса, уәкілетті адам құқық бұзушыны полицияға жеткізеді.

Әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғау сатысында, қажет болған жағдайда, құқық бұзушыға мынадай әкімшілік жол кесу шаралары қолданылуы мүмкін: әкімшілік жолмен ұстау, үсті-басын қарау, заттарын қарау, заттарын және жеке құжаттарын алу. Бұл шараларды жүргізудегі мақсат әкімшілік құқық бұзушылықтың жолын кесу, хаттама жасау, істің уақытылы және дұрыс қаралуын қамтамасыз ету.

Әкімшілік жолмен ұстау тек заңда көзделген жағдайларда ған және оған өкілеттік берілген органдар арқылы жүзеге асырылады. Ұстаудың жалпы мерзімі 3 сағаттан, ал төтенше жағдайларда 3 тәуліктен аспауға тиіс (мерзім хаттама толтырғаннан кейін басталады).

Үсті – басты қарауға сол қаралатын адаммен бір жыныстағы, сондай әрекетке өкілеттігі бар адам сол жыныстағы басқа 2 адамның көзінше жасауға құқылы.

Жалпы, Жол кесу шараларын қолдану міндетті емес, ол тиісті құзыретті органның құқығы, қолданбауы не қолдануы өз еркісі.

2) Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істі қарау - әкімшілік өндірістің негізгі сатысы онда іс жүргізу қызметінің осы түріне тән барлық негізгі ерекшеліктер, сипаттар көрініс табады.

Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді мына органдар иен лауазымды адамдар қарауға құқылы:

  1. әкімшілік комиссиялары;

  2. поселке, ауыл, село әкімшілігінің басшысы;

  3. кәмелетке толмағандардың істері бойынша комиссия;

  4. аудандық (қалалық) соттар, судъялар;

  5. ішкі істер органдары;

  6. әкімшілік қадағалау функцияларын жүзеге асырушысы органдар мен лауазымды адамдар.

Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істердің өндірісіне қатысушы адамдардың құқықтық мәртебесін заң анықтайды. Оларға жататындар: әкімшілік жауапқа тартылатын адамдар, жәбірленуші, заңды өкілдер, адвокат, куәгер, сарапшылар, аудармашы, маман, Прокурордың қатысуы міндетті емес.

Істі қараудың жалпы мерзімі – уәкілетті орган әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттаманы және басқа материалдарды алғанна кейін 15 күн. Істердің кейбір санаттары бойынша қысқартылған мерзімдер көзделген: ұсақ бұзақылық, ішімдік ішу немесе көпшілік орныдарда мас болып жүру және тағы басқа істер туралы – бір тәулік ішінде; рұқсатынсыз радиотартқыш құралдарын жасау және пайдалану туралы істер – үш тәулік ішінде; ұсақ ұрлық туралы істер – бес тәулік ішінде қаралады.

Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қараудың мынадай тәртібі белгіленген:

  1. істі қарайтын органның құрамын жариялау немесе лауазымды адамды таныстыру;

  2. қандай істің қаралатындығы және кімнің жауапқа тартылатындығын төрағалық етушінің хабарлауы, іске қатысушыларға олардың құқықтары мен міндеттерін түсіндіру;

  3. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттаманы дауыстап оқу;

  4. Іске қатысушыларды таңдау, дәлелдемелерді зерттеу.

Істі қарау кезінде мынадай сұрақтарға жауап табу міндетті: Әкімшілік құқық бұзушылық жасалған ба, бұл адам оның жасалуына кінәлі ме, шараларды қолдануға негіз бар ма, кінәні ауырлататын немесе жеңіледетін мән-жайлар бар ма, мүліктік залал келтірлді ме және де басқа да маңызды мән-жайлар бар ма?

Іс жүргізу мәліметтері хаттамада тіркеледі:

Өндірістің келесі кезеңі: 3) әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойныша қаулы шығару.

Қараудың нәтижесі бойынша уәкілетті орган (лауазымды адам) қаулы шығарады, онда мыналар көрсетіледі: қаулы шығарған органның аты, іс қаралған күн; іс бойынша шешім шығарылған адамға қатысты мәліметтер; қаралған кезде анықталған мән-жайлардың баяндауы; осы әкімшілік құқық бұзушылық үшін жауаптылық көзделген нормативтік актіге сілтеме; іс бойынша қабылданған шешім; қаулыға шағым келтірудің тәртібі мен мерзімі.

Іс бойынша қаулы 2 түрлі болады:

  • әкімшілік жаза беру туралы;

  • іс өндірісін қысқарту туралы.

Іс бойнша өндірісті болдыртпайтын мән-жайлар бар жағдайларда , сондай-ақ басқа да мән-жайларға байланысты іс өндірісін қысқарту туралы қаулы шығарылады.

Қаулы іс қаралып болған бойда жарияланады. 3 күн мерзімде қаулының көшірмесі өзіне қатысты қаулы шығарылған адамға, сондай-ақ, сұрап өтініш жасаған жәбірленушіге тапсырылады.

Істі қараған орган әкімшілік құқық бұзуға ықпалын тигізген себептер мен жағдайларды анықтаса, ұйымдардың басшылары мен лауазымды адамдарға сол себептер мен жағдайларды жою үшін шара қолдану туралы ұсыныс енгізеді. Бұл адамдар 1 ай мерзімде қабылданған шаралар жайында ұсыныс енгізген органға хабарлауға міндетті.

Өндірістің төртінші сатысы: әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша шығарылған қаулыға шағым және наразылық келтіру. Бұл өндірістің факультативтік белгісі болып табылады.

Іс бойынша шығарылған қаулыға шағымды өзіне қатысты қаулы шығарылған адам, сондай-ақ жәбірленуші келтіреді. Уәкілетті органның қаулысына жоғары тұрған органға, не сотқа шағымдануға болады.

Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша шығарылған қаулыға прокурр наразылық келтіруі мүмкін.

Белгіленген мерзімде берілген шағым және прокурордың наразылығы қаулының орындалуын наразылық қаралғанша тоқтата тұрады. Шағымның немесе наразылықтың қаралу мерзімі – 10 күн, шағымды немесе наразылықты қараушы орган шығарылған қаулының заңдылығын және дәлелдігін тексеруге, істің мән-жайын жан-жақты зерттеуге міндетті. Содан кейін ол мына шешімдердің біреуін қабылдайды:

  1. қаулы өзгеріссіз, ал шағым қанағаттандырусыз қалады;

  2. қаулы бұзылады, ал іс қайта қарауға жіберіледі;

  3. қаулы бұзылады, іс қысқарады;

  4. жазалау шарасы өзгереді, бірақ күшейтілмейді.

Әкімшілік құқық бұзушылық туралы іске қатысты қаулыға келтірілген шағым бойынша шешімге қадағалау тәртібіне прокурор, ао аудандық (қалалық) соттың шешіміне, сонымен қатар жоғары тұрған сот төрағасы наразылық келтіре алады.

4-ші кезең – қабылданған шешімді орындау сатысы - өндірістің ақырғы пункті.

Әкімшілік жаза беру туралы қаулы барлық мемлекеттік және қоғамдық органдардың, ұйымдардың, азаматтар мен лауазымды адамдардың орындалуына міндетті болып келеді.

Мына жағдайларда атқарушы өндіріс қысқартылуы мүмкін: рақымшылық актісі, жауапкершілік белгіленген акт бұзылса, өзіне қатысты қаулы қабылданған адам қайтыс болса.

Қысқартылған атқарушының өндіріс қайтадан қалпына келтірілмейді.

ӘҚтК-те әкімшілік жаза беру туралы қаулының орындалуын бақылау міндеттемесін қаулыны шығарған орган (лауазымды адам) өзіне алады.

Ескерту түріндегі әкімшілік жаза беру туралы қаулыны оны шығарған орган, іс біткен бойда, ескертуді жариялау арқылы орындайды. Егер шешім құқық бұзушы жақ кезде шығарылса, онда қаулының көшірмесі оған 3 күнде тапсырылуы тиіс.

Егер айыппұл салу туралы қаулы шығарылса, онда айыппұлды құқық бұзушы өзіне қаулының көшірмесі тапсырылғаннан кейін 15 күннен кешіктірмей төлеуге тиіс. Әкімшілік жауапкершілікке кәмелетке толмаған тартылып, ол оның өз жалақысы болмаса, онда айыппұл оның ата-анасынан өндіріледі. ӘҚтК-те айыппұл белгіленген мерзімде төленбесе оны азаматтық іс жүргізу ережелеріне сәйкес құқық бұзушының жалақысынан мәжбүрлеп өндіру көздлген.

Заттың құнын төлеп алу туралы қаулының орныдалуы мына тәртіпте жүргізіледі: қаулы негізінде алынған затты уәкілетті орган сол мүлік тұрған жердегі сауда ұйымына сатуға өткізіледі. Сатқаннан түскен ақшадан сол затты сатуға кеткен шығын ұсталып, қалғаны заттың бұрынғы иесіне беріледі.

Арнайы құқықтан айыру туралы қаулының орныдалуы жүргізуші куәлігін немесе ақша билетін белгілі бір мерзімге алу арқылы жүргізіледі.

Әкімшілік қамауға алу туралы қаулыны ішкі істер органдары бірден орындайды. Бұл, ретте, қамауға алынған адам ішкі істер органдары белгіленген орында, қамауға алынған басқа сипаттағы адамдардан оқшау ұсталары. Әкімшілік ұстау мерзімі әкімшілік қамау мерзіміне кіреді.

Францияның әкімшілік құқығының түсінігі, әкімшілік құқықтың қайнар көздері

жариялы әкімшілік

жариялы әкімшіліктің ұйымдастырылуы

жариялы қызмет

мемлекеттік қызметкерлер деонтологиясы

әкімшілік актілердің құқықтық режимі

жариялы әкімшіліктің қызметін бақылау

әкімшілік әділет органдарының жүйесі

әкімшілік дау.

Франция - әкімшілік құқықтың Отаны болып табылады. Ол буржуазиялық мемлекеттің пайда болуымен пара-пар дами бастады. Буржуазия экономикалық билікті жаулап алып, саяси билікті де өзіне бағындыруға тырысты. Оның абсолютизмге қарсы күресте өкілетті органның билігін жаулап алғаны бізге белгілі. Бұл кезде монархтың қолында әкімшілік және атқарушы билітер шоғырланған. Дәл осы бағытқа буржуазияның заң шығарушылық белсенділігі негізделген. Ол монархтың әкімшілік және атқарушылық билігін құқықтық нормалармен шектеуге тырысып, барлық билік тармақтарының қызметін құқықтық реттеумен басып алғысы келді.

Францияның әкімшілік құқығы әкімшілік қызмет туралы заңдардың қабылдануынан кейін құрыла бастайды. Мемлекеттік басқару органдарының қызметін реттейтін ережелер, басқа құқық субъектілерінің тәртібін регламенттейтін жалпы құқықтық нормаларынан өте ерекшелетін. Сондықтан Азаматтық құқық нормаларынан өзгеше болған әкімшілік құқықтық нормалар пайда болды. Әкімшілік құқықтың автономиясына 1790 жылғы құрылған екі аса маңызды доктриналды әкімшілік-құқықтық принципі әсер етті. Олар: әкімшілік билік пен соттық биліктің бөліну принципі және атқарушы биліктің жүйесіне кіретін арнайы әкімшілік әділетінің құрылу принципі.

1873 жылдың 8 ақпандағы Бланко ісі бойынша Соттың шешімі әкімшілік құқық автономиясының ережесіне мынандай анықтама берді:

«... жариялы қызметтегі тұлғалар жеке тұлғаларға зиян келтірсе, мемлекет ол үшін жауапкершілікке тартылады. Бұл жауапгершілік Азаматтық кодекс нормаларымен реттелмейді, өйткені бұл нормалар жеке тұлғалар арасындағы қарым-қатынастарды реттеуге бағытталған...». Ұзақ уақыт бойы француз әкімшілік құқықтың автономды тұжырымдамасын англо-саксондық тұжырымдамасымен салыстырды. Бұл тұжырымдамада әкімшілік биліктің жалпы құқық нормаларына бағыныштылығы көзделді. Қазіргі француз доктринасы әкімшілік құқық автономиясына көп назар аударады. Бірақ, осыған қарамастан классикалық теориясы өзгерместен қалып отыр, яғни жалпы сот судьясымен салыстырғанда, әкімшілік судья - оның юрисдикциясына жататын қайсыбір істерге, жеке құқық нормаларды қолдану немесе қолданбауды өзбетінше шешеді.

Әкімшілік құқықтың қолданылу саласы әкімшілік судьяның юрисдикциясымен бірдей (сондықтан Франциядағы әкімшілік құқық жүйесінде әкімшілік әділет мәселелері басты орын алады).

Әкімшілік құқықтың түсінігін ашу үшін әкімшілік әділет мәнін айқындау қажет. Әкімшілік әділет – кең мағынада алғанда, судьяның құзыреті мен өкілеттіктеріне жататын ұйымдастырушылық және процессуалдық нормаларының жиынтығын білдіреді. Құқықтың көптеген салаларында даулардың шешілу тәртібін анықтайтын нормалар (процессуалдық нормалар), материалдық құқықтан бөлек қолданылады. Әкімшілік құқықта өзге мәселе туындады: дауларды шешу тәртібін реттейтін нормалар, әкімшілік құқық нормалармен тығыз байланысты болып келеді. Көптеген жағдайларда әкімшілік құқықтың материалды нормасының қолданылуы сот юрисдикциясындағы12 нормаларымен келісілген.

Әкімшілік құқықтың қайнар көздері.

Франциядағы әкімшілік құқықтың қайнар көздеріне - Конституция, әкімшілік органдары мен әкімшілік соттық шешімдерінің нормативтік актілері және т.б. заңдар жатады.

Әкімшілік құқықтың басқа құқық салаларынан айырмашылығы – оның Азаматтық, сауда және қылмыстық құқықтардағыдай секілді арнайы институттары бойынша кодексі жоқ. Бірақ бұдан басқа қала шаруашылығы, зейнетақы, мемлекеттік меншікті пайдалану, қоғамдастықтарды басқару және т.б. бойынша нормативтік актілер мен 30-дан аса заң жинақтары бар. Бұларды жеке тұлғалар құрастырған және олар кодекстер деп аталады.

Әкімшілік нормативтік актілер заңдардарға қарағанда көп кездеседі. Орталық (президент, үкімет, министрліктер, ведомстволар) және жергілікті (коммунна мэрлері, аудандық және бас кеңес төрағалары, префекттер және т.б.) органдар әкімшілік нормативтік актілерді шығарады.

Азаматтық кодекс бойынша соттар құқықтық нормаларды құрастыра алмайды. Бірақ осыған қарамастан, іс жүзінде соттар, әсіресе әкімшілік соттар, белгілі бір істің шешімін шығарғанда, жиі-жиі жаңа құқықтық нормаларды шығарады. Заң және т.б. нормативтік актілер әрбір мән-жай үшін арнайы ережелер қарастыруы мүмкін емес. Сондықтан егер сот құқықтық нормаларды жеткіліксіз деп есептесе, онда ол жаңа ереже құрастырады. Кейін бұл ережені осы немесе басқа да сот қолданса, ол құқық нормасы ретінде қабылданады. Ж. Ведель профессорының пікірінше: “әкімшілік құқығында Азаматтық кодекс пен жеке құқықтан бас тартуы және заңдағы көптеген қателіктер, судьяны нағыз құқық жасаушыға айналдырды”. Судьялардың құрастырған құқық нормалары өте жиі ресми танылып, заңдар мен әкімшілік актілерде бекітіледі.

Жариялы әкімшілік.

Француз әкімшілік құқығының көзі - жариялы құқық болып табылады. Билік өкілеттіктері бар жариялы әкімшілік - әкімшілік құқықтық қатынастардың субъектісі ретінде қарастырылады. Жариялы құқық түсінігін ашқанда екі бағыт қолданылады: формалды және материалды. Формалды (органикалық) бағытқа сәйкес жариялы әкімшілік – үкіметке бағынатын және саяси биліктің қабылданған шешімдерін орындайтын органдар жиыны. Көптеген авторлар жариялы әкімшіліктің мәнін ашқанда V республикасы Конституциясының 20 бабын қолданады: «Үкімет Ұлттың саясатын жүргізеді және анықтайды. Ол әкімшілік пен қарулы күштерді басқарып отырады...».

Материалды жағынан қарағанда жариялы әкімшіліктің қызметі жалпы (жариялы) мүдделерді қамтамасыз етуге бағытталған.

Франциядағы жариялы әкімішілік құқықтың ұйымдастырылуы мына сатылар бойынша сипатталады::

  • мемлекеттік әкімшілік;

  • аумақтық ұжымдар;

  • функционалды әкімшілік.

Франциядағы мемлекеттік әкімшілік өзінің қызметін екі дәрежеде атқарады: орталық және аумақтық.

Француз әкімшілік–құқықтық ғылымындағы орталық әкімшілікке орталық әкімшілік13 және әкімшілік бақылау билік органдары жатады.

Ги Брэбанның айтуынша Францияда белгілі әкімшілік аппарат басшысы жоқ. Бұл Республиканың Конституциясы қабылданумен Францияда жартылай президенттік (аралас) билік формасы пайда болумен тікелей байланысты.

Президент пен премьер-министр саяси билік органдары болуына қарамастан, олар әкімшілік құқығында да маңызды рөл атқарады. Олардың қызметі әкімшілік жүйесіндегі мына негізгі бағыттар бойынша сипатталады:

  1. президент және премьер-министр регламентарлық өкілеттіктерін атқарады;

  2. жоғарғы азаматтық және әскери қызметкерлерді тағайындайды;

  3. түрлі министрліктер арасында әкімшілік қызметін реттеп, кейбір жағдайда үкімет мүшелері арасында дауларды шешеді.

Францияның әкімшілік–саяси механизмінде президент тұсындағы әкімшілік қызмет (Елисей сарайының қызметі) пен премьер-министр тұсындағы ( Матиньон) қызметтерінің алатын орны ерекше.

Мемлекеттік әкімшіліктің жергілікті органдар жүйесі – префектуралық және периферийлік қызметтер деген екі құрамдас әлеметтен тұрады.

Префекттер департамент пен аймақтардағы мемлекеттің өкілі болып табылады. Префект құзырлы министрлердің азаматтық әкімшілігіндегі департаменттік қызметтерінің ісін қадағалап, осы қызметтердегі шенеуліктердің әрекетіне жетекшілік етеді.

Консультативтік және бақылаушы әкімшілік билік органдар;

Әкімшілік органдары өзінің шешімін шығарар алдында консультативті органдардың қорытындысын тыңдайды

Консультативті органдар арасындағы ең маңыздысы – Мемлекеттік кеңес болып табылады.

Мемлекеттік кеңес өзінің қызметін атқарушы биліктің консультанты (консультативтік функция) және әкімшілік әділетті сотының жоғары инстанциясы ретінде (дауларды шешу функциясы) жүзеге асырады.

Француз доктринасы әкімшілік бақылау органдарына:

а) министрліктердің бақылау персоналы (қаржы инспекциясы, ұлттық полициясының бас инспекторы, ұлттық білім министрлігінің бас инспекторлары)

ә) медиатор;

б) бақылау функцияларын жүзеге асыратын түрлі комитеттер, кеңестер және комиссиялар жатқызады.

Аумақтық ұжымдар:

Франциядағы екі түрге бөлінеді: жай ( коммуналар, департаменттер және аймақтар), ерекше ( Иль-де-Франс, Корсика, Париж, Марсель, Лион аймақтары)

Қазіргі Францияның әкімшілік–аймақтық құрылысы орталықсыздандыру және деконцентрация принциптеріне негізделген.

Коммуналар – заң бойынша өкілеттіктері берілген, өздері тағайындаған билікпен басқарылатын белгілі аумақтағы азаматтардың ұйымы. Коммуналар өте кең таралған. Олардың аумақтық бірліктері мемлекетпен анықталады. Коммуналар қызметі құқықтық актілермен реттеледі, олардың ішінен Коммуналды кодекс жетекші орын алып отыр. Коммуналар жетекшілігіне сумен қамтамасыз ету, базарлар мен жәрмеңкелер, кітапханалар мен мұражайлар, зираттар, кейбір оқу орындары және т.б. жатады.

Муниципалды кеңес – коммуналарға басшылық етеді. Коммуналар тұрғындар санына қатысты 9-дан 69-ға деін жететін мүшелерден тұрады. Халықпен 6 жылға сайланады.

Функционалды әкімшілік:

Әкімшілік құзыреті бар мемлекет және аймақтық ұжымдар жариялы қызметпен құрылатын арнайы функционалды әкімшілікке белгілі бір міндеттерін жүктей алады.

Функционалды әкімшіліктің негізін көптеген жариялы мекемелер құрайды. Олар арнайы жариялы қызметті басқаруға арналған заңды тұлғалар болып табылады. Жариялы мекемелердің екі негізгі түрі бар: әкімшілік жариялы мекемелер; өнеркәсіптік және коммерциялық мекемелер.

Әкімшілік жариялы мекемелер: әлеуметтік(ұллтық еңбек агенттігі, жариялы аурухана, әлеумметтік жәрдемнің коммуналдық орталығы), қаржы және экономикалық (саудалық-өнеркәсіптік палатасы, еңбек биржасы, ұлттық энергетикалық кассасы), мәдениет пен білім (университтер, лицейлер, колледждер, мектеп касслары, ұлттық кітапханалар жинағы, Франция институты және т.б.) сияқты секторлардан құралады.

Өнеркәсіптік және коммерциялық мекемелердің мәртебесі – жеке құқықтық нормаларымен, ал қызметі – жеке құқықтық нормаларымен реттеледі.

Жариялы қызмет - деп мемлекеттік қызметкер мәртебесіндегі мемлекеттің, аймақтық ұжымдар мен жариялы мекемелердің агенттері деп аталады.

Француз авторлары жариялы әкімшілік қызметіне белсенді қатысатын жариялы агенттердің төрт негізгі категориясын бөліп көрсетеді:

  • шенеуніктер;

  • стожерлер;

  • көмекші персонал;

  • уақытша және шартты агенттер;

Француз құқығындағы ең маңызды жариялы агенттер категориясы – шенеуніктер болып табылады.

Шенеунік – бұл штатта тіркелген және әкімшілік органдар иерархиясында, мемлекеттік мекемелер мен аумақтық ұжымдарда шен алған тұрақты лауазымды тұлға.

Штат (корпус) ұқсас жұмысты орындайтын шенеуніктерді (азаматтық әкімгерлер, мұғалімдер, қазынашылық инспекторлар және т.б.) біріктіреді.

Штат құрамындағы француз шенеунігі 4 категорияға бөлінеді: A, B, C және D.

Әрбір категория құрамына бірнеше шендер кіреді. Шен - шененлік тұрақтылығының кепілі болып табылады.

Әр шен сатыларға бөлінеді. Шенеунік мансабы сатылар мен шендерді артырудан құралады. Әр шенге лауазымдар тобы сәйкес келеді. Әкімшілік шенеунікке оның шеніне қарай лауазымды береді.

Жариялы қызметтің ұйымдастырушылық – құқықтық негіздері:

Жариялы қызметтің қайнар көздері жүйесіне келесі конституциялық нормалар кіреді: 1958 жылы конституцияның 34 және 72 баптары, адам және азаматтың құқықтар Декларациясы, 1946 ж. Конституция преамбуласы.

Жариялы қызметтің нормативтік-құқықтық реттеу механизмінде статуттар14 ерекше орын алады.

Статут шенеуніктердің құқықтық жағдайын, кәсіптік қызметін және мемлекеттік қызметтің аса маңызды принциптерін реттейді.

Статуттар жалпы және арнайы болып екіге бөлінеді.

Жалпы статут бүкіл шенеуніктерге қолданылатын құқықтық нормалар жиынтығы.

Жалпы статут ережелері 4 заңда берілген:

  1. 1983 ж. 13 шілдедегі қызметкерлердің құқықтары мен міндеттері туралы заң;

  2. 1984 ж. 11 қаңтардағы орталық жариялы қызмет туралы ережелері жөніндегі заң;

  3. 1984 жылы 26 қаңтардағы жергілікті қызмет туралы ережелері жөніндегі заң;

  4. 1986 жылы 9 қаңтардағы медициналық жариялы қызмет туралы ережелері жөніндегі заң;

Әкімшілік функцияларының көптігі барлық шенеуніктерге бірдей жалпы статут нормаларын қолдануға жол бермейді. Сондықтан жалпы статутқа қосымша ерекше статут қолданылады, оның орындалуын қамтамасыз етеді.

Францияның жариялы қызметінінің құқықтық реттеуінде Конституциялық кеңес және әкімшілік әділет органдары маңызды рөл атқарады.

Әкімшілік басқару қызметтерінің ішінде 1945 ж. құрылған әкімшілік және жариялы қызметтің бас дирекциясы маңызды орын алады. Ол азаматтық әкімгерлердің біртұтас корпусына жетекшілік етіп, сонымен қатар премьер-министрге жоғары басқару персоналына қатысты саясатты жүргізуге көмектеседі.

1983 жылғы 13 шілдедегі қызметкерлердің құқықтары мен міндеттері туралы Заңға сәйкес шенеуніктердің мүдделерінің қорғалуын қамтамасыз ететін келесі консультативті органдары бар:

  • мемлекеттік қызметтің жоғарғы кеңесі;

  • паритеттік әкімшілік комиссиялар

  • паритеттік техникалық комиссиялар;

  • гигиена және қауіпсіздік комитеттері.

1983 жылғы 13 шілдедегі Заңға сәйкес шенеунік мәртебесін иеленуге 5 негізгі шарты бар: француз азаматы болу, саяси құқықтарын иелену, заңды сақтау, қызмет және әскер туралы заңдарға жақсы көзқарас, физикалық жағынан жарамды болу.

Мемлекеттік қызметке түсудің негізгі әдісі - конкурс бойынша өту.

Конкурстың ұйымдастырылу тәсілдері:

  • экзамен тапсыру немесе тест бойынша өту;

  • лауазымға түсішу кандидаттордың тізімін салыстыру;

Конкурстың жүргізілуін әкімшілік сот бақылайды.

Шенеуніктердің қызмет бойынша көтерілуі екі жол арқылы жүзеге асырылады: дәреже және шен бойынша. Дәреже бойынша көтерілу шенеуніктің кәсіптік сапасына қарамастан, қызмет еткен жылдарына қарай болады.

Шен бойынша көтерілу үшін біріншіден, жұмыс стажына, екіншіден, үміткердің жетістіктеріболуы шарт.

Заң бойынша қызметтегі келесі үзілістерге рұқсат етіледі: демалысқа шығу, штаттан шығарылу, резервке ауысу, әскери қызметті өту және декрет.

Мансап аяқталуының табиғи жолы – шекті жас мөлшеріне жету (60 жыл, қызметкерлердің кейбір категориялары үшін – 65 жыл).

1983 жылғы 13 шілдедегі құрылған Заң бойынша қызметкер шенеунік мәртебесін иелену шарттарына жауап бермесе автоматты түрде мансап тоқтатылады15 ( мысалы, француз азаматтығынан шығуы немесе саяси құқықтан айрылу).

Қызметкердің өзінің ниетімен (отставкаға немесе қызметтен шығу) немесе әкімшілік ниетімен (жұмыстан шығару) мансабы тоқтатылады.

Мемлекеттік қызметкерлер деонтологиясы.

Француз шенеунігінің16 көптеген міндеттері бар. Мысалы:

  • әділетті және адал қызметкер болу;

  • қызметкерге жүктелген міндеттерді адал орындау;

  • кәсіби және қызметтік құпияны сақтау, қоғамға ақпарат ұсыну талабын орындау.

Шенеуніктердің көзқарастар және сенімдер бостандығына:

  1. ар-ождан бостандығы;

  2. саяси партия мүшелігіне кіру және саяси қызметтер ету бостандығы;

  3. сайлауда өзінің кандидатурасын ұсыну бостандығы (француз шенеунігі сайлау күніне шейін лауазымын сақтап, жеңілген жағдайда өз лауазымынан айырылмайды) жатады.

Қызметшілер кәсіподақты құра алады, кәсіподаққа кіріп, онда қызмет ете алады.

1983 жылғы 13 шілдедегі Заңның 10 бабына сәйкес “Мемлекеттік қызметшілер ереуілге заң шеңберінде қатыса алады”. Сот тәжірибесі қызметкерлердің ереуілге қатысудың екі негізгі шектеулігін қарастырады:

  • саяси ереуілдерді өткізуге тыйым салынады;

  • жариялы қызметтің мүддесіне қарай белгілі қызметкер категорияларын ереуілге шығуын шектейді немесе тыйым салады.

Жергілікті жариялы қызметтің орталық қызметтен айырмашылығы – ол үкіметтік мекемелерге және атқарушы билік органдарға лауазымдарды іріктеу, лауазымға тағайындау, қызмет бойынша көтерілу мәселелерін шешу, шендерді беру және т.б. істерді атқаруға жол береді.

Орталық қызметтегі консультативті органдар жергілікті қызметті басқаруға қатысады.

Жергілікті жариялы қызметтің механизмінде басқару орталықтарының алатын орны ерекше:

а) ұлттық басқару орталығы;

ә) департаменттік басқару орталықтары: Жергілікті Жариялы қызметтің Ұлттық орталығы жергілікті қызметкерлердің кәсіптік білімінің негізгі бағыттарын анықтайды, лауазымдарды ауыстыру конкурстарын өткізеді, жаңадан іріктелген лауазымдар мен вакансиялар жөнінде ақпарат ұсынады.

Ұлттық орталыққа жергілікті қызметкерлердің кәсіподақтық ұйымдар өкілдері және аумақтық ұжымдар өкілдерінен құралатын - әкімшілік кеңес басқарушылық етеді.

Әр департаментте басқару орталықтары құрылады. Бұлар әкімшілік мекемелер болып табылады және тәрбиелік кеңес пен паритетті әкімшілік комиссияның жұмысын қадағалау, қызметкерлерге әлеуметтік көмек беру, конкурстарды ұйымдастыру және т.б. функцияларды атқарады.

Франциядағы әкімшілік-құқықтық механизмінде атқарушы әкімшілік органдарының алатын орны ерекше.

Атқарушы әкімшілік актілер деп – құқықтарды ұсыну және міндеттерді жүктеу арқылы заң ережелерін өзгертіп, бір жақты тәртіппен шығарылатын заңды актілерді атайды.

Француз әкімшілік–құқықтық ғылымында атқарушы әкімшілік актісі туралы мынандай органикалық критерий бар: ол міндетті түрде әкімшілік органдармен қабылданады.

Атқарушы әкімшілік актілері формалді және материалды критерийлері бойынша классификацияланады.

Формалді критерийіне сәйкес атқарушы әкімшілік органдары үш түрге бөлінеді: декреттер; министрлер шешімдері; басқа әкімшілік органдарының шешімдері.

Декреттерді президент немесе премьер–министр қабылдайды. Министрлер атқарушы әкімшілік актілерді шығарады. Олар министрлердің жарлықтары, ал кей жағдайда қаулылар деп те аталынады.

Министр норма шығарушы өкілеттіктерін алғанда ғана регламентарлық актісін шығарады. Ол жетекшілік ететін мемлекеттік қызметті ұйымдастыру мақсатында заңмен немесе декретпен берілетін өкілеттіктерінің болмауына қарамастан жарлық шығара алады. (1936 жылы 7 ақпандағы Мемлекеттік кеңестің қаулысы).

Басқа әкімшілік органдар әр түрлі дәрежеде (ұлттық, аймақтық, коммуна немесе департамент дәрежесінде) әр түрлі атқарушы әкімшілік шешімдерін қабылдайды. Жеке меншік органдары (мэр, префект, және т.б.) “қаулы” деп аталатын актілерді қабылдайды.

Материалды критериі атқарушы әкімшілік актілердің мазмұнына қарай классификациялайды. Олар регламентарлық және регламентарлық емес актілер болып екіге бөлінеді.

Регламентарлық акт – жалпы атқарушы актісі (мысалы, көшеде біржақты қозғалысты талап ететін қаулы).

Регламентарлық емес акт – бір немесе бірнеше тұлғаларға қатысты шешімі. Әкімшіліктің жұмысын жеңілдету үшін әкімшілік органдары өзінің өкілеттіктерін бағынышты органдарына жүктей алады.

Француз құқығында өкілеттіктерді берудің екі түрі бар: құзырет және қол қою өкілеттігін беру.

Құзырет өкілеттіктерін беру – бір әкімшілік органнан екінші органға құзыреттің толық берілуі. Қол қою өкілеттігін беру – жоғары тұрған (өкілеттік беретін) орган өз өкілеттіктерінен айрылмайды, ол тек төмен тұрған органдарға қол қою құқығын береді.

Әр әкімшілік атқарушы органның өзінің белгілі бір аумақтық құзыреті бар. Сондықтан атқарушы әкімшілік актілер оларды шығарған органның аумақтық құзыретінің шеңберінде әрекет етеді (мэр муниципалды полиция қызметіне тек өз коммуна шекарасында жетекшілік етеді).

1979 ж. 11 шілдеде “әкімшілік актілерді негіздеу және басқару органдары мен қоғам арасында қарым – қатынасты жақсарту” 17туралы заң қабылданды.

Міндетті түрде келесі шешімдер негізделуі шарт:

  • жариялық бостандықтардың жүзеге асырылуын шектеу;

  • санкциялар салу;

  • тыйым салу;

  • құқық шығаратын актілерді бұзу;

  • заң шарттарына сәйкес тұлғаларға жеңілдіктер және артықшылар беруден бас тарту;

1980 ж. 19 қаңтарда премьер–министрмен бекітілген циркулярда міндетті негізделуді қажет ететін шешімдер категориялары анықталды. Онда әр министрлікке сәйкестендірілген құжаттар тізімі берілген. Негіздемесіз берілген акт - заңсыз болып танылады.

Әкімшілік актісі халыққа жарияланғаннан кейін күшіне енеді.Регламентарлық актілер жариялануы тиіс. Регламентарлық емес актілер хабарлама түрінде халыққа жарияланады.

1982 ж. 2 наурыздағы Заңға, сонымен қатар Конституциялық кеңестің 1982 жылғы 25 ақпандағы шешіміне сәйкес орталықтандырылған аумақтық бірлестіктердің атқарушы әкімшілік актілері мына екі шарт орындалса ғана күшіне енеді:

  • олардың жариялануы ( регламентарлық актілер үшін ) және хабарландырылуы (регламентарлық емес актілер үшін);

  • Департамент немесе коммунадағы мемлекет өкіліне екі апталық мерзімде бұл актілерді ұсыну.

1978 жылғы 17 шілдеден “ әкімшілік, әлеуметтік және қаржы ережелері, басқару және қоғамдық органдар арасындағы қарым – қатынасты жақсарту туралы” Заңның 4 бабына сәйкес әкімшілік құжаттары келесі жылдармен жарияланады:

а) құжаттық сақталуы кепілдендірілсе, көшірме алу мүмкін, нақ сол жерде және ақысыз беріледі;

ә) бұл сұраныспен келген кісіге бір дана көшірмесі беріледі;

Әскери, мемлекеттік дипломатиялық құжаттар – Мемлекеттік кеңес және әкімшілік соттар қорытындылары деп аталады. Олар азаматтарға берілмейді (1 және 6 бап).

Әкімшілік атқару актісі күшіне енгеннен кейін, ол іске асырылу сатысына көшеді.

Әкімшілік өзінің әкімшілік қызметін әкімшілік шарт жасау арқылы жүзеге асырады.

XIX ғ. француз әкімшілік құқығында шарттар қолданыла бастады. Сол кездегі танымал құқықтанушы Л.Дюги былай жазған: “ Қазіргі кезеңде әкімшілік актілердің екі үлкен категориясы ажырата алады: әкімшілік билік актілері мен әкімшілік атқарушы актілері. Билік актілері – бір жақта әкімшілік актілер, ал атқару актілері шартты актілер болып табылады».

Француз құқығында шарттың әкімшілік сипаты заңды актімен немесе сот тәжірибесімен анықталады. Заң бойынша әкімшілік шарттар: қоғамдық жұмыс шарттары; жариялы сектордың меншігінің қолданылуын қарастыратын шарттар; мемлекеттің минералды шикізат қорын пайдалану туралы шарттар және т.б.

Сот тәжірибесі бойынша құрастырылған критерийлерге сәйкес келісім–шарттар көптеген жағдайларда әкімшілік келісім шарттар ретінде танылады.

Француз әкімшілік тәжірибесі ( 1956 ж. 20 сәуірден Бертэн ерлі–зайыптылардың ісі бойынша Мемлекеттік кеңестің қаулысы) шарттың әкімшілік сипатын айқындайтын екі критерийді құрастырды.

Бірінші критерий - жариялы қызметтің шарт пәнімен байланысын айқындайды. Француз сот тәжірибесі жария қызметімен тікелей және тура байланысқан жария қызметтің тұлғаларымен жасалған шарттарын ғана әкімшілік ретінде бекітеді.

Сот тәжірибесінің одан әрі дамуы барысында бірінші критерийге сәйкес (шарт пәнінің жариялы қызметпен тікелей байланысы) әкімшілік сипаттағы келесі шарттар айқындалды:

  • жария қызметінің міндеттерін орындау жария құқығындағы заңды тұлғаның серіктестігіне беретін шарт;

  • жария құқығындағы заңды тұлғасының серіктестігіне өкілеттіктер берілмесе де, оны қоғамдық қызметпен қамтамасыз етуіне қатыстыратын шарт ( 1957 ж. 27 мамырдағы Арто ісі бойынша Мемлекеттік Кеңес қаулысы);

  • жария құқығының заңды тұлғалары қоғамдық қызметпен қамтамасыз ету ісіне штатсыз қызметкерлерді шарт негізінде қатыстырады ( 1963 ж. 25 қарашадағы Мазеран ісі бойынша дауларды шешетін Соттық шешімі).

Әкімшілік шарттарды квалификациялардың екінші критерийі шарттағы “Жалпы құқық шекараларынан шығатын міндеттер” болуын қалайды.

«Жалпы құқық ережелерінен тыс шығатын міндеттер» тараптардың жария билігінің режиміне бағындырулуын қарастырады. Бірақ осы міндеттер шартқа енгізілсе де, тараптар шарттың жеке құқықтық болып қалуына келіседі.

Қазіргі Францияның әкімшілік тәжірибесі әкімшілік келісім– шарттардың келесі қолданылу сфераларын қарастырады:

- жария қызметті басқару (концессия, жалға алу, басқару туралы шарттар);

  • түрлі мүліктіктік қатынастарды реттеу ( тауарларды жеткізу, қоғамдық игіліктерін пайдалану, жәрдем беру туралы шарттар);

  • зерттеулер жүргізу және көмек ұсыну (көмек және зерттеу туралы шарттар);

  • жариялы займдар (мемлекеттік және муниципалды займдар туралы шарттар) және т.б.

Францияда әкімшілік шарт бойынша серіктестікті таңдау басқа шетел мемлекеттерінен ерекшеленеді. Бұған талқыналатын шарттар мысал бола алады.

Мемлекеттік келісім–шарттар туралы Кодексінің 103 бабына сәйкес жариялы биліктің құзыретті органы “еркін келіссөздер жүргізгеннен кейін, өз еркімен таңдап алған серіктеспен шарт жасайды”.

Жариялы билік органы “осы шартта орындай алатын кандидаттар тізімін ұсыну арқылы” жалған бәсекелестік жасайды. Сонда да осы ол тізімнен міндетті түрде кандидатты таңдамайды. Орталық әкімшілік шарттың талқылау әдісін тек мемлекеттік келісім–шарттар туралы Кодексте көзделген жағдайында қолданылады: жедел жұмыстар, зерттеулер жүргізу жөніндегі шарттар және т.б.

Соңғы уақытта Франциядағы келісім–шарт тәжірибесінде шартты типтік міндеттердің үш түрі қолданылады:

  • жалпы әкімшілік міндеттер;

  • жалпы ережелер;

  • арнайы ережелер;

Француз әкімшілік шарт туралы теориясында қаржылық тепе–теңдіктің алатын орны ерекше. Егер әкімшілік жалпы құқық шекарасынан шығатын өкілеттіктерді орындаса, онда әкімшіліктің заңды түрде енгізетін өзгерістерге қарамастан, әкімшілік келісім – шарттың тараптары қаржылық тепе-теңдікті талап етуге құқылы.

Жариялы әкімшіліктің қызметін бақылау.

Жариялы әкімшіліктің қызметін бақылау үш түрге: саяси, әкімшілік және соттық бөлінеді.

Саяси бақылау конституциялық–құқықтық реттеудің пәнін құрайды және парламент, саяси партиялар, жергілікті сайлау органдары арқылы жүзеге асырылады.

Әкімшілік бақылау - әкімшілік органдарының ниетімен (жоғары тұрған лауазымды тұлғалар бағынышты лауазымды тұлғалардың қызметін бақылап, әкімшілік қамқоршылық, инспекциялық тексеріс жүргізеді), және де кез келген мүдделі тұлғаның ниетімен (әкімшілік шағымдану, реттеу, татуласу процедурасы) жүзеге асырылады.

Соттық бақылаудың әкімшілік бақылаудан айырмашылығы - әкімшілік органдарын қадағалау судьяға жүктеледі, яғни әкімшілік бақылауды әкімшіліктің өзі жүргізетіндіктен, ол ішкі бақылау болып табылады. Ал соттық бақылау сыртқы бақылау деп аталады. Бақылау жүйесінің тиімділігі әкімшілік қызметінің жариялылығын қамтамасыз етеді. Әр азамат әкімшілік қызметінің заңсыз жүргізілуін немесе оның нұқсан келтіргенін қадағалай алады. Бұндай мәселінің шешілуі мына жолдары арқылы шешіледі:

  • Жеке жинақтар мен ресми басылымдарда шығарылатын әкімшілік органдармен қабылданған;

  • актілердің жариялануы;

  • қабылданған шешімдердің жариялануы; әкімшілік шешімдердің негізделуін талап ету; әкімшілік қызмет мәселелерін түсіндіру және рәсімдеу туралы ақпарат түсіндіру және т.б.

Француз әкімшілік доктринасы әкімшілік бақылаудың келесі формаларын бөліп көрсетеді:

  1. Жоғары тұрған лауазымды тұлғалардың бағынышты органдарының ісін қадағалау ( иерархиялық бақылау). Иерархиялық бақылау бағыныштылар істерінің заңды болуын, және осы істердің қажеттілігі мен мақсатқа лайықтылығын тексереді. Жоғары тұрған лауазымды тұлғалар бағыныштылардың қабылдаған шешімдерін өзгеруге, бұзуға құқылы.

  2. Инспекциялық тексерістер. Францияда көптеген министрліктерде өзінің жеке инспекциялар мен бақылау бөлімшелері бар: Ішкі істер Министрлігіндегі Бас Әкімшілік инспекциясы, ұлттық білім Министрлігіндегі Бас инспекция, Қарулы күштердің Бас бақылауы және т.б. Министрдің өзі инспекция органдарының қызметне жетекшілік жасайды. Оның атынан инспекторлар және бақылаушылар қызмет атқарады.

  3. Әкімшілік қамқоршылық – жергілікті ұжымдар мен мемлекеттік ұйымдардың ісін мемлекеттік өкілі тарапынан бақылауын қамтамасыз ететін әкімшілік бақылау формасы.

Әкімшілік қамқорлықтардың жүзеге асырылу бағыттары:

  • әкімшілік немесе органдар өкілдерінің ісін қадағалау;

  • орталықтандырылған органдардың актілерін бақылау;

VІ. Әкімшілік шағымдану: мүдделі тұлға әкімшілік органның жетекшілігіне қабылданған шешімді бұзу немесе өзгерту туралы өтінішпен жолданады. Бұндай өтініш жоғары тұрған инстанцияға немесе тиімді шешімге келу мақсатында шағымданған шешімге келген инстанцияға жіберіледі.

Әкімшілік шағымдану тәртібінде қабылданған шешім әкімшілік шешім болып табылады.

Мемлекеттік кеңес және әкімшілік соттарға жолдану мүмкіндігі ерекше жағдайдан басқа, тек әкімшілік шағымданудан кейін ғана жүзеге асырылады.

V. Бітістіру және реттеу рәсімдері. Әкімшілік орган қызметіне байланысты туған дауды үшінші жақ – тәуелсіз орган қарастырады.

Бітістіру және реттеу рәсімдері мүдделі тұлғаға істің әділ қарастырылуына кепіл береді де, әкімшілік қызметінің кең жариялылығын қамтамасыз етеді. Бұл рәсімдерді – медиаторға шағымдану арқылы жүзеге асырылады.

Медиатор лауазымы 1973 жылы 3 қаңтардағы Заңмен енгізілді. Француз медиаторы скандинавиялық омбудсманнан пайда болды. Скандинавия мемлекеттерінде омбудсман – парламенттік лауазымды тұлға болса, Франциядағы медиатор - әкімшілік бақылау жүйесіндегі делдал ретінде қызмет етеді.

Делдал тәуелсіз, қол сұқпайтын лауазымды тұлға болғандықтан, ол жариялы істерді жүргізуге бағытталған ұйымдар мен мемлекеттік мекемелердің және де мемлекеттік әкімшілік қызметіне тікелей байланысты азаматтардың өтініштерін қарастырады.

Министрлер Кеңесінің декреті бойынша медиатор алты жыл мерзімге тағайындалады. Медиатордың қайта тағайындалуына тыйым салынған.

Ол өтініштерді қарастырып, мәселенің шешілу жолдарын табады. Кейбір жағдайларда әкімшілік органның қызметін жақсартуға бағытталған ұсыныстар береді. Қалыптасқан даулы жағдайды жария ету – медиатордың негізгі қаруы болып табылады. Ол әр жыл сайын президент пен парламентке баспада жарияланатын баяндаманы дайындайды.

Жариялы әкімшілік қызметінің соттық бақылау ерекшеліктері. Әкімшілік әділет.

Франциядағы әкімшілік қызметтің соттық бақылауын ұйымдастырудың негізгі ерекшелігі - әкімшілік әділеті болып табылады.

Әкімшілік әділеті – құқықтық дауларды және мемлекеттік басқару мәселелері шешумен ғана шектелмей, бүкіл жариялы әкімшілік жүйесінің қызметіне әсер етеді.

Франциядағы әкімшілік әділет органдары жариялы биліктің басқарушылық қызметіне қатысты дауларды қарастырады. Бұл органдарға – жария қызметінің функцияларын орындайтын жеке құқықтық ұйымдар мен аумақтық органдар, мемлекеттер, жергілікті өзін-өзі басқарудың аумақтық органдары және т.б. жатады. Әкімшілік әділеті мемлекеттік аппаратының құқықты қолдану ісін қадағалап, әкімшілік органдары мен барлық дәрежедегі лауазымды тұлғалармен, сонымен қатар Франция президентімен қабылданатын нормативтік актілеріне бақылау жүргізеді. Сонымен қатар саяси сипаттағы (мысалы, сайлаудың өткізуін бақылау) істерін шешеді.

Жалпы юрисдикциядағы соттар әкімшілік соттардың болуына қарамастан, әкімшілік қызметін бақылау ісіне құқығы бар.

Соттық билік тармақтарының жалпы және әкімшілік соттар болып екіге бөлінуі көптеген қиыншылықтар туғызады. Осының нәтижесінде пайда болатын көптеген дауларды шешу үшін Францияда – дауларды шешу бойынша Соты деген арнайы инстанция пайда болды. Бұның құрамына Мемлекеттік Кеңестің үш мүшесі және конституциялық кеңестің үш мүшесі кіреді. Соттың төрағасы – әділет министрі болып тағайындалады. Сонымен қатар Сот құрамына прокуратура өкілі кіреді.

Екі сот арасындағы құзыреттерін айқындауға байланысты туатын дауларды шешу үшін, Сот даудың түп негізінде жатқан мәселелерді тауып, бұл жағдайда қолданылатын құқық саласын (жеке немесе жариялы) таңдауы қажет.

Франциядағы әкімшілік органдар жүйесіне:

  • Мемлекеттік кеңес - әкімшілік әділет органның негізгі және жетекші органы;

  • Жай әкімшілік дауларды шешетін әкімшілік сот;

  • Әкімшілік әділетінің мамандандырылған соттық мекемелері кіреді.

Мемлекеттік кеңес – атқарушы биліктің консультанті (консультативті функция) және де әкімшілік сот әділеттігінің жоғары инстанциясы ретінде қызмет атқарады.

Мемлекеттік кеңес қорытынды жасау, зерттеушілік барлау мен баяндамаларды құрастыру арқылы консультативті функциясын орындайды.

Әкімшілік сот әділеттігінің жоғары инстанциясы ретінде Мемлекеттік кеңес құзыреттері:

  • Бірінші және соңғы инстанциясының соттары;

  • Аппеляциялық инстанция;

  • Кассациялық инстанция.

Мемлекеттік кеңес ерекше мән-жайлы істері бойынша бастапқы қарастыру және соңғы шешім қабылдауға құқығы бар.

Бұндай аса маңызды істерге: министрдің регламентарлық актілері және президент пен премьер-министр декреттерінің күшін жою мақсатында сотқа шағымдану; әкімшілік сотының құзыретінен тыс шығатын бір жақты әкімшілік актілерді шағымдау; әкімшілік соттар юрисдикциясының қолданылу аймағынан тыс туған әкімшілік сипаттағы соттық даулар; өкілетті билік органдарына сайлануға қатысты даулар және т.б.

1987 жылы аппеляциялық соттардың құрылуынан кейін Мемлекеттік кеңес аппеляциялық соттардың құзыретіне кірмеген істер (әкімшілік актілерінің заңдылықты болуын бақылау; муниципалды және контоналды сайлау мәселелері бойынша даулар; регламентарлық актілерде билік шегінен шығуына қатысты туған даулар) бойынша ол өзінің аппеляциялық инстанция құзыретін сақтады.

Мемлекеттік кеңес - кейінгі инстанциядағы арнайы әкімшілік соттық мекемелер мен аппеляциялық соттардың шығарған шешімдері бойынша кассациялық инстанциясы қызметін атқарады.

Мемлекеттік кеңес құрылысы бұл органның негізгі функцияларына толық сәйкес келеді. Оның құрамына төрт бөлім кіреді: консультативті функциясын атқаратын төрт әкімшілік бөлім, әкімшілік судьяның функциясын атқаратын әкімшілік даулар бойынша бөлімі және ақпараттық – талдау бөлімі18.

Әкімшілік соттар:

Әкімшілік соттардың құзыреті – соттық-юрисдикциялық болып табылады. Сонымен қатар мемлекеттік кеңес секілді консультативті функцияларын атқарады.

Әкімшілік соттың құрамында бірден төртке дейін палаталар саны бар.

Әкімшілік соттағы сот ісін жүргізу органы – соттық палата. Ерекше мән-жайдағы аса маңызды және күрделі істер сот мүшелерінің пленарлық отырысында қарастырылады.

Талап-арыз өтініштері жергілікті бюроға жіберіледі. Ол әр департаментте орналасады және әкімшілік сотта құрылады19.

1986 жылдың 6 қаңтардағы Заңның қабылдануымен әкімшілік соттардағы судьялардың алмастырылмау принципі бекітілді. Сонымен қатар әкімшілік соттардағы қызмет және кадрларды іріктеу мәселелерімен айналысатын консультативті орган - әкімшілік соттардың жоғарғы кеңесі құрылды.

Әкімшілік апелляциялық соттар.

1987 жылдың 31 желтоқсандағы «әкімшілік соттық талдау реформасы» туралы заңға сәйкес француз әкімшілік әділетінің органдары бекітілген. Бұл реформа Мемлекеттік кеңес жұмысын жеңілдету мақсатында әкімшілік соттардың бірінші инстанциясы қарастырған өтініштерінің жартысын жаңа инстанцияға жібереді.

1987 жылдың 31 желтоқсандағы Заңның бірінші бабына сәйкес аппеляциялық соттар «регламентарлық актілерді даулау жолымен сайлау даулары бойынша шешімдерден басқа, әкімшілік соттардың шешімдеріне аппеляциялық өтініштерін қарастыру» үшін құрылады. Әкімшілік аппеляциялық соттардың шешімдері кассациялық тәртіпте Мемлекеттік кеңеске шағымдалады.

Францияда бес әкімшілік аппеляциялық соттар (Бордо, Париж, Нанте, Нанси, Лион қалаларында) құрылды. Соттар палаталарға (әр әкімшілік әділет органға екі-үш палатадан) бөлінген. Шешімдерді палаталар, ал ерекше жағдайларда – пленум шығарады.

Әкімшілік әділетінің арнайы соттық мекемелеріне есеп палаталары (ұлттық және аймақтық), әкімшілік органдарынан тыс (мысалы, профессорлық-оқытушылық құрамы) немесе басқару аппараттарында (мысалы, еркін мамандары – дәрігерлер, архитекторлар және т.б.) құрылатын түрлі тәртіптік сот мекемелері жатады. Арнайы әкімшілік соттар уақытша және де белгілі мәселелерді шешу үшін құрылуы мүмкін (мысалы, соғыспен келтірілген залалды өтеу).

Әкімшілік дауластық процедурасы.

Жалпы және әкімшілік сотындағы сот ісін жүргізу процедурасы арасында көптеген ұқсастықтар болғанымен,әкімшілік соттық процедурасының өзіндік ерекшеліктері де бар.

Әкімшілік соттардың процедурасы тергеу аппаратында өткізіледі. Оны судьяның дауды шешу жолдарын іздеу арқылы байқауға болады. Судья сот ісіне жауапкерді тартып, сотқа

белгілі құжаттарды ұсыну мерзімдерін тағайындайда да, отырыстың жабылуы туралы шешім қабылдайды. Сонымен қатар арыз берушіге қажетті дәлелдемелер ұсынуды талап етеді.

Әкімшілік соттардағы процедура жазбаша сипатта өтеді. Әкімшілік судья жазбаша дәлелдемелері негізінде шешім қабылдайды.

Әкімшілік-соттық рәсімде әкімшілік ерекше орын алады, оны былайша сипаттауға болады:

  1. әкімшілік жауапкер ретінде рөл атқарады (ол тек ерекше жағдайларда арыз беруші ретінде жолданады. Мысалы, қоғамдық иелікті заңсыз алған тұлғаны қуып шығару үшін соттық шешімді алу);

  2. әкімшілік шешімі сот шешімімен алмастырылмайды. Көптеген жағдайда судьяның өкілеттіктеріне шағымданған шешімнің күшін жою немесе әкімшілік өтемақысын төлеу туралы шешім шығару жатады;

  3. Судья әкімшілікке тапсырмалар жібере алмайды. Судья әкімшілікті құқыққа қайшы істері үшін жауапқа тарта алады (әкімшілік шешімнің күшін жою, өтемақы төленуін талап ету), бірақ судья әкімшілікке белгілі міндетті орындауға мәжбүрлеу құқығы жоқ (ғимараттық орнын босату, сомманы төлеу, қызметке қайта қабылдау және т.б.)

Әкімшілік судья арызды келесі талаптарды орындағанда:

  • алдын-ала шешім қабылдау ережесі бұзылмаса;

  • шағымдану мерзімдері сақталса;

  • істі қарауда біреудің мүдделілігі болса қабылдайды.

1965 жылдың 11 қаңтардағы декреттің бірінші бабына сәйкес «әкімшілік әділет тек әкімшілік шешімнің шағымдануын қарастырады», яғни болған шешімге шағымды қабылдайды. Бұл норма француз әкімшілік құқығында «алдын-ала шешім ережесі» деген атауға ие болды. 1900 жылдың 17 шілдедегі Заңда мынандай норма берілген: егер әкімшілік алған шағымды төрт ай мерзімде қарастырмаса, ол өтініштен бас тарту болып саналады.

Бұл норма арқылы әкімшілік заңсыз істі шағымдауды болдырмау мақсатында мүдделі тұлғаның өтінішіне жауап бермейді.

1965 жылдың 11 қаңтардағы деректерге сәйкес кез-келген инстанциядағы сотқа шағым екі ай мерзімде берілуі тиіс.

Әкімшілік соттың ісін қарауда негізгі ерекшеліктерінің бірі – үкіметтік комиссардың сот жиналысында қатысуы болып табылады. Процесс кезінде ол атқарушы билік атынан,

прокуратура атынан да қатыспайды. Ол ешкімнің де көзқарасын тыңдамай, әкімшілік даулар бойынша өзінің қөзқарасын заңгер және маман ретінде білдіреді. Көзқарасын қорытынды ретінде жазады. Бұл қорытындылар әкімшілік құқық доктринасының дамуына зор үлес қосады. Үкіметтік комиссар отырыста ең соңғы болып, өз көзқарасын айтады.

Мемлекеттік кеңес 1957 жылғы «Жервез» фирмасының ісі бойынша қаулыда үкіметтік комиссардың рөлін айқындады: «үкіметтік комиссар міндеттеріне жатады: әкімшілік дауды сотта қарастыруына байланысты пайда болған мәселелерді баяндау, сотқа өзінің тәуелсіз және бейтарап нәтижелері мен бағаларын айту; ол бұл істің фактілік жағдайларын баяндап, сол мән-жайға қолданылатын нормалар, сонымен қатар дауға қатысты қолданылатын шешімдерді таңдайды»20.

Әкімшілік соттың шешімі ашық отырыста жарияланады (салық даулары бойынша шешімдерден басқа).

Негізгі шешімдер мен қаулылар түрлі заң журналдарында, жинақтарда жарияланады. ХІХ ғасырдан бастап жарық көрген «Лебон жинағы» ең танымал жинақтарының бірі..

Әкімшілік соттардың шешімдері кассациялық және аппеляциялық тәртіпте шағымдалады.

Әкімшілік соттардың шешімдерін орындау барысында көптеген қиыншылықтар туады. Мәселе осында, әкімшілік даудың мәжбүрлеп орындалуы тек жеке тұлғаларға ғана қатысты қолданылады. Әкімшілік соттың шешімін әкімшілікке орындатуға мәжбүр ету құқығы жоқ.

Әкімшілік құқық сот шешімдерінің орындалуына кепілдіктер жүйесін құрастырды. Егер жариялы құқық тұлғасы оған қатысты шешімді орындамаса, онда судья істі жаңадан қарастырғанда, оны істі жеңіп алған тарапқа өтемақы төлеуді міндеттейді. 1975 жылдың 11 шілдедегі Заңға сәйкес шешімнен кейін екі ай мерзімде төленбеген айыппұлға 5 пайыз пеня мөлшері артады.

1980 жылдың 17 шілдедегі қабылданған Заңда сот шешімдерін орындаудың тиімділігін арттыруға бағытталған шаралардың екі жүйесі қарастырылады.

Бірінші шаралар жүйесі сот шешімдеріне бекітілген айыппұл санкциялары бойынша түгел ақша соммасын төлеуді әкімшілік тапсырмалары арқылы міндеттейді. Бұндай тапсырмалар бюджеттік несиелердің иеленушісіне жіберіледі. Сот шешімі хабарландырылған күннен бастап, төрт ай мерзімде айыппұл төленуі тиіс. Бұл мерзімнің бұзылғаны үшін қаржылық-бюджеттік тәртіп Палатасы айыппұлдың санкциясын қолданады.

Екінші шаралар жүйесі сот шешімдерінің орындалмағаны үшін Мемлекеттік кеңеске айыппұл санкцияларын салу өкілеттіктері берілген. Бұл шешім қабылдану үшін сот шешімі хабарландырған күннен бастап, алты ай өткеннен кейін Мемлекеттік кеңеске жолдану мүмкіндігі бар.

Әкімшілік даулар.

Сот тәжірибесі әкімшілік әділет соттарында қарастырылатын даулардың бес түрін анықтады:

  • Өкілеттіктерінен тыс шығу;

  • Толық әкімшілік дау;

  • Түсіндіру себебі бойынша;

  • Заңдылыққа қатысты;

  • Жазалау шараларына қатысты даулар.

Әкімшілік-соттық тәжірибесінде даулардың алғашқы екі түрі аса маңызды рөл атқарады.

Өкілеттіктерінен тыс шығуына байланысты туған дау.

Сот тәжірибесінде бұл дау – объективті дау болып табылады. Бұл талқылаудың көмегімен әкімшілік шешімнің күшін жою мәселесі шешіледі.

Сот тәжірибесі талқыланатын шешімнің күшін жоюдың мынандай негіздерін бөліп қарастырады21:

  • талқыланатын шешімді қабылдайтын орган немесе мүдделі тұлғаның біліксіздігі (мұндай орган басқа әкімшілік органның өкілеттіктерін пайдаланды немесе соттық биліктің құзыретін иеленді, немесе билік узурпациясы - әкімшілік өкілеттіктері жоқ жеке тұлға шешімді қабылдады).

  • материалды құқық нормаларының бұзылуы (жоғары заң күші бар нормасына талқыланатын актісінің мазмұны қайшы келсе, мысалы: халықаралық шарт, заң және т.б.)

  • мақсаттарының жоқтығы немесе олардың заңсыздығы (талқыланатын шешімді қабылдаған орган заңи қатесін істеуі, яғни қолданылған норма бұл шешімнің заңдық негіздемесі бола алмайды. Немесе фактілік қателік – мысалы, мемлекеттік қызметкерді жасалмаған қылығы үшін өтеуге міндеттеу);

  • биліктен тыс шығу, шағымданатын шешімнің заңсыз мақсаттары (мэр белгілі фирмаға жәрмеңкеде өз стендін іліп қоюға рұқсат бермейді. Бұл қауіпсіздік мақсатында емес, тек бәсекелестікті болдыртпау мақсатында тыйым салады. Сонымен қатар өзен жағасында шешінуге тыйым салуы, моральдық мақсатында емес, бұл шомылатындардың ақы төленетін муниципалды киім ауыстыру кабинкаларын қолдануы үшін бұндай шешімге келеді). Іс жүзінде билікті теріс пайдалуына байланысты әкімшілік шешімдерінің күшін жою жағдайлары өте сирек кездеседі. Себебі шағымданатын шешімнің заңсыздығын дәлелдеу өте қиын.

  • форма немесе рәсімнің кемшіліктері (мысалы, 1979 жылғы 11 шілдедегі Заңға сәйкес акт қажетті дәлелсіз болса, немесе экспроприация рәсімінің орнына реквизиция рәсімінің қолданылуы). Форма мен рәсім бойынша ережелердің бұзылуы әкімшілік актісінің күшін жоя алмайды. Егер сот актінің күшін жоятын негіздемелерді таппаса, талап-арызды қабылдамайды. Бірақ сотта істі қарау кезінде бұл негіздемелер табылса, судья актінің күшін жою туралы шешім қабылдайды.

Күшін жою туралы шешім ретробелсенді сипатта болады. Яғни заңсыз акт сот шешімі қабылдаған күннен бастап, тек болашақта ғана өз күшін жоймай, сонымен қатар өткенде де өзінің қабылданған күннен бастап күшін жояды. Басқа сөзімен айтқанда, күші жойылған акт ешқашанда болмаған сияқты есептелінеді.

Өкілеттіктерінен тыс шығуына байланысты шағымдар көбінесе азаматтық құқықтарын шектейтін муниципалды полицияның атына жолданады.

Толық әкімшілік дау - сотқа билік қызметіне байланысты талап-арыздың жіберілуінен пайда болады. Арыз беруші өзінің заңды құқықтары мен мүдделерінің шектелуін дәлелдеп, осы құқықтарының қалпына келтірілуін жауапкерді, яғни әкімшілікті соттау арқылы жүзеге асырады. Мұндай дау - толық дау деп аталады. Себебі судья бұл істі қарастырғанда, әкімшілік актінің күшін жоюымен шектелмей, арыз берушінің талаптарын қанағаттандыру үшін, кейбір санкцияларды қолданады. Бұл толық даудың өкілеттіктерінен тыс шығуымен байланысты туған даудың негізгі ерекшеліктерінің бірі. Толық даулардың қолданылу шеңбері өте кең;

  • әкімшілік жауапгершілік (өтемақы істері, яғни қоғамдық жұмыстар, қоғамдық құрылыстарды салумен байланысты әкімшіліктің келтірілген зиянын өтеуі);

  • зейнетақылық (азаматтық және әскери мемлекеттік қызметкерлердің істері бойынша);

  • салық салу мәселелері бойынша (салық салу базасын даулау, салық соммасын есептеу және т.б.);

  • сайлау мәселелрі бойынша (сайлау ұйымдастыруға қатысты даулар – кандидатураны ұсыну, округтердің шекараларын айқындау, және т.б.);

  • қоршаған орта мен тұрғындардың денсаулығына қауіп төндіретін қауіпті және зиян кәсіпорындар және т.б.;

  • шала құрылыстар мәселелері бойынша;

  • кейбір жеке мәселелері бойынша (мысалы, тегін ауыстыру);

Әкімшілік судьяның әкімшілік дау бойынша шешім шығару кезіндегі өкілеттіктері:

І. Заңсыз әкімшілік актісінің күшін жою;

ІІ. әкімшілікке санкциялар салу құқығы: оны өтемақы төлеуге міндеттеу; әкімшілік жауап беретін мүліктік міндеттерді белгілеу; әкімшілік шарттың күшін жою немесе бұзу туралы шешім қабылдау; кандидаттың сайлануын заңсыз деп хабарлау; салық төлеуден босату; ғимаратты босатуды талап ету.

Француз әкімшілік әділетінің тәжірибесінде толық соттық дау өте кең таралған. Өйткені, бұл даулаудың түрі әкімшілікті ақшалай өтемақы төлеуге міндеттейтін бірден-бір әдісі. Сонымен қатар кейбір әкімшілік даулар (салық салу, сайлау нәтижелері туралы даулар) тек осы рәсім арқылы ғана шешіледі. Айтылған жағдайларда арыз беруші өтемақы төлеу жөнінде ешбір сұрақ көтермесе және тек әкімшілік актісінің күшін жоюымен шектелсе, оған қарамастан толық соттық шешіммен шағымдану ісі қозғалады.

Сот тәжірибесі көрсеткендей, көптеген толық әкімшілік даулар салық салу мәселелерімен тығыз байланысты. Ал қалғандары - қоғамдық жұмыстарға қатысты келтірілген залалын өтеу, зейнетақылық, әкімшілік шарттарға байланысты туған даулар болып келеді22.

Сонымен, қазіргі француз әкімшілік құқығы – бұл мемлекеттік басқару органдары жүйесінің екіжүзжылдық дамуының нәтижесі болып табылады. Бұл жүйе - күшті орталықтандыру мен әкімшілік құқықтың құрылуында шешуші рөл атқаратын әкімшілік соттардың болуымен сипатталады. Әкімшілік қызметі заңмен өте тығыз байланысты болғандықтан, ол өкілеттіктен тыс шығу, түрлі заңсыз қылықтар, келтірілген зиян үшін жауап беруге міндетті. Францияның әкімшілік құқығына өте тиянақты құрастырылған құқықтық нормалар мен институттар және өте жоғары құқықтық мәдениеті тән.

Француз әкімшілік құқығының көзі - жариялы құқық болғандықтан, көптеген ғалымдар әкімшілік құқығының пәнін осы түсінік негізінде анықтады.

Г. Брэбан әкімшілік құқық пәнінің анықтамасын ерекше тәсілмен толық ашты. Ол «мемлекеттік басқару» түсінігін негізге ала отырып, оның әрекет ету салаларынан әкімшілік-құқықтық реттеуге жатпайтын объектілерді бөліп көрсетеді:

- мемлекеттік ұйымдармен атқарылатын кәсіпкерлік қызметтің кейбір түрлері. Жеке тұлғалар мен мемлекеттік мекемелер арасындағы мүліктік қатынастар бұл – жеке құқық, дәлірек айтқанда, азаматтық құқық саласы. Ал әкімшілік құқық жариялы құқық саласындағы қатынастарды реттейді. Және де мемлекеттік мекеме оның міндетті субъектісі болып табылады..

- саясаттың құрылуымен айналысатын мемлекеттік органдар қызметін реттеу. Бұл органдарға заң шығарушы мекемелер жатады: Сенат және Ұлттық жиналыс. Сонымен қатар азаматтардың және жеке ұйымдардың саяси белсенділігі әкімшілік құқық саласына жатпайды. Себебі мемлекеттік саясаттың құрылуы бұл - конституциялық құқық нормаларымен реттелетін объектілердің бірі.

  • мемлекеттік әкімшілікпен соттық қызметінің қиылыспайтын бөлігі. Көптеген жағдайда, жеке тұлғалар арасында туған даулар жалпы соттар арқылы шешіледі, олар азаматтық құқық саласына жатады. Бірақ құқықтық қатынасқа әкімшілік орган қатысатын болса, жағдай басқаша өзгереді. Францияның құқықтық жүйесі - жалпы соттармен қатар, өзгеше әкімшілік соттардың болуымен ерекшеленеді. Бұлар мемлекеттік әкімшілік қызметімен байланысты туған дауларды шешеді. Бұл соттардың ұйымдастырылуы мен қызмет етуі әкімшілік құқықтық нормаларымен реттеледі.

Нәтижесінде, әкімшілік органдар мен мекемелердің, сонымен қатар олардың лауазымдық тұлғаларының қызметін ұйымдастырудың дерлік саласы әкімшілік құқыққа қалады. Француз заңгерлерінің айтуынша, мемлекеттік қызметкерлердің мәртебесі және оларды іріктеу әкімшілік құқық саласына жатады.

Қорыта келгенде, Францияның әкімшілік құқығы – бұл әкімшілік органдар қызметінің ұйымдастырылуын реттейтін құқық саласы. Олар мемлекетте өте маңызды рөл атқарады. Заң шығарушылардың саяси шешімдері бұл органдар арқылы жүзеге асырылады. Әкімшілік органдарының қызметінің нәтижелері мемлекеттің әлеуметтік – экономикалық және саяси жағдайына күшті әсер етеді. Франциядағы құқық жүйесінде әкімшілік құқық нормаларының алатын орны өте ерекше екендігіне көз жеткіздік.

Ұлыбританиядағы әкімшілік құқықтың түсінігі мен қайнар көздері.

    1. Атқарушы билік органдардың жүйесі.

    2. Мемлекеттік қызмет.

    3. Әкімшілік органдардың қызметін бақылау.

«Ұлыбританияның әкімшілік құқығы» тақырыбын таңдаған себебім бұл – шет елдің әкімшілік заңнамасымен танысу, әкімшілік құқығының даму сатыларының ерекшелігі, англо-саксондық құқықтық жүйе болғандықтан, әкімшілік құқық терминнің қолданылмауы, администрациядағы мемлекеттік қызметтің ерекше орын алуы болып табылады.

Бұл курстық жұмыстың мақсаты – шет елдің, яғни Ұлыбританияның әкімшілік құқығының қайнар көздерінің, түсінігінің, мемлекеттік қызметтің, атқарушы билік органдарының түсініктерін толық мағынада ашу болып табылады. Сонымен бірге, курстық жұмыстың мазмұны Ұлыбританиядағы әкімшілік құқықтың басқа елдерге қарағанда, өзгешелігін көрсетеді.

Бағамдық жұмыс 3 негізгі бөлімнен тұрады: атқарушы билік органдарының жүйесі, мемлекеттік қызмет және әкімшілік органдарының қызметін бақылау. Әкімшілік құқықты зерттеуде оның негізгі органдарын бөліп алып, осыған талдау жасау кең қолданылатын тиімді іс-әрекеттердің бірі. Әкімшілік құқықтың ең негізгі органдары және мемлекеттік қызмет администрацияның жалпы түсінігін бергендіктен, мен де мемлекеттік қызметті кеңірек қарастыруды жөн көрдім.

Сондай-ақ, Ұлыбританияның әкімшілік құқығындағы көптеген мәселелерін терең талқылай отырып, мен өз тың тұжырымдамамды ұсынамын.