Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Земельное право РК.docx
Скачиваний:
196
Добавлен:
08.03.2016
Размер:
169.15 Кб
Скачать

8. Жер құқығының құқық саласы ретінде, ғылым саласы ретінде және оқу пәні ретінде түсінігі. Жер құқығының кешенді құқық саласы ретінде дамуы.

Адам қоғамының барлық өмірінде, оның қалыптасуы мен дамуында жер өте маңызды рөл атқарады. Жер – табиғаттың берген сыйы ретінде, адам қоғамының пайда болуына дейін болған. Бірақ, жер өзінің еңбектің жалпы заты қызметін атқаруы үшін міндетті түрде оны біреу иемденуі қажет және өндірістік процесін жүзеге асыруы қажет. Қазіргі кезде жердің экономикалық маңыздылығы өте жоғары деңгейде. Жер адам қоғамының кез келген шаруашылық қызметінің және өмірінің негізі. Жердің экономикалық қасиетімен қатар, экологиялық маңыздылығын да ескеру қажет. Жер- қоршаған ортаның ажырамас бөлігі, табиғи ресурс. Жер құқығының дербес құқық саласы ретінде қызмет етуі-тұрақты даму жағдайында, жерді азаматтық айналымға енгізу жағдайында тұрған, қазіргі уақытта еліміздің жерін ұтымды пайдалану мен қорғауды қамтамасыз етудегі қоғамның мүдделілігін айқындайды. Қазіргі таңда жер құқығын бірнеше мағынада түсінуге болады. Олар: жер құқығы құқық саласы ретінде, ғылым саласы ретінде және оқу пәні ретінде. Құқық саласы ретінде жер құқығы дегеніміз- жерді пайдалану мен қорғаумен, жерді жеке меншікке және жер пайдалану құқығына берумен байланысты туындайтын қоғамдық қатынастарды реттеуге бағытталған құқық нормаларының жиынтығы. Ғылым саласы ретінде-көптеген ғылыми теориялардың, тұжырымдардың, ой пікірлердің және әр түрлі ғылыми көзқарастардың жиынтығы б.т. бұлардың мақсаты-ғылыми тұрғыда жер құқығының пайда болуын түсіндіріп беру,оның әрі қарай даму жолына болжам жасау. Оқу пәні ретінде-дәрістік және тәжірибелік сабақтардың жиынтығы.

9. Жерге меншік құқығының пайда болуы, өзгертілу ерекшеліктері. Жерге меншік құқығының және пайдалану құқығының тоқтатылуы.

Жерге меншік құқығының және басқа да заттық құқықтар – құқықтарды табыстау, құқықтарды беру, құқықтың әмбебап құқықтық мирасқорлық тәртібімен (мұраға қалдыру, заңды тұлғаның қайта ұйымдастырылуы) ауысуы арқылы пайда болады. Жерге құқықтарды табыстау – тікелей мемлекеттің жерге меншік құқығын және жер пайдалану құқығын беруі. Жер учаскесіне құқықты беру – заңда тыйым салынбаған азаматтық-құқықтық мәмілелер арқылы жерге құқықтың бір тұлғадан екіншісіне өтуі. Жерге меншік құқығының және басқа да заттық құқықтар – мемлекеттік органдардың актілерінің, азаматтық –құқықтық мәмілелердің, ҚР заңдарында көзделген өзге де негіздерде туындайды. Жер пайдалану құқығы мынадай негiздер бойынша тоқтатылуы мүмкiн: 1) учаске берiлген мерзiмнiң өтуi; 2) жер учаскесi кепiлде тұрған жағдайларды қоспағанда, жер учаскесiн жалға беру шартының немесе өтеусiз уақытша жер пайдалану шартының мерзiмiнен бұрын тоқтатылуы; 3) жер пайдаланушыға қызметтiк жер телiмiн берумен байланысты туындаған еңбек қатынастарының тоқтатылуы. Жерге меншік және басқа да заттық құқықтар өзгереді: 1) Жер учаскесінің құқықтық мақсатының өзгеруі жағдайында. 2)Жер пайдалану құқығының өзгеруі жер пайдаланушының өтініші бойынша да орын алады. 3)Меншік иесінің бөтен жер учаскесін шектеулі түрде пайдалану жағдайында. 4)Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскесінің меншік иесі болып табылатын азамат ҚР-ның азаматтығынан шыққан кезде жер учаскесі мемлекет меншігіне қайтарылады. 5)Тұлға жер учаскесіне ЖК-де белгіленген нормаларға сәйкес оған тиесілі болмайтын құқықты алса, аталған құқық 1 жыл ішінде иеліктен шығарылады. Жерге меншік құқығының тоқтатылуының 2 негізі бар: ерікті және мәжбүрлі. Жер учаскесiне жеке меншiк құқығы немесе жер пайдалану құқығы:(ерікті):1) меншiк иесi - жер учаскесiн немесе жер пайдаланушы жер пайдалану құқығын иелiктен шығарып басқа тұлғаларға берген;2) меншiк иесi меншiк құқығынан немесе жер пайдаланушы жер пайдалану құқығынан бас тартқан жағдайларда. Мәжбүрлі: 1)жер меншік иелерінің немесе жер пайдаланушылардың міндеттемелері бойынша өндіріп алуы;2)жер учаскесін мемлекеттік мұқтаждықтар үшін алып қою;3)жер заңнамаларын бұза отырып немесе нысаналы мақсатына сай пайдаланбаған жер учаскесін алып қою;4)радиоактивті ластанған жер учаскесін алып қою; 5)тәркілеу. Жер пайдалану құқығы бұдан басқа да мынадай негiздер бойынша тоқтатылуы мүмкiн:1) учаске берiлген мерзiмнiң өтуi;2) жер учаскесi кепiлде тұрған жағдайларды қоспағанда, жер учаскесiн жалға беру шартының немесе өтеусiз уақытша жер пайдалану шартының мерзiмiнен бұрын тоқтатылуы;3) жер пайдаланушыға қызметтiк жер телiмiн берумен байланысты туындаған еңбек қатынастарының тоқтатылуы кезінде жойылады.