Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМКД АП РК и ЗС, КМП-201, 202,203 2012-2013 дай...doc
Скачиваний:
6
Добавлен:
20.11.2019
Размер:
2.16 Mб
Скачать

Әкімшілік юстиция.

Ұлыбританияның әкімшілік юстициясы күрделі дамыған. Британдық әкімшілк юстициясының пайда болуы XX ғ. басталады. Юстиция жалпы юрисдикциясы бар соттардың қызметін жеңілдету, істерді аз уақыт ішінде қарастыру, қарастырылатын істерге мамндарды тарту негізінде құрылған. Ағылшын әкімшілік юстициясына тән, басқа мемлекеттіерден ерекшеленетін, әсіресе Германия мен Франциядан, прогматикалық қасиет35.

Әкімшілік юстициясы туралы бірінші акт 1958 ж. пайда болады. Кейінгі заңды өзгертулер мен толықтырулар 1972 ж. біртұтас актіде жиналды.

Әкімшілік трибуналдар аттарына, құрылымына, процесске, шағымдану жүйесіне, қарастырылатын істердің мөлшеріне қарай бірнеше түрлерге бөлінеді. Көлік трибуналдар жылына 20 істерді қарастыратын болса, басқалар, мысалы әлеуметтік қамтамасыз ету бойынша апелляциялық трибуналдар – жылына 43 мың істерді қарастырады36. Әкімшілік трибуналдар парламент акті негізінде құрылады. Бірақ құрудың басқа практикасы да болатын. Зиян үшін компенсация туралы Кеңес Заң негізінде емес, Коронаның прерогативті актісі негізінде құрылатын.

Ұлыбританияда әкімшілік тирбуналдармен бірге, ішкі трибуналдар да бар. Олар ұйымдар мен кәсіпорындар бастамасымен құрылады. Трибуналдар юрисдикциясы ұйымдар мен кәсіпорындардың мүшелеріне таралады, бірақ олардың келісімімен. Осындай трибуналдардың шешімдері жалпы юрисдикциясы бар соттарға шағым жаса алмайды, бірақ Жоғарғы Сот оларды қадағалау өкілеттігіне ие. Басқа жағдайларда трибуналдар Заң негізінде құрылады. Мысалы, 1974 ж. Солиситор туралы Заң, солиситорларды бақылатайтын тәрбиелік трибуналды да өзінің мазмұнына кіргізген. Заң негізінде құрылған ішкі трибуналдар шешімдерін жалпы юрисдикциясы бар соттарға шағымдану мүмкін.

Трибуналдар мүшелерінің мәртебесі және судьялардың мәртебесі ұқсас емес. Трибуналдар судьялары 1 жылдан 10 жылға дейінгі мерзімдеріне тағайындалады. Біреулер мемлекеттік қызметкерлер сияқты тұрақты жұмыс істеп, тұрақты жалақы алатын болса, басқалар тек істелген жұмысы үшін жалақы алады.

Әкімшілік трибуналдардың тәуелсіз болу мақсатымен олардың төрағасы Лорд-Канцлермен тағайындалады. Бірақ әкімшілік трибуналдардың мүшелерін тағайындалу министірліктердің қолында болады. Министрлік қызметшілері трибунал штатында да қызмет ете алады. Ұлыбританияның әкімшілік юстициясының ерекшелігі бұл оның атқарушы билікпен тығыз байланыста болуы.

Әкімшілік трибуналдар мүшелердің барлығы кәсіби заңгерлер емес. Олар трибунал қарастыратын даулардың белгілі бір саласының мамандары.

Әкімшілік трибуналдардың процесстерінде де ерекшеліктер бар. Істерді қарастыру тәртібі заңды органымен емес, министерстірліктермен бекітіледі. Әкімшілік трибуналдарда істерді қарастыру процессі шағым беру стадиясын да қамтиды. Әкімшілік трибуналдарға шағымдану сотқа қарағанда онша формальді тұрғыда болмайды. Трибунал істі қарастыруға дайындайды, жақтардың, куәгерлердің, эксперттердің қатысуын қамтамасыз етеді, іске байланысты қосымша қағаздарды іздейді.

Жақтар өз мүдделерін қорғай алады, және заңды өкілдерді тағайындай алады. Кейбір жағдайларда, мысалы, тергеу бойынша трибуналында жақтардың заңды өкілдерінің қатысуы толығымен трибуналға байланысты.

Әкімшілік трибунал шешіміне шағымдану мүмкін. Ұлыбританиядағы әкімшілік трибуналдардың жүйесі мемлекеттік биліктің атқарушы және сот тармақтары арасындағы маргинальды орынға ие37. Бұл шағымдану жүйесінде де көрініс табады. Кейбір трибуналдар үшін апелляциялық трибуналдар құрылады. Трибуналдар шешіміне апелляциялар Еңбек даулары бойынша Апелляциялық трибуналға түседі.Сонымен бірге әкімшілік трибуналдардың шешімдеріне апелляция Жоғарғы Соттың канцеляриялық бөлімшесіне түсуі мүмкін. Сот трибуналдарға қадағалау өкілеттіктерін жүзеге асырады, және оларға байланысты сот бұйрықтарын қолдануға құқықылы.

Трибуналдар әкімшілік шешімдердің заңды мәселелерін (бұл сот бақылауының қызметі) немесе басқарудың тиісті еместігі (бұл омбудсман қызметі) туралы мәселелерін қарастырмайды.

Трибуналдармен бірге Ұлыбританияда тергеу жұмыстары да бар. Олар трибунал ұйымдарының заңнамасымен де реттелінеді. Тергеу жұмыстары инспекторлармен , тәуелсіз инспекторлармен және судьялармен жүргізіледі. Инспектор дауға байланысты қағаздарды, ақпаратты жинау құқылы. Осындағы министр бұл дауды екінші апелляциялық инстанция сияқты шешеді.

Инспекторлардың қызметі Жоғарғы Сот жүзеге асыратын сот бақылауының пәні болып саналады. Трибунал Кеңесі де бұл саланы реттейді.