Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМКД АП РК и ЗС, КМП-201, 202,203 2012-2013 дай...doc
Скачиваний:
6
Добавлен:
20.11.2019
Размер:
2.16 Mб
Скачать

Ұлыбритания әкімшілік құқығының түсінігі мен қайнар көздері.

Ұлыбританияның әкімшілік құқығы, англо-саксондық құқықтық отбасқа жататындықтан, маңызды ерекшеліктерге ие. Яғни бұл құқықтық жүйеге құқықтың жеке және жария деген бөлініс тән емес. Сол себептен жеке тұлғалардың мемлекеттік органдармен даулар жалпы құқықтық соттарда және азаматтық-құқықтық даулар ретінде қарастырылды.

XX ғ. 2-ші жартысында жария құқықтың құрылуы басталады, және бұл кезең әкімшілік құқықтың пайда болуымен тығыз байланысты. Ағылшын ғалымы П.Кейннің айтуынша мемлекеттік органдарға ерекше құқықтық тәртіп қажет, ал жеке және жария құқықтары осыған жағдай жасайды23.

Бірақ мемлекеттік органдардың мәртебесі конституциялық құқықпен де реттеледі. Ұлыбританияның конституциялық құқығында жазбаша конституция болмағандықтан, өз билігін жүзеге асыру кезінде оған ешқандай шектеулер қойылмайды. Бұл дегеніміз, ағылшын құқығында конституциялық пен әкімшілік құқықтардың арасында нақиы бөлініс жоқ. Ресей құқығындағы және доктринадағы кейбір институттар конституциялық құқыққа жатады (Мысалы, атқарушы биліктің парламенттің бақылауында болуы), ал ағылшын құқығында керісінше, әкімшілік құқыққа жатады.

Ағылшын әкімшілік құқығының басты проблемаларының бірі бұл-атқарушы органдардың қызметіне соттық, соттан тыс жасалатын бақылау. Зерттеулердің көбі тек бұл проблеманың анализимен шектеледі.

Уэйд және Филлипстің пікірінше әкімшілік құқық дегеніміз-әкімшілік органдардың құқықтары мен міндеттерін, ұйымдастыруын реттейтін әкімшілік құқықтық нормалардың жиынтығы24. Әкімшілік құқық-барлық мемлекеттік органдардың заңды мәртебесін, азаматтардың құқықтары мен міндеттерін анықтайтын және олар арасындағы қарым-қатынастарды реттейтін, сонымен бірге бұл құқықтары мен міндеттердің заңды күшіне енетін тәртіпті анықтайтын құқықтың саласы- жазады Дайси25.

Ұлыбританияның әкімшілік құқықтың қайнар көздерінің жүйесі өте күрделі. Қазіргі уақытта заңның, яғни статуттың маңызы зор. Статут әкімшілік юстицияның, жергілікті өзін-өзі басқару органдардың ұйымдастырушылық мәселелерін реттейді.

Көптеген мәселелер заң шығару өкілеттігі беру (делегированные акты) арқылы шығарылған актілермен реттеледі. Ұлыбританиядағы атқарушы органдар, романо-германдық құқықтық жүйеге қарағанда заңды актілерін шығаруға өкілеттігі жоқ. Акт шығару үшін, парламент атқарушы органдарға заңды өкілеттілік береді. Әртүрлі формаларда жүзеге асырады: Кеңестегі корольдің бұйрықтары, ережелері, жарғылары. Парламенттің өкілеттігін беру арқылы үкімет өзіне керекті шешімдерді қабылдай алады. Заң шығару өкілеттігін беру заңшығару процестегі көптеген процедуралардың және пайда болатын мәселелерді тез шешуге көмектеседі.

Ағылшын құқығында автономды заңшығару деген термин кездеседі. Автономды заңшығарушылыққа жергілікті органдармен (by -laws) және корпорациялармен шығарылатын актілерді дейміз. Соңғылар көбінесе өз мүшелері үшін шығарылады, бірақ кейбіреулері кең мағынада қолданылуы мүмкін.

Ағылшын құқығының дәстүрлі қайнар көзі бұл соттық прецедент, яғни прецеденттік түсініктер.

Қайнар көздердің соңғысы ол жазылмаған конституциялық әдет-ғұрып (конвенциялар). Олардың мәні әлі шешілмеген, өйткені олар құқықтық ғана емес,сонымен бірге саяси нормалар болып келеді. Әдет-ғұрыптар үкімет пен кабинетке байланысты маңызды мәселелерді шешеді.

Құқықтық қайнар көздермен бірге қазір Ұлыбританияда тәртіп кодекстерінің маңызы зор. Мысалы, қызметкерлердің тәртіп кодексі. Кодекстер мемлекеттік аппараттың қызмет етуіне негізгі бағыттарды бекітеді.