Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Су гигиенасы-теория.doc
Скачиваний:
399
Добавлен:
19.03.2016
Размер:
3.88 Mб
Скачать

5 Сурет. Шахты құдығы

1,2-су өткізбеуші қабаттар; 3-сазды құлып; 4-бас су; 5-грунт суы;

6-отмостка; 7-насос.

Құдықты орналастыру орны санитарлық ережелер нормативті құжатына сәйкес грунт суларының ағу бағыты бойынша ластаушы көздерден жоғары және құдықтан әрі жауын суларының жеңіл ағып кетуі үшін біршама қыратты жерде таңдап алынады. Құдықтар мал қораларынан, ластарды жинау орындарынан, әжетханалардан ең кемінде 50м қашықтықта орналасуы қажет. Құдықты пайдалану радиусы 150м аспауы керек. Құдықтың іргелері ағаш бөренелермен немесе бетонмен бекітіледі, оның жоғарғы бөлігі жер бетінен шамамен 1м (80 см кем емес) жоғары шығарылып, қақпақпен жабдықталуы керек. Құдықтың түбіне қалыңдығы 30см жұмыртастарды төсейді. Құдықтың айналасында тереңдігі 1,5-2м және ені 1м саздан жасалған «құлып» орнатылады. Оның жан-жағы судың ағып кетуі үшін асфальттанады немесе бетондалады. Құдықтың айналасы 3-5м радиуста, көліктің келуін шектеу үшін қоршалады. Құдықтан суды көтерудің ең дұрыс әдісі болып насосты орнату саналады. Оны орнату мүмкіндігі болмағанда, шынжырмен жалпы қауымдық шелек бекітілген бұрап көтеру қондырғысы орнатылады. Үйден әкелінген жеке шелектерді қолдануға рұқсат етілмейді, себебі құдықтағы судың ластану және залалдану қауіпі өте жоғары.

Сумен қамтамасыз ету көздері әртүрлі табиғи және антропогендік факторлардың тұрақты әсерінде болады. Оларға метеорологиялық құбылыстар, жер асты және жер беткі суларының құралу жағдайлары, адамның шаруашылық және тұрмыстық істері әсерлерін тигізеді. Шаруашылық-ауыз сумен қамтамасыз ететін көздегі судың сапасын нашарлатушы факторлардың сирек, мезгілдік немесе тұрақты әсерлерінің алдын алу мақсатымен санитарлық қорғау аймақтары ұйымдастырылады.

САНИТАРЛЫҚ ҚОРҒАУ АЙМАҚТАРЫ

Шаруашылық-ауыз сумен қамтамасыз ететін су көздерінің санитарлық қорғау аймағы (СҚА) деп су көзін және одан суды алу қондырғыларын ластардан қорғауға тағайындалған арнайы бөлінген территорияны түсіну керек. Осы аймақта су көзінен суды алу орнындағы су сапасының ластану мүмкіндігін болдырмау мақсатымен ерекше тәртіп орнатылады. Санитарлық ережелер нормативті құжатқа сәйкес СҚА үш белдеуден тұруы қажет:

1. бірінші белдеуі (қатаң режимді аймағы), оған су құбырының суды алу орны орналасқан территория кіруі керек, ол суды алу орнын және суды алу қондырғыларын ластардан және зақымдануынан қорғау үшін тағайындалған;

2. екінші және үшінші белдеулері (шектеу аймақтары), оларға шаруашылық-ауыз сумен қамтамасыз ететін су көздеріндегі судың микробиологиялық және химиялық ластануын алдын алуға тағайындалған территория кіруі қажет. Су көздерінің және су құбыры құрылымдарының СҚА үш белдеулерінің әрқайсысында, олардың тағайындалуына сәйкес арнайы тәртіп орнатылып, судың сапасының нашарлануының алдын алуға бағытталған шаралар кешені белгіленуі қажет.

Сумен қамтамасыз ететін жер асты су көздеріне СҚА орнатуына қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптары

Сумен қамтамасыз ететін жер асты су көздерінің СҚА бірінші белдеуінің шекаралары су алу орнынан қорғалған жер асты сулары үшін 30м (пластаралық қысымды сулар), ал жеткіліксіз қорғалған жер асты сулары үшін 50м радиуста белгіленуі керек (пластаралық қысымсыз жер асты сулары).

Сумен қамтамасыз ететін жер беткі су көздеріне СҚА орнатуына қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптары

Шаруашылық-ауыз сумен қамтамасыз ететін жер беткі су көздерінің СҚА бірінші белдеуінің шекаралары келесі шектерде белгіленеді:

1. Ағынды сулар (өзендер, каналдар) үшін – ағысы бойынша жоғары – су алу орнынан ең кемінде 200м, ағысы бойынша төмен - су алу орнынан ең кемінде 100м, су алу орнына жақын жатқан жағалауынан - жазғы-күзгі мезгілдерде судың шетінен ең кемінде 100м. Су алу орнына қарама-қарсы жатқан жағалау бағыты бойынша, өзеннің немесе арнаның ені 100м аспайтын болса – барлық акватория және қарама-қарсы жағалауы бойынша – 50м, ал өзеннің немесе арнаның ені 100м асатын болса – су алу орнынан акватория бойынша ең кемінде 100м алынуы керек (6 сурет).