Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Земельное право РК.docx
Скачиваний:
196
Добавлен:
08.03.2016
Размер:
169.15 Кб
Скачать

57.Омаров жер ресурстарын басқару және жерге орналастыру бөлiмiне үй салу үшiн жер учаскесiн бөлiп

1) ауылдық жерлерде өзiндiк қосалқы шаруашылық (үй маңындағы және егiстiк телiмдердi қоса алғанда) жүргiзу үшiн - суарылмайтын жерде 0,25 гектар және суармалы жерде 0,15 гектар;2) жеке тұрғын үй құрылысы үшiн - 0,10 гектар; 3) бағбандық, сондай-ақ саяжай құрылысы үшiн - 0,12 гектар.Жер учаскелерінiң аталған мақсаттар үшiн қайталап тегiн беруге жол берiлмейдi. Осыған сәйкес Омаровтың жер участок алуға құқығы жоқ.

58. 1990 Жылы қыркүйекте “Жоламан” ауылының жұмысшылары Көксу өзенi арқылы плотинаны жөндеу

Жалпы талап қою мерзіміне сәйкес 3 жыл. Жерді ластанудан қорғау шараларына: 1) өндiрiс пен тұтыну қалдықтарымен, химиялық, биологиялық, радиоактивтi және басқа да зиянды заттармен ластанудан, жердi құнарсызданудан және шөлейттенуден, су және жел эрозиясынан, селден, су басудан, батпақтанудан, қайталап сортаңданудан, құрғап кетуден, тапталудан, басқа да бүлiну процестерiнен қорғау; 2) ауыл шаруашылығы жерiн карантиндiк зиянкестер мен өсiмдiк ауруларын жұқтырудан, арамшөп, бұта мен шiлiк басып кетуден, жердiң жай-күйi нашарлауының өзге де түрлерiнен қорғау; 3) бүлiнген жердi жақсыртуға, оның құнарлылығын және жердiң басқа да пайдалы қасиеттерiн қалпына келтiру мен оны шаруашылық айналымына уақтылы тарту; 4) жердiң бүлiнуiмен байланысты жұмыстар жүргiзiлген кезде топырақтың құнарлы қабатын сыдырып алу, сақтау және пайдалану жатады.

59. Облыстық әкiмшiлiк шешiмi бойынша Асыловтың иелiгiндегi үй орналасқан жер учаскесi мемлекет

1. Жер учаскесін ерекше жағдайларда мемлекет мұқтажы үшін, бұл мұқтажды басқа тәсілмен қанағаттандыру мүмкін болмаған және мүлікті тең құнымен өтеген жағдайда сот шешімі бойынша мәжбүрлеп иеліктен шығаруға болады. 2. Жер учаскелерін мемлекет мұқтажы үшін мәжбүрлеп иеліктен шығару кезіндегі ерекше жағдайлар: 1) халықаралық міндеттемелер; 2) қорғаныс қажетіне, ерекше қорғалатын табиғи аумақтарға, сауықтыру, рекреациялық және тарихи-мәдени мақсатқа арнап жер беру және арнайы экономикалық аймақтардың құрылуы мен олардың жұмыс істеуі; 3) пайдалы қазба кен орындарының (кең таралғандарынан басқасы) табылуы және оларды қазу; 4) жол, электр тарату желілерін, байланыс желілерін, магистральды құбырлар, елді мекендердің, ортақ пайдаланудағы инженерлік-коммуникациялық желілерін салу, сондай-ақ мемлекеттік маңызы бар басқа да объектілерді салу; 5) құлау (қирау) қаупі бар авариялық және ескірген тұрғын үйлерді бұзу; Сондай ақ ерекше жағдайлардың тізбесіне жататын құрылыс объектілерінің бөлігінде елді мекендердің бас жоспарларын орындау, сондай-ақ мемлекеттік және өңірлік бағдарламаларда көзделген объектілерді, мемлекеттік мүдделерді қамтамасыз ететін инвестициялық жобаларды салу және қоғамдық маңызы бар мақсаттарға қол жеткізу б.т. Жер заңнамасына сәйкес жер учаскесі мемлекет мұқтаждықтары үшін мәжбүрлеп иеліктен шығарылады, сондықтан іс облыстық әкімшілік пайдасына шешілуі тиіс, бірақ пәтердің орнына участоктың нарықтық бағалануына сәйкес ақшалай өтелуі қажет.