Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМКД АП РК и ЗС, КМП-201, 202,203 2012-2013 дай...doc
Скачиваний:
6
Добавлен:
20.11.2019
Размер:
2.16 Mб
Скачать

Курстық және диплом жұмыстардың үлгі тақырыптары

  1. Әкімшілік құқық- құқық саласы ретінде

  2. Көпшілік мүдде және әкімшілік құқықтық әрекет

  3. Әкімшілік құқықтың басқа құқық салаларымен арақатынасы

  4. Салыстырмалы әкімшілік құқық

  5. Әкімшілік- құқықтықнормалардың түсінігі және белгілері

  6. Әкімшілік -құқық қайнар көздерінің жүйесі

  7. Әкімшілік -құқықтық актінің түсінігі және белгілері

  8. Әкімшілік -құқықтық шарттар мен келісімі

  9. Атқарушы билік органдарының басқа да мемлекеттік органдармен арақатынасы

  10. Шет мемлекеттердегі атқарушы билік органдары туралы заңдар

  11. Қазақстан Республикасының қазіргі даму кезеңіндегі мемлекеттік қызметтегі өзекті міселелер

  12. Әкімшілік –құқықтық саладағы азаматтың мәртебесі

  13. Жергілікті өзін-өзі басқару мемлекеттік басқарудың демократиялық жолы ретінде

  14. Қоғамдық бірлестіктер және мемлекеттік басқару

  15. Әкімшілік -құқықтық реттеудің түсінігі және мәні

  16. Әкімшілік –құқықтық режимдер

  17. Мемлекеттік басқару механизімінің динамикасы

  18. Атқарушы билік: оның потенциалы және кедергілері

  19. Мемлекеттік бақылау және оның түрлері

  20. Салалық басқарудың әкімшілік құқықтық негіздері

  21. Салааралық басқарудың әкімшілік құқықтық негіздері

  22. Кәсіпкерлік саласындағы басқару

  23. Әлеуметтік саладағы әкімшілік басқарудың кешендік сипаты

  24. Әлеуметтік –мәдени салаларды басқару

  25. Қорғаныс,қауіпсіздікті қамтамассыз ету және мемлекеттік шекараны қорғау саласындағы басқаруды ұйымдастыру

  26. Құқықтық тәртіп және әділет саласындағы басқаруды ұйымдастыру

  27. Сыртқы экономикалық және сыртқы саясат қызметі саласындағы басқаруды ұйысдастыру

  28. Атқарушы билік ұлттық органдарыныңхалықаралық бірлесіп жұмыстауы

  29. Басқарушылық процестің құқықтық нысандары

  30. Әкімшілік құқық бұзушылықтардың түсінігі және түрлері

  31. Әкімшілік юстиция

  32. Ұлы Блитанияның әкімшілік құқығы

  33. АҚШ-тағы мемлекеттік қызмет

  34. Германияның әкімшілік басқару жүйесі

  35. Шет мемлекеттердегі әкімшілік соттар

  36. Мемлекеттік бақылау және оның түрлері

  37. Салалық басқарудың әкімшілік құқықтық негіздері

  38. Салааралық басқарудың әкімшілік құқықтық негіздері

  39. Кәсіпкерлік саласындағы басқару

  40. Әлеуметтік саладағы әкімшілік басқарудың кешендік сипаты

  41. Әлеуметтік –мәдени салаларды басқару

  42. Қорғаныс,қауіпсіздікті қамтамассыз ету және мемлекеттік шекараны қорғау саласындағы басқаруды ұйымдастыру

  43. Құқықтық тәртіп және әділет саласындағы басқаруды ұйымдастыру

  44. Сыртқы экономикалық және сыртқы саясат қызметі саласындағы басқаруды ұйысдастыру

  45. Атқарушы билік ұлттық органдарыныңхалықаралық бірлесіп жұмыстауы

  46. Әкімшілік құқық бұзушылықтардың түсінігі және түрлері

  47. Басқарушылық процестің құқықтық нысандары

  48. Әкімшілік актілерге соттық шағымдану

  49. ҚР-ның президентінің әкімшілік-құқықтық мәртебесі

  50. ҚР Үкіметі әкімшілік құқықтың субьектісі ретінде

  51. Басқарудың құқықтық актілері және оған қойылатын талаптар

  52. Басқару турлері

  53. Әкімшілік тәртіп және олардың түрлері

  54. Төтенше жағдай және әскери тәртіп еңгізудің жолдары

  55. Мемлекеттік қызметті өйымдастыру

  56. Әкімшілік үрдістің ұғымы жіне қағидалары

  57. ҚР-ң мемлекеттік шекарасын қорғауды режимі

  58. Әкімшілік қызметтің заңдылығы

  59. Әкімшілік процесс

  60. Мемлекеттік қызмет: АҚШ, Ұлыбританияның тәжірибесі

ПӘН БОЙЫНША ДӘРІСТЕР

Тақырып 1. Мемлекеттiк басқарудың түсiнiгi және мәнi.

  1. Басқарудың негiзгi категориялары.

  2. Әлеуметтiк басқару және оның түрлерi.

  3. Мемлекеттiк басқару түсiнiгi және мәнi.

  4. Мемлекеттiк басқару мен қоғамдық басқарудың арақатынасы.

  5. Мемлекеттiк басқарудың негiзгi қағидалары.

ҚР-ның әкiмшiлiк құқығы - ҚР-ның ұлттық құқығының iрi салаларының бiрi болып табылады.

Онда мемлекеттiк басқару салаларындағы әр қилы қоғамдық қатынастар реттеледi. ҚР-ның әкiмшiлiк құқық саласы – ұлттық құқық саласында ерекше орын алатындықтан, ол тек қана пәнiмен ғана емес, қоғамның барлық салаларын да реттеумен ерекшеленедi.

Әкiмшiлiк құқық нормалары:

  • басқарма салаларындағы әр қилы қоғамдық қатынастарды бекiтiп, реттеп отырады;

  • құқықпен реттелетiн қоғамдық қатынастарды қорғайды;

  • қазiргi кезеңге сай келмейтiн қоғамдық қатынастарды басқару саласынан ығыстырып шығарады;

  • жаңа қоғамдық қатынастардың дамуына әсер етедi.

Қазiргi кезеңде әкiмшiлiк-құқықтық реттеудiң бұл бағыты өте зор мағынаға ие болып отыр.

Нарықтық қатынастарға көшуге байланысты экономиканы басқару тәсiлдерi, басқару жүйесi, әлеуметтiк- мәдени және басқа да өмiр ағысының салалары әкiмшiлiк құқықтың нормаларын қамтып отырады. Яғни жаң басқару қатынастарын реттеуге бағытталады.

Әкiмшiлiк-құқықтық нормалардың әсерiмен басқару саласындағы азаматтардың құқықтық мәртебесi, атқарушы билiктегi мемлекеттiк органдардың құқықтық жағдайы және олардың азаматтармен арақатынасы анықталады.

Әкiмшiлiк құқықты оқып үйрену үшiн оның ҚР-ның құқық жүйесiнiң саласы ретiнде қалыптасуының әдiстемелiк негiздерiн анықтау қажет. Ал, ол басқару деген мағынаға ие болатын әлеуметтiк құбылыспен объективтiк байланыста.

Ал, әкiмшiлiк, администрация терминi – латын сөзiнен аударғанда “басқару”деген түсiнiктi бередi.

Администрация – басқару қоғамның қандай да бiр алдына қойған мақсаттарына жету үшiн белгiлi бiр қызметтiң, әрекеттердiң жиынтығын көрсететiн құрал.

Басқрудың функционалдық тағайындалуының мазмұнын жан-жақты ашуды қажет етедi.

Жоғарыда атап өткендей әкiмшiлiк-құқықтық нормалардың реттеу объектiсi - мемлекеттiк басқару саласындағы қалыптасқан қоғаамдық қатынастар.

Сондықтан, ең бiрiншiден, әкiмшiлiк құқықтың мәнiн ашпай тұрып, әлеуметтiк басқарудың бiрi ретiнде мемлекеттiк басқаруды реттейтiн пәндi оқуға көңiл бөлу қажет.

Әлеуметтiк, оның iшiнде мемлекеттiк басқару - қандай да бiр мақсаттарға жету үшiн жүзеге асырылатын адамдардың қызметтерiн ұйымдастыру.

Басқару – басқарудың субъектiсiн (басқаратын адам) және басқарылу объектiсiн (басқарылатын адам) және олардың арасында пайда болатын тiкелей және керi байланысты аныәтайды.

Тiкелей байланыс - өкiм, бұйрық беру.

Керi байланыс – берiлген өкiмдi орындағаны немесе орындамағаны туралы хабарлау.

Басқару субъектiсi – басқаруды жүзеге асыру үшiн белгiлi бiр өкiлеттiктерге ие болады.

Басқару жүйесiнiң түрлер:

  • механикалық – технологиялық процестi басқару

  • биологиялық - тiрiторганизмдердiң процесiн басқару

  • әлеуметтiк - адамдардың, ұжымдардың процесiн басқару.

Жалпы басқару – екi және одан да көп адамдардың, олардың ассоциацияларының қандай да бiр нақты нәтижеге жету мақсатындағы сәйкестелген қызметi.

Объективтi жағынан алғанда ол барплық адамзат қоғамында бiрге жүредi.

Басқарудың мәнi – нақты бағытталған, реттелетiн әрекет.

Қоғам әрдайым реттеудi қажет етедi, сондықтан басқару жүзеге асырылады.

Басқару – қоғамдық өмiрдегi жан-жақты саладағы қоғамдық қатынастарды реттеу үшiн адамдардың күшiн бiрiктiредi.

ҚоҒамды басқару дегенiмiз адамдарды, адамдардың әлеуметтiк қатынастарын басқару.

Әлеуметтiк басқару – адамдардың адамдарға қатысты билiктiк басқаруы, яғни қоғамдық iстердi басқару.

Басқару – адамдардың бiрлесе iстейтiн жұмысын ұйымдастыру.

Қорыта келгенде басқаруда - басқару субъектiсi де, басқару объектiсi де адамдар болғандықтан адамдар адамдарды бсқарады.

Басқару айналымының негiзгi кезеңдерi: шешiм қабылдау, қабылданған шешiмдi орындауды ұйымдастыру, орындауды бақылау және қорытынды шығару.

Яғни,

Мемлекеттiк басқару, атқарушы билiк субъектiлерi – мемлекеттiк билiк өкiлеттiктерiне ие болғандықтан олар мемлекет атынан қатысады.

Басқару қызметi – заңдардың, нормативтiк актiлердiң орындалуына бағытталады.

Мемлекеттiк басқарудың қызметi – жеке тұлғаға, қоғам мен мемлекетке қызмет ету.

Мемлекеттiк билiк органдарының субъектiлерi – мемлкеттiк органдар, жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдары және сәйкестелген өкiлеттiктер берiлгенқоғамдық. Я№ни мемлекеттiк емес органдар.

Мемлекеттiк билiктiң өкiлеттiк органдары басқару саласын реттейтiн нормативтiк актiлер қабылдайды.

Мемлекеттiк басқару және мемлекеттiк емес бiрлестiктердi басқару.

Мемлекеттiк басқару:

  • мемлекеттiң атқарушы аппаратымен жүзеге асырылады;

  • мемлекеттiк қызметкерлер аппаратта төлем ақылы түрiнде қызмет жасайды;

  • аппараттың қызметi заңды-билiктiк мазмұнына ие болады

  • мемлекеттiң мәжбүрлеу күшiмен қамтамасыз етiледi;

  • басқару субъектiлерi тiкелей мемлекет атынан қатысады;

  • мемлекеттiк басқару органдарының шешiмi тек оның қызметкерлерiне ғана емес, сонымен қатар қоғамдық басқаруға қатысушыларға да мiндеттi болып табылады.

Қоғамдық басқару:

  • әр түрлi қоғамдық ұйымдармен жүзеге асырылады;

  • ұйымдардың мѕшелерi өздерiнiң жұмыстарын өз ерiктерiмен, төлем ақысыз атқарады

  • өздерiнiң жұмыстарын төлем ақысыз атқарғанмен, мемлекеттiк күшпен нығайтылмайды;

  • азаматтар қоғамдық ұйымдардың атынан қатысады;

  • қоғамдық ұйымдардың шешiмi тек қоғам мүшелерiне мiндеттi;

  • қоғамдық ұйымдардың жұмысы негiзiнен моральды-ұйымдастырушылық мазмұнға ие болады

Мемлекеттiк басқару объектiсi – мемлекеттiк билiк органдарының аппараты, мекеме, кәсiпорын қызметшiлерiнiң ұжымдары, азаматтар.

Мемлекеттiк емес басқару объектiсi – сәйкестелген ұйымдардың жұмысшыларының ұжымдары, азаматтар.

Тақырып 2.

Әкiмшiлiк құқық – құқық саласы және ғылым ретiнде.