Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Земельное право РК.docx
Скачиваний:
196
Добавлен:
08.03.2016
Размер:
169.15 Кб
Скачать

15.Өнеркәсіп, көлік, байланыс, қорғаныс және басқа да ауыл шаруашылығына арналмаған жерлердің түсінігі. Олардың құрамы.

Өнеркәсiп жерiне - өнеркәсiп объектiлерiн орналастыру мен пайдалануүшiн берiлген жер, оның iшiнде олардың санитарлық-қорғау және өзге де аймақтар жатады. Көлік жері дегеніміз - Автомобиль, теңiз, iшкi су, темiр жол, әуе және өзге де көлiк түрі объектiлерiнiң қызметiн қамтамасыз ету және (немесе) оларды пайдалану үшiн берiлген жер көлiк жерi болып танылады.Темiр жол көлiгi қажеттерiне арналған жерге: 1) магистраль жолдарына және солармен технологиялық байланыстағы құрылыстар мен ғимараттарға; 2)кiрмежолдарға; 3) вокзалдарға; 4) темiр жолдарға берiлген белдеулер мен к‰зет аймақтарына бөлiп берiлген жер жатады.Автомобиль көлiгi қажеттерiне арналған жерге: 1) автомобиль жолдарына, олардың конструкциялық элементтерi мен жол ғимараттарына және олармен технологиялық байланысқан құрылыстар және ғимараттарға; 2) автомобиль жолдарына бөлiнетiн белдеулердi белгiлеу үшiн бөлiнiп берiлген жер жатады.Теңiз және iшкi су көлiгiнiң қажеттерiне арналған жерге теңiз және өзен порттарын, айлақтар, пристаньдар, гидротехникалық ғимараттар, жер бетi және жер асты үйлерiн, құрылыстарын, ғимараттарын, құрылғыларын пайдалану, күтiп-ұстау, салу, қайта жаңғырту, жөндеу, кеңейтiп ұлғайту үшiн қажеттi басқа объектiлердi және теңiз және iшкi су көлiгiнiң басқа да объектiлерiн орналастыру үшiн бөлiнiп берiлген жер жатады.Әуе көлiгiнiң қажеттерiне арналған жерге әуежайлар, әуеайлақтар, аэровокзалдар, ұшып көтерiлу-қону белдеулерiн және жер бетi мен жер асты үйлерiн, құрылыстарын, ғимараттарын, құрылғыларын пайдалану, күтiп- ұстау, салу, қайта құру, жөндеу, кеңейтiп ұлғайту үшiн қажеттi басқа да жер үстiндегi объектiлердi және әуе көлiгiнiң басқа да объектiлерiн орналастыру үшiн бөлiнiп берiлген жер.Құбыр тасымалы көлiгiнiң қажеттерiне арналған жерге су құбырын, газ құбырын, мұнай құбырын және жер бетi мен жер асты үйлерiн, құрылыстарын, ғимараттарын, құрылғыларын пайдалану, күтiп-ұстау, салу, қайта жаңғырту, жөндеу, кеңейтiп ұлғайту үшiн қажеттi объектiлердi және құбыр жүргiзу көлiгiнiң басқа да объектiлерiн орналастыру үшiн бөлiнiп берiлген жер жатады. Байланыс, радио хабарларын тарату, теледидар, ақпарат қажеттерiне арналған жерге тиiстi инфрақұрылымдардың объектiлерiн орналастыру, байланыстың кабель, радиореле және әуе желiлерi, соның iшiнде жер астындағы желiлер үшiн бөлiнiп берiлген жер, сондай-ақ олардың күзет аймақтары жатады. Қарулы Күштердiң әскери бөлiмдерiн, әскери полигондарын, әскери- оқу орындары мен өзге де ұйымдарын және қорғаныс пен қауiпсiздiк саласындағы мiндеттердi атқаратын басқа да әскерлердiң объектiлерi мен ғимараттарын орналастыру және олардың тұрақты қызметi үшiн ҚР/ң Үкiметi берген жер учаскелерi қорғаныс қажеттерiне арналған жер деп танылады.

16.Ботаникалық бақтар, қорықтар, табиғи ескерткіштер үшін берілген жерлердің құқықтық жағдайы. Оларды пайдалану ерекшеліктері.

Мемлекеттiк ботаникалық бақ - өсiмдiктер дүниесiн, соның iшiнде өсiмдiктердiң сирек кездесетiн және жойылып кету қаупi бар түрлерiн қорғау, молықтыру және пайдалану жөнiнде зерттеулер мен ғылыми талдамалар өткiзуге арналған табиғат қорғау және ғылыми ұйымдар мәртебесi бар ерекше қорғалатын табиғи аумақ. Мемлекеттiк ботаникалық бақтардың негiзгi қызметiне Қазақстанның өсiмдiктер дүниесiн сақтаудың, молықтыру мен пайдаланудың, Қазақстанның дүниежүзiлiк маңызы бар флора ресурстарын игерудiң ғылыми негiздерiн әзiрлеу жатады.Мемлекеттiк ботаникалық бақтар: 1) экспозициялық - өсiмдiктердi өсiру және келушiлердiң көруi үшін;2) ғылыми - өсiмдiктердiң тектiк қорының коллекцияларына ғылыми зерттеулер жүргiзу және оларды сақтау үшiн; 3) қоғамдық - келушiлерге қызмет көрсету үшiн; 4) әкiмшiлiк және өндiрiстiк-шаруашылық аймақтарға бөлiнедi.Мем/к ботаникалық бақтарда олардың алдына қойылған мiндеттерiн орындауға байланысты емес және оларда өсiрiлетiн өсiмдiктердiң жойылып кетуiне әкеп соғатын кез келген iс-әрекеттерге тыйым салынады. Мем/к ботаникалық бақтар табиғи, мәдени, отандық және дүниежүзiлiк флора өсiмдiктерiнiң коллекцияларын қалыптастырады және олардың сақталуын қамтамасыз етедi. Мем/к ботаникалық бақтарда коллекциялық және эксперименттiк учаскелер, гербарийлер, питомниктер және тұқым қорлары құрылады. Мемлекеттiк ботаникалық бақтар белгiленген тәртiппен ғылыми, мәдени-ағарту және оқу мақсаттарында пайдаланылады. Мемлекеттiк табиғи қорық - табиғат қорғау және ғылыми мекеме мәртебесi бар ерекше қорғалатын табиғи аумақ, оның қызметiнiң мақсаты өзiнiң аумағындағы табиғи процестер мен құбылыстардың табиғи барысын, өсiмдiктер мен жануарлар дүниесi объектiлерiн, өсiмдiктер мен жануарлардың жекелеген түрлерi мен қауымдастықтарын, әдеттегi және бiрегей экологиялық жүйелердi сақтау мен зерделеу және оларды қалпына келтiру болып табылады.Мем/к табиғи қорықтардың негiзгi қызметiне: 1) мем/к табиғи қорық пен оның күзет аймағының биологиялық саналуандығын қорғау және қалпына келтiру режимiн қамтамасыз ету; 3) экологиялық-ағартушылық қызметтi жүргiзу; 5) мемлекеттiк табиғи қорық пен оның күзет аймағының аумағын экологиялық-ағартушылық, ғылыми және шектеулi туристiк мақсаттарда пайдалануды реттеу жатады.Мемлекеттiк табиғат ескерткiшi - экологиялық, ғылыми, мәдени және эстетикалық тұрғыдан алғанда жекелеген бiрегей, орны толмайтын, құнды табиғи кешендердi, сондай-ақ мемлекеттiк табиғи-қорық қорының объектiлерiне жатқызылған шығу тегi табиғи және жасанды объектiлердi қамтитын ерекше қорғалатын табиғи аумақ. Мемлекеттiк ботаникалық бақтар заңды тұлғалар болып табылады және мемлекеттiк кәсiпорын нысанында құрылады.