Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Земельное право РК.docx
Скачиваний:
193
Добавлен:
08.03.2016
Размер:
169.15 Кб
Скачать

СҰРАҚТАР:

1.Жер құқығы қағидалары түсінігі түрлері.Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге басым құқығы қағидасы

2. Жер құқығының азаматтық, экологиялық, аграрлық, және басқа да құқықт салаларымен байланысы және ара қатынасы. Жер құқығының басқа құқық салаларымен арақатынастарының ерекшеліктері.

3.Жерге меншік құқығының және пайдалану құқығының тоқталуы. Жерге жеке меншік мен мемлекеттік меншік түрлеріне жалпы сипаттама

4.Жер учаскесін мемлекеттік қажеттік үшін алып қою тәртібі. Оның ішінде сатып алу жолымен алып қоюдың ерекшеліктерін түсіндіріңіз\

5.Ортақ бірлескен меншіктегі жер учаскесін бөлісу тәртібі. Ортақ бірлескен жер пайдаланудағы жер учаскесін бөлісу

6.Сервитут түсінігі және түрлері. Оның пайда болу негіздеріне анықтама беріңіз.Сервитуттың тоқтатылу ерекшеліктері.

7. Жер құқық қатынастарының түсінігі. Жер құқық қатынастарының пайда болу, өзгеру, тоқтатылу негіздері.

8. Жер құқығының құқық саласы ретінде, ғылым саласы ретінде және оқу пәні ретінде түсінігі. Жер құқығының кешенді құқық саласы ретінде дамуы.

9. Жерге меншік құқығының пайда болу, өзгертілу ерекшеліктері. Жерге меншік құқығының және пайдалану құқығының тоқтатылуы.

10. Жерге мемлекеттік меншік құқығы. Объектілері мен субъектілері және жүзеге асыру ерекшеліктері.

11. ҚР жер қорының құрамы мен түсінігі. Жер қоры нысаналы мақсатына сәйкес санаттарға бөлінуі

12.Жер құқығының қайнар көздерінің түсінігі және белгілері.Жер құқығының қайнар көздерінің жүйесі.

13.Жер мониторингінің түсінігі.Жер мониторингі ақпараттарын алу мен пайдалану әдістерінің түрлері.

14.Ауыл шаруашылығы мақсатына арналған жерлер түсінігі.Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді берудің және пайдаланудың ерекшіліктері.

15. ӨНЕРКӘСIП, КӨЛIК, БАЙЛАНЫС, ҚОРҒАНЫС ЖӘНЕ БАСҚА ДА АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫНА АРНАЛМАҒАН ЖЕРЛЕРДIҢ ТҮСІНІГІ. ОЛАРДЫҢ ҚҰРАМЫ.

16. Ботаникалық бақтар, қорықтар, табиғи ескерткiштер үшін берiлген жерлердiң құқықтық жағдайы. Оларды пайдалану ерекшеліктері.

17. Елді мекендер жерлер түсінігі. Елді мекендер жерлерінің шекарасын белгілеу және өзгертунегіздері.

18. Жер кадастрының түсінігі. Жер кадастрын жүргізу тәртібі. Мемлекеттік жер кадастрына жалпы сипаттама беріңіз.

19. Су қорлары жерлерiнiң түciнiгi. Оның құрамыжәне құқықтық жағдайының сипаттамасы.

20. Тарихи-мәдени мақсаттағы жерлердiң түciнiгi. Олардың құрамы және құқықтық жағдайының мазмұны.

21. Жерді қорғау және ұтымды пайдалануға мемлекеттік бақылау жасаудың міндеттері олардың негізгі мақсаттары

22. Ауыл шар мақсатына арналған жерлерге меншік құқығы және өзге құқықтар ,ауыл шар мақсатындағы жерлерді пайдалану субъектілері

23. Жерге менщік құқығының түсінігі . жерге меншік құқ мен жер пайдалану құқ тоқтатылу негіздері

24 Бірнеше пәтері және кісі тұрмайтын үй-жайлары бар үйдің жанындағы және кондоминиумның басқа да объектілеріндегі жер учаскелеріне құқық

25.Меншiк иесiнiң немесе жер пайдаланушының     мiндеттемелерi бойынша жер учаскесiнен немесе                жер пайдалану құқығынан өндiрiп алу

26.Жер қатынастарын реттеу саласындағы мемлекеттік органдар функцияларының жүйесі.Олардың ерекшелігі.

27.Сауықтыру және рекреациялық мақсаттағы жерлердің құқықтық тәртібі мен табиғат ескерткіштері , тарихи және мәдени мақсаттағы жерлердің құқықтық тәртібі .

28.Жерге құқықты мемлекеттік тіркеуді құқықтық реттеу. Оның түсінігі және жүзеге асырылу тәртібі

29.Көлік жерлерінің түсінігі . Темір жол көлігі , олардың құрамының ерекшілігі.

30.Қорғаныс қажеттілігі үшін берілген жерлер. Қорғаныс қажеттілігі үшін берілген жерлерге меншік түрлері мен пайдалану тәртібі.

31. Орман қоры жерлерiнiң құқықтық жағдайы.Мемлекеттiк орман қорыжерлері мен жекеше орман қоры жерлері.

32. Жер құқығыныңтүсінігі. Оның пәні, жүйесі мен әдістерінің түрлері. Диспозитивтік және императивтік әдістерінің түсінігі.

33. Шаруа фермер қожалықтары. Шаруа немесе фермер қожалықтары үшін жер учаскелерінің берілу тәртібі.

34. Елді мекендер жерлерінің құқықтық жағдайы. Елді мекендер жерлерін бір санаттан екінші санатқа ауыстыру тәртібі.

35. Рекреациялық мақсаттағы жерлер түсінігі. Олардың құқықтық тәртібі. Рекреациялық мақсаттағы жерді пайдалану тәртібі.

36.Жерге ақы төлеуді құқықтық реттеу түсінігі.Олардың түрлері мен мазмұны.Жердің нарықтық құны.

37.Қазақстандағы жер қатынастарының даму кезеңдерінің ерекшеліктері.Олардың түрлері.Егеменді тәуелсіз жер қатынастарының дамуына жеке тоқталыңыз.

38. Жерге меншік құқығының түсінігі.Олардың түрлері.Жерге меншік құқ объектілері.Жерге меншік құқығын табыстау.

39. жер құқық қатынастарының түсінігі олардың құрылымы жер құқ қат об мен субъектілері

40. Мемлекеттік жер кадастрының түсінігі.Қазақстан Республикасының аумағын кадастрлық бөлінуі.

ЕСЕПТЕР:

41. Қостанай облысының әкiмi Ресейлік “МСК” фирмасына сол облысқа қарайтын Ы.Алтынсарыұлы

42. Шығыс Қазақстан облысының Ленгер ауданының тұрғыны Севченконың

43. 1996 ж. “Еңбекке-Береке” шаруақожалығы бақша өсіру үшін уақытшаөтеусiзпайдалануға57

44. Оңтүстiк Қазақстан облысының Арыс станциясының әкімі КСРО

45. Түрiктiң “Керемет” фирмасы Алматы қаласы Медеу ауданына тиiстi 30 га жердi 1992 ж.

46. Азамат Е.К. Қожыбаев Оңтүстiк Қазақстан облысына тиiстi Мақтаарал

47. Өмiр бойы Шығыс Қазақстан облысындағы “Алып” зауытында жұмыс iстеп мүгедектiгiне

48. Алматы облысы әкiмiнiң орынбасары орман қоры жерiнен өнеркәсiптiк кәсiпорындарды

49. Таудың етегiнде орналасқан “Денсаулық” санаториясының жерi арқылы, ТОО “Достар” су

50. “Ақсай” ауылының тұрғыны Абдрахманов аудандық жер ресурстарының басқармасына

51. “Эртс Казахстан” АҚ ы Солтүстiк Шығыс облысының Манкей ауданында өзiнiң дәрi шығаратын

52. Алмабек деген азамат шаруа қожалығын жүргiзу үшiн жер учаскесiне меншiк құқығын

53. “Строй сервис” құрылыс компаниясы тиiстi рұқсатсыз “Ақсу – Жабағалы” ұлттық паркiнiң

54.1997 ж. “Кең байтақ” ЖШС –гi Алматы облысы маңындағы орман қорларының жай күйiн және

55. Бiр-бiрiне жанасып жатқан жер учаскелерiн пайдаланушылар оларды жекешелендiрiп алады.

56.“Ақбидай” ауылшаруашылық кооперативiнiң ауыл шаруашылық мақсатындағы жерiнен жер

57.Омаров жер ресурстарын басқару және жерге орналастыру бөлiмiне үй салу үшiн жер учаскесiн

58.1990 жылы қыркүйекте “Жоламан” ауылының жұмысшылары Көксу өзенi арқылы

59.Облыстық әкiмшiлiк шешiмi бойынша Асыловтың иелiгiндегi үй орналасқан жер учаскесi

60. Азамат Сарсебаевтың “Барсакелмес” қорығында күзетшi болып iстегенiне 15 жыл

1.Жер құқығының қағидалары: түсінігі мен түрлері. Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге басым құқығы қағидасы. Жер құқығы, жерге меншік құқығы, жерді табиғи ресурс ретінде пайдалану, оны басқару мен қорғау қатынастарын реттейтін құқықтық нормалар жыйынтығын құрайтын ҚР-ң құқығының дербес саласы. Яғни, жер құқығы д\з – жер қатынастарын реттеуге бығытталған құқықтық нормаларының жыйынтығы б.т. Жер құқығының қағидалары д\з - жер қатынастарын реттеуде басшылыққа алынатын негізгі заңды түрде бекітілген бастамалардың жыйынтығы. ҚР-ң Жер Кодексінің 4 бабында 10 қағида қарастырылған. Жер құқығы заңдарының қағидалары: 1) ҚР-сы аумағының тұтастығы, қол сұғылмаушылығы және бөлінбейтіндігі; 2) Жерді табиғи ресурс, ҚР-сы халқының өмірі мен қызметінің негізі ретінде сақтау; 3) Жерді қорғау және ұтымды пайдалану; 4) Экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету; 5) Жерді нысаналы пайдалану; 6) Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлердің басымдылығы; 7) Жердің жай-күйі және оған қолжетімділік туралы ақпаратпен қамтамасыз ету; 8) Жерді пайдалану мен қорғау жөніндегііс-шараларды мемлекеттік қолдау; 9) Жерге залал келуін болдырмау немесе оның зардаптарын жою; 10) Жерді ақылы пайдалану принципіне негізделеді.Жер құқығында әдіс ретінде ҚР-ң жер заңдарының мақсаттары мен міндеттерін ескере отырып, реттелетін қоғамдық қатынастарға мемлекеттің құқықтық әсер етуінің экологиялық, императивтік және диспозитивтік тәсілдері қарастырылады. Жер құқығы әдістерінің түрлері: 1) диспозитивтік; 2) императивтік. Диспозитивті әдістердің түрлері: 1) ұсынушы - бұл жер құөығы қатынастары субъектілеріне баламалы жүріс-тұрыс мүмкіндіктерін беру, бұл кезде субъектіге өз мақсатына жнту үшін жүріс-тұрыс тәсілін таңдауға мүмкіндік беріледі; 2) санкциялаушы – жер құқығы қатынастарының субъектісіне өзінің жерге қатысты әрекеттерін уәкіьетті мемлекеттік органның рұқсатымен жүзеге асыру құқығын беріден көрініс табады. ; 4) құқық беруші - жер құқығы қатынастарының субъектілеріне белгілі бір жағдайлар бойынша құқықтар мен бостандықтар беруден көрініс табады. Императивтік әдістің түрлері: 1) құқықтық қатынастар субъектілерінің құқықтары мен міндеттерін орнықтырушы; 2) тыйым салушы - шекараларды, жер құқығы қатынастары қатысушыларының тиісті жүріс-тұрысын анықтау; 3) экологиялық әдіс. Осы экологиялық әдістің өзі жер-құқықтық және жер-экологиялық болып бөлінеді. Сонымен бірге оның құрамына бюджет және салық заңнамаларына сәйкес жерді қорғау мен пайдалануды экологиялвқ ынталандыру кіреді. Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер басымдығы қағидасы. Ауыл шаруашылығын жүргізуге байланысты емес мақсаттарға пайдалану үшін ауыл шаруашылығы алқаптарын алып қоюдан туындаған ауыл шаруашылығы өндірісіндегі шығындары ауыл шаруашылығы алқаптарының көлемі мен олардың сапасын қалпына келтіру арқылы ауыл шаруашылығы өндірісінің деңгейін сақтау мақсатында республикалық бюджет кірісіне өтелуге тиіс. Топырақ құнарлылығының бүлінуіне әкеп соғатын, су режимін нашарлатып ауыл шаруашылығы дақылдары мен екпелеріне зиянды заттар бөліп шығаратын объектілерді салу мен пайдалану жер сапасының нашарлаған жағдайында, келтірілген шығын толық көлемінде өтелуге тиіс. Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жердің басымдығы жер кадастры құжаттары мен ауыл шаруашылығы мақсатында қолдануға жарамды деп танылған жерлер бірінші кезекте ауыл шаруашылығы өндірісі үшін берілу керектігінен көрінеді. Ауыл шаруашылығы емес қажеттік үшін ауыл шаруашылығына жарамсыз немесе төмен сападағы алқаптар берілуі керек.

2. Жер құқығының азаматтық, экологиялық, аграрлық және басқа да құқық салаларымен байланысы және ара қатынасы. Жер құқығының басқа құқық салаларымен арақатынастарының ерекшеліктері.

ҚР-ң жер құқығы жерге меншіктік құқықтық жүйесінің бір бөлігі бола тұрып жер құқығы басқа құқық салаларымен, соның

ішінде, экологиялық, аграрлық, азаматтық, конституциялық, әкімшілік, және қылмыстық құқықтармен тығыз б\ты. Жер құқығы экологиялық құқықпен тығыз б\ты, себебі, бұл құқытың құрамдас саласы ретінде белгілі. Жер құқығының нормаларында жерді қорғаудың экологиялық нормалары толығымен көрініс табады – жер-құқытық нормалар экологиялық талаптарға сәйкестендірілген. Бұл жер қатынастарын құқытық реттеудің мынадай бағыттарынан байқалады:

жерді пайдалану мен қорағауды жоспарлауды реттеуден, жер қорын пайдалануды болжау мен аймақтарға бөлуден, жерге орналастыру процесінен, жерлерді жеке меншікке және жер пайдалануға беруден және олардан алып қоюдан, жерді басқару, бақылау және қорғауды жүзеге асырудан. Жер құқығы аграрлықтан мына жағдайлар б\ша ажыратылады: жер құқығы ауылшаруышылық

өндіріс пен өзіндік қосалқы шаруашылық жүргізу үшін тиісті алғы шарттарды туындатады, ал аграрлық құқық тауарлық ауыл шаруашылықтық өнімдер саласында туындайиын ауыл шаруышылық өндірістік қатынастарды реттейді. Сондықтан да, аграрлық құқытың объектісі

болып барлық жер емес, тек ауыл шаруашылығында

еңбек және өндіріс құралы болып табылатын немесе осы мақсаттар үшін жарамды жер бөліші ғана табылады.

Жер құқығы ҚР-сы азаматтық құқығының нормаларымен

де тығыз б\та. Өйткені, жер тек меншік ғана емес,

азаматтық айналымның да объектісі болып табылады. Сонадықтан да, мұндай жағдайларда жер қатынастарына азаматтық заңнаманың нормалары міндетті түрде қолданылады, яғни, ьұл құқықтық қатынастар әрқашанда заңды фактымен тығыз б\ты болғандықтан азаматтық заңнамамен реттелетін өтпелі нормаларға айналады. Конституциялық құқық ҚР-ң құқықтық жүйесінің барлық құқық салалары үшін басты ережелерді анықтайды. Жер құқығы саласында мұндай нормалар болып жер меншігі нысандары, соның ішінде, жерге жеке меншік құқығы шарттары туралы ережелер, жер учаскілері иелері мен

жер пайдаланушылардың тең құқытары туралы ережелер жатады. Жер құқығының әкімшілік құқықпен б\сы жер қорын әкімшілік-аумақтық ббасқару саласында және жер туралы заңнаманы бұзған тұлғаларды жауаптылыққа

тарту саласынан көрніс табады. Жер қатынастарын реттеу әкімшілік тәртіпте ж.а. Қылмыстық құқық кінәлә тұлғалардың жер туралы заңнаманы бұзғандығы үшін жауапкершілігін анықтайды.

3. Жерге меншік құқығының және пайдалану

құқығының тоқталуы. Жерге жеке меншік пен мемлекеттік меншік түрлеріне жалпы сипаттама.

Жер учаскесiне жеке меншiк құқығын немесе жер пайдалану құқығын тоқтату негiздерi

1. Жер учаскесiне жеке меншiк құқығы немесе жер пайдалану құқығы:

1) меншiк иесi - жер учаскесiн немесе жер пайдаланушы жер пайдалану құқығын иелiктен шығарып басқа тұлғаларға берген;

2) меншiк иесi меншiк құқығынан немесе жер пайдаланушы жер пайдалану құқығынан бас тартқан;

3) жер учаскесiне меншiк құқығынан немесе жер пайдалану құқығынан Қазақстан Республикасының заң актiлерiндекөзделген өзге де жағдайларда айырылған ретте тоқтатылады.

2. Меншiк иесiнен жер учаскесiн және жер пайдаланушыдан жер пайдалану құқығын олардың келісімінсіз алып қоюға:

1) меншiк иесiнiң немесе жер пайдаланушының мiндеттемелерi бойынша жер учаскесiнен немесе жер пайдалану құқығынан өндiрiп алу жүргiзiлген;

2) жер учаскесі мемлекет мұқтажы үшін мәжбүрлеп иеліктен шығарылған;

3) осы Кодекстiң 92 және 93-баптарында көзделген жағдайларда, мақсатына сай пайдаланылмай отырған немесе Қазақстан Республикасының заңдарын бұза отырып пайдаланылып жүрген жер учаскесi меншiк иесiнен немесе жер пайдаланушыдан мәжбүрлеп алып қойылған;

4) радиоактивті ластануға ұшыраған жер учаскесі оның меншік иесінен немесе жер пайдаланушыдан, құны тең жер учаскесі беріле отырып, мәжбүрлеп иеліктен шығарылған;

5) тәркiленген реттен басқа жағдайларда жол берiлмейдi.

3. Жер пайдалану құқығы бұдан басқа да мынадай

негiздер бойынша тоқтатылуы мүмкiн:

1) учаске берiлген мерзiмнiң өтуi;

2) жер учаскесi кепiлде тұрған жағдайларды қоспағанда, жер учаскесiн жалға беру шартының немесе өтеусiз

уақытша жер пайдалану шартының мерзiмiнен бұрын тоқтатылуы;

3) жер пайдаланушыға қызметтiк жер телiмiн берумен байланысты туындаған еңбек қатынастарының тоқтатылуы.Жерге мемлекеттік меншік деп мемлекеттің меншік иесі ретінде өзіне тиесілі жер учаскелерін иелену, пайдалану және билік етуін заңда көрсететін тәртіп жағдайында. Қазіргі кезде мемлекет меншігінде ҚР жер қорының алпыстан астам пайызы мемлекеттікі. Жер кодексінің жаңалығы 26-бап болып табылады. Бұл бапта тұңғыш рет мемлекет меншігінің барлық тізімі көрсетілген.Мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне

мыналар жатады (обьектілер):1. мемлекет билік органдары.

2. мемлекеттік ұйымдар мен мекемелерге берілген жерлер. 3. қорғаныс қажеттіліктеріне пайдаланылатын жерлер. 4.

ерекше қорғалатын табиғи аумақтар алып жатқан тарихи, мәдени,сауықтыру мақсатындағы жерлер.

5. орман және су қорлары жері. Егер орман мемлекет қаражаты арқылы

өсірілсе ол мемлекеттің жері, ал егер жеке қаражат арқылы өсірілсе ол жер жеке меншікте болып табылады. Егер жер учаскесінде сумен қамтамасыз ететін құрылғылар, коммуникациялар орналасқан болса. 6. елді мекендердегі жерлерді ортақ

пайдаланудағы жерлер. Мысалы, көшелер, скверлер, бульварлар және т.б.7. Босалқы жерлер. Оның ішінде

арнайы жер қорының учаскелері. 8. Кенттер, ауылды мекендердегі жайлымдық және шабындық алқаптар, жеке меншікке берілмейтін жайылым және басқа да жерлер.Субьектілері. Мемлекет атынан жерге мемлекет билікті жүзеге асырады.Органдар жалпы құзіреті бар. Олар: Парламент, Президент, Үкімет,Жергілікті өкілді және тқарушы органдар.Арнайы құзіреті бар. Бұл жер

ресурстарын басқару агенттігі.Функционалды құзіреті бар органдар. Бұл сот органдары және т.б.

Жерге жеке меншік құқығы деп белгілі біртұлғаның өзіне тиесілі жер учаскесін заңда көрсететін тәртіпте иелену, пайдалану және билік ету құқығы болып табылады. Дүние жүзінде абсолюттік түрде жерге жеке меншік құқығы жоқ. Қазақстанда жерге жекеменшік құқығы шектеулі нысанда жүзеге асырылады:

1. барлық тұлғаларға жер жеке меншікке берілген. Қазақстанның

азаматтары алты жағдайда ғана беріледі. 2. Қазақстанның заңды тұлғаларына үш жағдада.3. шетелдік тұлғаларға бір ғана жағдайда.

4. барлық мемлекеттік жерлер меншікке берілмейді.

Мемлекет жердің меншік иесіне көптеген талаптар қоюға құқылы.

Мысалы, жерді ұтымды және нысаналы пайдалану. Тауарлы

ауылшаруашылығы өндірісі деп ауылшаруашылығы мақсатына арналған жерлерде ауылшаруашылығы өнімдерін өндіру, оларды өңдеу және пайда табу мақсатында өткізу.Шетелдің тұлғаларына ауылшаруашылығы

мақсатына арналған жер тек жалға беріліп отырады. Қазақстанның тұлғаларына бұл жерлер жеке меншікке тек ақылы түрде беріледі. Ақы екі түрде болады:жеңілдетілген

(75 % төленеді) нақты бағасына сатады. Бұл жерде созып сатуға болады он жыл бойы.

4. Жер учаскесін мемлекеттік қажеттіліктер үшін алып қою тәртібі. Оның ішінде сатып алу жолымен алып қоюдың ерекшеліктерін түсіндіріңіз.

Жер учаскелерін мемлекет мұқтажы үшін мәжбүрлеп иеліктен шығару кезіндегі ерекше жағдайлар: 1) халықаралық міндеттемелер; 2) қорғаныс қажетіне, ерекше қорғалатын табиғи аумақтарға, сауықтыру, рекреациялық және тарихи-мәдени мақсатқа арнап жер беру және арнайы экономикалық аймақтардың құрылуы мен олардың жұмыс істеуі; 3) пайдалы қазба кен орындарының (кең таралғандарынан басқасы) табылуы және оларды қазу; 4) жол, электр тарату желілерін, байланыс желілерін, магистральды құбырлар, елді мекендердің ортақ пайдаланудағы инженерлік-коммуникациялық желілерін салу, сондай-ақ мемлекеттік маңызы бар басқа да объектілерді салу; 5) құлау (қирау) қаупі бар авариялық және ескірген тұрғын үйлерді бұзу; 6) осы аталғандардың тізбесіне жататын құрылыс объектілерінің бөлігінде елді мекендердің бас жоспарларын орындау, сондай-ақ мемлекеттік және өңірлік бағдарламаларда көзделген объектілерді, мемлекеттік мүдделерді қамтамасыз ететін инвестициялық жобаларды салу және қоғамдық маңызы бар мақсаттарға қол жеткізу болып табылады. Уақытша жер пайдалануға берілген жер учаскесін мемлекет мұқтажы үшін мәжбүрлеп иеліктен шығару, егер жер пайдаланушы берілген құқықты мемлекеттен сатып алмаған болса, жер пайдалану құқығы сатып алынбай жүзеге асырылады. Жер пайдаланушыларға шығындар толық көлемінде өтеледі, сондай-ақ олардың қалауы бойынша басқа жер учаскесі берілуі мүмкін. Егер меншiк иелерi және мемлекеттік емес жер пайдаланушылар жер пайдалану құқығын сатып алған болса, жер учаскелерiн олардан мемлекет мұқтажы үшін мәжбүрлеп иеліктен шығару Жер Кодексіне, ал онымен реттелмеген бөлiгiнде Қазақстан Республикасының өзге де заңдарына сәйкес сатып алу тәртiбiмен жүзеге асырылады. Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, сатып алу туралы шешiм қабылдаған орган жер учаскесiнiң меншiк иесiне немесе мемлекеттiк емес жер пайдаланушыға бұл жөнiнде осындай учаскенi сатып алудан кемiнде бiр жыл бұрын жазбаша түрде хабарлауға тиiс.

5. Ортақ бірлескен меншіктегі жер учаскесін бөлісу тәртібі. Ортақ бірлескен жер пайдаланудағы жер учаскесін бөлісу.

Екi немесе бiрнеше тұлғаның меншiгiндегi жер учаскесi оларға ортақ меншiк құқығымен тиесiлi болады. . Жер учаскесiне ортақ меншiк ҚР/ң заң актiлерiнде көзделген реттерде учаске бөлiнбейтiн жағдайда, сондай-ақ меншiк иелерi өздерiне тиесiлi жер учаскелерiн бiр учаскеге ерiктi түрде бiрiктiрген кезде туындайды. Жер учаскесi әрбiр меншiк иесiнiң үлесi анықталған (үлестiк меншiк) немесе үлестерi анықталмаған (бiрлескен меншiк) ортақ меншiкте болуы мүмкiн. Егер ҚР/ң заң актiлерiнде өзгеше белгiленбесе, жер учаскесiне ортақ үлестiк меншiктегi немесе ортақ үлестiк жер пайдаланудағы жер үлестерi жерге қатысты құқықтар мен мiндеттердiң дербес объектiсi болып табылады. Ортақ меншiктегi (ортақ жер пайдаланудағы) жер учаскесiн пайдалану тәртiбi ортақ меншiкке (ортақ жер пайдалануға) қатысушылар арасындағы шартпен белгiленедi. Олардың арасында келiсiмге қол жеткiзiлмеген жағдайда пайдалану тәртiбiн сот айқындайды. Жер учаскесiн пайдалану тәртiбi туралы қатысушылардың келiсiмi н/е соттың шешiмi жылжымайтын мүлiкке құқықтарды мемлекеттiк тiркеудi жүзеге асыратын органда тiркелуге тиiс.Ортақ меншiктегi немесе ортақ жер пайдаланудағы ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскесiн пайдалану тәртiбi. Ортақ меншiктегi (ортақ жер пайдаланудағы) ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскесiн пайдалану тәртiбiн үлестiк меншiкке (үлестiк жер пайдалануға) қатысушылардың жалпы жиналысы қабылдайды. Yлестiк меншiкке (үлестiк жер пайдалануға) қатысушылардың алдағы жиналысы туралы хабарлама оның өткiзiлетiн күнiнен бiр айдан кешiктiрiлмей жазбаша түрде қолхат алу арқылы жүргiзiледi. Жер учаскесiне ерлi-зайыптылардың ортақ меншiгi Ерлi-зайыптыларға олар некеге тұрғанға дейiн тиесiлi болған, сондай-ақ олардың мұрагерлiк тәртiбiмен сыйға алған жер учаскелерi мен жер үлестерi олардың әрқайсысының меншiгiнде (жер пайдалануында) болады. Жер учаскесi бөлiнетiн және бөлiнбейтiн болуы мүмкiн. Өзiнiң нысаналы мақсатын өзгертпей және өртке қарсы, санитарлық, экологиялық, құрылыстық және өзге де мiндеттi нормалар мен ережелердi бұзбай бөлiктерге бөлуге болатын, бөлiнгеннен кейiн әрқайсысы дербес жер учаскесiн құрайтын жер учаскесi бөлiнетiн жер учаскесi болады, бұлай болмаған жағдайда ол бөлiнбейтiн болып табылады. Жер учаскесiнiң бөлiнбейтiндiгi сәйкестендіру құжатында көрсетiледi. Жер учаскесінің бөлінетін бөлігімен мәмілелер жасаған кезде, бұл бөлік белгіленген тәртіппен алдын ала дербес жер учаскесі болып бөлініп шығарылуға тиіс. Қалған жағдайларда мәміле нысанасы оны шартта сипаттау немесе жер учаскесінің бөлігіне белгіленетін құқықтың қолданылу аясын (жалдау, өтеусіз пайдалану, сервитут және басқалары) сәйкестендіру құжатына енгізу арқылы айқындалуы мүмкін. Егер жер учаскесi Жер Кодексіне сәйкес бөлiнбейтiн болып танылса, оны бөлуге және одан жер үлесiн нақтылы бөлiп шығаруға жол берiлмейдi. Бұл жағдайда үлестiк немесе бiрлескен меншiктiң (жер пайдаланудың) бөлiнiп шығатын қатысушысының жер учаскесiне ортақ меншiктiң (ортақ жер пайдаланудың) басқа қатысушыларына өзiнiң жер үлесiнiң құнын төлеткiзуге не оны Жер Кодексінде белгiленген ережелерге сәйкес басқа тұлғаға сатуға құқығы бар, бұған кондоминиум объектiлерi қосылмайды. Бүкiл жер учаскесiне не үй (құрылыс, ғимарат) иелiктен шығарылған кезде дербес жер учаскесi болып бөлiнген оның белгiлi бiр бөлiгiне тұрақты немесе уақытша ұзақ мерзiмдi жер пайдалану құқығы, немесе егер жер учаскесi бөлiнбесе немесе бөлiнбейтiндiгiне байланысты бөлiнуге жатпайтын болса, жер учаскесiне ортақ меншiк құқығындағы немесе ортақ жер пайдалану құқығындағы үлесi ауысады. Жер учаскесiн бөлген кезде үйдi (құрылысты, ғимаратты) сатып алушыға жер учаскесiнiң бөлiнетiн бөлiгi, яғни үй (құрылыс, ғимарат) орналасқан және оны пайдалану үшiн қажеттi бөлiгi бөлiп берiледi. Тараптардың келiсiмi б/ша үйдi (құрылысты, ғимаратты) сатып алушыға жер учаскесiнiң үйдi (құрылысты, ғимаратты) пайдалану және күтiп-ұстау үшiн қажет болатын бөлiгiнен үлкен бөлiгi берiлуi мүмкi