Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Земельное право РК.docx
Скачиваний:
196
Добавлен:
08.03.2016
Размер:
169.15 Кб
Скачать

17.Елді мекен жерлер түсінігі. Елді мекендер жерлерінің шекарасын белгілеу және өзгерту негіздері.

Елді мекен д/з- республика аумағының халық жинақы орналасқан, кемінде 50 адамы бар, азам/ң шаруашылық ж/е басқа қоғ/қ қызметі нәтижесінде қалыптасқан, заңда белгіленген тәртіпте есепке алынған ж/е тіркелген, жергілікті өкілді ж/е атқарушы органдар басқаратын бір бөлігі. Елді мекен белгілері: 1) міндетті түрде ресми тіркелуі тиіс. 2) тұрақты түрде тұратын адам/ң саны 50-ден кем болмауы тиіс. ҚР/да елді-мекендер қалалық ж/е селолық елді мекен/ге бөлінеді. Қалалық елді-мекен/ге респ/қ, обл/қ ж/е аудандық маңыздағы қалалар, сондай-ақ олардың әкімш. бағыныстылығының аум/ғы поселкелер; село/ға- олардың әкімш. бағыныстылығына қарамастан қалған барлық елді мекендер жатады. Халқының саны 400 мың адамнан асатын обл/қ маңызы бар қаладағы, респ/қ маңызы бар қаладағы, астанадағы аудан қаладағы аудан б.т.

Қалаларды, кенттердi, ауылдарды, селолар мен басқа да қоныстарды дамыту үшiн берiлген жер учаскелерi елдi мекендер жерiнiң санатына жатады. Елдi мекендердiң жерi өзге әкiмшiлiк-аумақтық құрылымдардың жерiнен қаланың шегi, кенттiң шегi, ауылдық (селолық) елдi мекеннiң шегi арқылы шектеледi. Қызметтікмақсаттағы объектілер б.т/н жалғыз үй/р, фермалар, қоныстар әкімш. не аум/қ тұрғыдан бай/ты елді мекендер құрамында есепке алынады. Қала/ң, кент/ң не ауыл/ң құрамына енгізілген ж/е олардың бір бөлігіне айналған елді мекен/р, сондай-ақ тұрғын/ң бәрі кетіп қалған не қоныс аударған қоныс/р дербес әкімш.-аум/қ бірліктер мәртебесінен айырылады ж/е есепті дерек/ден шығарылады. Елдi мекендер жерiнiң құрамына: 1) құрылыстар алып жатқан әрi көп пәтерлi және көп қабатты тұрғын үйлер, үй iргесiндегi жер учаскелерi бар жеке тұрғын үйлер салуға арналған тұрғын жай салатын жер; 3) өнеркәсiп, коммуналдық және олардың жұмыс iстеуiн қамтамасыз ететiн қойма объектiлерi, инженерлiк және көлiк инфрақұрылымы объектiлерi салынған және соларды орналастыруға арналған, сондай-ақ осы объектiлердiң санитарлық-қорғау аймақтарын белгiлеуге арналған өндiрiстiк құрылыс салатын жер; 4) темiр жол, автомобиль, өзен, теңiз, әуе және құбыр тасымалы жолдары, инженерлiк инфрақұрылым мен байланыс магистральдары өтетiн және соларды салуға арналған көлiк, байланыс, инженерлiк коммуникациялар жерi; 5) ерекше қорғалатын табиғи аумақтар, сауықтыру, рекреациялық және тарихи-мәдени мақсаттағы жер; 6) өзендер, табиғи және жасанды су айдындары мен акваториялар, су қорғау аймақтары, гидротехникалық және басқа да су шаруашылығы құрылыстары орналасқан су айдындары мен акваториялар жерi; 7) ауыл шаруашылығына пайдаланылатын жер; 9) қала құрылысы қызметiне тартылмаған, елдi мекендi аумақтық тұрғыдан дамытуға және өзiндiк үй (қосалқы) шаруашылығын дамытуға арналған резервтегi және өзге де жер; 11) қорғаныс қажеттерi үшiн берiлген және өзге де пайдалану режимiндегi жер кiруi мүмкiн. Жер учаскелерiн елдi мекендер жерiндегi ортақ пайдаланудағы жерлерге жатқызуды, сондай-ақ олардың нысаналы мақсатының өзгеруiне байланысты ортақ пайдаланудағы жердiң құрамынан шығаруды өз құзыретiне сәйкес жергiлiктi атқарушы органдар жүзеге асырады.

Елдi мекендердiң шекарасын (шегiн) белгiлеу мен өзгерту жерге орналастырудың, сәулет және қала құрылысының тиiстi органдары бiрлесiп жасаған ұсыныс бойынша белгiленген тәртiппен бекiтiлген қала құрылысы құжаттамасы негiзiнде жүргiзiледi. Республикалық маңызы бар қалалар мен Қазақстан Республикасы астанасының шекарасын (шегiн) Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң ұсынуымен Қазақстан Республикасының Президентi белгiлейдi және өзгертедi. Облыстық маңызы бар қалалардың шекарасы (шегi) Қазақстан Республикасы Үкiметiмен келiсiм бойынша облыстық өкiлдi және атқарушы органдардың бiрлескен шешiмiмен белгiленедi және өзгертiледi. Аудандық маңызы бар қалалардың шекарасы (шегi) облыстық өкiлдi және атқарушы органдардың бiрлескен шешiмiмен белгiленедi және өзгертiледi. Кенттер мен ауылдардың (селолардың) шекарасы (шегi) аудандық (қалалық) өкiлдi және атқарушы органдардың бiрлескен шешiмiмен белгiленедi және өзгертiледi. Жep учаскелерiн қала, кент, село шегiне қосу осы учаскелерге меншiк құқығын немесе жер пайдалану құқығын тоқтатуға әкеп соқпайды. Қала/ң, кент/ң, селолық елді мекен/ң барлық жері олардың бас жоспар/на, жоспарлау мен құрылыс салу жоба/на ж/е аум/ң жер-шаруашылық орналастыру жоба/на сай пайдаланылады.