Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМКД АП РК и ЗС, КМП-201, 202,203 2012-2013 дай...doc
Скачиваний:
6
Добавлен:
20.11.2019
Размер:
2.16 Mб
Скачать

Жергілікті басқару.

Соңғы жылдары Ұлыбританиядағы жергілікті өзін-өзі басқару органдары түрлі өзгерістерге ұшырайды. Консерваторлар муниципалдық өкілеттіктерін кемітсе, лейбористер керісінше «муниципалды социолизмді» қолдайды (жергілікті басқару туралы акті,1999ж).

Қазіргі кезде Англия 8 аумақтарға бөлінген, оның әрбірі 5-6 графстволарды қамтиды. Осындай аумақтар: Лондон, шығ.Мидлендс, шығ.Англия, Йоркшир-Хамбер, оңт-шығ, оңт-бат, солт-бат.Аумақтар автономды құқықтарға ие. Аумақтық органдар барлық сатылы муниципалдық кеңесшілер санынан Англия графстволарының муниципалдық кеңесшілерімен сайланады28.

Қазіргі кезде мемлекеттің әкімшілік-территориялық бөлініс:

Англия

Уэльс

Шотландия

Солтүстік Ирландия

Астана

(32 аумақ)

6 қала-графстволар

11 қала-графстволар

39 графстволар

11 графстволар

6 графстволар

296 аймақ

32 аймақ

26 аймақ

Жергілікті басқарудың төменгі ұяшықтары бұл селолық және қалалық муниципалдық кеңестер. Олар 150 немесе одан да көп адамдар тұратын жерлерде қызмет етеді. Халық саны аз, яғни деревняларда қызмет жалпы таңдаушылардың кеңесі жүзеге асырады.

Селолық және поселкілік муниципалитеттердің мүшелері кеңесшілер деп аталады. Үлкен қалалардағы муниципалитеттерде мүшелер кеңесшілерге және олдермендерге бөлінеді. Кеңесшілер бүкіл қаладан сайланатын болса, олдермендер қалалық аумақтармен сайланады.

Муниципальды кеңесшілер өздер ішінде кеңестің төрағасын сайлайды. Лондонда және басқа үлкен қалаларда ол мэр атағына ие.

Муниципальды кеңес ашық отырыстарда, ал комиссиялар жабық отырыстарда қызмет етеді.

Англияда, Уэльсте және солтүстік Ирландияда муниципальды кеңестің қызмет ету мерзімі – 4 жыл, ал Шотландияда – 3 жылға тең. 2000 ж., жергілікті басқару туралы заңымен кеңес жаңаруының әртүрлі варианттары көрсетілген. Кеңес қайтадан құрылады:

  1. толығымен, әрбір 4 жыл сайын;

  2. жартысына, әрбір 2 жыл сайын;

Сайлау партиялық негізінде жүзеге асырылады. Сайлану үшін, не азаматтың меншігінде жылжымайтын мүлік болу керек, не ол сол муниципальды бірлестікте тұрғылықты жұмыста тұру керек29.

Британдық муниципалитеттердің табысы муниципалитеттік салықтардан және орталық биліктің субсидиялардан пайда болады. Муниципалитеттердің негізігі табысы жылжымылы мүліктен жиналатын алықтар төлемі құрайды. Муниципальды талаптарына субсидиялар Британдық қоршаған орта, көлік және аумақтары бойынша Министірлігімен бөлінеді. Министірлік муниципалитеттердің қызметін бақылау құқылы. Осы мақсатпен Министрлік құрамында басқарушы органдар қызмет етеді. Оларға Сапа және құндылықтар Инспекциясы, Тұрғын үй Инспекциясы, Су Инспекциясы, Табиғат бөлімшесі, Табиғат қорғау комитеті, жергілікті басқару мәселелерін қарастыратын комиссяия жатады.

Көп уақыт ішінде муниципалитеттерді қадағалау жергілікті басқару мәселелерін қарастыратын комиссияның қолында болатын. Кейінгі уақытта оның өкілеттіктері шектелген. Біртіндеп бірінші орынға 1999 ж., лейбористермен құрылған Сапа және құндылықтар Инспекциясы шығады. Олардың негізгі функциясы – тікелей муниципалитет қызметіне араласпай оларды қосымша басқарып, сапалыққ шақыру болып табылады.