Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
силлабус Мәдениетаралық.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
12.11.2019
Размер:
406.02 Кб
Скачать

Білімді бағалаудың жалпы кестесі

Аттестациялық әріптік баға

Баллдардың сандық баламасы

Оқу пәнін игеру дәрежесінің пайыздық мазмұны

Дәстүрлік жүйе бойынша баға

А

4,0

95-100 %

Өте жақсы

А-

3,67

90-94 %

В+

3,33

85-89 %

Жақсы

В

3,0

80-84 %

В-

2,67

75-79 %

С+

2,33

70-74 %

Қанағаттанарлық

С

2,0

65-69 %

С-

1,67

60-64 %

Д+

1,33

55-59 %

Д

1,0

50-54 %

F

0

0-49 %

Қанағаттанарлықсыз

Пән бойынша пайыздық мазмұндағы қорытынды баға анықталады:

Р1 + Р2

Қ % = -------------------------- х 0,4 + Е х 0,4

2

Мұндағы:

Р1 – бірінші рейтинг бағасының пайыздық мазмұны

Р2 – екінші рейтинг бағасының пайыздық мазмұны

Е – емтихан бағасының пайыздық мазмұны

Пайыздық мазмұндағы қорытынды баға жоғарыдағы кестеге сәйкес сандық баламадағы қорытынды бағаға ауыстырылады.

Студенттердің ағымдық үлгерімі мен сабаққа қатысуын бағалаудың көрсеткіштері

Бақылау түрі

Бағалау көрсеткіштері

1

Дәріске қатысу

20%

2

Семинар (практикалық) сабақтарға қатысу

20%

3

СОЖӨЖ тақырыптары бойынша тапсырмаларды уақытында тапсыру және сапалы орындау

10%

4

Семинар (практикалық) сабақтарға белсенді қатысу

20%

5

Ғылыми жоба орындау.

10%

6

Пәннің силлабусына сәйкес СӨЖ тапсырмаларын сапалы және уақытында орындау

10%

7

Рейтинг аптасы кезіндегі аралық бақылау

10%

БАРЛЫҒЫ

100%

Дәрістер кешені

1-тақырып

Кіріспе. Коммуникация туралы жалпы түсінік. Адам және әлем.

Дәрістің мақсаты: Кіріспе. Қарым-қатынас ұғымы. Адам және әлем.

Тақырыптың сұрақтары:

1 Коммуникация және оның түрлері.

2. Вербалды және вербалды емес коммуникация.

3. Вербалды коммуникацияның негізгі бірліктері: мәтіндер, коммуникациялық актілер.

Тезистер: Коммуникация дегеніміз – коммуникацияның түрлі вербалды және вербалды емес құралдары арқылы түрлі арналардың көмегімен жеке тұлғалар арасындағы да, бұқаралық қарым-қатынастағы да ақпаратты беру мен қабылдаудың әлеуметтік шартты үдерісі. Мәдениетаралық коммуникация (МК) дегеніміз – түрлі мәдениеттерге жататын индивидтер мен топтар арасындағы қарым-қатынастың түрлі формаларының жиынтығы.

Коммуникацияға қатысты екі түрлі қарама-қарсы көзқарас бар: 1) романтикалық, яғни тіл сөйлеушінің шығармашылық энергиясымен анықталатын және үнемі дамып отыратын қозғалыстағы феномен ретінде қаралады (Гумбольдт, Потебня, Фосслер); 2) құрылымдық (структуралық), яғни тілді қолдану айтарлық өзгерістерге ұшырамайтын, белгілі бірліктерден құралатын алдын ала дайындалған құрылымдық модельдер ретінде қарастырылады (Де Соссюр, Якобсон)

Монологтік және диалогтік сөйлеу. Бахтиннің айтуынша, монологтік сөйлеу деген жоқ. Коммуникация сөйлеу процесін коммуникацияға қатысушылардың өзара әрекеттесуі ретінде түсіндіреді (Леонтьев).

Коммуникация «сөйлеуші саналардың» өзара әрекеттестігі ретінде. Бұл терминді алғаш ұсынған академик Бахтин. Оның айтуынша, кез келген коммуникация «сөйлеуші саналардың» өзара әрекеттестігі ретінде көрінеді. «Сөйлеуші сана» ұғымы бірнеше түсініктерден тұрады, солардың бірі – тіл. «Тіл» ұғымына үш түрлі түсінік беріледі:

1. Тілді «жаһандық» тұрғыдан түсіну, яғни тіл деп кез келген таңбалық жүйені, сондай-ақ олардың жиынтығын түсінеміз (музыка тілі, сәулет тілі, компьютер тілі)

2. Тілді «кең» тұрғыдан түсіну, яғни фонемадан, морфемадан, лексемадан тұратын белгілі арнаулы таңбалар тобы түсініледі. Әңгіме адамдық біртұтас әмбебап тілі немесе жалпы тіл туралы

3. Тіл қандай да бір уақыттағы және қандай да бір кеңістіктегі қандай да бір социумда қолданылатын нақты таңбалық жүйе (Кибрик)

Бақылау тапсырмалары: «Коммуникацияның вербалды емес компоненттерінің құрылымы, қызметі және берілу жолдары» тақырыбына реферат жазу

Әдебиет:

1. Верещагин Е.М., Костомаров В.Г. Язык и культура. М., 1990

2. Тер-Минасова С.Г. Язык и межкультурная коммуникация. М.,2000

3. В.А.Маслова. Введение в лингвокультурологию. Москва, 1997

2-тақырып

Мәдениет ұғымы. Тіл мен мәдениеттің байланысы. Адам адамдар арасында

Дәрістің мақсаты: Мәдениет ұғымы, тіл мен мәдениеттің байланысы жөнінде түсінік беру

Тақырыптың сұрақтары:

  1. Тіл, сана, ойлау.

  2. Сана және әлемнің тілдік бейнесі.

  3. Тіл және когнитивтік сана.

  4. Сана және дискурс.

Тезистер:

«Мәдениет» ұғымының 1000 астам анықтамасы бар.

1. Мәдениет құрамдас бөліктерден тұрады және осы құрылымдардың жиынтығы, атап айтқанда, білім, наным, өнер, адамгершілік, салт-дәстүрлер, қабілет пен дағды ұғымдарынан тұрады (Тейлор)

2. Лотман бойынша «мәдениет» ұғымын кең мағынада түсіну: Адам мәдениеттен тыс кеңістік ретінде түсінілетін табиғатқа қарама-қарсы қаралады. Лотман мәдениет пен табиғатты бөлек қарайды. Құндылық категориясы материалдық және рухани мәдениет деп бөліп қарауды жоққа шығарады, себебі адам санасында материалдық мен рухани мәдениет арасында шекара жоқ, кез келген зат мен материалдық мәдени феномен ретіндегі құндылығы бұл затқа осы социумда берілген мағынасы немесе бағасы арқылы ұғынылады.

3. Мәдениеттің әлеуметтік және жеке сипаты, яғни мәдениет жалпы адам санасының формасы және жеке тұлғаның ұжымдық тәжірибені иелену формасы ретінде түсініледі.

4. Мәдениеттің ұлттық және әмбебап сипаты. Мәдениеттің ұлттық және әмбебап сипаты аясында мәдениеттің ұлттық жіктеуші және ұлттық жинақтаушы қызметін ажырату қажет.

Коммуникацияның ерекше түрі мәдениетаралық коммуникация

Біз мәдениетаралық коммуникацияны тілдік тұлға қарым-қатынас ретінде, әртүрлі лингво мәдени бірлестіктерге жатқыза отырып қарастырамыз. Әрине, қарым-қатынас вербалды бола бермейді. Бір-біріне жіберілетін анықтамалар әр түрлі кодталады, бірақ сөз белгілеріненде басқа да іс-әрекет белгілері, зат белгілері, сурет белгілнрі ретінде қолданалады. Ұлттық семиосфера әр түрлі кодтарды қоса отырып, өзінің ерекшелігімен басқа ұлттық мәдениетке қарағанда аналогты кодтармен өзгеше.

Бақылау тапсырмалары: «Тіл мен мәдениеттің байланысы» тақырыбына реферат әзірлеу

Әдебиет:

1. Верещагин Е.М., Костомаров В.Г. Язык и культура. М., 1990

2. Тер-Минасова С.Г. Язык и межкультурная коммуникация. М.,2000

3. В.А.Маслова. Введение в лингвокультурологию. Москва, 1997

3-тақырып

Мәдениетаралық қарым-қатынас ұғымы.Тіл және мәдениетаралық қарым-қатынас. Адам және мәдениет

Дәрістің мақсаты: Тіл және ұлттық болмыс туралы ақпарат беру

Тақырыптың сұрақтары:

  1. Тіл, сана, ойлау.

  2. Сана және әлемнің тілдік бейнесі.

  3. Тіл және когнитивтік сана.

  4. Сана және дискурс.

Тезистер:

Коммуникация. Бір біріне қарама қарсы тұратын (соңғы жүз жыл ішінде) лингвистикалық парадигмаларда коммуникацияға қолданатын екі қарама қарсы әдісті атап айтуға болады. Бірінші бағыт, романтикалық деп аталуы мүмкін және лингвистика тарихында келесі есімдермен байланысты: В. Фон Гумбольт, А.А. Потебня, К.Фосслер, Л. Шпитцер. Бұл бағыт сөйлеушінің шығармашылық күшімен алдын ала анықталатын, әрдайым дамып отыратын динамикалық феномен ретінде қарастырылады. Бұл мектеп құрылымдық әдістің арқасында екінші орынға жылжып, көптеген онжылдықтар бойы қолданыстан шыққан. Структуралистік әдіс тілді қолдануды үлкен өзгерістерге ұшырамаған дискреттік түрде бекітілген бірліктердің алдын ала берілген құрылысының жобаларын жасау деп қарастырады.

Бірінші әдістің төңірегінде коммуникация коммуниканттардың шығармашылық қарым қатынасының актісі ретінде қарастырады. Гумбольт айтып өткендей, әрбір түсінік болған жерде келіспеушілік те болады. Егер мен сөйлегенде мені түсінсе, ойымдағыны түгелдей бермеймін, ол бір майшамды екінші бір майшамнан жандырып алғанда, біріншісі өшпейді және майшамдардың екеуі де жана береді. Ойлау үшін өз ойыңның мазмұнын жасап алу керек, демек түсіну барысында сөйлеушінің ойы берілмейді, бірақ тыңдаушы ойды түсіне отырып, өзінің ойын жасап алады. Екінші әдіс Якобсоннның хрестоматикалық схема болып қалыптасқан коммуникациясында аса жарқын берілген.

Жіберуші ақпаратты жібереді. Ақпарат қызмет атқаруы үшін контекст қажет; контекст қабылдаушыға түсінікрі болуы тиіс немесе вербалды болуы тиіс немесе онда вербализация болуы мүмкін; код жіберуші мен қабылдаушыға түгелдей немесе жартылай ортақ болады немесе басқа сөзбен айтқанда кодтаушы немесе декодтаушы;сонымен контекст коммуникацияны құруға және оны ұстап тұруға мүмкіндік тудыратын жіберуші мен қабылдаушы арасындағы физикалық канал немесе психологиялық байланыс. Сөйлеу коммуникациясының қажетті элементтері болып табылатын факторлар елесі схема ретінде қарастырылуы (берілуі) мүмкін.

Бүгін посқұрылымдық парадигмада, адам санасының тарихында жиі кездесетін осыған дейінгі басым бағыттан бас тартып, оны басып келген бағытты қабылдау, ұстану. Бұның себебі және оған арқау болған М.М.Бахтиннің "диалогизм" принципіне қызығушлық болды. Көптеген авторлардың айтуынша, шыққанда және кіріп қабылданнғанда да өзгермейтін белгілі бір көлемді ақпараттың жіберуші мен қабылдаушының үрдісі ретінде коммуникация тек жасанды жүйелерде ғана бар, бірақ ол тілдік тұлғалардың шын сөйлеу барысында мүмкін емес. Бұл жағдайда коммуникация әрбір коммуниканттың өзіне тән санасының бір біріне әсері мен бірін бірі түзету үрдісі ретінде қарастырылады. Бұл көзқарас келесі сөздерде анық берілген: Тіл денотативті болып саналса, оны ақпаратты беру құралы деп қарастырамыз, ол бір ағзадан екіншісіне ағзаға бір нәрсе беру барысында жіберушінің ерекшелігі қабылдаушының анықталмаған жерлерін кішірейту сияқты болады. Бірақ тілдің денотативті емес коннотативті екенін айта кету керек және оның қызметі қабылдаушының жіберушінің когнитивті ортасына көңіл аудармай өз когнитивті ортасында бағыт көрсету болып табылады. Қабылдаушының өз когнитивті ортасын белгілі жерге бағыттауы оның тәуелсіз ішкі жағдайының нәтижесі б.т. Ақпарат таңдау жасаудың себепшісі, бірақ ол жасап шығаратын бағыт бағыттаушынығ өзі осы ақпаратты немесе қалай түсінуіне тәуелді емес. Нақты айтқанда, айтушы мен тыңдаушы арасында ешқандай алмасу болмайды. Тыңдаушы өз когнитивті ортасын өзара әрекеттендіре отыру арқылы түсінбеушілігін азайта отырып, ақпаратты өзі жасап алады. Екеуін де қамтамасыз ететін екі ағзаның нәтижелі мінез құлқындағы бірлескен әрекеті арқылы ғана консенсус туады. Мұндай әдісте ақпаратты беру және ақпаратты қабылдау терминдердің метафора ретінде қабылданады, себебі ақпарат нақтылай айтқанда оның мазмұны берілмейді, ол тыңдаушы мен мәтінді жасайтын дененің тілдік белгілерін қабылдау арқылы ақпарат жасалады. Коммуникацияның міндетті түрде түрлері болатынын атап айту керек. Коммуникацияны жасанды түрінен басқа үш түрі бар. Осы үш түрі таза күйінде сирек кездеседі. Шартты түрде оларды: ритуалды коммуникация, монологты коммуникация, диалогты коммуникация деп атайық. Монологты коммуникация коммуникация барысында коммуниканттың когнитивті ортасына өзара әрекеттеспейді, коммуниканттар та өз ойын беруді көздейді және олар бір бірімен әсерлеспейді. бұл жағдайда диалог тек формальды түрде жүзеге асады. Бұл коммуникация түрінің классикалық түрі Базарова мен П.П.Керсановтың дауы болып табылады. Диалогты коммуникация нағыз диалог бұған қатысушылар бәр бірінің жеке ерекшеліктерін ескеруге тырысады және қолайлы түрде өз ойын жеткізеді.

Бақылау тапсырмалары: Әдебиетті конспектілеу, тапсырмаларға дайындалу

Әдебиет:

  1. Верещагин Е.М., Костомаров В.Г. Язык и культура. М., 1983.

  2. Зарецкая Е.Н. Деловое общение: Учебник: В 2т. М., 2002.

  3. Конрад Н.И. Восток и Запад. М.; Л., 1972.

  4. Рождественский Ю.В. Введение в кулътуроведение.

  5. Рождественский Ю.В. Теория риторики. М., 1997

4-тақырып

Аударма және мәдениетаралық қарым-қатынас. Мәдениетаралық қарым-қатынастағы сәтсіздіктер. Адам және тіл

Дәрістің мақсаты: Мәдениетаралық коммуникациядағы сәтсіздіктер мәселесі жайында түсінік беру

Тақырыптың сұрақтары:

  1. Мәдениетаралық коммуникация – коммуникацияның ерекше түрі.

  2. Коммуникативтік сәтсіздіктер типологиясы.

  3. Сәтсіздіктерді болдырмау жолдары

Тезистер: Әртүрлі лингво-мәдени бірлестіктердің өкілдері арасындағы қарым-қатынасының жағымсыз жақтарын зерттеу үшін топтастыруды трансформациялап, мынаулар туралы әңгіме қозғаймыз:

  1. орыс тілінің семиотикалық жүйелерінің инофонын жетік білмеуден туындайтын сәтсіздіктер.

  2. коммуниканттардың жеке айырмашылығы емес, коммуниканттардың әр-түрлі ұлттық айырмашылықтарынан туындайтын сәтсіздіктер.

  3. Әр-түрлі прагматикалық факторлар туғызатын сәтсіздіктер.

Жалпы түрде семиотикалық топтастыру былай беріледі:

  • Коммуниканттардың біреуі тілді мүлде түсінбейді. Ең жиі кездесетін жағдай бұл – орыс сөздерінің немесе фразеологизмдерінің, іс-қимылдың, мимиканың инофонын білмеу.

  • Бір мәдениет өкілі, таңбасы бар қызметтерді басқа мәдениеттің таңбасы жоқ және асемантикалық бірліктеріне қосады және керісінше, бұл сол мәдениетте мәні бар және басқа мәдениет өкілімен асемантикалық болып түсініледі.

  • Интерференциямен шектелген таңбаның мәнін дұрыс түсінбеу. Бұл ұқсас таңбалар әр-түрлі лингво-мәдени бірлестіктерде әр-түрлі мәнге ие болатын жағдайда орын алады. Бұл түрдегі сәтсіздіктер өте әр-қилы және жоғарыда айтылып кеткен түрге ұқсайды, тіпті кейде оларды ажырату қиынға соғады.

Осындай коммуникациядағы сәтсіздіктер көп жағдайларда коммуниканттармен сәтсіздік деп түсінілмейді, олардың қауіптілігі коммуниканттардың коммуникация іске асты деп ойлауында, бірақ жалған интерпретация өте көп жағдайларда мәдениетаралық қақтығысқа әкеліп соғады.

Мәдениетаралық коммуникациядағы сәтсіздіктердің ең басты себебі бұл – коммуникация іске асырылатын тілдің мәдениетіндегі мәндік жүйесінің инофонын және жүзеге асырылу әдістерін түсінбеу.

Бақылау тапсырмалары: «Мәдениетаралық коммуникациядағы сәтсіздіктер» тақырыбына БАҚ материалдарынан мысалдар жинау

Әдебиет:

  1. 1 Верещагин Е.М., Костомаров В.Г. Язык и культура. М., 1983.

  2. Зарецкая Е.Н. Деловое общение: Учебник: В 2т. М., 2002.

  3. Конрад Н.И. Восток и Запад. М.; Л., 1972.

  4. Рождественский Ю.В. Введение в кулътуроведение.

  5. Рождественский Ю.В. Теория риторики. М., 1997

5-тақырып

Мәдениетаралық коммуникациядағы прецеденттік феномендер. Адам және әлемді қабылдау

Дәрістің мақсаты: Прецедент, прецеденттік феномендер ұғымдары туралы түсінік беру

Тақырыптың сұрақтары:

  1. Прецедент мәселесі.

  2. Прецедент ұғымы.

  3. Прецедент сатылары.

  4. Прецедент феноменінің құрамы.

  5. Прецедент және эталон.

  6. Прецеденттердің мифтік қызметі.

Тезистер:

Мәдени кеңістік деп біз адам санасында болатын мәдениеттің формасын айтамыз. Адам санасында қабылдау барысында мәдениеттің әр түрлі феномендері қарастырылады, осы кезде қарастырылатын, өзара байланыс орнату, иерархия және тағы басқа жүйелік қарым-қатынастартың нақты құрылымдары пайда болады. Е.С.Яковлева әлемнің тілдік бейнесінде кеңістікті зерттеп және М.Хайдеггер мен В.Н. Топоров деген ғалымдардың ойларына сүйене отырып, «кеңістікті сипаттау және қабылдау кезіндегі заттар диктаты» және «заттардан тәуелсіз болатын еш кеңістік жоқ» деп айтады. Бұл мәдени кеңістікке қарағанда әділетті болып табылады. Бұл жағдайда, кеңістікті белгілейтін және құрайтын «заттар» ретінде мәдениет феномендері болады, яғни, бұл феномендердің өздері емес санамызда бар олар туралы ойлар. Бұл ойлар бірдей бағалана алмайды, және осыған орай, мәдени кеңістіктің өзі бір қалыпсыз болып табылады.

Мәдени кеңістіктің ортасы мен шетін (перифериясын) бөліп қарастыруға болады. Ұлттық - мәдени кеңістіктің ортасын лингво-мәдени қоғамдардың айтарлық барлық мүшелерінің жетістігі болып табылатын феномендер құрайды. Лингво-мәдени қоғамының әрбір өкілі өз кеңістігін құрайды, оны өзіне ғана маңызды феномендермен толтырады, басқа феномендердің маңыздылығын, орталық жағдайын мойындамайды. Бірақ, осы жағдайда да ол ұлттық мәдени кеңістіктің орталық бөлігінде ешбір «жүргізушіні» қажет қылмай, еркін бағытталады. Ал басқа ұлттық-мәдени кеңістіктің өкілі, осы мәдениетті зерттей отыра, керісінше «орталықта» адасып жүреді. Ол үшін мәдени кеңістіктің негізгі элементтерінің қабылдануға, рефлексияға және экспликацияға бұл кеңістік туысқан болып табылатын кісілер немесе өкілдер жағына аса сирек ұшырайды.

Біз өзінің ішінде «жалпыадамзаттық», әмбебап элементтерді қамтитын, бірақ әрбір жеке мәдени кеңістікте арнайы орын алатын мәдени кеңістіктің ұлттық сипаттамасы туралы ережелерден түсінеміз. Мәдени кеңістік кейбір лингво-мәдени қоғамның мүшелерінің мәдениет феномендері туралы бар және потенциалды мүмкін ойларды қамтиды. Осыған орай, әрбір адамның арнайы, белгілі жолмен құрылған білім мен ойлаудың жиынтығ бар. Біз бұл жиынтықты жеке когнитивтік кеңістік (ЖКК) деп атаймыз. Дегенмен, әртүрлі әлеуметтік топ (кәсіби, конфессионалдық, генерационалдық және тағы басқа) өкілдеріне ортақ білім мен ойлаудың жиынтығы бар. Бұны біз ұжымдық когнитивтік кеңістік (ҰКК) деп атаймыз. Ал когнитивтік база (КБ) деп біз әрбір лингво-мәдени қоғамының өкілдері түсінетін білім мен ойлаудың жиынтығын айтамыз. Когнитивтік базаны мәдени кеңістіктен, тіпті оның орталығынан айыра білуіміз керек.

Бақылау тапсырмалары: «Қазақ, орыс, ағылшын мәдениетіндегі прецедент есімдер» тақырыбына жазбаша хабарлама әзірлеу

Әдебиет:

  1. 1 Верещагин Е.М., Костомаров В.Г. Язык и культура. М., 1983.

  2. Зарецкая Е.Н. Деловое общение: Учебник: В 2т. М., 2002.

  3. Конрад Н.И. Восток и Запад. М.; Л., 1972.

  4. Рождественский Ю.В. Введение в кулътуроведение.

  5. Рождественский Ю.В. Теория риторики. М., 1997