Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Су гигиенасы-теория.doc
Скачиваний:
399
Добавлен:
19.03.2016
Размер:
3.88 Mб
Скачать

2 Сурет. Жер асты су көздерінен суды алушы су құбырының бас қондырғыларының жобасы

1-скважина; 2-бірінші көтергіш насос станциясы; 3-резервуар; 4- екінші көтергіш насос станциясы; 5-су тегеурін мұнарасы; 6-су тарату желісі

3 Сурет. Жер беткі су көздерінен суды алушы су құбырының бас қондырғыларының жобасы

1-су қоймасы; 2-су көзінен суды алу қондырғысы; 3-жағалаулық құдық; 4-бірінші көтергіш насос станциясы; 5-тазалау қондырғылары; а-хлорлы әктің және коагулянт ерітіндісін беру қондырғысы, б-араластырғыш, в- реакция камерасы, г-вертикальды тұндырғыш, д-сүзгіш; 6-таза су резервуары;

7-екінші көтергіш насос станциясы; 8-су тегеурін мұнарасы

Су қүбыры қондырғыларының құрылымы мен құрамы пайдаланушы су көзінің сипатына, оны тазалаудың қажетті әдістердің жиынтығын белгілейтін ондағы судың сапасына, тұрғындардың санына және елді мекеннің көркейтілу дәрежесіне өте байланысты келеді.

Жер асты су көздерінен су бұрғылау скважиналары (құбырлы құдықтар) немесе шахтылы құдықтар арқылы алынды. Бұрғылау скважиналары, суды алуы ұйғарылып отырған су горизонтына дейін жер қыртысы қабаты арқылы өтетін, вертикальды цилиндр түрдегі құбыр болып келеді. Суды алу үшін скважиналарды бұрғылаудың негізгі әдістері – соққылау (колонкалық) және айналдырып бұрғылау (роторлық) әдістері. Соққылау арқылы әдісінде жер қыртысын бұзу забойдың ішінде долотоның соққыларымен жүргізіледі, ал бұзылған порода көтеру арқылы жоғары шығарылады. Роторлық бұрғылауда жер қыртысын бұзу забойда айналып тұрушы снарядтармен жүргізіледі де, бұзылған порода – сазды ерітіндінің қысымымен шығарылады. Ерітіндіні дайындау дезинфекциялау және серпінділігін жоғарылату үшін құрамында хлоры бар заттар қосу арқылы жүргізіледі.

Скважиналардың іргелері бұзылып құлауынан сақтау және жоғары орналасқан су горизонттарынан оқшаулау үшін бекіткіш (обсадная) деп аталатын құбырлардың колонналарымен бекітіледі (әдетте, болаттан жасалған). Суды көтеруші скважинаның схемасы 4 суретте көрсетілген.

4 Сурет. Артезиандық скважина құрылымының жобасы

1-су өткізбеуші пласт; 2-суды сіңіруші пласт; 3-бекітуші құбырлардың колонналары; 4-құбырлар араларындағы кеңістікті оқшаулаушы цемент қабаты; 5-сүзгіштің жұмыс бөлігі; 6-тұндырғыш.

Скважинада суды қабылдаушы діңгегі (ствол) және скважинаның басы (оголовок) арқылы су құбырымен қосушы жер бетіне шығатын жоғарғы бөлігі - саға (устье) бар. Қатып қалудан сақтау үшін скважинаның сағасы арнайы жер асты шахтасында орналастырылады. Ол скважинаның басымен герметикалық қосылуы және қарауға қол жетерлік болуы керек. Скважинаны шахта ішінде орналастыруда, шахтаны топырақтық судың түсуінен қорғау үшін, оның жоғарғы бөлігінің айналасы бетондалып, герметикалық қақпағы болуы керек. Кондуктор деп аталатын, бекіткіш құбырлардың сыртқы (жоғарғы) колоннасы скважинаның саға бөлігінің жуылып-шайылуынан және бұзылуынан қорғауға тағайындалған. Ол жер бетінен ең бірінші орналасқан су горизонтының деңгейіне дейін түсіріледі. Диаметрі төмен келетін, бекіткіш құбырлардың екінші колоннасы жоғары орналасқан су горизонты арқылы өтіп, жер қыртысының су өткізбеуші қабатының ішіне еңгізіледі (фрезерацияланады). Су горизонты терең жатуында скважина бекіткіш құбырлардың бірнеше колонналарымен өтеді. Құбыраралық кеңістіктер цемент ерітіндісімен құйылады.

Егер скважина роторлық әдіспен бұрғыланса скважинаның діңгегі ең аз қолданылатын су горизонтының породасына дейін түсіріліп, құбырлардың бір колоннасымен бекітіледі.

Скважинаны бұрғылауды аяқтағаннан кейін, құрылыстық деп аталатын, суды ағызып жіберу жүмыстары жүргізіледі. Суды ағызып жіберу ұзақтығы жергіліктің гидрогеологиялық жағдайларға байланысты бірнеше тәуліктен бір айға дейін жетеді. Мұнда бекіткіш құбырлар темірден, саздан және бұрғылау жұмыстарын жүргізуде енген ластардан тазартылады.

Шахталық құдық жерге вертикалды қазылған шахта болып келеді, оның төменгі бөлігі грунт сулары горизонтына дейін жетеді, ал іргелері су өткізбейтіндей етіп жабдықталады. Шахтаның кесімі шамамен 1м², тереңдігі 30-40м, сирегірек - 50м болады (5 сурет).