Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Отчет по практике.docx
Скачиваний:
5
Добавлен:
28.09.2019
Размер:
215.57 Кб
Скачать

1.8.Қаржылық нәтижелер және меншікті капитал есебі.

Жарғылық капиталдың қалыптасуы мен есебі. 

Жарғылық капитал кәсіпрынның меншігіне ие болып және басқаруға заңды мүмкіндік беретін өндірістік шаруашылық қызметінің қаржылық нәтижесі болп табылады.

ЖК кәсіпорын тіркелген кезде мекеменің жарғысымен бекітіледі. Оның азаюы немесе көбеюі қатысушылардың қосылуына немесе шығуына байланысты болады.

Мұндай жағдайда кәсіпорын ЖК қайта тіркеуі керек.

Төленбеген капитал есебі:

5110 «Төленбеген капитал» шоты.

Бұл шотта заңды тұлғалардың, жеке тұлғалардың шаруашылық серіктесіктердің жарғылық қорына қосқан үлесері бойынша қарыздарының сомасы туралы ақпарат жинақталады.

Жарияланған жарғылық қор сомасына Дт 5110 Кт 5000. Жк-ға салымдардың салынуының жүзеге асыруына қарай Дт салым шоттары Кт 5110

Қорытынды табыс есебі

Есепті кезеңнің жиынтық табысын немесе зиянын есепке алу үшін 5610 шоты арналған. Егер де кәсіпорын табысты болса, онда шот пассивті.

Жыл ішіндегі әртүрлі қызмет түрлерінен түскен табыстар 6000 бөлімшесінің шоттарында 6100,6200,7000,6300 бөлімшесінің шоттары кіреді. Сонымен қатар 7010,7210,7340,7710 шоттарында жыл бойы жалпы алынған табыстар, алынатын шығыстар жинақталады.

Төтенше жағдайлардан және тоқтатылған операциялардан алынған табыстар сомасы бойынша жыл аяғында 7000 бөлімшесінің және 7110,7310,7340 шотының кт-нен есептелінетін шығыстар 5610 шотының дебетіне көрсетіледі.

Табыс сомалары 6020,6030 шотының дебеті бойынша жән 5610 шотының кредиті бойынша көрсетіледі.

Ал зиянды 6020, 6030 шотының кредитінен 5610 шотының дт-не көшіріледі.

Табыс Дт5610 Кт 5510

Шығыс Дт 5510 Кт5610

Бөлінбеген табыс есебі.

Кәсіпорынның қорытынды табысынан бюджетке төленетін салықтарын және табыстың есебінен өтелетін басқадай шығындарды төлегеннен қалған сомасы есепті жылдың "бөлінбеген пайдасы (жабылмаған зияны)" болып табылады. Ұйымдарда "бөлінбеген табыстың (жабылмаған зиянның)" есебі:

- "Есепті жылдың бөлінбеген табысы (жабылмаған зияны)"-5510;

- "Өткен жылдардағы бөлінбеген табысы (жабылмаған зиян)-5520"

— деп аталатын шоттарда жүргізіледі. Бөлінбеген пайда көбейгенде (келіп кірістелгенде) 5510 шоты кредиттелінеді. Ал керісінше бөлінбеген пайданың жұмсалуы немесе осы жылғы шеккен зиян 5510 шотының дебетіне жазылады.

Резервтік капитал есебі.

Акционерлік қоғамдар мен басқа да ұйымдар өздерінің таза пайдасы есебінен жоғарыда айтылғандай резервтік капитал құрады. Бұл резервтік капиталдың мөлшері қоғамның жарғысында белгіленеді. Резервтік капиталдағы жинақталған сома алдын ала болжанбаған (есептелмеген), төтенше жағдайлардан болатын шығындарды жабу үшін жұмсалады. Жалпы резервтік капиталдағы жинақталатын сомаларды жұмсау тәртібі акционерлік қоғамның жарғысында бекітіледі. Резервтік капиталдың жұмсалуына байланысты азаюы келесі есепті кезең ішінде қоғамның жарғысында көрсетілген мөлшерге тең етіп қайта қалыптастыруды қажет етеді. Резервтік капиталдың қаржысын пайдалану жолдары кәсіпорын жарғысында қаралған тәртіп бойынша есеп саясатына сай жұмсалады. Резервтік капитал сомасына салық есептелдмейді. Себебі ол салық төлегеннен кейін таза пайдадан құралған, кейіннен ол сома қатысушылардың арасында бөлініп таратылғаннан кейін салық есептелетін болады. Салық заңдары бойынша таратылып бөлінген пайда дивиденд деп аталады да және оның 5пайызы табыс салығы есебінде бюджетке төленеді.Резервтік капитал есебі 5410 шотында жүргізіледі.5410 дебеті бойынша резервтік капитталдың пайдаланылған қаржысы көрсетіліп, акционерлердің дивидендтер бойынша есептелген сомасының дивидендтербойынша есептелген сомасының көлемі 3030,3390,3540,4170,4430 корреспондаенцияланады. 

Шаруашылық операциялар мазмұны

Дт

Кт

1

ЖК мөлшерін өсіргенде

5110

5010

2

Үлес қосушылар мен акционерлер қоғамға өз үлесін ақшалай түрде салғанда:

1030

5110

3

Үлес қосушылар мен акционерлер қоғамға МЕА, НҚ түрде салатын болса:

2700

2410

5110

4

Жыл соңында алынған табыстар сомасына

6100

5610

5

Резервтік капиталға аударылған сома

5510

5410

6

Кәсіпорынның есепті кезеңдегі немесе өткен кезеңдегі залалдарын жабуға жұмсалған қаржылары

5410

5500