Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
силлабус Мәдениетаралық.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
12.11.2019
Размер:
406.02 Кб
Скачать

1. Оқытушы (office-hour):

Сапина Сабира Мінатайқызы - доцент, филология ғылымдарының кандидаты

E-mail: s_sapina@mail.ru

ҚазГЗУ, Астана қ., Қорғалжын тас жолы, 8

Жалпы тіл білімі және аударма ісі кафедрасы Дүйсенбі – Сенбі 08.30 - 17.00

каб. № 312, тел: 70-30-47

Курстың пререквизиттері: осы курсты игеру үшін студенттің қазақ тілі, орыс тілі, ағылшын тілдерінің лексикологиясы мен фразеологиясы, морфологиясы мен синтаксисі пәндерінен белгілі білім деңгейі болуы қажет.

Курстың постреквизиттері: Осы пәнді оқу нәтижесінде студент

  • өз халқының төл мәдениетін терең меңгеріп, өмірдегі маңызын түсіне;

  • мәдениетаралық коммуниацияның негізгі ұғымдарын;

  • аудармаға машықтану барысында мәдениетаралық біліктілікті дамытуға бағытталған жұмыстардың тиімді түрлерін таңдай;

  • салыстырылатын екі мәдениеттің ұқсастықтары мен айырмашылықтарын;

  • мәдениетаралық байланыста туындайтын әр түрлі ситуациялардан ұтымды жол табуға көмектесетін мінез-құлық стереотиптерін білуі тиіс.

Пәннің сипаттамасы

Қазіргі таңдағы мәдениетаралық бейімделу саласындағы ғылыми зерттеулер тілдік қатынастардың айырмашылықтарындағы дәлсіздіктерге тап болған адамдардың болмыс-бітімін зерттеуге арналған. Коммуниканттардың жағдаятттық тілдік әрекеттерінің көрініс алуы мен олардың интерпретациялануындағы мәдени ерекшеліктің сипатталуы зерттеу нәтижелері болып табылды. Бұл зерттеулердің қолданбалы тұрғыдан да маңызы өор болды. Олар мәдениетаралық қабылдауларды дамыту үшін жүргізілетін көптеген зерттеулерде пайдаланылды.

Мәдениетаралық бейімделуде қарастырылатын ғылыми мәселелердің аясы өте үлкен. Ол өзара түсінушілік пен қарым-қатынастың жасырын және жаплы бейімдік қордың, кейбір сөйлеу амалдарының (жөнсіз, орынсыз, кешірілмейтін) қиындықтарының себептері мен факторларын, билингвтер мен аудармашылардың тіл ерекшеліктерін, сондай-ақ коммуникацияның вербальды месе құралдарына дейінгі мәселелерді да қамтиды.

Әр түрлі халық, нәсілдік және этникалық топтар өкілдерінің қарым-қатынас және мәдени ерекшеліктеріндегі айырмашылықтар мәдениетаралық коммуникация теориясы пәнінің негізгі зерттеу объектісі болып табылады. Мәдениетаралық қарым-қатынастардағы маңызды айырмашылықтардың қатарына тіл, вербальды емес кодтар, дүниетаным, рөлдік қатынастар, ойлау үлгісі сияқты параметрлер кіреді.

Пәнді оқытудың мақсаты

“Мәдениетаралық бейімделудің теориясы мен практикасы” пәнінің негізгі мақсаты студенттердің мәдени байланыстар жүйесін терең меңгеруінен көрінетін мәдениетаралық коммуникация біліктілігін дамыту, өз елі мен өзгенің мәдениетіне қанық, мәдениетаралық коммуникацияның әр түрлі ситуацияларында шеберлік көрсете алатын, тиімді стратегияларды қолдана білетін адамдарды дайындауда жатыр. Мәдениетаралық коммуникация аудармашылық біліктілікті дамытып, тереңдете түсуге септігін тигізуі тиіс.

Пәнді оқытудың міндеттері

“Мәдениетаралық бейімделудің теориясы мен практикасы” курсын оқыту мынадай міндеттерді жүктейді:

  • тіл мен мәдениетті түсінуге негізделген тілдік біліктілікті дамыту;

  • студенттердің шетел мәдениетінің құбылыстары мен феномендеріне деген қызығушылығын арттыру, өз елі мен өзге елдің мәдени құндылықтарын сыйлауға тәрбиелеу;

  • өзге халықтың мәдениетіне тән мінез-құлық стереотиптерін ұғынуды дамыту;

  • өзі меңгерген білімді үнемі дамыта отырып, басқа халықтың мәдениетімен ұштастыра білім беру;

  • елдер арасындағы мәдени бірлікті өмір талабына сай үрдісте қабылдауға жетелейтін ерекше үлгідегі мінез-құлық стратегиясын дамыту.