Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Су гигиенасы-теория.doc
Скачиваний:
399
Добавлен:
19.03.2016
Размер:
3.88 Mб
Скачать

7 Сурет. Горизонтальды тұндырғыштың жобасы

1- тазаланбаған судың коагулянттармен бірге түсуі; 2-тұндырылған судың шығуы.

Тұндырғыштарда коагуляция процесінде түзілген үлпектердің көпшілігі шөгіп, су мөлдірленеді және түссізденеді.

Сүзу. Су құбырында суды мөлдірлендірудің келесі сатысы болып, оны сүзгіштер арқылы сүзу саналады. Сүзу жылдамдығына байланысты сүзгіштер баяу (0,1-0,3 м/сағ) және жедел (5-10 м/сағ) түрлеріне бөлінеді.

Сүзгіш темірбетонды резервуар болып келеді, оның түбіне сүзілген суды әкетуші тесіктері бар темірбетонды плиталардан немесе құбырлардан жасалған керізделген құбыр (дренаж) орнатылады (8 сурет).

8 Сурет. Сүзгіштің жобасы

1-тұндырылған судың берілуі; 2-құм; 3-жұмыртас қабаты; 4-сүзілген су; 5-керізделген құбыр (дренаж).

Сүзгіш екі қабаттан тұратын сүзгіш материалымен толтырылған. Бірінші қабаты (кварц құмы, керамзит, ұнтақталған мрамор) сүзгіш қабаты, ал екіншісі - тірек болушы (гравий, жұмыртас) қабаты, ол керізделген құбыр арқылы сүзілуші сумен бірге ұсақ сүзгіш материалын алып кетуінен сақтауға тағайындалған.

Жедел сүзгіштер арқылы тұндырғыштан өткен су жіберіледі. Суды сүзудің басынан бастап 10-15 минуттан кейін құмның жоғарғы қабатында коагулянттың үлпектерінен сүзгіш қабық құралады, ол қалқымалы заттарды және микроорганизмдерді ұстау процессін жақсартады.

Суды залалсыздандыру

Коагуляциялаудан, тұндырудан және сүзуден кейін бактериялар мен вирустардың бір бөлігі тазалау қондырғылары арқылы өтіп, сүзілген суда болады. Су арқылы ішек инфекцияларының таралу мүмкіндігіне сенімді тосқауыл құрау үшін оны залалсыздандырады.

Залалсыздандырудың реагенттік (хлорлау, озондау) және реагентсіз (ультракүлгін сәулелерімен, ультрадыбыспен т.б.) әдістері қолданылады. Қазіргі уақытта басқа залалсыздандыру әдістеріне қарағанда, суды хлорлау әдісі көптеген техникалық, гигиеналық және экономикалық артықшылықтарына байланысты кеңінен қолданылады.

Суды хлорлау үшін хлордың әртүрлі қоспалары және олардың сумен әрекеттесуінің әрқилы әдістері қолданылады. Негізінен сұйық хлор қолданылады, олар су құбыры станциясына үлкен қысыммен цистерналарда немесе баллондарда жеткізіледі. Ол 15ºС температурада 1,4 тығыздығы қоңыр-жасыл түсті майлы сұйықтық болып келеді. Қысымның төмендеуінде сұйық хлор, суда жақсы еруші газ түріне ауысады. Ауыз судағы қалдық бос хлордың концентрациясы 0,3-0,5мг/л шегінде болуы керек.

Суды залалсыздандырудың басқа әдістері

Суды озондау. Озон бозғыл-күлгін түсті газ. Озонның залалсыздандырушы әсері хлорға қарағанда неғұрлым белсенді келеді. Ол споралық формаларға, патогенді қарапайымдыларға, вирустарға неғұрлым жоғары әсерімен байланысты. Суда кейбір планктондардың, микрооганизмдердің болуымен туындайтын йістер мен дәмдер озонмен толық тотығып, олар мүлдем кетеді. Сондай-ақ, суда фенолды йістер де түзілмейді.

Озондау, оның фитоциндік әсеріне байланысты, судан фитопланктондарды шығарудың тиімді амалы болып табылады.

Мұнаймен және мұнай өнімдерімен ластанған судың белсенді дезодорациясы, әртүрлі генезді фенолдардың ыдырауы жүреді.

Сондай-ақ, озон пестицидтердің, ББЗ (беткейлі белсенді заттар) және канцерогендік заттардың концентрацияларын азайтады. Сонымен, хлорлауға қарағанда суды озондаудың артықшылығы - озон хлорорганикалық сияқты қоспаларды түзбейді, сумен жанасудың аз уақытында (10 мин) судың органолептикалық қасиеттерін неғұрлым тиімді жақсартады. Бірақ, озондау әдісі, озонды алу үшін көп энергияны қажет етуіне және оның өңделген судан тез жоғалуына байланысты оған санитарлық-химиялық бақылауды жүргізу қиындығымен ерекшеленеді.

Суды ультракүлгін сәулесімензалалсыздандыру физикалық (реагентсіз) әдістеріне жатады. Осы әдістің артықшылығы - суда жағымсыз иістер мен дәмдердің болмауы, қызмет көрсетуші адамға және тұрғындарға қауіпті уытты әсерлердің жоқтығы.

Ультракүлгін сәулелер бактерия клеткаларының микроқұрылымын бұзып, оларды жояды.

УК-сәулемен залалсыздандыру судың түсінің жоғары болмауында, яғни УК-сәулелерді жұтушы қалқымалы заттардың болмаған кезде жүргізіледі. Осыған байланысты УК-қондырғылары тек жоғары сапалы жер асты суларын залалсыздандыру үшін қолданылады, мысалы: пластаралық суларда.

Ультрадыбыс. Ультрадыбыс толқындарының бактерицидтік қасиеттері бар. Оның тиімділігі судың түсіне байланысты емес. Ультрадыбыс пен УК-сәулелерімен бірлескен әсері олардың жеке-жеке әсерлерінің нәтижесімен салыстырғанда неғұрлым тиімді болып келеді.

Сирек қолданылатын әдістерге суды күміс йондарымен, йодпен, гамма-сәулелерімен залалсыздандыру жатады. Бұл әдістер жақсы бактерицидтік әсер береді, бірақ олар техникалық және экономикалық себептерінен қолданылмайды.

Суды өңдеудің арнайы әдістері

Шаруашылық-ауыз сумен қамтамасыз ету тәжірибесінде суды өңдеудің әдістерін қолданады. Неғұрлым кең тарағандары суды темірсіздендіру, фторлау, тұщыландыру, дезодорация әдістері.

Студент білуге тиіс:

    • Судан сынама алып, оны лабораторияға жеткізу.

    • Судың органолептикалық, физико–химиялық қасиеттерін анықтау әдістерін.

СУДЫ ТАЛДАУ СХЕМАСЫ

  1. ҚАЖЕТТІ МӘЛІМЕТТЕР:

    • су қоймасының аты, оның мекен – жайы.

    • сынаманы алған жылы, айы, күні, сағаты

    • су қоймасын жергілікті тексерудің нәтижелері, қандай мақсат үшін зерттелетіндігі

  1. ОРГАНОЛЕПТИКАЛЫҚ ҚАСИЕТТЕРІ: иісі, дәмі, түстілігі, лайлылығы, мөлдірлігі (ашық су көздерінде зерттеледі)

  1. ФИЗИКАЛЫҚ ҚАСИЕТТЕРІ: судың температурасы.

  1. СУДЫ ХИМИЯЛЫҚ ЗЕРТТЕУ:

рН реакциясы, нитриттерді, нитраттарды, хлоридтер мен сульфаттарды, темірді, кермектілікті, судың тотығуын, еріген оттегіні,активті қалдық хлордың мөлшерін анықтау

5. Су көздерін санитарлық тексеруге жатады:

а) санитарлық – топографиялық тексерулер

б) су көзінде судың сапасын және оның дебитін анықтау

в) су көзі орналасқан аудандарда халықтың және кейбір жануарлардың бар жоғын қарастыру

ЛАБОРАТОРИЯЛЫҚ ЗЕРТТЕУЛЕР ҮШІН СУДАН СЫНАМА АЛУ ӘДІСТЕРІ.

Толық физико-химиялық зерттеу үшін 5 литр, қысқашаға – 2 л су алынады.

Ауыз су сынамаларын ҚР СТ МЕСТ Р 51593-2003 бойынша сынаманы алады.

Ауыз су құбырларынан физико-химиялық талдауға сынаманы алу.

Жұмыс тәртібі:

1.Суды алмас бұрын кранды ашып, 2-3 мин суды ағызып қояды.

2. Шөлмекті 2 – 3 рет зерттелетін сумен шайып, жоғарғы жағынан 10 – 15 мм бос кеңістіктік қалдырып сумен толтырылады.

3. Сынама алынған соң сынама алу акті толтырылады

4.Сынаманы 2 сағат ішінде жеткізу керек. Егер бұл уақыттың ішінде жеткізу мүмкін болмаса сынамаға консервация жүргізу керек. Консервілеу МЕСТ-ке сәйкес жүргізілуі тиіс. МЕСТ-е әрбір көрсеткішке байланысты консервілеу әдісі көрсетілген. Консервілеу әдісінің бірнеше түрі бар.

Соның бірі 1 литр сынамаға 25 % - тік 2 мл күкірт қышқылын қосады сульфатарды, хлоридтерді, қүрғақ қалдықты анықтау керек болған да су сынамасын консервілемейді.

Ауыз су құбырларынан микробиологиялық талдауға сынаманы алу.

1.Су сынамасын алатын шүмекті күйдіру арқылы залалсыздандыру.

2.Суды 10-15 минут ағызып қояды. Ыдысты тек сынама алар алдында ашады.

3. Шөлмектерді шаюға рұқсат етілмейді, өйткені шөлмектер алдын ала зертханада залалсыздандырылған.

4. Тығынын қағаз қалпағын бірге қол тигізбей суырады. Суды ыдысқа тасымалдаған кезде тығыны суланбайтындай етіп құю керек.

5. Сынаманы контейнер-тоңазытқышта 4-10 градуста 2 сағат ішінде жеткізу керек.

6.Сынаманы 0,5л мөлшерде алады.

7. Сынама алынған соң сынама алу акті толтырылады