- •1. Бухгалтерлік есеп
- •1.1«Тараз Құрылыс Проект» жшс бухгалтерия мен есебін ұйымдастыру құрылымы
- •1.2. Қаражаттары есебі мен қысқа мерзімді дебиторлық берешек
- •Кассадағы ақша қаражаттарының есебі
- •1.3. Негізгі құрал-жабдықтар мен материалдық емес активтер есебі
- •Негізгі құралдардың амортизациясы бойынша есебі мен түгендеу
- •Материалдық емес активтер есебі
- •Материалдық емес активтердің амортизациясы
- •1.4. Тауарлы-материалдық қорларды есептеу және жеткізушілермен
- •1.5 . Еңбек төлемі мен есебі.
- •1.6 Өндіріс шығындарының есебі мен өнімнің өзіндік құнының калькуляциялау.
- •1.7 Дайын өнім және оны өткізу есебі
- •1.8.Қаржылық нәтижелер және меншікті капитал есебі.
- •1.9. Қаржылық есеп
- •1.10. Есеп саясаты. Салықтық есеп саясаты
- •2. Аудит
- •2.1.Аудиторлық фирма жұмысының құрылымы және ұйымдастырылуы. Аудитордың қызмет міндеттері.
- •Ұзақ мерзімді активтер
- •Ағымдағы активтер аудиті
- •2.4. Қаражаттар аудиті.
- •2.5.Міндеттемелер аудиті
- •2.6. Еңбекақы төлеу бойынша есеп айырысу аудиті.
- •3. Қаржылық талдау
- •3.1 Ұйымның экономикалық талдауы
- •Материалдық ресурстарды пайдалану тиімділігін талдау
- •« Темир Строй Сервис и Ко» жшс-ң өнімнің өзіндік құны динамикасын және шығындарды төмендету бойынша жоспарды орындауды талдау
- •Өнімді өндіру көлемі мен динамикасын талдау
- •3.2Қаржылық есептілікті талдай Қаржылық есептілік және оны талдау
- •«Темир Строй Сервис и Ко» жшс-ң табыстылығын талдау
- •Жалпы капиталдың табыстылық деңгейіндегі ауытқулар
- •II.Оқулықтар және оқу әдістемелік нұсқасы:
Материалдық емес активтердің амортизациясы
Кәсіпорындардағы материалдық емес активтер өздерінің пайдалануы барысында біртіндеп сапалық жағынан тоза бастайды. Осы активтер тозғанға дейін, яғни кәсіпорында пайдаланылған уақыт аралығындағы пайда әкелуі қажет. Егер бұл материалдық емес активтерді пайдалануда кәсіпорын табыс таппайтын болса, оларды актив қатарында есептеудің қажеті де болмайды және бұндай жағдайда оларды сатып алуға кеткен немесе басқадай шығындар жиынтығы ұйымның зияны болып табылады. Кәсіпорындарда материалдық емес активтерді пайдалану барысында олардың құнының бір бөлігі ай сайын,яғни оның пайдалану мерзімінде өндіріс шығындарына қосылып отырылады. Яғни, материалдық емес активтердің құнына амортизациялық аударым есептелініп тұрады. Амортизациялық аударым (өтелім) мөлшері материалдық емес активтердің бастапқы құнымен олардың пайдалану мерзіміне қарай анықталады. Материалдық емес активтердің пайдалану мерзімі кәсіпорынның қызмет атқаратын уақытынан аспауы керек. Егер материалдық емес активтердің пайдалану мерзімін анықтауға мүмкіндік болмаған жағдайда, амортизациялық аударым (өтілім) он жылға есептелінеді. Бірақ ол ұйымның қызмет атқару уақытынан (мерзімінен) аспауы керек. Жалпы материалдық емес активтердің тозуы бухгалтерлік есеп шоттар жоспарының: 2740 «Материалдық емес активтердің амортизациясы»,- деп аталатын шоттарында жүргізіледі. Амортизациялық құн – «бастапқы құн- жойылу құны» болып айқындалады. МЕА-рдің амортизациясын есептеу үшін негізгі құралдардың амортизациясын есептеу тәсілдері қолданылады. Олар:
бірқалыпты тәсіл;
қалдықты азайту тәсілі;
сандық жиынтық және пайдалану мерзіміне қарай амортизация есептеу тәсілі;
Шаруашылық операция мазмұны |
Дт |
Кт |
Жабдықтаушыдан МЕА сатып алынды |
|
|
- сату құны көрсетілді |
2730 |
3310, 4110 |
- ҚҚС зачетқа алынды |
1420 |
3310, 4110 |
- жабдықтаушымен есеп айырыстық |
3310, 4110 |
1010, 1030 |
МЕА жеке тұлғадан сатып алынды |
|
|
- келісімді құн бойынша |
2730 |
3390 |
МЕА еншілес, қауымдастырылған немесе бірлескен ұйымдардан сатып алынды |
|
|
- сату құны бойынша |
2730 |
3320, 3330 |
- ҚҚС зачетқа алынды |
1420 |
3320, 3330 |
МЕА өтеусіз алынды |
2730 |
6220, 6230 |
МЕА жарғылық капиталға жарна ретінде келісімді құн бойынша қабылданды |
2730 |
5020 |
МЕА-тің құнына оны жұмыс жағдайына келтіруге кеткен шығындары кіреді, мысалы: |
|
|
- МЕА-ті жұмыс жағдайына келтіруге қатысқан жұмыскерлерге еңбекақы |
2730 |
3350 |
- еңбекақыдан салықтар |
2730 |
3150, 3210 |
- сатып алынған МЕА бойынша профессионалдың қызмет үшін шығындар |
2730 |
3210, 3310-3330, 4110 |
МЕА-ті істен шығуы |
|
|
- жою құны есептен шығарылды |
7410 |
2730 |
- тозу есептен шығарылды |
2740 |
2730 |
Түгендеу кезінде МЕА- тердің кем шығуы |
|
|
- орнын толтыруға талап етілген, МЕА қалдық құны есептен шығарылды |
1250 |
2730 |
- есептелген тозу сомасы есептен шығарылды |
2740 |
2730 |
- кінәлі тұлғадан талап етілген сома есептен шығарылды |
7410 |
2730 |
қайта бақалау |
|
|
- бастапқы құны артқан кезде қайта бақалау мөлшері кірсетілді |
2730 |
5320 |
- бастапқы құны кеміген кезде қайта бақалау мөлшері кірсетілді |
5320 |
2730 |
- тозу қайта есептелді |
5320 |
2740 |
- қайта бақалау есептен шығарылды (қолданылған кезде – бөлігімен, ал істен шыққан кезде – толығымен) |
2740 5410 |
5410 5320 |