Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Су гигиенасы-теория.doc
Скачиваний:
399
Добавлен:
19.03.2016
Размер:
3.88 Mб
Скачать

7. Судың кермектілігін анықтау:

Карбонатты кермектілікті анықтау әдісі.

1. 150 мл колбаға 100 мл зерттелетін суды құяды

2. 2 тамшы метиллоранж қосады

3. Тұз қышқылыныњ 0,1н қалыпты ерітіндісімен қызғылт түске боялғанша титрлейді.

4. Мына формула бойынша анықталады:

А х 0,1 х 1000

Х= -------------------

V

Мұндағы:

Х – карбонаты (жоюға болатын) кермектілік мг/эквивалентті.

А – титрлеуге кеткен 0,1 н тұз қышқылы ерітінділірінің мөлшері

0,1 –тұз қышқылдың титрінің қалыпты жағдайы

V – зерттелетін судың мөлшері

Жалпы кермектілікті анықтау әдісі: 250мл колбаға 100 мл зерттелетін суды қүяды және оған 5 мл аммиак -буфер ерітіндісімен 5-7 тамшы қара хромогенді индикаторды қосады. Сосын трилон Б-ның 0,05 н ерітіндісімен қызыл түсін көк-жасыл түске (күлгін түсті) боялғанша бірте-бірте титрлеп, араластырады. Кермектілік мына формула бойынша анықталады:

а х К х 0,05х 1000

Х= ---------------------

V

мұндағы :

Х – жалпы кермектілік мг/экв)

а – трилон Б ерітіндісінің шығыны, мл

0,05 – трилон Б ерітіндісінің қалыптылығы

К – трилон Б ерітіндісінің түзету коэффиценті (0,95)

V – зерттелетін су көлемі

8. Активті қалдық хлорды анықтау

Реактивтер:

  1. 0,005н ерітіндісі Метилоранж

  2. 5н ерітіндісі тұз қышқылы

0,005н Метилоранж ерітіндісін даярлау: 50г Метилоранж реактивін 1л –га дейінгі өлшеулі қолбада дистилденген суда ерітеды. Осы ерітіндінің 1мл-рі 0,0217мг еркін хлорға сәйкес келеді

5н тұз қышқылының ерітіндісін дайындау: 400мл концентрленген тұз қышқылын олшеулі колбада дистилденген сумен 1л-ге дейін жеткіземіз.

Анализ барысы: Фарфорлы ыдысқа 100мл зерттеулі суды құямыз,оған 5н тұз қышқылының ерітіндісінің 2-3 тамшысын косамыз да ,жылдам араластыра отырып метилоранж ерітіндісімен жойылмайтын қызғылт түс шыкканша титрлейміз,

Есептеу: Х = 0,04+(U х 0,0217) х 1000

V

Мұндағы:

U-0,005н метилоранж ерітіндісінің титірлеуге кеткен мөлшері

V-зерттеу сұрыптаудың мөлшері

0 ,0217-метилоранж ерітіндісінің титрі

0 ,04-эмпиринттік коэфициент

36