Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Отчет по практике.docx
Скачиваний:
5
Добавлен:
28.09.2019
Размер:
215.57 Кб
Скачать

1.6 Өндіріс шығындарының есебі мен өнімнің өзіндік құнының калькуляциялау.

Өндірістік шығындарының есебі жіктелуі

Кәсіпорын түрлері өндірістерден шаруашылықтардан тұратын механизм. Кәсіпорынның жекелеген өндірістік буындары бойынша жоспарлау және шығындары есепке алу мақсатында өндірілетін өнімнің атқаратын қызметіне қарай барлық өндірістер негізгі женә көмекші өндірістер боп бөлінеді.

Негізгі өндіріс – кәсіпорын шығаратын өнімдер сондай-ақ өнімді сатуға және зауыт ішінде тұтынуға арналған шама фабрикаттарды дайындайтын өндірістер жатады.

Көмекші өндірістер – негізгі өндірістің өнімін әзірлеуге қатыспайды бірақ, көтеруге жұмыс жасауға тікелей ықпал етеді.

Қосымша цехтар – негізгі өндіріс қалдықтарын кәдеге жаратуға септігін тигізеді.

Қосалқы цехтар – негізгі материалдардан емес, бірақ негізгі және көмекші өндірістерді пайдаланатын материалдардан өнім өндіреді.

Эксперименттік цехтар – тәжрибелік үлгілерді дайындайды және түрлі эксперименттік жұмыстарды атқарады.

Жеке дара сериялық және жаппай өндіріс боп 3-ке бөлінеді. Кез-келген өнімді өндіру және қызметті көрсету белгілі бір шығындармен бітті. Ондай есеп мынаны қамтамасыз ету қажет. Жалпы өнім көлемін әрбір өнім түрлерінен нақты өзіндік құнын есептеу қызметін көрсету, өндірілген өнімнің нақты шығысын толық дер кезінде және шынайы көрсету.

Өндірістік шығындар көптігін белгілері бойынша жіктелуі мүмкін.

-Шығындардың туындайтын орындары бойынша өндіріс тізбесі бойынша, ал олар шығындарды есепке алу мен жоспарлау кезінде субъектінің есеп саясатында анықталғандай етіп бөлінеді.

-Қызметтер, жұмыстар және жекелеген өнім бойынша өндіріс шығындары жекелеген өнім түрлерінің өзіндік құнына немесе біртектес өнім топтарына енеді.

-Шығындар өнімнің өзіндік құнына ену тәсілі бойынша тікелей – жекелеген өнім түрлерін өндірумен болды, жанама – өнімнің өзіндік құнына таратылып, бөлінетін яғни бірнеше өнім түрлерін өндірумен болып бөлінеді.

-Өндіріс шығындары өнімнің көлеміне қатысты 2-ге бөлінеді:

-Айнымалы – шығарылған өнімнің көлемі өзгеруі мен шығынның да өсуіне немесе азаюы мүмкін.

-Тұрақты – өнімнің шығаруы көлемі өзгерген кезде деңгейі өзгермейтін кезде шығындар.

-Шығыстар түрі бойынша – материалдық шығындар еңбек ақы шығындары еңбек ақыдан аударылатын аударымдар негізгі құралдардың амортизациясы және т.б. шығындар.

-Басқару қызметі бойынша өнімге кеткен шығындар 3-ке бөлінеді:

-Тікелей материалдар (дайын өнімді дайындауға кеткен шикізат пен материалдар)

-Тікелей еңбек шығындары ( өнімді дайындаушымен өндіріс жұмысының еңбек шығындары еңбек ақысы)

-Өндірістік үстеме шығындар (бұған тікелей материалдармен тікелей еңбек шығынынан басқаның бәрі кіреді)

Кезек шығындары (өндірістік емес шығындар) 2-ге бөлінеді:

-Сату бойынша шығындар. Дайын өнімді тапсырыс бойынша және жеткізу бойынша қамтамасыз етілетін барлық шығындар.

-Әкімшілік шығындар. Кәсіпорынды басқаруға барлық шығындар. 

Өнімнің өзіндік құнын калькуляциялау.

Калькуляция дегеніміз – өнімнің атқарылған жұмыстар мен көрсетілген қызметтердің бір шешімге есептелінген өзіндік құны болады.

Өндірісті ұйымдастыру ерекшеліктері мен технологиясына өндірістегі шығындарды есепке алудың және өнімнің өзіндік құнын калькуляциялаудың бірнеше әдістеріқолданылады:

-Қарапайым әдісі (проценттік)

-Тапсырыстық әдіс

-Нормативтік әдіс

-Бөлістік әдіс

-Халықаралық практикада қолданылатын әдістер: Стандарт-кост жүйесі; директ-костинг жүйесі. Калькуляциялауды жасау мерзімі: алдын-ала және кейінгі болып 2-ге бөлінеді. Алдын-ала жасалған калькуляция өнімді шығарғанға дейін өндіріске қажетті деңгейіндегі шығындарының мөлшерін топшылайды. Ол өзгерістерінде 3-ке бөлінеді:

-Жоспарлы

-Сметалы

-Нормативті

Жоспарлы калькуляция - өнімге және бұйым бірлігіне мүмкін. болатын шығындардың деңгейде анықталады. Ол кезде жалақының өнеркәсібіннің материалының нормасы оның технологиясы резервтері де ескеріледі. Сметалық калькуляция – бұл жоспарлы калькуляцияның бір түрі. Ол жоспарланған жаңадан игерген бұйымының негізінде жасалады. Нормативтік калькулиция – ағымдағы жоспарлы калькуляцияның бір түрі болып табылады.