Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМКД АП РК и ЗС, КМП-201, 202,203 2012-2013 дай...doc
Скачиваний:
6
Добавлен:
20.11.2019
Размер:
2.16 Mб
Скачать

Мемлекеттік қызметтің басқару органдары.

Британдық мемлекеттік қызметтің басшылығында мемлекеттің премьер-министрі тұрады. Ол мемлекеттік қызмет істерін қарастыратын министірліктің министірі болып табылады. Кәсіби дайндық пен қызмет біліктілігін арттыру мәселелері мемлекеттік қызметтің колледжімен қарастырылады.

Премьер-министірден кейін мемлекеттік қызметті министірдің тұрақты хатшысы басқарады. Ол министірліктің барлық аппараттың қызметіне жауап береді.

Мемлекеттік қызметкерлердің жауапкершілігі.

Ұлыбританияның мемлекеттік қызметшілері түрлі заңды жауапкершіліктерге ие – қылмыстық, тәртіптік және азаматтық-құқықтық.

Мысалы, жоғарғы шенеулік звеносының жұмысы құпиялы болып келеді. Және бұл критерий «құпиялы», «аса құпиялы» қағаздардың мазмұнының жарияланбауын қажет етеді. Сондықтан, 1989 ж., мемлекеттік құпиясын қорғау туралы Заңы бойынша, егер өз әрекеттермен мемлекеттік қауіпсіздікке, қорғаушылыққа, халықаралық қатынастар саласына байланысты құпия қағаздарын жариялауы үшін Корона қызметіндегі қызметші қылмыстық жауапкершілікке тартылады.

Тәртіптік жауапкершілік конституциялық әдеттермен және прецеденттермен реттеледі. «Корона құлдарының абырой кодексі» шектерінен шығатын деликт жасаған мемлекеттік қызметкер тәртіптік жауапкершілікке тартылады.

Азаматтық – құқықтық жауапкершілік қызметтен тыс жағдайда болу мүмкін. Егер де қызметші Корона атынан міндеттерді атқару кезінде белгілі бір қате жүргізетін болса, онда жеке жауапкершілік пайда болмайды.

Әкімшілік органдардың қызметін бақылау. Сот бақылауы.

Конституциялық қағидаларға кіретін-заңдылық қағидасы, Дайси идеяларының бірі болып көп уақыт ішінде қолданылатын. Дайси бойынша егер әртүлі даулар, сонымен бірге азаматтар, мемлекеттік аппарат, мемлекеттік қызметкерлер арасында, жалпы юрисдикциясы бар соттарда шешілсе, онда теңдік қағидасы толық мағынада қолданылу керек. Францияда әкімшілік юстицияны құру, Дайси теңдік қағидасының бұзылуымен тең болатынын саналған. Сондықтан, практика жүзінде сот билігі қызмет ете бастады. Сот билігі – атқарушы билікке қарсы тұра алатын, азаматтардың мемлекеттік органдар мен мемлекеттік қызметшілердің дауларында шын қорғауға айналған тарихи билік.

Жалпы юрисдикциясы бар соттарға шағым жасау түрлі іс жүргізу шектеуліктерге ие. Осылар қазіргі кезде 1981 ж., Жоғарғы Сот туралы актімен реттелінеді. Тұлға, біріншіден, Жоғарғы Соттың рұқсатын алу керек. Егер қорғаудың барлық жолдары пайдаланылып, нәтижесі болмаса, онда осындай өтініштер қабылданады.

Жоғарғы Сотқа шағым жасаудың нәтижесінде, Сот бұйрықтардың біреуін қолдану мүмкін. Олар: тыйым салушы, декларативті, мандамус, церциорари, инджакшн. Церциорари бұйрығы әр түрлі органдарға қолданылады, соның ішінде – атқарушы, соттық, квазисоттық жатады. Осы бұйрықпен Сот қабылданған органнның қызметін немесе шешімін уақытша тоқтатады. Осы бұйрыққа тыйым салушы бұйрық ұқсас, бұл бұйрық та әкімшілік органның қызметін немесе оның шешімін тоқтайды. Мандамус бұйрығы атқарушы билік органды оның міндеттерін атқаруға мәжбүрлейді. Ал инджакшн бұйрығы органның заңсыз әрекетіне тыйым салуға немесе алдын – алуға бағытталған.

Кейінгі уақытта Жоғарғы Сот жақтардың құқықтары мен міндеттерін жариялайтын декларация – бұйрық шығарады. Парламентпен ұсынылған заң шығару өкілеттілігін беру арқылы шығарылған актілер (делегированный акт) заңнама негізінде қабылданатындықтан, оларға Ultra Vires қағидасы таралады. Бұл қағиданың мақсаты – заң шығару өкілеттілігін беру арқылы шығарған актілерді (делегированный акт) қабылдау құқығы берілген органның өкілеттілігі асыра қолданылуын анықтау. Егер акт асыра қолдану өкілеттігімен қабылданатын болса, онда ол жарамсыз саналатын.

Заң шығару өкілеттілігін беру арқылы шығарған актілерге (делегированный акт) байланысты басқа да бақылау формалары қолданады, әсіресе парламенттік және әкімшілік. Праламенттік бақылау алдын-алушы және кейінгі болу мүмкін.

Кейінгі жылдарда әкімшілік бақылаудың, яғни актілерді жоғары тұратын инстанцияларымен тексерудің маңызы зор.