Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Земельное право РК.docx
Скачиваний:
196
Добавлен:
08.03.2016
Размер:
169.15 Кб
Скачать

46. Азамат е.К. Қожыбаев Оңтүстiк Қазақстан облысына тиiстi Мақтаарал ауданынан мақта өсiру үшiн 30 га

Бұл жерде жер иеленуші жердің нысаналы мақсатын аудандық әкімшілік рұқсатын алып өзгертуге құқығы бар және ҚР Жер кодексінің Жер учаскелерiнiң меншiк иелерi мен жер пайдаланушылардың жер учаскелерiн пайдалануға

құқықтары бойынша белгiленген құрылыс, экологиялық, санитарлық-гигиеналық және өзге де арнаулы талаптарға сәйкес суландыру, құрғату және өзге де мелиорациялық жұмыстар жүргiзу, тоғандар мен өзге де су айдындарын жасауға байланысты заңда көрсетілген арнаулы талаптарға сәйкес суландыружұмыстарын жүргізуге, су айдындарын салуға толықтай құқылы.

47. Өмiр бойы Шығыс Қазақстан облысындағы “Алып” зауытында жұмыс iстеп мүгедектiгiне байланысты

Жер пайдалану құқығының әмбебап құқықтық мирасқолық тәртібімен ауысуы заң бойынша мұраға ие болу кезінде немесе заңды тұлға қайта ұйымдастырылған жағдайда құқық мирасқорында жер пайдалану құқығының туындауын білдіреді. Жер учаскесіне ұзақ меерзімді уақытша жер пайдалану құқығы бар азамат қайтыс болған жағдайда, жер пайдалану құқығы ҚР азаматтық заңдарында көзделген тәртіппен мұраға қалдырылады. ҚР АК-не с\с азамат қайтыс болған жағдайда оның мүлігіне 1-ші кезекте балалары, жұбайы (зайыбы), ата-аналары тең үлеспен ие болады. Мұраны алу тәртібі бұзылды өйткені, әкімнің шешімі заңсыз оның құзыретіне жатпайтын іс-әрекет жасады, шаруа қожалығы мирасқорлық тәртібімен ауысуы туралы шешімді сот қабылдайды.

48. Алматы облысы әкiмiнiң орынбасары орман қоры жерiнен өнеркәсiптiк кәсiпорындарды орналастыру үшiн

ҚР-ң орман қорына орманды, сондай-ақ ағаш өспеген, бірақ орман шаруашылығының қажеттеріне берілген жер учаскілері жатады. Бұл есеп б\ша прокурордың наразылығы дұрыс. Себебі облыстың жергілікті атқарушы органның құзыретіне орман қоры жерлерін беру алып қою жатпайды.

49. Таудың етегiнде орналасқан “Денсаулық” санаториясының жерi арқылы, тоо “Достар” су каналын

Жер учаскесін пайдалану Жер учаскелерiнiң меншiк иелерi мен жер пайдаланушылардың жер учаскелерiн пайдалану жөнiндегi мiндеттерi негізінде жүзеге асады.1. Жер учаскелерiнiң меншiк иелерi мен жер пайдаланушылар:1) жердi оның нысаналы мақсатына сәйкес, ал уақытша жер пайдалану кезiнде - жер учаскесiн беру актiсiне немесе жалдау шартына (өтеусiз уақытша жер пайдалану шартына) сәйкес пайдалануға;2) санитарлық және экологиялық талаптарға сәйкес өндiрiс технологияларын қолдануға, өздерi жүзеге асыратын шаруашылық және өзге де қызмет нәтижесiнде халықтың денсаулығы мен қоршаған ортаға зиян келтiруге, санитарлық-эпидемиологиялық, радиациялық және экологиялық жағдайдың нашарлауына жол бермеуге;

3) осы Кодекстiң 140-бабында көзделген жердi қорғау жөнiндегi iс-шараларды жүзеге асыруға;

4) жер салығын, жер учаскелерiн пайдалану төлемақысын және Қазақстан Республикасының заңдары мен шартта көзделген басқа да төлемдердi уақтылы төлеуге;

5) жануарлар дүниесiн, орман, су және басқа да табиғи ресурстарды пайдалану тәртiбiн сақтауға, жер учаскесiнде орналасқан, Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес мемлекет қорғауындағы тарихи-мәдени мұра объектілері мен басқа да объектiлердi қорғауды қамтамасыз етуге;

6) жер учаскесiнде шаруашылық және өзге де қызметтi жүзеге асыру кезiнде құрылыс, экологиялық, санитарлық-гигиеналық және өзге де арнаулы талаптарды (нормаларды, ережелердi, нормативтердi) сақтауға;

7) мемлекеттiк органдарға Қазақстан Республикасының жер заңдарында белгiленген жердiң жай-күйi мен пайдаланылуы туралы мәлiметтердi уақтылы табыс етiп отыруға;

8) басқа меншiк иелерi мен жер пайдаланушылардың құқықтарын бұзбауға;

9) топырақтың ластануына, қоқыстануына, тозуына және оның құнарлылығының нашарлауына, сондай-ақ топырақтың құнарлы қабатын сыдырып алу құнарлы қабаттың бiржола жоғалуын болғызбау үшiн қажет болған жағдайларды қоспағанда, басқа тұлғаларға сату немесе беру мақсатымен оны сыдырып алуға жол бермеуге;

10) осы Кодексте көзделген тәртiппен сервитуттар берудi қамтамасыз етуге;

11) өздерiнiң меншiгi болып табылмайтын анықталған өндiрiс пен тұтыну қалдықтары туралы жергiлiктi атқарушы органдарға хабарлауға;

12) Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен жүзеге асырылатын, топыраққа агрохимиялық зерттеп қарауды жүргізу үшін жер учаскелеріне қол жеткізуді қамтамасыз етуге міндетті.

2. Уақытша жер пайдаланушылардың уақытша жер пайдалану туралы шарттарда көзделген басқа да мiндеттерi болуы мүмкiн.

3. Жер учаскелерiнiң меншiк иелерi мен учаскенiң жер пайдаланушыларына, егер осы Кодексте өзгеше көзделмесе, жер учаскесiне ауыртпалықтар салатын барлық мiндеттер (оны мақсаты бойынша пайдалану, сервитуттар беру, салықтар мен өзге де мiндеттi төлемдер төлеу және басқалар) жүктеледi.

4. Жер учаскесiн пайдаланудың нысаналы мақсаты мен режимiн, сервитуттар мен нормативтiк құқықтық актiлер негiзiнде белгiленген басқа да пайдалану талаптарын жер учаскесi меншiк иесiнiң немесе жер пайдаланушының өз бетiнше өзгертуiне болмайды.

Осы талаптар бұзылған жағдайда сотқа жүгінеді.