Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМКД АП РК и ЗС, КМП-201, 202,203 2012-2013 дай...doc
Скачиваний:
6
Добавлен:
20.11.2019
Размер:
2.16 Mб
Скачать

Мемлекеттік қызмет. Мемлекеттік қызмет түсінігі мен эволюциясы.

Британдық саясаткерлер, Корона әскери қызметкерлері және сонымен бірге, мемлекетте құқыққорғаушы және заңшығарушы функцияларын атқаратын тұлғаларға қарамастан Ұлыбританияның мемлекеттік қызметкерлері бұл – саяси конъюнктурасына қарамастан өзгермейтін саяси бейтараптық тұлғалар. «Мемлекеттік қызмет» термині ашық конкурстық негізде жұмысқа алатын әрбір қызметті көрсету үшін қолданылады. Мемлекеттік қызмет Ұлыбритания мемлекеттік қызметтің негізгісі болып саналады.

Ұлыбританиядағы мемлекеттік қызметтің классикалық анықтамасы 1929-1931 жж., қызмет еткен Томлин Корольдік комиссия баяндамасында келтірілген: «Мемлекеттік қызметкерлер бұл- Корольдік сот әділдігінің саяси, әскери қызметкерлеріне жатпайтын, мемлекеттік қызметте жұмыс істейтін, және Парламентпен шығарылған қаржыларынан сыйақы алатын Корона қызметіндегі тұлғалар»30. Ал XX ғ. 80-ші жылдардың ортасында пайда болған анықтамаға сай «Мемлекеттік қызмет бұл – Парламент алдында жауап беретін, Корона министрлеріне қызмет ететін, еркектер мен әйелдердің организациясы»31.

Ұлыбританиядағы мемлекеттік құрылымның эволюциясының арқасында «жауапты Үкімет» термині шын мазмұнына ие болды. Енді Үкіметтің жоғарғы структурасы Парламент алдында жауапты болады. Және сонымен бірге мемлекеттік қызметкерді жұмысқа алу практикасы да өзгереді. Егер де бұрын қызметкердің лауазымын жоғарылу үшін министрдің қолында болса, онда XIX ғ. Норткот-Тревельян реформаларының арқасында министрліктерге қызметке алу конкурстық негізде жүзеге асыра бастайды.

1855 ж., Мемлекеттік қызметтің істерін қарастыратын комиссия құрылады. XX ғ. 50- ші жылдарда Мемлекеттік қызмет реформалары бойынша комиссия құрылады, кейін 1968 ж., белгілі Фултон баяндамасы пайда болады.

Лорд Фултон басшылығындағы комитет 1968 ж., басқарылатын персоналдық құрылымына үш негізгі ұсынысын жасайды. Оның 1-шісі, шенеуліктерге және лауазымды тұлғалардың категорияларының унифициальды градациясын енгізу; 2- шісі бұрын болған мемлекеттік қызметкерлерді дайындайтын орталық негізінде Мемлекеттік қызметтің колледжін бекіту; 3-шісі Мемлекеттік қызметтің министрлігін құру болатын.

Ұлыбританияның мемлекеттік қызметіндегі тұлғалардың құқықтық мәртебесі көптеген құқықтық қайнар көздермен реттеледі. Олардың қатарына Королевствоның жалпы құқығының қайнар көздері (конституциялық әдет, соттық прецедент) және нормативті-құқықтық актілер (статут, заң шығару өкілеттілігін беру заңнамасы).

Демек, барлық сфераларда, сонымен бірге қызметкерлердің мәртебесін, құзіретін, жауапкершілігін реттейтін сферасында да статуттар мен заң шығару өкілеттігін беру заңнамасы қолдануда. Ұлыбританияда мемлекеттік қызмет туралы бірлескен заңи акт немесе заң жоқ, сондықтан да мемлекеттік институт көпсалалы және аралас болып келеді.

Сонымен, өткен мыңжылдықтың соңында болған өзгерістер арқасында «мемлекеттік қызмет» термині толық анықтамасында қолданылады.

Мемлекеттік қызметкерлердің классификациясы.

Ежелден Ұлыбританияда индустриалды емес пен индустриалды қызметкерлердің әдетті формальды емес бөлінісі бар. Индустриалды емес тобы бұл әдеттегі «ақ жағалар». Ақ жағалар Ұлыбританиядағы бюрократияның негізін құрайды.

«Көк жағалар», немесе индустриалды қызметкерлер министрліктің кәсіпорындарында немесе ұйымдарында қызмет етеді. Индустриалды емес қызметкерлеріне қолданылатын жеңілдік пен қызметтің шарттары индустриалды қызметкерлеріне жатпайды. Олардың саны Ұлыбританиядағы мемлекеттік қызметкерлердің жалпы санының 10 %-ін құрайды32.

II-ші Дүниежүзілік соғыстан және 1945 ж., Иден-Бевин реформалары аяқталғаннан кейін британдық мемлекеттік қызмет шартты түрде ішкі және дипломатикалық болып бөлінеді. Дипломатикалық мемлекеттік қызметке Ішкі Істер Министрлігі, Достастық істері бойынша Министрлігі кіреді. Дипломатикалық мемлекеттік қызметте жұмыс істейтін қызметкерлердің жалпы саны 2000 ж., 5470 адамға жететін33.

Ұлыбританияның ішкі мемлекеттік қызметі көптеген реформалар мен өзгерістерге ұшыраған. 1968 ж., формальді әкімшілік топтар пайда бола бастайды. Жаңа жүйе бойынша мемлекеттік қызметкерлер жоғары, орта және кіші әкімшілік қызметкерлеріне бөлінеді. Жоғары әкімшілік қызметкерлердің өзі 7 сатыдан тұратын. Жоғарғы әкімшілік қызметкерлерге министрліктерде және оған бағынышты бөлімшелерде жоғары лауазымға ие және оларды тағайындаған министр алдында жауапты қызметкерлер жатады. Осы категорияға министрліктер бөлімшелерінің басшылары (7-ші звено); осындай бөлімшелердің басты басшылары (6-шы звено); хатшылардың көмекшілері (5-ші звено); атқарушы топтар (4-ші звено); хатшылардың көмекшілері (3-ші звено); хатшылар орынбасарлары (2-ші звено); тұрақты хатшылар (1-ші звено). Олардың саны мемлекеттік қызметкерлердің жалпы санының 1%-ін құрайды.

Орта әкімшілік қызметкерлер үкіметтік және үкіметке бағынышты бөлімшелердің агенстволар мен қызметінде жұмыс істейді. Олар Ұлыбритания министрлігі және департаменттердің күнделікті мәселелерін атқарушылар болып саналады.

Басқа қызметкерлер кіші әкімшілік қызметкерлерге жатады. Олар қосымша жұмыскерлер штаты: хатшылар, техникалық жұмысты іске асыратын тұлғалар. Пенитенциарлық мекемелерде жұмыс істейтін тұлғалар да осы категорияға жатады.

Әрине, бұл бөлініс шектемейді. Сонымен бірге, Ұлыбритания мемелкеттік қызметкерлері: жұмыс күні толық және толық емес, уақытша және тұрақты, кадрлі және кадрлі емес, департаменттік, жалпы және арнайы қызметшілеріне бөлінеді34. Бірақ жоғары айтылған бөлініс негізгі болып саналады.