Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Су гигиенасы-теория.doc
Скачиваний:
399
Добавлен:
19.03.2016
Размер:
3.88 Mб
Скачать

Қарағанды Мемлекеттік Медицина Университеті.

Тамақтану гигиенасы, жалпы гигиена және экология кафедрасы (жалпы гигиена және экология)

Жалпы гигиена пәні бойынша барлық факультеттердің студенттеріне арналған

Ақпараттық-дидактикалық материал

Тақырыбы: Сумен қамтамасыз ету және су гигиенасы. Судың сапасын нормалау. Орталықтандырылған шаруашылық-ауыз сумен қамтамасыз ету үшін су көзін таңдау.

Орталықтандырылмаған сумен қамтамасыз ету.

Құрастырған: Асқарова С.А.

Қарағанды 2015 ж.

Тақырыбы: Сумен қамтамасыз ету және су гигиенасы. Судың сапасын нормалау. Орталықтандырылған шаруашылық-ауыз сумен қамтамасыз ету үшін су көзін таңдау.

Орталықтандырылмаған сумен қамтамасыз ету.

Студент білуге тиіс:

    • ауыз су сапасына қойылатын гигиеналық талаптарды;

    • судың гигиеналық және эпидемиологиялық маңызын;

    • судың органолептикалық, физико – химиялық қасиеттерін;

  • су құбырында суды тазалау схемасын

  • коагуляция, тұндыру, сүзу туралы түсініктерді

  • суды залалсыздандыру әдістерін

- Санитарлық қорғау аймақтары, олардың тағайындалуы.

4. Сабаққа дайындалуға арналған сұрақтар: Негізгі білім бойынша:

  • Судың физико – химиялық қасиеттеріне сипаттама.

  • Судың органолептикалық көрсеткіштеріне химиялық заттардың концентрациясының әсері.

  • Судың физиологиялық, эпидемиологиялық және санитарлық – гигиеналық маңызы.

  • Су арқылы берілетін инфекциялық және инфекциялық емес ауруларға түсінік.

    • Судың сапасын жақсарту әдістері.

    • Суды бағалау әдістері: тұндыру, коагуляция, сүзу.

    • Тұндыру тиімділігі. Баяу және жылдам сүзгіштердің жұмыс принципі.

    • Суды залалсыздандыру әдістері: физикалық және химиялық.

    • Хлордың бактериоцидтік әсері, қалдық хлордың маңызы.

  • Судың сапасын жақсартудың арнайы әдістері.

Қазақстан Республикасында халықты сумен қамтамасыз етудің қазіргі кездегі мәселелері

Қазақстан Республикасында халықты сапалы сумен қажетті көлемде қамтамасыз ету өзекті мәселе болып отыр. Орташа есеппен республика бойынша су құбыры суымен халықтың - 75,5%, орталықтанбаған су көздері суымен - 20,6% қамтамасыз етілген, ал тұрғындардың қалған бөлігі тасып әкелетін суды және ашық су қоймаларының суын пайдаланады.

Гигиеналық зерттеудің маңызды бағыты болып су факторының тұрғындардың денсаулығына және тіршілігінің санитарлық жағдайына әсерін зерттеу саналады. ҚР медицина қызметінің осы бағытының өзектілігі шөлді климаттық жағдайда тұщы судың тапшылығымен, топырақтың тұздылығымен және ерекше құрамымен туындаған. Кейбір облыстарда орталықтанған сумен қамтамасыз етудің негізгі көздері ретінде сапасы нашар, жер бетінің жоғарғы қабатындағы су қоймалары қолданылады. Өзен суының көлемі бойынша Қазақстан біздің планетамыздың сумен ең аз қамтамасыз етілген елдердінің қатарына жатады. Қазақстанның жер бетінің жоғарғы қабатындағы су қоры орташа есеппен 100,5 км3 құрайды, оның тек 56,5км3 ғана республиканың территориясында құралады, ал қалған көлемі Орталық-Азиялық республикалардан (Сырдарья, Талас), Ресей Федерациясынан (Тобол, Урал) және Қытайдан (Ертіс) түседі. Тұщы сумен оңтүстік облыстар және Шығыс Қазақстан неғұрлым көп қамтамасыз етілген, олар негізінен жер асты суларын пайдаланады, ал Орталық Қазақстанда судың тапшылығы байқалады. Батыс Қазақстанның жер асты суларының көпшілігі жоғары минералданғандықтан оларды шаруашылық-ауыз су қажетіне тек тұщыландырудан кейін ғана қолдануға болады. Солтүстік Қазақстан жер асты суларымен қамтамасыз етілуі бойынша қолайсыз жағдайда, тек кейбір елді мекендер жер асты суларымен толық қамтамасыз етілген.

Алматы қаласын шаруашылық-ауыз сумен қамтамасыз етуде 2/3 жер асты суларын пайдаланады, ал 1/3 – Алматинка өзенінен. Сонымен, республиканың бір қатар аудандарын сумен қамтамасыз ету әлі де маңызды мәселе болып отыр.

СУДЫҢ ФИЗИОЛОГИЯЛЫҚ, ГИГИЕНАЛЫҚ, ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ МАҢЫЗЫ. СУДЫ ТҰТЫНУ НОРМАТИВТЕРІ

Адам денесінің 65% судан тұрады. Суды 10% дейін жоғалтса ағзада әлсіздік, мазасыздық, қол-аяқтардың дірілдеуі байқалады. Жануарларға жүргізілген сынақтарда суды 20-22% жоғалту оларды өлім жағдайына әкелетіні дәлелденген. Осының бәрі ағзада қан жасау, ас қорыту, несеп бөлу, синтездік процесстер және барлық зат алмасу реакциялары тек су ортасында өтетіндігімен түсіндіріледі.

Қалыпты қоңыржай климаттық жағдайда денеге күш түспеген кезде адам тәулігіне 1,5 л су жоғалтады (яғни сонша тұтынады). Су тұтыну деңгейіне табиғи (ауаның температурасы және ылғалдылығы, инсоляция, жел) және әлеуметтік (еңбек жағдайлары) факторлар әсер етеді. Қоңыржай климаттық жағдайда орташа ауырлықтағы физикалық жұмыс кезінде тәулігіне 4 литр су, ал ыстық климаттық жағдайда осындай жұмысты орындауда тәулігіне – 5л су қажет. Ерекше жағдайларда (шөлді жер аймағында немесе ыстық цехтарда жұмыс істеуде) адамның суға қажеттілігі тәулігіне 11л дейін жетуі мүмкін. Бірақ, судың гигиеналық маңызы оның физиологиялық рөлімен ғана шектелмейеді. Су тұрғындардың санитарлық және шаруашылық-тұрмыстық қажеттеріне өте көп мөлшерде қажет. Суды жеткілікті мөлшерде қолдану гигиеналық машықтарды дамытуына ықпал етеді (өзінің денесін, тұрмыстық бұйымдарды таза ұстауына т.б.).

Емдеу- алдын алу мекемелерінің санитарлық жағдайы суды қолдану мөлшеріне тікелей байланысты болады. Дұрыс ұйымдастырылған орталықтанған сумен қамтамасыз ету аурухана ішілік жұқпалардың алдын алуының маңызды шарты болып келеді.

Тәулігіне бір адамға қажетті судың көлемі осы жергілікті жердің климатына, тұрғындардың мәдени деңгейіне, қаланың көркейтілу дәрежесіне және тұрғын фондысына байланысты. Осының негізінде ҚНжЕ нормативтік құжатта бекітілген, онда бір адамға келетін шаруашылық-ауыз суды тұтыну мөлшерлері белгіленген (1 кесте).

1 кесте

Елді мекендер үшін шаруашылық-ауыз суды қолданудың қалыпты мөлшері

Тұрғын аудандардың көркейтілу дәрежесі

Бір адамға орташа тәуліктік суды бір жылға тұтыну мөлшері, л/тәулік

Ішкі су құбырымен және канализациямен жабдықталған, бірақ ваннасы жоқ ғимараттар үшін

125-160

Сондай, бірақ ваннасы және жергілікті су жылытқышы бар ғимараттар үшін

160-230

Сондай, бірақ орталықтанған ыстық сумен қамтамасыз етілген ғимараттар үшін

250-350

Ауыз судың сапасына қойылатын маңызды талаптардың бірі болып оның эпидемиологиялық түрғыдан қауіпсіздігі саналады, ол жалпы бактериялдық ластану дәрежесімен, ішек таяқшасы тобындағы бактериялардың және колифагтардың болуымен анықталады.

ДЖДҰ мәліметтері боынша, ауыз су сапасының төмен болуынан жыл сайын әлемде 5 млн адам қаза болады, олардың ішінде 3,2 млн балалар - диареялық аурулардан. Санитарлық-эпидемиологиялық салауаттықты сипаттаушы маңызды факторлардың қатарына халықты сапалы сумен қамтамасыз ету жатады. Орталықтанған сумен қамтамасызету тұрғындардың санитарлық-мәдени деңгейінің күрт көтерілуіне және, сонымен қатар аурудың азаюына мүмкіндік береді. Жұқпалы аурулардың таралуындағы су факторының рөлі көне ежелден белгілі. Тіпті, өз уақытында Гиппократ аурулар жұғуының алдын алу үшін қайнатылған суды ішу керектігін ұсынған. Ішек жұқпаларының эпидемиологиясындағы су факторының орасаң маңызы франция ғалымы Л. Пастермен дәлелденген, ол суда болатын адам үшін қауіпті микробтардың көптеген санын анықтаған, ал неміс ғалымы Р. Кох Индияда суды сақтау резервуарларында тырысқақ вибрионын тапқан.

Су қоймаларына ластар өзен кемелерінен, өзеннің жағаларынан, кір жууда, мал суаруда, жауын немесе қардың еру кезеңдерінде топырақтың бетінен түсуі мүмкін.

Грунт суларының ластануы, топырақ арқылы жер асты су горизонтына құдықта жақын жерде орналасқан әжетханалардағы, ластарды төгу шұңқырларындағы ластардың өтуінде жүреді.

Жер асты және жердің беткергі қабатындағы су көздерінің микробтық ластануы оларға тазаланбаған немесе нашар тазаланған тұрмыстық және өнеркәсіптік қалдық суларды ағызуда, өзімен бірге улы химикаттарды және тыңайтқыштарды әкелуші ауыл шаруашылық аймақтарынан ағатын жердің беткі қабаты суларының, ірі мал шаруашылық кешендерінің қалдық суларының түсуінде жүреді.

Жұқпалардың су арқылы таралуының үлкен эпидемиологиялық маңызы бар. Су көптеген микробтар, вирустар, қарапайымдылар, гельминттер үшін қолайлы орта болып келеді. Су жолымен ішек жұқпаларының (тырысқақ, іш сүзегі, паратифтер, бактериялық және амёбалық дизентерия), зооноздық жұқпалардың (лептоспироздар, туляремия, бруцеллёз, Ку-қызбасы) және вирустық аурулардың (Боткин ауруы, полиомиелит, Коксаки А, В, ЕСНО, аденовирустар, ротавирустар) қоздырғыштары, сондай-ақ аскаридоз, трихоцефалез, анкилостомидоз, шистосомоз ауруларын тудырушы гельминттер және т.б. таралады.

Науқастардың және бактерия тасушылардың нәжістерімен бірге шығарылатын жұқпалы ауру қоздырғыштарының су қоймаларына түсуінің үлкен маңызы бар. Үлкен эпидемиологиялық қауіпті жұқпалы ауруханалардың, сондай-ақ балалар мекемелерінің қалдық сулары тудырады. Жедел ішек ауруларының қоздырғыштары жердің беткергі қабатындағы су қоймаларында және құдық суларында бірнеше айлап тіршілігін сақтай алады. Сондықтан, жұқпалы аурулардың алдын алу үшін тұрғындарды сапалы ауыз сумен және қажетті көлемде қамтамасыз ету қажет.

АУЫЗ СУДЫҢ ФИЗИКАЛЫҚ-ХИМИЯЛЫҚ ҚАСИЕТТЕРІНІҢ ЖӘНЕ ОНЫҢ ТҰРҒЫНДАРДЫҢ ДЕНСАУЛЫҒЫНА ӘСЕРІНІҢ ГИГИЕНАЛЫҚ МАҢЫЗЫ

Судың еріткіштік қасиеті зор болғандықтан, оның құрамында ондаған мың химиялық заттар болуы мүмкін. Барлық тірі ағзалардың 99%, табиғатта неғұрлым кең тараған 12 элементтерден тұрады (сутегі, оттегі, азот, көміртегі, фосфор, кремний, натрий, калий, кальций, магний, хлор және күкірт). Ал қалған бөлігі сирек кездесетін элементтердің (микроэлементтердің) үлесіне келеді. Ағзада олардың шамамен 70 анықталған. Микроэлементтер деп - ағзада өте аз мөлшерде, 10-3-10-12 % шамасында ғана болатын химиялық заттар тобын атайды.

Микроэлементтердің жер қыртысындағы мөлшері ондаған-жүздеген есе өзгеше болуы мүмкін, ол эндемиялық аурулардың пайда болуына келтіреді. Суда фтордың шамадан артық мөлшерде болуында флюороз ауруы - тістердің дақтануының дамуына, соңынан олардың үгітілуіне келтіреді. Суда фтордың аз шамада болуында тістердің кариесін, және де ағзаның өсуінің баяулануын тудырады.

Сонымен, басқа да өлкелік патология – эндемиялық зоб жақсы мәлім, оның дамуы қоршаған ортада йодтың жетіспеушілігімен байланысты. Эндемиялық зобтың дамуына басқа микроэлементтердің үлкен тобы (марганец, мыс, темір, кобальт т.б.) әсерін тигізеді, осылардың дисбалансы йодтың жетіспеушілігін ұлғайтады.

Ауыз суда нитраттардың көп шамада болуы құрамында азот бар минералдық тыңайтқыштарды көп қолдануымен байланысты, ауыз судағы нитраттардың спецификалық әсері болып гипоксияға келтіруші метгемоглобинемияның дамуы саналады. Ол құрамында нитраттары қөп суда дайындаған нәрлі қоспалармен бір жасқа дейінгі балаларды жасанды тамақтандыруда дамиды және ерекше ауыр өтеді. Бұл ауру қанда метгемоглобиннің жоғары шамада болуымен туындап, өкпелерден ағзанаң тіндеріне оттегінің тасымалдануын бұзады. Бір жасқа дейінгі балаларда су-нитраттық метгемоглобинемия жағдайында диспепсия, ентігу, тері мен шырышты қабықтардың көгеруі (цианоз) байқалады, ал ауыр жағдайларда – дененің, қол-аяқтардың тартылуына және өлімге келтіреді. Жасы үлкен балаларда және ересектерде, әсіресе анемия немесе жүрек ауруларымен зардап шегуші адамдарда нитраты көп суды ішуде гипоксия құбылысы арта түседі.

Судың минералдануымен, оның кермектігімен және жүрек-тамыр, жүйке жүйесі ауруларының арасындағы тығыз байланысы анықталған. Бұл ауруларды аз минералданған суларда магний мен кальцийдің тапшылығымен байланыстырып отыр. Магний жүрек бұлшық етінің жиырылуына, бұлшық еттің ферментативтік процесстерін реттеуге қажет. Кальцийдің жетіспеушілігі су , тұз алмасуының, ақуыз алмасуының, бауыр қызметінің бұзылуын тудырады.

Судың кермектілігі жоғары болғанда тұрғындардың арасында зәр бөлу жолдарының және өт жолдарының тас аурулары көп кездесетін эндемиялық аудандар пайда болады. Бұл аудандарда әйелдерің бала көтеру қызметінің бұзылуы, жүктіліктің және босанудың бұзылыстары, ұрықтың және нәрестенің даму бұзылыстары байқалады. Гинекологиялық аурулар осындай суды түтыну ұзақтығына тікелей байланысты болады.

Мыс қанның бірқатар тотықтырушы ферменттерінің белсенділігін, бауырда және бүйректерде ақуыздың, липидтердің және көмірсулардың алмасуын бұзады. Салыстырмалы шамалы мөлшердің өзінде де мыстың эмбриотоксиндік, әсіресе ұрық дамуының алғашқы кезеңдерінде маңызды әсер беру қабілеті бар.

Мырыштың шамадан артық түсуі шеткергі қанның морфологиялық құрамының, бауырдың антитоксиндік қызметінің бұзылуына келтіреді.

Марганец эндокриндік жүйеге, қан айналым жүйесіне және қанжасау мүшелеріне кері әсерін тигізеді. Марганецтің ағзаға шамадан артық түсуі оның өсу процессін біршама тежейді, бірқатар ферменттердің белсендігін өзгертеді. Суда салыстырмалы шамалы концентрацияда оның репродуктивтік қызметіне әсері байқалады.

Адам үшін қорғасын және сынап сияқты жоғары уытты элементтердің маңызы зор, олардың қоршаған ортадағы концентрациясы ұдайы өсе түсуде. Қорғасынның негізгі ластаушы көздері болып өнеркәсіптер және автокөліктер саналады. Судағы қорғасынның жоғары концентрациясы ағзаның өсуін, шартты-рефлекторлық қызметін бұзады, бірқатар ферменттердің белсендігін жоғарылатады. Анемия пайда болады, жүйкелік ауытқулар байқалады.

Су қоймаларының сынаппен ластануы сынап өндіруші кәсіпорындарынан және өнеркәсіптік нысандардан жүреді. Сынаптық жүктеме жоғары болған адамдарда Минамат ауруы дамиды, бұл ауру алғашқы рет Жапонияда балықшыларда анықталған. Ол өкпелер мен ас қорыту мүшелерінің ойық жара-некроздық аурулардың өріс алуымен, эндокриндік және психикалық ауытқулармен байқалады. Осыған сәйкес сынаптың жердің беткергі қабатының су қоймаларына түсуі неғұрлым қауіпті келеді, бұл қауіпті жағдай Теміртау қаласында «Карбид» АҚ қалдық суларының Нұра өзеніне түсуінде орын алды.

Кадмий адам ағзасына ұзақ әсер етуінде Итай-Итай ауруын тудырады. Мұнда жоғарғы тыныс жолдары, өкпелер, бауыр, бүйректер зақымдалады. Нәрестелерде сүйек қаңқасының өзгеруі, бет әлпеті құрылымының ауытқулары т .б. байқалады.

Сумен канцерогендік қасиеттері бар қауіпті полихлорлы бифенилдердің шамадан артық түсуі, 1968 ж алғашқы рет Жапонияда ашылған майлы ауруының (ЮШО ауруы) дамуына келтіреді.

АУЫЗ СУДЫҢ САПАСЫНА ҚОЙЫЛАТЫН ГИГИЕНАЛЫҚ ТАЛАПТАР ЖӘНЕ ОНЫ ГИГИЕНАЛЫҚ ТҰРҒЫДАН БАҒАЛАУ

Судың сапасын бағалау суды пайдалану түрінен қарап жүргізіледі. Тәжірибелік көзқарастан, оларға қойылатын жеке талаптарына сәйкес, суды пайдаланудың келесі түрлерін ажыратады: орталықтанған сумен қамтамасыздандырудағы ауыз суы үшін, орталықтанбаған (жергілікті) сумен қамтамасыздандырудағы (құдықтардың, бұлақтардың) ауыз суы үшін.

Тұрғындардың шаруашылық-ауыз су қажетіне пайдаланылатын су келесі гигиеналық талаптарға сәйкес келуі қажет:

  1. органолептикалық қасиеттері жағымды, мөлдір, түссіз болуы және суға тән емес ешқандай бөгде дәм мен иістің болмауы;

  2. адам ағзасына зиянды әсерлерді беру қабілеті бар тұздар мен уытты заттардың шамадан артық мөлшерде болмауы;

  3. патогенді қоздырғыштардың, гельминттердің жұмыртқалары және личинкаларының болмауы.

Орталықтанған сумен қамтамасыздандыру жүйесіндегі ауыз судың сапасына қойылатын талаптар санитарлық ережелер нормативті құжатында берілген. Осы стандартқа сәйкес ауыз су эпидемиологялық және радиациялық тұрғыдан қауіпсіз, химиялық құрамы бойынша зиянсыз және жағымды органолептикалық қасиеттері болуы керек. Судың эпидемиологялық тұрғыдан қауіпсіздігі оның № 2 кестеде берілген микробиологиялық көрсеткіштеріне сәйкестігімен анықталады. Қазіргі уақытта жердің беткі қабатындағы су көздерін пайдаланушы су құбырының су тарату желісіндегі судың вирустармен ластануын бағалау үшін колифагтарды анықтау қабылданған. Олардың көрсеткіші болып 100 мл судағы түйін құраушы бірліктердің (ТҚБ) саны қабылданған. Олар ауыз суда болмауы қажет. Ауыз суда патогенді микроорганизмдер және гельминттер мүлдем болмауы тиісті. Олардың болуы сумен қамтамасыздандыру жүйесінде маңызды ақаулардың барын және ауыз су құбырының канализация коллекторымен немесе өнеркәсптік су жүйесімен тікелей байланысының барын көрсетеді. і.

Ауыз судың химиялық құрамы бойынша зиянсыздығы ауыз суда кездесетін уытты заттардың топтарын зертханалық зерттеулермен анықтайды. Табиғи суларда неғұрлым жиі кездесетін химиялық заттардың концентрациялары № 3 кестеде келтірілген нормативтерден (ШРЕК) аспауы керек. Ауыз судың радиациялық тұрғыдан қауіпсіздігі оның жалпы α- және β белсенділігінің нормативтік көрсеткіштеріне сәйкестігімен анықталады (№ 4 кесте).

Судың жағымды органолептикалық қасиеттері суды ішуде тікелей физиологиялық сезу қарқындылығы бойынша нормаланады (йісі, дәмі, түсі, лайлығы т.б.). Олардың негізгілері № 5 кестеде берілген.

Ауыз судың сапасына бақылау сумен қамтамасыздандыру жүйесін пайдаланушы ұйымның арнайы зертханаларымен (өндірістік бақылау) және аймақтық санитарлық-эпидемиологиялық ұйымдарымен жүргізіледі.

2 кесте Ауыз судың сапасының микробиологиялық және паразитологиялық көрсеткіштері

Көрсеткіштері

Өлшем бірліктері

Нормативтері

Жалпы микробтық саны

1 мл судағы бактерия колонияларының саны

50 аспауы керек

Жалпы колиформды бактериялар

100 мл судағы бактериялардың саны

Болмауы керек

Термотолерантты колиформды бактериялар

100 мл судағы бактериялардың саны

Болмауы керек

Колифагтар

100 мл судағы бляшка құраушы бірліктердің (БҚБ) саны

Болмауы керек

Спора құраушы сульфитредуцирлеуші клостридиялар

20 мл судағы споралардың саны

Болмауы керек

Лямблия цисталары

50л судағы цисталардың саны

Болмауы керек

3 кесте - Химиялық заттардың жалпылама көрсеткіштері

Көрсеткіштері

Өлшем бірліктері

Нормативтері (шектеліп рұқсат етілген концентрациялары-ШРЕК), аспауы керек.

Зияндылық көрсеткіші

Қауіптік классы

1

2

3

4

5

Жалпылама көрсеткіштері

Сутегі көрсеткіші

рН

6-9 шегінде

Жалпы

Минералдануы

(құрғақ қалдығы)

мг/л

1000 (1500)

Жалпы кермектігі

мг-экв./л

7,0 (10)

Перманганатты

тотығуы

мг/л

5,0

Мұнай өнімдері,

Жиынтықты, мг/л

0,1

Беткейлі белсенді заттар

(ББЗ), анионды-белсенді.

мг/л

0,5.

Фенол индексі

мг/л

0,25

Бейорганикалық заттар.

Алюминий (А1 3+)

мг/л

0,5

с.-т.

2

Барий(Ва 2+)

мг/л

0,1

с.-т.

2

Бериллий (Ве 2+)

мг/л

0,0002

с.-т.

1

Бор (В, суммарлық)

мг/л

0,5

с.-т.

2

Темір (Fе, суммарлық)

мг/л

0,3 (1,0)

орг.

3

Кадмий (Сd, суммарлық)

мг/л

0,001

с.-т.

1

Марганец (Мп, суммарлық)

мг/л.

0,1 (0,5)

орг.

3

Мыс (Сu, суммарлық)

мг/л

1,0

орг.

3

Молибден (Мо, суммарлық)

мг/л

0,25

с.-т.

2

Мышьяк (Аs, суммарлық)

мг/л

0,05

с.-т.

2

Никель (Ni суммарлық)

мг/л

0,1

с.-т.

3

Нитраттар (NО3 бойынша)

мг/л

45

с.-т.

3

Сынап (Нg, суммарлық)

мг/л

0,0005

с.-т.

1

Қорғасын (Рb, суммарлық)

мг/л

0,03

с.-т.

2

Селен (Sе, суммарлық)

мг/л

0,01

с.-т.

2

Стронций (Sr 2+)

мг/л

7,0

с.-т.

2

Сульфаттар (SО4)

мг/л

500

орг.

4

Фторидтер (F), климаттық аудандар үшін:

I и II

мг/л

1,5

с.-т.

2

III

мг/л

1,2

с.-т.

2

Хлоридтер (СL-)

мг/л

350

орг.

4

Хром (Сr 6+)

мг/л

0,05

с.-т.

3

Цианидтер (СN-)

мг/л

0,035 .

с.-т

2

Мырыш(Zn 2+)

мг/л

5,0

орг.

3

Органикалық заттар:

γ-ГХЦГ(линдан)

мг/л

0,002

с.-т

1

ДДТ (изомерлер қорытындысы)

мг/л

0,002

с.-т.

2

2,4-Д

мг/л

0,03

с.-т.

2