Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Отчет по практике.docx
Скачиваний:
5
Добавлен:
28.09.2019
Размер:
215.57 Кб
Скачать

1.2. Қаражаттары есебі мен қысқа мерзімді дебиторлық берешек

Айырбас есептеу шотында ақша қаражатының есебі бойынша 

Шаруашылық субъектілері материалдарды жеткізушілермен, өнім алушылармен байланыста болып және олармен алыс-беріс қатынастарда болады. Алыс-беріс қатынастар алушылардың белгіленген уақытта алынған материалдық құндылықтардың, орындалған жұмыстардың құнын төлеу міндеттемелеріне, сондай-ақ жеткізушілердің алушылардан төлемақыны талап ету құқығына негізделеді.Алыс-беріс қатынастары мемлекеттік бюджет, әлеуметтік қамсыздандыру, зейнетақы қоры және т.б. органдарымен де пайда болады.Көбінесе ұйымдар арасында есеп айырысу банк жүйесінің жәрдемімен қолма-қол ақшасыз арқылы жүргізіледі.

Есеп айырысу және валюталық шоттарын ашу үшін келесі құжаттар керек:

1. шот ашу туралы өтініш;

2.қол қою үлгілері мен мөр таңбасы бар құжат;

3.Салық есебінде тіркелгенін растайтын құжат түпнұсқасы;

4.Мемлекеттік тіркеуден немесе қайта тіркеуден өткенін растайтын құжат көшірмесі;  

5.Жарғының негізінде заңды тұлға қызметін растайтын құжаттың нотариалды бекітілген көшірмесі.

Кәсіпорынның есеп айырысу шотына өткізілген өнім үшін ақшалар, аванстық төлемдер, банктің несиелері, дебиторлық қарыздар, кассадағы қолма-қол ақшалар және т.б. келіп түседі.

Есеп айырысу шотынан қолма-қол ақшасыз есептер жүргізіледі, еңбекақы төлеу, іссапар, шаруашылық және өкілдік шығыстарына қолма-қол ақша беріледі. Қолма-қол ақша мәлімдемеге сәйкес босатылады.

Банктің ағымдағы шотында операциялар жүргізу үшін негіз ретінде бастапқы құжаттар төлем тапсырмалары, чектер, қолма-қол ақшаны өткізу үшін хабарландырулар болып табылады.

Чек - чек берушінің шотынан чекте көрсетілген соманы аудару жөнінде банкке жазбаша түрдегі тапсырмасы. Чектер арнайы чек кітапшасында болады. Чек кітапшасын алу үшін алушының аты жөні көрсетілген және оның қол таңбасының үлгісі берілген арнайы өтініш толтыру керек. Өтініш басшы мен бас бухгалтердің қол таңбалары қойылып, кәсіпорынның мөрімен бекітіледі. Осы өтінішке сәйкес банк сенімді тұлғаға 25 немесе 50 данаға чек кітапшасын береді. Банкідегі өзінің есеп айырысу шотынан қолма-қол ақша алу үшін бухгалтер ақша чегін толтырады, оған басшымен бірге қол таңбаларын қойып кассирге береді. Чектегі сома жолдың басынан міндетті түрде бас әріппен жазылады.

Кассир алдын-ала (шамамен 1-2 күн бұрын) банкіге қажетті сомаға тапсырыс береді, ал одан соң оны чек бойынша алады. Чектер күнін өзгертпей, жазылған күнді есепке алмай 10 күн ішінде жарамды болып саналады. Чектің түбіртегі есеп регистрінде кассалық операцияларды жазу үшін ақтаушы құжат болып табылады.

Кассаға есеп айырысу шотынан алынған қолма-қол ақша қатаң мақсатты бағыттар, ақшалар алынған мақсаттар ақша чегінің теріс бетінде көрсетіліп қойылған бойынша жұмсалу керек. Ақшаның жұмсалмаған бөлігі кассаға қалдырылады. Алушылар тарапынан қолма-қол ақшамен төленген өнімнің өткізілуінен түскен ақшалар да есеп айырысу шотына өткізіледі.

Есеп айырысу шотына ақша салу шығыс кассалық ордермен жасалады.

Банкте ақша өткізетін кассир қолма-қол ақша салу бойынша хабарландыруларды толтырады. «Хабарландыру» бланкісін банктің операторынан алу мүмкін. Ол 3 бөліктен тұрады. Жоғарғы бөлік банкіде қалады, ортадағы бөлік (квитанция) кассирге беріледі. Хабарландырудың төменгі бөлігі (ордер) де кассирге қайтарылады, бірақ тек тиісті операцияның банкпен өткізілгенінен соң және банктің көшірмесімен бірге тігіледі.

Үш бөліктің әр бірінде қойылатындар: күні, кімнен ақша қабылдағанн, алушы мен оның банкі, салымның тағайындалуы. Бірінші мен екінші бөліктердің жоғарыдағы оң бұрышында кәсіпорынның есеп айырысу шоты мен сомасы сандармен жазылады. Сол соманың өзі төмендегі тәртіпте сөзбен жызылады: жазуды ол үшін арналған орынның басына тиістіре бас әріппен бастау керек. Орынның қалған жерлерін көлденең сызықпен сызып қою керек.

Үшінші бөлік сәл басқаша толтырылады. Ордерде алушы банктің коды мен кредит бойынша сомасын көрсету қажет (біздің есеп айырысу шотымызда бұл сома-дебет бойынша, ал банкіде-кредит бойынша өтеді).

Төлем тапсырмасы - банкіге тиісті қаржыларды жеткізушілер, салық органдары және басқа ұйымдарға аудару туралы тапсырма. Бухгалтер оны «көшіргіш» немесе компьютерде қажетті дана бойынша басады.Онда төлеуші мен оның банкісінің, алушы мен оның банкісінің реквизиттері, сомасы мен тағайындалуы көрсетіледі. Банктің қызметкері төлем тапсырмасын орындауға қабылдап алып оның соңғы данасына таңба қояды одан соң ол операцияны есепте бейнелеу үшін бухгалтерге қайтарып береді. Басылған, бірақ банкіге өткізілмеген төлем тапсырмасы 10 күн ішінде жарамды болып саналады.

Төменгі жақта төлемнің тағайындалуы көрсетіледі, басшы мен бас бухгалтердің қол таңбаларымен қоса кәсіпорынның мөрі қойылады.

Төлем тапсырмалары Төлем тапсырмаларын тіркеу кітабына тіркеледі. Төлем-талап тапсырмас - жеткізушінің жөнелтілген өнімге төлем-талап тапсырмасын рәсімдейді.Оны төлеушіге бағыттайды. Ол танысып, төлем жөнінде шешім қабылдайды. Шешім қабылдағаннан кейін төлеуші оған қол қояды, мөр басады және өзінің банкіне өткізтеді. Төлеушінің банкі ақшаны оның есеп айырысу шотынан есептен шығарады және оны жеткізушіеің шотына есептеу үшін соның банкіне аударады. Есептен шығарылған және есептелген соманың бухгалтерлік жазбалары есеп айырысу шотынан банк беретін көшірменің негізінде жүргізіледі. 1030 шотының айналым ведомосының негізінде журнал ордер-2 мен ведомость-2 толтырылады.