Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Отчет по практике.docx
Скачиваний:
5
Добавлен:
28.09.2019
Размер:
215.57 Кб
Скачать

Кіріспе

Мен Абиев Алмас Серікұлы өндірістік тәжірибемді «Тараз Құрылыс Проект» құрылыс компаниясында маусымның 11 мен шілденің 14 аралығында өттім.Құрылыс компаниясы қоғамында өндірістік тәжірибемді өту себептерімнің бірі – қоғамдағы бухгалтерлік бөлімнің және маманданған бухгалтерлердің болуы, сонымен қатар тәжірибені өтуге керекті ақпараттың жеткілікті болып табылуы.

«Тараз Құрылыс Проект» Жауапкершілігі шектеулі серіктестік, әрі қарай « Серіктестік » Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі,Қазақстан Республикасының « Жауапкершілігі шектеулі және қосымша жауапкершілігі бар серіктестіктер туралы» заңы және басқада заңдарға сәйкес құралган. Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі- орташа кәсіпкерлік субъекті,орташа жылдық қызметкерлердәң саны 250 адамнан аспайды және активтерінің жалпы сомасы бір жылда орташа 325000 айлық есеп көрсеткішінен жоғары емес. Серіктестіктің ҚР заңдарына сәйкес орта кәсіпкерлік субъектісі болып табылады.

  • Серіктестіктің фирмалық атауы :

Мемлекеттік тілде –« Тараз Құрылыс Проект» ЖШС.

  • Серіктестіктің мекен –жайы:

Қазақстан Республикасы,Жамбыл облысы,Қарасай ауданы,Қаскелен қаласы, Крымская көшесі 7 үй.

  • Серіктестік мемлекеттік тіркеуден өткен соң заңды тұлға құқығына ие болды..

  • Серіктестіктің жұмыс істеу мерзымы шектелмейді

Серіктестіктің қызмет мақсаты Қазақстан Республикасының серіктестікке қатысушылардың мүдделері үшін комерциялық ,шаруашылық ,кәсіпкерлік қызметтерін біріктіре отырып жүзеге асыру болып табылады.

Серіктестіктің өз мақсаттарына сәйкес қызмет түрлері мыналай бағыттарда жүзеге асырылады:

  • Құрылыс жылжымайтын мүліктерді сату ;

  • Құрылыс-монтаж жұмыстары ,құрылыс және құрылыс-жөндеу жұмыстары;

  • Қоршау құрастырмаларын монтаждау және ойықтарды толтыру;

  • Құрылысқа арналған жобалау жұмыстары;

  • Техникалық құралдарды ,құрылгыларды ,өндіріс және құрылыс материялдарын,ақаштан жасалған бұйымдар ,металөңдеу,пластика және басқа да жабдықтау және безендіру материялдарын өңдеу , сатып алу және сату ,жоғары техникалық өнімдерді өндіру және сату;

  • Құрылысқа арналған жұмыстарды орындау кезіндегі инженерингтік қызметтерді көрсету;

  • Металл конструкциялардың өндірісі;

  • Экспедиторлық қызметті көрсету,азаматтарға және кәсіпорындарқа автокөлік қызметін көрсету,Жүктерді тасымалдау және тасу,жүкті тиеу – түсіру жүмыстары;

  • Металзаттарын сату;

  • Сату-сатып алу қызметі;

  • Заң қызметі;

  • Көлік және осы іс-әрекеттерге байланысты қызметтер;

  • Жылжымайтын Мүлікті сатып алу сату;

  • Жөндеу слесарьлық ,өлшеу,тірпілі кесу,аспаптарыды өндіру жіне сату;

  • Жарнама –ақпарат қызмет;

  • Жөндеу –құрылыс жұмыстарының сапасын бақылау;

  • ҚР заңдармен тыйым салынбаған басқа да қызметтер;

Серіктестік заңды тұлға болып табылады,өзінің жеке балансы,банк мекемелерынде басқа да несие қаржы мекемелерындеесеп шоттары,дөңгелек мөрі ,таңбасы,фирмалық бланкілері,эмблемасы болады.

Серіктестіктің құқықтық жагдайы ҚР қолданыстағы заңдары ,осы жарғы және серіктестік басшысының шешімдеріне сәйкес белгіленеді.

1. Бухгалтерлік есеп

 

1.1«Тараз Құрылыс Проект» жшс бухгалтерия мен есебін ұйымдастыру құрылымы

Бухгалтерлік есеп – ол экономикадағы негіздердің ішіндегі ең маңыздысы болып табылады. Кез келген салада, ұйымда бухгалтерлік есеп жүргізіледі. Бухгалтерлік есеп дегеніміз – ұйымның қаржылық ақпаратын белгілі бір әдістері мен тәсілдері бойынша есептейтін, өлшейтін және оны өңдеп тасымалдайтын ғылым.

Бухгалтерлік есепті жүргізу әр түрлі құзыретке тиісті нормативтік актілермен жүзеге асырылады. Олардың бірі пайдалануға міндетті, ал басқалары тек ұсыныс беру сипатында болады. Нормативтік құжаттарды өздерінің бағытталуына және құзыретіне байланысты мынадай жүйеде көрсету міндетті болып табылады:

1-деңгей – заңдық: «бухгалтерлік есепеке алу және қаржылық есеп беру туралы» ҚР заң күші бар Заңы және басқа да заңдар;

2-деңгей – бухгалтерлік есеп және есеп беру бойынша стандарттар;

3-деңгей – әдістемелік ұсыныстар, нұсқаулықтар, қысқаша шолу, ҚР Қаржы министрлігінің және басқа да ведомствалардың хаттары;

4-деңгей – кәсіпорынның өзінің бухгалтерлік есеп бойынша жұмыс бабындағы құжаттары.

Бухгалтерлік есепке алу және қаржылық есеп беру туралы Заң бухгалтерлік есептің құқықтық негіздерін және оның мазмұнын, негізгі қағидаларын, ұйымдастырылуын, бухгалтерлік қызметтің негізгі бағыттары мен есеп берудің құрылуын, бухгалтерлік есепті жүргізуге және қаржылық есеп беруге міндетті шаруашылық субъектілерінің құрамын анықтайды.

Бухгалтерлік есепті ұйым басшылары өз ұйымындағы экономикасын, қаржылық жағдайын дұрыс әрі тиімді ұйымдастыру үшін және де есеп мәліметтеріне сай басқа қосымша қаражат тартуға, қарыз беруші, қарыз алушы жақтың арасында дұрыс есеп жүргізу үшін қажет. Жалпы алғанда басшы үшін де, инвестор үшін де, қарыз беруші ұйым үшін де бухгалтерлік есеп мәліметтері қажет. Оның көмегімен барлық жақ өзіне тиімді шешім қабылдауға мүмкіндік алады. Басшының басты міндеті есеп саясатын дұрыс үйымдастыра отырып, оның сол нормаларға сай орындалуын қадағалау.

Қазіргі заманда атқаратын қызметіне саласына қарамастан ұйым үшін ең бастысы қаржы көздерін тиімді, шығынсыз пайдаланып әрі пайда табу. Сондықтан да бухгалтерлік есептің тиянақты жүргізілуі маңызды. Ол үшін білікті мамандар қажет. Ол мамандардың яғни ұйымның бухгалтерлерінің басты міндеті пайдаланушыларға дұрыс есептелген ақпаратты мәліметтерді уақытылы дер кезінде ұсыну болып табылады. Пайдаланушыларға беретін қаржылық ақпараттар мен мәліметтер көлемі және мінездемесіне қарай ұйымдастырылады. Негізінде кәсіпорындар мен ұйымдардың қаржылық ақпараттың мәліметін пайдаланушыларын екі топқа бөліп қарастырады:

  1. Ішкі пайдаланушылар – бұл осы мекемеде қызмет атқаратын тұлғалар.

  2. Сыртқы пайдаланушылар – бұл осы мекемеде қызмет етпейтін бірақ оның қаржылық жағдайына қызығушылығы бар заңды және жеке тұлғалар. Мысалы: салық органдары, аудиторлық фирмалар,әкімшілік құқық органдары және т.б.

Мәліметтер деп – кәсіпорын немесе ұйымдағы орындалған барлық қаржылық операциялар мен әрекеттердің жазбаша тіркеліп, реттеліп оның ортақ есеп берудің нәтижелерін көрсету. Сол себепті күнделікті орындалған әрекеттер жинақталып, есептеліп бухгалтер ай соңында басшылыққа есеп береді. Бұл айлық қортынды және де әрбір айдың қорытындылары жинақталып төрт айлық, кейіннен жарты жылдық содан жылдық қорытынды беріледі. Осындай бухгалтерлік есептің қорытындысы арқылы ұйым атқарылған жұмыстардың барлық қаржылық шығындары мен пайдасын теңестіріп, әлсіреген жақтарды жақсартуға әрі шығындарды азайтуға мүмкіндік береді. Осы жұмыстардың барлығын бір адам, яғни бір бухгалтердің ұйымдастыруына қиынға соғады. Сол себепті бухгалтерияда бірнеше адам қызмет етеді. Оларға: бас бухгалтер, бухгалтер (бірнеше) және кассир жатады. Жалпы бухгалтерия бөлімі қаражатпен жүмыс істегеннен кейін, бухгалтерия бөлімінің қызметкерлері материалды жауапты болады. Егерде тексеру кезінде ағаттық пен қателіктер кездескен жағдайда Қазақстан Республикасының заңына сәйкес жауапқа тартылады. Осыған орай бухгалтердің иығына өте үлкен жауаптылық жүктеледі.

Жоғарыда аталып кеткендей ұйымның атқаратын қызметіне қарай бухгалтерлік есеп бірыңғай стандарттарға жүктелгенімен әр ұйымның өзінің ерешеліктеріне қарай, яғни саласына қарай жұмыс жасайды. Мысалы:

  1. Құрылыстағы бухгалтерлік есеп.

  2. Ауыл шаруашылықтағы бухгалтерлік есеп. Соның ішінде егіншілік.

  3. Ауыл шаруашылық бухгалтерлік есеп. Соның ішінде мал шаруашылық.

  4. Туризм саласындағы бухгалтерлік есеп.

  5. Кооперативті жеке меншіктегі бухгалтерлік есеп.

  6. Қоғамдық тамақтану орындарындағы бухгалтерлік есеп.

  7. Тауарлы-материалдық қорлардағы бухгалтерлік есеп.

  8. Ішкі экономикалық қызметтегі бухгалтерлік есеп.

Келтірілген салалардың өзіндік ерекшеліктері мен орындалу тәртіптері бар. Ол тәртіптерге қатаң бағыну әрі жүгіну қажет.