Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Земельное право РК.docx
Скачиваний:
196
Добавлен:
08.03.2016
Размер:
169.15 Кб
Скачать

40.Мемлекеттік жер кадастрының түсінігі. Қр-ның аумағын кадастрлық бөлінуі.

Кадастрлық (бағалау) құны - мемлекет жер учаскесiн немесе оны жалға алу құқығын сатқан кезде қолданылатын, инфляцияның жалпы деңгейi туралы ресми статистикалық ақпаратқа сәйкес кезең-кезеңiмен нақтыланатын жер учаскелерi үшiн төлемақының базалық

ставкалары және оларға түзету коэффициенттерi негiзiнде айқындалатын жер учаскесiнiң есептеу құны.

Нақты жер учаскесiнiң кадастрлық (бағалау) құнын мемлекеттiк жер кадастрын жүргiзетiн мамандандырылған мемлекеттiк кәсiпорындар мемлекеттiң жеке меншiкке немесе жалға өтеулi негiзде беретiн жер учаскелерi үшiн төлемақының базалық ставкаларына сәйкес оған түзету (арттыратын немесе кемiтетiн) коэффициенттерiн қолдана отырып белгiлейдi және облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергiлiктi атқарушы органдарының жер учаскелерiн беру жөнiндегi құзыретi шегiнде облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың уәкiлеттi органы бекiтетiн жер учаскесiнiң кадастрлық (бағалау) құнын айқындау актiсiмен ресiмдейдi.

Астана қаласының, республикалық маңызы бар қалалардың, облыс орталықтарының маңындағы аймақта және курортты аймақта орналасқан елдi мекендерде (кенттер мен ауылдық елдi мекендерде) жеке меншiкке берiлетiн жер учаскелерi үшiн төлемақының базалық ставкалары екi есе арттырылады.

Қазақстан Республикасының азаматтарына жеке меншiкке өзiндiк қосалқы шаруашылық жүргiзу, бағбандық және саяжай құрылысы үшiн тегiн берудiң белгiленген нормаларынан артық берiлетiн қосымша жер учаскелерiнiң кадастрлық (бағалау) құны бағаланатын учаскелерге неғұрлым жақын орналасқан ауылдық елдi мекендердiң жер учаскелерi үшiн төлемақының базалық ставкаларына негiзделе отырып айқындалады.

Елдi мекендердiң шегiнен тыс орналасқан, азаматтарға және мемлекеттiк емес заңды тұлғаларға құрылыс жүргiзу үшiн берiлген (берiлетiн) немесе үйлер (құрылыстар, ғимараттар) мен олардың кешендерi салынған жер учаскелерi бойынша, осы баптың 4-1-тармағында көрсетiлген жерлердi қоспағанда, үйлердiң (құрылыстардың, ғимараттардың) пайдаланылу мақсатына сәйкес қызмет көрсетуге арналған жердi қоса алғанда, оларды кадастрлық (бағалау) құны облыстық маңызы бар қалаларда аталған мақсаттар үшiн берiлген (берiлетiн) жер учаскелерi үшiн төлемақының базалық ставкаларының он процентi мөлшерiне негiзделе отырып айқындалады.

Елдi мекендердiң шегiнен тыс орналасқан, осы Кодекстiң 97-бабына сәйкес ауыл шаруашылығының жұмыс iстеуi үшiн қажеттi үйлер (құрылыстар, ғимараттар) салынған, шаруа немесе фермер қожалығын және ауыл шаруашылығы өндiрiсiн жүргiзу үшiн берiлген (берiлетiн) жер учаскелерi бойынша, оларға қызмет көрсетуге арналған жерлердi қоса алғанда, кадастрлық (бағалау) құны жер учаскелерiн ауыл шаруашылығы мақсаты үшiн жеке меншiкке берген кезде оларға төлемақының базалық ставкаларының мөлшерiне негiзделе отырып айқындалады.

Осы баптың 3 және 4-тармақтарында аталған жер учаскелерiнiң кадастрлық (бағалау) құнын айқындау кезiнде, осы Кодекстiң 11-бабының 4-тармағының 3) тармақшасына сәйкес осы учаскелердiң қызмет көрсету саласы орталықтарынан қашықтығына байланысты түзету коэффициенттерi қолданылады.Олар 3. Алқаптардың түрi мен топырақтардың үлгiсi бойынша жер учаскесiнiң сапалық жай-күйi жер-кадастр карталары, топырақ, геоботаникалық, топырақ-мелиорация және басқа зерттеу материалдары негiзiнде анықталады 4. Жер учаскелерiнiң құнын анықтау үшiн жер учаскесiнiң суландырылуына, оның шаруашылық орталығына қарағанда орналасқан жерiне, қызмет көрсету саласының орталықтарынан қашықтығына байланысты мынадай түзету коэффициенттерi қолданылады.

ЕСЕПТЕР