Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМКД АП РК и ЗС, КМП-201, 202,203 2012-2013 дай...doc
Скачиваний:
6
Добавлен:
20.11.2019
Размер:
2.16 Mб
Скачать

Атқарушы билік органдар жүйесі. Орталық администрация.

Ұлыбританияның атқарушы билігінің құқықтық мәртебесі Корона мәртебесімен анықталады. «Корона» термині атқарушы биліктің синонимі ретінде қолданылады26. XVIII ғ. дейін барлық атқарушы билік корольдің және оның консультативті органның-Құпия Кеңестің қолында болатын. Кейін өкілеттіктердің бәрі комитеттің, яғни Кабинеттің қолына өтеді. Бұл Кеңестегі ең белсенді, жалғыз жұмыс істейтін құрылым болып келеді.

Атқарушы биліктің орталық органның ұйымдастырушылығы жауапты үкімет деген конституциялық принціпіне сүйеніп жүзеге асырады.Үкімет парламенттік жолмен құрылады, яғни қауым палатасында ең көп орын алған партия және төменгі палатасының қолдауымен билік басында тұрады. Сенім туралы мәселені не палата, не үкіметтің өзі қозғайды. Егер де үкіметке сенімсіздік вотумы қолданатын болса,онда үкімет отставкаға кетеді немесе қауым палатасын таратады және жаңа парламенттік сайлау өткізіледі. Заңды түрде осындай шешімді Корона жүзеге асырады, ал практикада-премьер-министр.

Ұлыбританияның құқықтық жүйесіне кабинеттің және үкіметтің бөлінісі тән. Үкіметке кабинеттің мүшелері, парламенттің төменгі палатасының министрлеріне көмектесетін парламенттің секретарь-депутаттары. (Британдық министрдің қоластында бірден төртке дейін парламенттік секретарлар бола алады) Британдық үкіметтің саны 75-80 мүшелеріне жетеді.

Кабинеттің құрамы-министрлер, олардың көбі мемлекеттік секретарлар болып келеді. Әрбір министр бір немесе екі министрліктердің басшысы болып табылады. Кеңестің лорд-төрағасы ешбір министрлікке басшылық етпейді. Қазіргі уақыттағы Кабинеттің саны 19-20 мүше.Кабинет аптасына екі рет отырыстарда жиналады.

Кабинет мемлекеттік саясатты іске асыруда қатысады. Осында ол түрлі сферадағы үкіметтің жұмыс істейтін программалары талқыланады. Кабинет парламенттің негізгі заңшығару мазмұнын анықтайды. Ерекше құқық ретінде кабинет қаржы-бюджеттік және салық заңды жобаларын дайындайды.

Кабинеттің басшысы-премьер-министр. Конституциялық әдет-ғұрыпқа сай қауым палатасында көп орын алған партияның лидерін королева премьер-министр орнына тағайындайды.

Премьер-министр лауазымы 1721 ж. пайда болғанына қарамастан оның құқықтары мен міндеттері әлі анықталмаған, сондықтан да оның іс-әрекеттеріне шектеуліктер қойылмайды. Премьер-министрдің сөзі, яғни пікірі кабинет мүшелерінің позицияларына қарамастан міндетті түрде қабылданады. Бұл кабинеттің шешімі және үкімет саясатының бөлігі болып келеді. Сондықтан егер премьер-министр отставкаға кететін болса, онда үкімет те отставкаға кетеді.

Кабинеттің басшысы болғанымен бірге премьер-министр Азаматтық қызмет Министрлігін басқарады және Казначействоның бірінші лорды титулына ие болады.

Премьер-министр мен Кабинеттің секретариатының ролі зор. Егер XX ғ. бірінші жартысында олар тек техникалық функцияларын жүзеге асырса (Кабинеттің шешімдеріне протокол жасады, үкіметтің іс-қағаздарына жауапты болды), онда екінші жартысында олардың өкілеттіктері кеңейтіледі. Олардың чиновниктары министрліктермен хабарласады, премьер-министрдің сөзін дайындайды, мемлекеттегі жалпы саяси жағдайын бақылайды және Кабинет пен үкіметтің жоспарын жасайды.

Британдық министрлер Корона министрлеріне (үлкен) және мемлекеттік министрлеріне (кіші) бөлінеді.Корона министрліктері негізгі министрліктерді басқарады. Шені жоғары тұрған Корона министрлері-королевамен тікелей кездесу құқығы бар.

Мемлекеттік министр көбіне екінші дәрежелі министрліктерді басқарады. Кейбір министрліктер (сауда мен өндіріс, оқу және т.б.) Корона министіріне жауапты бірнеше мемлекеттік министрліктермен реттелуі мүмкін. Осыдан бөлек мемлекеттік министрлер (көлік) Кабинет мүшесі шеніне ие.

Британдық министрліктердің ішінде 1782 ж. пайда болған Ішкі Істер Министрлігінің орны ерекше. Ішкі Істер Министірлігі орнына орта ғасырларда корольдің хатшысы болатын.Ішкі Істер Министрілігінің басшысы әдетте мемлекеттің бас хатшысы болып саналады.27

Қазіргі кезде мемлекетте 17 орталық министрліктер бар.

Лорд-канцлер-Кабинеттің және үкіметтің ең жоғарғы мәртебелі тұлғалардың бірі. Кабинеттің мүшесі болғанымен бірге ол Лордтар палатасының төрағасы, Жоғарғы соттың судьяларының бірі және Апелляциялық соттың төрағасы болып табылады. Ол «конституциялық және заңды мәселелр бойынша премьер-министр мен үкіметтің ең басты кеңесші» статусына ие.

Ұлыбританияның басты атторней мен басты солиситор үкімет мүшелері және Құпия кеңесінің шендеріне ие. Лорд-канцлер сияқты олар «Корона юристері» болып табылады. Басты атторнейдің міндеттері: құқықтық мәселелер бойынша үкімет департаменттеріне консультация жасау, соттарда Коронаның мүддесін қорғау. Ал басты солиситор басты атторнейдің орынбасары болып келеді.

Әдет бойынша министр – бұл саяси-партиялық қызметкер, ал министірліктің басқа штаты партиядан тыс тұратын және құқықбұзушылық үшін қызметінен босатылатын мемлекеттік қызметкерлерден тұрады. Министірліктің күнделікті басқаруы министірдің хатшысы мен орынбасарының қолында болады. Олардың ең жақын қызметкерлер санына: Министірліктің заңды кеңесшісі, Басты қаржы қызметші, персоналды басқаратын қызметші кіреді.

Министр- министірліктің саяси басшысы ретінде мемлекеттік министіріне, парламент хатшыларына және арнайы көмекшілерге сүйенеді. Министрлер сияқты олардың бәрі саясаткерлер деп саналады. Казіргі кезде барлық министрліктерде арнайы көмекшілердің рөлі көтерілді. Егер мемлекеттік министрлер мен парламенттік хатшылар премьер-министрмен тағайындалатын және босатылатын болса, онда арнайы көмекшілер министрлердің өздерімен тағайындалады.

XX ғ., реформа кезінде үкіметтік құрылым тағы бір звеномен толықтырылады, бұл – реттеуші агенстволар. Агенстволар министрліктердің бақылауында реттейтін, кеңесші функцияларын жүзеге асырады. Мысалы, Англия мен Уэльс бойынша денсаулыққорғау комиссиясы, Негізгі мұғалімдер кеңесі, Тұрғын үй инспекциясы. Реттеуші агенстволар тұрақты контракт арқылы жергілікті өзін-өзі басқару органдармен жұмыс істейді.

Министрліктерге қарағанда, агенстволарда мемлекеттік қызметкерлермен бірге қоғамдық жұмыскерлер де жұмыс істейді. Агенстволар министрліктерді көптеген жұмысынан босатып, оларға маңызды саяси-құқықтық мәселелерді қарастыруға мүмкіндік береді. Кеңестің жарлықтарымен реттеуші агенстволар құрылады және өзгертіледі. Реттеуші агенстволармен бірге бағынатын бұл жариялы корпорациялар. Жариялы корпорациялар Парламент алдында жауаптылығымен ерекшеленеді, яғни олар құрылады, жіберіледі парлымент актілерімен. Бірақ корпорациялардың жалпы қызмет курсы және олардың өкілеттіктердің мөлшері кабинетпен анықталады. Ал олардың басшылары премьер-министірмен тағайындалады және босатылады.

Корпорациялар үш категорияларға бөлінеді. Бірінші - кіші басқару функцияларына ие, парламенттік корпорациялар. Олар көбінесе кеңестіруші функцияларын атқарады. Персоналға, еңбек ету шарттарына мен жалақысына байланысты мәселелер мемлекеттік қызмет министрлігімен анықталады. Осындай корпорацияларға Британдық көлік комиссиясы, Британдық кеңес, Статистикалық қызмет, Жариялы архив, Үкіметтің ақпарат орталығы және т.б. жатады.

Екінші категориясына – ішкі автономиясы күшті корпорация – агенстволар жатады. Оның басшысы мемлекеттік қызмет министірлігінің рұқсатымен персоналды жинайды, бірақ еңбек ету шарттарын және жалақы мөлшерін өзі анықтайды. Корпорация – агенстволар заңды түрде Кабинеттен тәуелсіз. Жеке және заңды тұлғалар оларға қарсы сотқа шағым жасай алады. Корпорация – агенстволарға – Би-Би-Си, Орман өндірісінің комиссиясы, Ұлттық балет, Ұлттық ғарыш ориалығы жатады.

Үшінші категория бұл – корпорация – меншік иесі. Олар өндіріс, сауда, кәсіпкерлік саласында қызмет етеді. Оларға Британдық сталелитедік корпорация, Мемлекеттік сауданы басқармасы, Ұлттық темір жол басқармасы жатады.