Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Земельное право РК.docx
Скачиваний:
196
Добавлен:
08.03.2016
Размер:
169.15 Кб
Скачать

6. Сервитут түсінігі және түрлері. Оның пайда болу негіздеріне анықтама беріңіз. Сервитуттың тоқтатылу ерекшеліктері.

Жер Кодексінде және ҚР/ң өзге де заң актiлерiнде көзделген жағдайларда меншiк иесi немесе жер пайдаланушы өзiне меншiк немесе жер пайдалану құқығымен тиесiлi жер учаскесiн мүдделi жеке және заңды тұлғаларға шектеулi нысаналы пайдалану құқығымен беруге мiндеттi. Бөтен жер учаскесiн шектеулi нысаналы пайдалану құқығы (сервитут): 1) тiкелей НҚА/ден; 2) мүдделi тұлғаның меншiк иесiмен немесе жер пайдаланушымен шартының негiзiнде; 3) жергiлiктi атқарушы органның актiсi негiзiнде; 4) сот шешiмi негiзiнде; 5) ҚР/ң заңдарында көзделген өзге де жағдайларда туындауы мүмкiн.Көршi немесе өзге де жер учаскесiн шектеулi пайдалану құқығы (жекеше сервитут): 1) егер жеке меншiк иесiнiң немесе жер пайдаланушының өз учаскесiне басқа жолмен өтуi мүмкiн болмаса, өте қиын болса немесе шамадан тыс шығындарды керек етсе, көршi немесе өзге де жер учаскесi арқылы жаяу және көлiкпен жүрiп өтудi; 2) көршi немесе өзге де учаскеге сервитут белгiленбейiнше қамтамасыз етуге болмайтын, электр таратудың, байланыстың қажеттi желiлерiн тартуды және пайдалануды, сумен, субұрғышпен, жылумен жабдықтауды, мелиорацияны және жеке меншiк иесiнiң немесе жер пайдаланушының басқа да қажеттерiн қамтамасыз ету үшiн белгiленуi мүмкiн.

Егер бұл мемлекеттiң және жергiлiктi халықтың мүдделерiн қамтамасыз ету үшiн қажет болған жағдайларда жергiлiктi атқарушы органдардың нормативтiк құқықтық актiлерiнiң негiзiнде жер учаскелерiн алып қоймай, қауымдық сервитуттар белгiленуi мүмкiн.

Қауымдық сервитуттар: 1) ортақ пайдаланудағы объектiлерге, зираттарға, қорымдарға және өзге де ғибадат объектiлерiне жер учаскесi арқылы жаяу немесе көлiкпен өту; 2) жер учаскесiн коммуналдық, инженерлiк, электр және басқа да желiлер мен тораптарды, сондай-ақ көлiк инфрақұрылымының объектiлерiн жөндеу мақсатында пайдалану; 3) жер учаскесiнде межелiк және геодезиялық белгiлер мен оларға өту жолдарын орналастыру; 4) су алу және суат; 5) жер учаскесi арқылы мал айдап өту; 6) жер учаскесiн белгiленген мерзiмде және белгiленген тәртiппен аң аулау, жер учаскесiнде орналасқан тұйық су айдындарында балық аулау, жабайы өсiмдiктердi жинау мақсатында пайдалану; 7) iздестiру, зерттеу және басқа да жұмыстар жүргiзу мақсатында жер учаскесiн уақытша пайдалану; 8) жағалау белдеуiне еркiн өту; 9) мемлекеттiк органдардың шешiмiмен жер учаскесiн мәдени-көпшiлiк iс-шаралар өткiзуге пайдалану; 10) қоғамдық және мемлекеттiк мүдделерге байланысты өзге де жағдайлар үшiн белгiленуi мүмкiн.

7. Жер құқық қатынастарының түсінігі. Жер құқық қатынастарының пайда болу, өзгеру, тоқтатылу негіздері.

Жер құқық қатынастары— жеке меншік құқығын және өзге де құқықтарды жүзеге асыра отырып жер ресурстарын басқаруға, жекелеген субъектілерге жер учаскесін бекітіп беруге байланысты жерді пайдалану мен қорғау жөніндегі құқықтық қатынастар б.танылады. Ж.қ.қ. материалдық және ісжүргізушілік ж.қ.қ. болып бөлінеді. Материалдық ж.қ.қ. — іс жүргізушілік қатынастарының пайда болу шарттарының негізі. Іс жүргізушілік ж.қ.қ— материалдық қ.қ динамикасын қамтамасыз етеді және жаңа материалдық қ.қ.ның пайда болуы мен дамуының тәсілі болып табылады. Ж.қ.қ. субъектілері бойынша жер пайдаланушылар мен жеке меншік иелері болып табылады. Олардың құқықтары мен міндеттеріне байланысты: мемлекеттік және мемлекеттік емес; ұлттық және шетелдік; алғашқы және кейінгі болып бөлінеді. Ж.қ.қ. реттеуші және қорғаушы болып бөлінеді. Реттеуші қ.қ. деп ж.қ.қ. қатысушысы өз көзқарасын ж.қ.н.ға сәйкес дәл білдірсе, жер туралы заңнаманың міндеттеріне, мақсаттарына және қағидаларына жауап беретін позитивтік әрекеттер туындайтын қатынастар.Ж.қ.қ. қатысушылары жер құқығының нормалары мен талаптарын бұзған жағдайда қорғаушы қ.қ. туындайды.жер қатынастары бір жақты (жеке меншік құқығы, жер пайдалану құқығынан бас тарту) әрі көпжақты (жер учаскесіне қатысты шарт мәмлелер, жер учаскесіне ортақ меншік құқығы, ортақ үлестік меншік, кондоминиум және т.б.)

Жер учаскесі дегеніміз-заңда көзделген тәртіппен жер қатынастары субьектілеріне бекітіліп берілетін тұйық шекара ішінде орналасқан жердің бөлігі болып танылады. Жер учаскелерінің 2 түрі бар: 1) Бөлінетін 2) Бөлінбейтін

Жер учаскесі бөлінген кезде, оның әрбір бөлігі нысаналы мақсатына сай пайдалану мүмкіндігі болуы керек. Жер бөлінген кезде, заңда бекітілген міндетті талаптар бұзылмауы тиіс.

Жер үлесі дегеніміз-жер учаскесіне құқ-р мен міндеттерге басқа тұлғалармен бірге заңда белгіленген тәртіппен ж/е жағдайларда бөліп шығарылуы мүмкін, сан жағынан айқындалған үлесі.

Жерге құқықтардың туындау негіздері 3 түрге бөлінеді: 1) Мемлекет атынан тапсыру (жерг. атқ. орг. тапс.) 2) Мәміле арқылы беру. 3) Әмбебап мирасқорлық тәртібімен ауысуы.

Мемлекет жерді берген кезде тегін н/е ақылы түрде беруі мүмкін. Тегін тек Қ.Р-ң азаматына беріледі.

Қ.Р-ң азаматына: 1) Тұрғын үй – 0,10 га 2) Саяжай, бағбандық- 0,12 га 3) Өзіндік қосалқы шаруашылық суармалы жерден- 0,15 га; суармалы емес- 0,25 га

Азаматтар мен заңды тұлғаларға ауыл шаруашылығынан басқа мақсаттар үшін берілетін жер учаскелерінің мөлшері қызметтің осы түрлеріне жер бөлініп берудің Қ.Р.-ң заңдарында белгіленген тәртіппен бекітілген нормалар б/ша не сәулет-қала құрылысы ж/е құрылыс құжаттамасына сәйкес айқындалады.

Мемлекет жерді беру кезінде екі жолмен жүруі мүмкін: 1) Түскен арыздарды комиссиямен қарау арқылы. 2) Жерді сауда-сатыққа салып сату арқылы.

Сауда саттық жүргізіледі: 1) Тендер 2) Аукцион

Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуді обл-рң, аудандар-ң жерг. атқр. орг-ры, аудандық маңызы бар қалалардың, кенттер-ң, ауылдардың, ауылдық округ-рң әкімдері өздерінің Жер Кодексінде белгіленген жер учаскелерін беру жөніндегі құзіреті шегінде жүзеге асырылады. Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгерту туралы өтініш келіп түскен кезден бастап күнтізбелік отыз күнге дейінгі мерзімде қаралады. Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуден бас тарту дәлелді болуға тиіс. Жер учаскесінің нысаналы мақсаты ж/е жер учаскесінің меншік иесі, жер пайдаланушы өзгертілген кезде сәйкестендіру құжаттарды қайта ресімдеу мерзімі күнтізбелік он бес күннен аспайды.

Жерге құқ-рды тоқтату: 1) Ерікті негізде 2)Еріксіз негізде.

Жерге құқ-ды ерікті түрде оқшауланған жағд-да б/ды. Жерден бас тарту жариялы не жасырын түрде жасалуы мүмкін, ең бастысы жер меншік иесінің әрекеті н/е әрекетсіздігі жермен айналысуға, жер-ң иесі болуға ниеті жоқ екендігін дәлелдеуі тиіс.

Еріксіз негізде, жерді алып қою жағд-да: 1) Жер-ң иесінің міндеттемелері б/ша жер өндіріліп алынған жағд-да. 2) Жер иесінің жер учаскесі мем-т мұқтаждары үшін мәжбүрлеп алынған н/е сатып алынған жағд-да; 3) Жер учаскесі мақсатына сай пайдаланылмаған жағд-да н/е заңдарды бұза отырып пайдалан-н жағд-да. 4) Жер учаскесі радиоактивті ластануға ұшыраған жағд-да 5) Жер уч тәркіленген жағд-да.