Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Отчет по практике.docx
Скачиваний:
5
Добавлен:
28.09.2019
Размер:
215.57 Кб
Скачать

Материалдық емес активтер есебі

Материалдық емес активтер есебі.Материалдық емес активтері деп – белгілі бір нақтылы табиғи пішіні жоқ, ақша немесе зат түріндегі активтер қатарына жатпайтын, бірақ қандай да бір бағаға, құнға бағаланатын болғандықтан кәсіпорынға өнім өндіруде, тауарларды сатуда, қызмет көрсетуде, негізгі құралдарды жалға беруде немесе әкімшілік қызмет барысында үнемі, яғни ұзақ уақыт бойы (бір жылдан артық уақыт) қосымша табыс (пайда) әкеліп тұратын активтерді айтамыз.  Кәсіпорындарда материалдық емес активтердің қатарына лицензиялық келісімдерді, бағдарламамен қамтамасыз ету, патенттерді , ұйымдастыру шығындарын, гудвилді, франчайзингті, сауда маркаларын, авторлық құқықты жатқызуға болады. Оларға анықтама беріп көрейік:  Лицензиялық келісімдер – кәсіпорынға үкіметтік органдар немесе муниципалитет беретін және қоғамдық меншікті монополиялық пайдалануға (электр желілері үшін қоғамдық жерді пайдалануға және т.б.) беретін құқықтар; Бағдарламамен қамтамасыз ету, ол әлде сатып алынады, не болмаса субъектінің өзі жасайды және сыртқы немесе ішкі мақсаттарға арналады;Патенттер – заңды түрде танылған және тіркелген айырықша құқықтар. Патент белгілі бір өнімді шығаруға , не болмаса арнайы ерекше процесс пен технологияны пайдалануға эксклюзивтік құқық береді;  Ұйымдастыру шығындары (қалдырылған шығындар) – субъект шеккен шығындар, олардан тек болашақта ғана нәтиже алынады немесе шығындар болашақ кезеңдерге (ұйымның мекен-тұрақты ауыстыруына байланысты шығындар, ұзақ мерзімді алдын ала төлеу – бірнеше жыл бұрын аванс болып төленетін)сақтандыру;Гудвил – субъектінің жағымды сипаттамасына байланысты сатып алушының сауда сәтіне пайда болған құндылығы. Ол сатып алушының бухгалтерлік балансында сатылым (субъектінің тұтастай алғандағы құны) мен таза активтерінің жеке-жеке гудвил фирманың алған нақты бағасы мен таза активтерінің сәйкес теңестірілген әділ нарықтық бағасы арасындағы айырма ретінде қарастырылады. «Таза капитал= капитал - міндеттемелер» болып табылады. Басқадай (авторлық құқықтар – шығарма, әзірлеме және т.б. авторларға заңмен берілетін қорғау формалары, сауда маркалары немесе тауарлық белгілер – ұйымға, өнімге (көрсетілген қызметке) берілген, атаулар, рәміздер немесе сәйкестендіруді білдіретін басқалары); Франшизалар – мемлекеттік меншікті пайдалану құқығына ие болу немесе коммуналдық қызмет көрсету және т.б. үшін үкіметтік органдар береді.Кәсіпорындарда материалдық емес активтер басқа заңды немесе жеке тұлғалардан сатылып алыну, басқалардың субсидия ретінде немесе сыйға беруі барысында, сондай- ақ кәсіпорынның өз ішінде ойлап табуы негізінде пайда болады. Объектілерді материалдық емес активтердің қатарына кіргізу (жатқызу) тәртібі және олардың құрамы белгіленген заңдарға сәйкес тиісті нормативтік актілерде қарастырылған. Материалдық емес активтер кәсіпорынның балансында бастапқы құны бойынша кіріске алынады. Бұл материалдық емес активтердің бастапқы құны былайша анықталады:  - Құрылтайшылар мен үлес қосушылардың кәсіпорынға жарғылық қорына қосқан үлесі есебінен келіп кіріске алынған материалдық емес активтердің бағасы екі жақты нақты келісім бойынша бағаланады.  - Заңды тұлғалар мен жеке адамдардан тегін (қайтарымсыз), сый ретінде алынған материалдық емес активтер сол уақыттағы нарықтық баға бойынша бағаланады.  - Басқа заңды тұлғалардан, сондай-ақ жеке адамдардан сатылып алынған материалдық емес активтер, ол объектілерді сатып алуға және оларды пайдалану үшін жұмсалған шығындар сомаларының қосындысыбойынша бағаланады.  Бұл материалдық емес активтердің баланстық бағасын анықтаудың жалпы әдісі болып табылады. Бірақ кейбір материалдық емес активтердің бастапқы құнын анықтаудың ерекшеліктері бар. Бұған мысал ретінде соңғы уақыттарда акционерлік қоғамдар мен жекешелендірілген шаруашылық субъектілерінде және басқа да ұйымдарда қолданылып жүрген «Ноу- Хау» деген ұғымды келтіруге болады. «Ноу- хау» деп шаруашылық қызметі, яғни пайдаланылуы барысында субъектіге табыс (пайда) беретін (әкелетін) жаңа технологиялық шешімдер мен жаңалықтарды, құпия мәліметтерді, айрықша құқықтарды, яғни жеке тұлғаның өзі тапқан ғылыми және басқадай жаңалығын айтуға болады. «Ноу- хау» жалпы «патент» сияқты болып көрінгенімен одан өзгеше болып келеді. Кәсіпорындар патентті сатып алады, сондықтан да ол үшін сатып алуға қаржы жұмсалғандықтан оның бастапқы құны болады. Көп ауқыттарды «Ноу-хау»- дың бағасы, яғни бастапқы құны оны кәсіпорынға кіріске алатын, яғни балансқа алатын уақыттағы екі жақты нақты келісім бойынша белгіленеді. Материалдық емес активтердің жоғарыда аталып өткен түрлерінің бірі «Лицензиялық келісімдер». Ол белгілі бір заңды тұлғаның бір тауарды өндіру немесе сату құнын екінші бір заңды тұлғаға беруі болып табылады. Ал бұл құқыққа ие болған кәсіпорын оның иесіне, яғни лицезиялық келсімдерді берушіге ол материалдық емес актив үшін тиісті белгіленіп келісілген мөлшерлерде қаржы төлейді немесе келісім бойынша басқа да міндеттері орындайды. «Патент» деп аталатын материалдық емес актив жеке адамның немесе топтың, сондай- ақ заңды тұлғаның ашқан, ойлап тапқан жаңалығын мемлекеттік тұрғыдан мойындап және ол жаңалықты ащқан адамға, топқа немесе заңды тұлғаға жаңалылығын өз пайдасына (жұмысына, қызметіне) қолдануына рұқсат беру туралы құжат болып табылады. Сонымен қатар «Патент» - деп кәсіпкерліктің кейбір түрімен (саудамен, сатып алумен тағыда басқа) айналысу үшін берілген құқықты куәландыратын құжатты айтады. Кәсіпкерлік патентті алар уақытында патенттік баж төлеуі керек. «Ұйымдастыру шығындарынан» - кәсіпорынды жаңадан ашу, құру кезінде жұмсалған шығындар, яғни ұйымды тіркеуден өткізу үшін заң орындарына төленген төлемдер және басқа да жұмсалған шығындар, жарнамалар үшін төленген төлемдер және басқа да жұмсалған шығындар жұмсалған шығындар жатқызылады. Материалдық емес активтердің «Гудвил» деп аталатын түрін кейде «Фирма бағасы»- деп те атайды. «Фирма бағасы» немесе «Гудвил» материалдық емес активтер шотында есептелініп және сонымен қатар ол бір кәсіпорын екінші бір кәсіпорынды толығымен, яғни түгелдей сатып алған кезде немесе екі кәсіпорын қосылған уақытта ғана пайда болады. «Фирма бағасы» болып сатылып алынған кәсіпорынның нақты нарықтық (сатып алынған) бағасымен оның барлық активтерінің баланстық құны арасындағы айырмасы есептелінеді. Егерде сатылып алынған ұйымның барлық активтерінің сатылып алынған құны олардың баланстық құнынан артық болса, онда құндар арасындағы айырмашылық «жағымды гудвил», ал кем болған жағдайда «жағымсыз гудвил» деп аталады.Материалдық емес активтердің «Программамен жабдықтау» деп аталатын түрі кәсіпорнының алдағы уақыттарда істелінетін жұмыстарына қатысты табыс әкелетін ақпараттармен мәліметтерді айтады. Қазіргі уақытта Құрылыс компаниясы «1с предприятие 7.7 версия» бағдарламасын қолданады. Бірақ модернизацияның жүруіне байланысты қосымша «1с предприятие 8.версия» бағдарламасына көшу үстінде.Бағдарламалық қамсыздандыру құны 2730 «Өзге материалдық емес активтер» шотында көрініс табады. Пайдалы қызмет көрсету мерзімі 5 жыл. Бғдарламалық қамсыздандырудың амортизациясы 2740 «Өзге материалдық емес активтердің амортизациясы және құнсыздануы» шотында есептелінеді.