Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Отчет по практике.docx
Скачиваний:
5
Добавлен:
28.09.2019
Размер:
215.57 Кб
Скачать

1.4. Тауарлы-материалдық қорларды есептеу және жеткізушілермен

Тауарлық-материалдық қорлардың жіктелуі 

Кәсіпорындар мен ұйымдардың қызметі барысында өздерінің өндірген дайын бұйымдары, сату үшін сатып алған тауарлары, сатып алған бірақ әзірге ұйымға келіп түспеген тауарлары (жолдағы тауарлар), аяқталмаған өндіріс, басқаларға көрсеткен қызметтері, сондай-ақ жұмыстарды орындау және қызметтерді көрсету барысында пайдалануға арналған қосалқы бөлшектері, отындары, ыдыс және ыдыстық материалдары, жартылай фабрикаттар және басқа да материалдары сол ұйымның тауарлық-материалдық қоры түріндегі ағымдағы активі болып табылады. Олардың өндіріс құралдарынан өзгешелігі, өндіріс құралдары шаруашылық үдерісіне (процесіне) ұзақ уақыт қатысып, өздерінің табиғи пішінін сақтай отырып өндірілетін өнімге өз құнының бір бөлігін қосып отырады. Материалдардың есебін дұрыс және ұтымды ұйымдастыру үшін мыналар керек:

- материалдардың бірыңғай номенклатурасы мен жоспарлы есеп айырысу бағасын белгілеу;

- құжат айналымының дәл жүйесін белгілеу және материалдарды есепке алу мен есептен шығару операцияларының тәртібін сақтау;

- бірыңғайланған алғашқы есеп құжаттары нысандарының түрлерін белгілеу және олармен ұйымның барлық бөлімін қамтамасыз ету.

- Белгіленген тәртіп бойынша материалдардың қалдығын жаппай түгендеу, бақылау арқылы тексеріп және олардың нәтижесін дер кезінде есепке алып отыру қажет.

Тауарлық-материалдық қорлардың жіктелуі Өздерінің өзгешеліктері мен өнім дайындауда атқаратын міндеттеріне қарай материалдар:

1. Шикізаттар деп өнім әзірленетін еңбек заттары.Оған:

Негізгі материалдардың қатарына өнімнің өзіндік құнын құрайтын өндеуші өнеркәсіп өнімдері — ұн, мата, кірпіш және тағы да басқалар жатады.Өндірістік үдерістің бір сатысынан толық өтіп әрі қарай өңдеуді қажет ететін материалдар жартылай фабрикаттар деп аталады. Материалдардың бұл түрін әрі қарай өндеу арқылы дайын бұйымдар алынады. Олардың аяқталмаған өнімнен айырмашылығы, оны сол күйінде сатуға болады. Көмекші материалдарға — әр түрлі химикаттар мен майлайтын сүртетін және жөндеуге керекті басқа да материалдар жатады. Көмекші материалдардың негізгі материалдардан өзгешелігі, олар өнімнің материалдық (заттық) негізін құрамайды. Материалдардың бұл түріне бояуларды, әктерді (известь) жатқызуға болады.

2. Материалдық қорлардың ішінде бөлек топ болып отындар, ыдыс және ыдыстыц материалдар, қосалқы бөлшектер, кұрылыс материалдары, тағы да басқалар есептеледі. Отындар тобына техникалық мақсатта энергия өндіруге, үй-жайларды жылытуға пайдаланатын материалдардың барлық түрі жатады.

Материалдарды алып келген тасымалдау көлігінің жолдама құжаты, темір-жол жүкқұжаты (накладнойы), көліктік жүкқұжаты, жабдықтаушыдан келген басқа да құжаттар алдымен жабдықтау бөліміне табыс етіледі. Бұл жерде, яғни жабдықтау бөлімінде келген құжаттар М-1 түрлі "келген жүкті есептеу" журналына тіркеледі. Одан кейін бұл құжаттарды материалды алып келетін экспедиторға береді. Сонымен қатар экспедиторға материалдарды алу үшін сенімхат беріледі. Экспедитор алған жүкқұжаттары мен сенімхатты алғаны үшін М-1 түрлі журналға қол қояды.

Жабдықтау бөлімі келген материалдарды қабылдап алуды да қадағалап отырады. Ол үшін жоғарыда аталған журналға материалдардың қабылданған уақыты (күні, айы, жылы) мен ол үшін толтырылған құжаттың атын (үлгілі түрі) және нөмірін жазады. Жабдықтаушы мекемеден және жүк тасымалдаушы ұйымдардан материалдарды немесе жүктерді алу үшін кәсіпорыннан тағайындалған экспедиторға немесе жүкті алатын басқа адамға үлгілі түрі М-2 немесе М-2А сенімхаты беріледі. Бұл сенімхатты бухгалтерия бір дана етіп жазады. Сенімхатты алған адам оны алғаны үшін хаттың бухгалтерияда қалған түбіршегіне қол қояды. Сенімхаттың М-2А түрі жабдықтаушы ұйымдардан белгіленген мерзім ішіндегі материалды тұрақты алып тұратын экспедиторға беріледі. М-2А түрлі "сенімхат" алдын ала нөмірленген барлық парағы арқылы жіп өткізіп тігілген, және үлгілі түрі М-3 "берілген сенімхаттарды есептеу" журналына тіркелуі керек. Кәсіпорындар мен ұйымдардың экспедиторы немесе басқа да қызметкері М-2А түрлі "сенімхатты" алғаны үшін осы журналға қол қояды. Кейіннен олар осы журналға сенімхатта көрсетілген материалдарды алған уақытын (күні, айы, жылы), кіріс ету құжатының нөмірін жазады. Коймаға қабылданған материалдық қорларға жауапты адам сол күні үлгілі түрі М-4 "кіріс ету" ордерін бір дана етіп толтырады

Жабдықтаушы ұйым тауарлық-материалдық қорларды автомобиль көлігі арқылы жеткізіп беретін жағдайда жіберілетін материалдарға 4 (төрт) дана етіліп "тауар-көлік жүкқұжаты" (накладной) толтырылады. Оның бірінші данасы жіберілген материалдарды есептен шығару үшін материалдарды жіберушіде қалдырылады: екінші, үшінші және төртінші даналары материалдарды жіберуші (босатушы) ұйымның мөрі (мөртаңбасы) және лауазымды адамдардың қолмен расталып, сонда й-ақ жүкті қабылдап алғаны жайлы көлікті жүргізушінің қолы қойылып жүргізушіге тапсырылады.Егер келіп түскен материалдардың нақты саны, көлемі, сапасы онымен келген құжаттағы дерекке сәйкес келмесе үлгілі түрі М-7 "қабылдау актісіжасалынады. Сонымен қатар үлгілі түрлі М-7 "қабылдау актісі" жіберу құжатынсыз келген материалдарға да толтырылады. Бұл акт екі дана етіліп міндетті түрде материалдарды қабылдап алған кісінің және материалдарды жіберген жабдықтаушы кәсіпорын өкілінің қатысуымен, егер де жабдықтаушы ұйымның өкілі болмаған (келмеген) жағдайда бұл ұйымға ешқандай қатысы (мүдделілігі) жоқ ұйым өкілінің (адамның) қатысуымен жасалады. Материалдарды қабылдап болғаннан кейін бұл актінің бір данасы материалдармен бірге келген жөнелтпе құжатымен бірге қабылданған материалдарды есепке алу үшін ұйымның бухгалтериясына, ал екінші данасы кәсіпорынның жабдықтау бөліміне келіп түскен материалдардың жетіспейтіндігін жабдықтаушы ұйымға хабарлау үшін табыс етеді. Кәсіпорындар мен ұйымдарға жаңылыс келіп түскен немссе ұйымның алудан бас тартқан материалдары уақытша қабылданып, бөлек жиналады. Ондай материалдар үлгілі түрі М-4 "кіріс ету ордері" бойынша қабылданып, баланс сыртындағы "Уақытша сақтауда тұрған материалдық қорлар" деп аталатын шотта есептелінеді.Материалдарды есептен шығару актісі іске жарамайтын материалддық құндылықтың іске жарамсыздығын көсетеді. Материалдар кәсіпорындар мен ұйымдардың ішіндегі цехтарына, бөлімшелеріне, өзінің аумағы (территориясы) сыртындағы шаруашылықтарына, сондай-ақ басқа ұйымдарға үлгілі түрі М-15А материалдарды босату (ішкі ауыстыруды) "талап ету жүк құжатыбойынша босатылады.

Кәсіпорындар мен ұйымдардың өндірісінде жиі пайдаланылатын материалдық құндылықтар үшін толтырылатын талап ету қағаздарының санын кемітіп, есеп жұмысын жеңілдету үшін және материалдарды өндіріске босату лимитінің сақталуына ағымдағы бақылау жүргізу үшін лимиттік-заборлық (шектеу карталары) карталарды қолдануға болады.есептесу есебі. ҚОСЫМША. 

Тауарлы-материалдық қорларды бағалау 

2 ҚЕБХС (есеп берудің халықаралық стандарттары) сәйкес қорлар екі өлшемнің ең кішісімен өзіндік құнның және өткізудің таза құнымен бағалануы тиіс.

Қорлардың өзіндік құнына қорларды қазіргі тұрған жеріне дейін жеткізуге кеткен шығындар мен өңдеуге, алуға жұмсалған шығындар кіреді. «Тауарлы-материалдық қорлар» есебі бухгалтерлік есеп стандарттарына сәйкес алуға кеткен шығындарға сатып алу бағасы, шеттен әкелу бажы, жабдықтаушы ұйымдар төлеген делдалдық сыйақылар, көліктік-дайындау шығындары мен қорларды алуға тікелей байланысты басқа да шығындар кіреді. 7 БЕС 4 т. сәйкес тауарлы-материалдық қорларды өткізудің таза құны әдеттегі іс-әрекет барысында көзделетін сатуы алым бағасына тең минус сатуды ұйымдастыру мен жинақтап, құрастыру шығындары алынады. Басқаша айтсақ, егер қорлардың өзіндік құны өтелмейтіндей болса, өйткені қорлар бүлінген, толық немесе қарым-жартылай ескірген және соған сәйкес бағасы да төмендеген, сондай-ақ сатылым алдындағы әзірлік немесе өткізуді іске асыруға арналып бағаланған шығындар өсуі мүмкін болса, материалдар өткізудің таза құны бойынша бағаланады. Мұндай жағдайда қорлардың баланстық құны өткізуден немесе матариалдық қорларды қолданудан алу күтілетін сомадан артпайды.

БЕС – 7нің 6 т. сәйкес «Тауарлы-материалдық қорлардың өзіндік құнына: қорларды алуға жұмсалған шығындар, оларды қазіргі тұратын орнына жеткізуге байланысты көліктік-дайындау шығындары кіреді».

Өндіріс босатылған материалдар құнын анықтаған кезде «Тауарлық-материалдық қорлар есебі» 7 БЕС мен ҚЕБХС 2 «Қорлар» ұсынған бағалау тәсілдері қолданылуы мүмкін:

Орташа өлшемді құн бойынша – есепті кезеңде қозғалысы болған әрбір түрдің, есепті кезең соңында қолданылмағандардың да, өндіріске босатылғандардың да бірлік орташа құнын есептеулер мен анықтауларды қолдануға негізделген.

ФИФО – есепті кезең соңында есепте тұрған материалдардың құнын ескеріп есепті кезеңде алғашқы сатып алудың өзіндік құны бойынша материалдарды есептен шығаруды болжайды. Яғни, алдымен есепті кезең соңында пайланылмаған өзіндік құн анықталады.

Ерекше теңестіру (идентификация), ұқсастыру – әдетте өзара бірін-бірі ауыстырмайтын және арнайы жобалар, тапсырыстарға арналған тауарлы-материалдық қорлар бірлігінің өзіндік құны есептеледі 

Қаржылық есеп берудің халықаралық стандарттары ұсынған ТМҚ есептеу жүйесі 

Мерзімдік есептеу. Бұл жүйеде ТМҚ жыл ішіндегі егжей-тегжейлі есептеу жүргізілмейді. Олардың нақтылай бар-жоғы оқтын-оқтын өткізілетін, қалған қаржылары түгендеу қорытындылары бойынша анықталады. Өткізілген қорлардың өзіндік құны тек түгендеу аяқталған соң және мынадай формула бойынша: есепті кезең басындағы қор қалдығы қосу есепті кезең соңындағы ТМҚ қалдығы талдау жүргізілген қорлардың өзіндік құнын.

Үздіксіз есеп. Үздіксіз есеп жүйесін қолданғанда баланстық есепте тауарлы-материалдық қорлардың түсуі мен жұмсалуы толық көрсетіледі. Мерзімді есепте қолданылатын шығыстардың уақытша шоты бұл жүйеде пайдаланылмайды. Барлық есепті кезең ішіндегі нәтижелер белгілі және қорлардың белгілі бір түрлерінің бар-жоқтығы мен өткізу шамасына қарай өткізілгендерінің өзіндік 7010 «Сатылған өнімнің және көрсетілген қызметтердің өзіндік құны» шотында көрсетіледі. 

Тауарлы-материалдық қорларды түгендеу 

ТМҚ-ны түгендеу олардың орын-орындарында және барлық қозғалыс кезеңдерінде сақталуын тексеруге, оларды өндіріске қолдануды бақылауға , өткізу үшін қажетсіз және артық материалдарды уақытылы анықтауға саяды.

Түгендеу материалдарға жауапты адамдардың қатысуымен, міндетті түрде қайта есептеу, қайта өлшеу, өлшеу жолымен жіргізіледі. Іс жүзінде тексермей, материалды жауапты айтуымен түгендеу тізімдемесіне жазуға болмайды.

Жеке бөлімшелерде жүйелі өткізілген түгендеуден кейін оларға кіруге болмайтындай жабылып, мөрленеді. Егер түгендеуді өткізу комиссиясының қатысуымен қабылдайды және түгендеуден кейін тізілім немесе материалдық есеп бойынша кіріске алады. Мұндай құндылықтарға түскен ай күніне сілтеме жасалып, түгендеу комиссиясының төрағасы қолы қойылып, «Түгендеу кезінде тускен ТМҚ» атты арнайы тізімдемесі (опись) жасалады.

Басқа субъектілерде сақталып тұрған тауарлы-материалдық қорлар оларды жауапты сақтауға тапсыруды растайтын құжаттар негізінде түгендеу тізімдемелеріне жазылады. Басқа субъектілерде қайта өңделу үшін тұрған тауарлы-материалдық қорлар бойынша негізіне сүйеніп, қайта өңдеуге берілген құжаттарға сілтеме жасалып, жеке тізімдеме жасалады. Жолдағы, бірақ сатып алушылар мерзімінде төлемеген тауарлы-материалдық қорлар да жеке түгендеу тізімдемесіне енгізіледі. Комиссия белгілі бір шоттарда есептелетін соманың негізділігін тексеруге тиіс. Шоттарда тиісті ресімделген құжаттармен жолдағысы – жабдақтаушылардың есеп құжаттарымен; тиелгендері – сатып алушылар ұсынған құжат көшірмелермен; төлем мерзімі өткен құжаттар бойынша – банк мекемесінің міндетті түрде растауымен; басқа субъектілердің қоймаларында тұрғандары бойынша түгендеу, өткізілген күнге таяу ай-күнмен қайта ресімделген, сақталған қолхатпен расталған сомалар ғана қалады.

Пайдаланып журген тауарлы-материалдық қорлар – тұрған орны мен материалды жауапты адамдар бойынша; субъект қызметкерлерінің жеке қолданылуына берілгендері тізімдемеде қолхаттары бар, ашылған жеке карточкалары жазылған жауапты адамдар бойынша түгенделеді.

Қоймадағы тауарлы-материалдық қорларға жоспарлы түгендеу жылына 1 рет қаңтарда жургізіледі. Түгендеуді жүргізу үшін басшының бұйрығымен комиссия тағайындалады. Сонымен қатар әрбір цех, бөлімше бойынша жергілікті түгендеу комиссиясы құрылады. Оның жұмысын орталық комиссия ұйымдастырып және басқарып отырады.

Түгендеу комиссиясы материалдың қалдығын өлшеу арқылы олардың сақталып тұрған жерлері бойынша түгендеу тізіміне комиссияның барлық мүшелері қол қоюға тиіс.

Ұйым бойынша түгендеу нәтижесін анықтау үшін салыстыру тізімдемесі жасалады.

Салыстыру тізімдемесі түгендеу кезінде анықталған нақты қалдығы оның бухгалтерлік есеп қалдығына сәйкес келмейтінін ТМҚ-ры бойынша жасалады. Салыстыру тізімдемесіне артық немесе кем шыққан материалдық құндылықтар бухгалтерлік есепте көрсетілген бағасымен есептеледі. Түгендеу комиссиясы барлық артық немесе кем шыққан материалдар жөнінде оларға жауапты тиісті адамдардан жазбаша тусінік алуға тиіс. Ол жазбаша тусінік кезінде түгендеу комиссиясы кем шыққан, жоғалған, бұзылған материалдың қандай себептен болғанын анықтайды және келешекте осындай жағдай қайталанбас үшін тиісті шара қолданады. Ал артық шыққан материалдар кәсіпорынның кірісіне алынады:

Дт 1300-1350 Кт 6280

Материалдық қорлар кем шыққан жағдайда кінәлі тұлғалар табылмас, материалға жауапты тұлғаның шығынына жатқызылады:

Дт 1600 Кт 1300-1350

Дт 7210 Кт 1600

Нақты кінәлілар табылған жағдайда:

Дт 1254 Кт 1300-1350

Кем шыққан материалдық құндылықтарды саудалық құнмен өтейді, бірақ өзіндік құннан кем емес болуы шарт.

Жоспарсыз тугендеу материалға жауапты тұлға ауысқанда немесе салық және басқа да тексеруге құқығы бар органдар тексергенде жүргізіледі.

Әкімшілік және ортақ шығындарға кеткен материалдардың өзіндік құны есептен шығарылады:

Дт 7210 Кт 1300-1350

Тегін берілген немесе ұйымды жарнамалауға кеткен материалдардың шығындары өзіндік құннан кем болмауы тиіс. 

Шаруашылық операциялардың мазмұны

Дт

Кт

1

Жабдықтаушылардан шикізаттар келіп түсті

1310

3310

2

Келіп түскен шикізаттар негізгі өндіріске босатылды

8110

1310

3

Негізгі өндірістен шыққан дайын өнім кірістелді

1320

8110

4

Сатып алушыларға дайын өнім жөнелтілді

1210

1320

5

Шот-фактура ұсынылды

1210

6010

6

Оның ішінде ҚҚС 12 %

1210

1420

7

Сатып алушылардан банктегі есеп шотқа ақша қаражаты келіп түсті

1030

1210

8

Жабдықтаушылармен есеп айырыстық

3310

1030

9

Бюджетке ҚҚС аударылды

3130

1030

10

Сатылып алынған материалдардың құны кассадан (қолма-қол ақшамен) төленді.

1310

1010

11

Есеп беруге тиісті тұлғалар арқылы сатылып алынған материалдық құндылықтардың құны

1310

1250

12

Заңды тұлғалар мен жеке адамдардан өтеусіз (тегін) келіп түскен материал

1310

6220

13

Кәсіпорындар мен ұйымдардың өз өндірісінде өндіріліп, дайындалып өз қажетіне пайдалануға арналған материалдарды кіріске алу

1310

8110

14

Материалдық құндылықтарды дайындайтын жұмыскерлерге есептелінген еңбекақы

1310

3350

Түгендеу нәтижелері түгендеу жүзеге асырылған айдың есебінде, ал жылдық түгендеу – бір жылдағы қаржылық есеп беруде көрініс табуы керек.

ЖШС тауарлы-материалдық қорлармен материал жөнінде бухгалтерлер айналысады. Материал жөнінде 2 бухгалтер бар. Қоғамда тмқ-ны 3 түрлі жолмен қабылдайды:

  1. жеткізушінің қоймасында;

  2. теміржол станциясында;

  3. өзінің қоймасында, онда тмқ-ны материалды жауапты

  4. тұлға қабылдап алады.