Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Земельное право РК.docx
Скачиваний:
196
Добавлен:
08.03.2016
Размер:
169.15 Кб
Скачать

12.Жер құқығының қайнар көздерінің түсінігі және белгілері. Жер құқығы қайнар көздерінің жүйесі.

Жер құқығының қайнар көздері дегеніміз- жер қатынастарын реттеуге бағытталған Н.Қ.А-рдің және халықаралық келісімдер мен шарттардың жиынтығы болып табылады. Құқық теориясы б/ша, құқықтың қайнар көздері дегеніміз- көп рет пайдалануға бағытталған, құқықтық бұйрық түріндегі мемлекеттің еркін білдірудің түрлі әдістерінен құралған жазбаша ресми құжат. Оларды орындауға міндетті мемлекеттік заң шығарушы органдар қызметінің көрінісі деп түсінуге болады. Құқықтың қайнар көздері заңдар және заңға сәйкес актілер нысанында көрініс табады. Құқықтың қайнар көзі ретінде ең жоғарғы заңды күшке Қ.Р-ң Конституциясы иеленеді.

Жер құқығы қайнар көздерінің ерекшеліктері: 1) Әдет-ғұрып ережелері мен сот прециденті, бұл саланың қайнар көздері болып танылмайды. 2) Халықаралық келісім шарттар жер құқығының ерекше қайнар көзі болып танылады. 3) Жер құқығының қайнар көздерінің құрамына басқа құқық салаларының Н.Қ.А-ріде кіреді. Осыған байланысты 2 ұғымның арасындағы айырмашылықты білу қажет: * жер құқығының қайнар көздері. * Жер заңдары.

Жер құқығының негізгі қайнар көздеріне: Қ.Р-ң Конституциясын; Қ.Р-ң Н.Қ.А- рін; Қ.Р-сы Үкіметінің Қ.Р-сы Жер туралы Жарлығын; Жер туралы заңды және Жер кодексін; Салық кодексін және басқа да заң шығарушы актілерді орындау мақсатында қабылдаған қаулылары жатады. Жер құқығы қайнар көздерінің жүйесі олардың Қ.Р-сы билік органдарының құқық шығарушылық құзіреттілігіне және бағыныстылығына қатысты бөлінуін білдіреді. Жоғарыда атап өткеніміздей, бұл жүйеде Қ.Р-ң Конституциясы ерекше орынды иеленген. Жер құқығы қайнар көздерінің ерекше сипаты болып, оларда субьект пен обьект бойынша жекелеген құқықтық реттеумен қатар жүйеленген кешенді және жеке құқықтық нормалар бар. Сол себепті де, оларды жер құқығының негізгі және қосымша қайнар көздері деп бөлуге болады. Жер құқығының негізгі қайнар көздеріне Қ.Р-ң Жер кодексі жатады.Қ.Р-ң Конституциясына сәйкес, Қ.Р-сы бекіткен халықаралық шарттар оның құқықтық жүйесінің құрамдас бөлігі болып табылады. Қ.Р-сы Жер кодексінің 7-бабына сәйкес, егер Қ.Р-сы бекіткен халықаралық шартта Жер кодексіндегіден өзгеше ережелер белгіленсе, аталған шарттың ережелері қолданылады.

13.Жер мониторингінің түсінігі. Жер мониторингі ақпараттарын алу мен пайдалану әдістерінің түрлері.

Жер мониторингi болып жатқан өзгерiстердi анықтау, дамуын болжау және керi әсерi бар процестердi анықтау мен оның зардаптарын жою, оларды бағалау бойынша жер қорының жай-күйiн байқау.

Ол қоршаған табиғи ортаның жай-күйi мониторингiнiң құрамдас бөлiгi болып табылады. Қазақстан Республикасының барлық жерi жер мониторингiнiң объектiсi болып табылады. Жер мониторингiн жүргiзудi ұйымдастыруды жер ресурстарын басқару жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган жүзеге асырады. Жер мониторингiн жүргiзу кезiнде қажетті ақпаратты алу үшiн жер бетiн суретке түсiру , бақылау ,қашықтықтан зерделеу әдiстерi, сондай-ақ қор деректерi қолданылады. Жер мониторингiнiң жердiң санаттарына сәйкес келетiн iшкi жүйелерi болады. Аумақты қамтуына қарай республикалық, аймақтық не жергiлiктi жер мониторингi жүзеге асырылады.

Жер мониторингiнiң мiндеттерi:

1) жердiң жай-күйiнiң өзгерiстерiн анықтау, оларды бағалау, болжам жасау және керi әсерi бар процестердi анықтау мен зардаптарын жою жөнiнде ұсыныстар әзiрлеу;

2) мемлекеттiк жер кадастрын жүргiзудi, жерге орналастыруды, жерді пайдалану мен қорғауды бақылауды ақпараттық қамтамасыз ету болып табылады.

Жер мониторингінің мазмұнын жердің жағдайын жүйелі түрде бақылау, оларда орын алып жатқан жағдайларды анықтау және оларды бағалау, болжау құрайды.Болжау мына жағдайларда ж.а:

1.ЖЕР ИЕЛЕРІНІҢ , ПАЙДАЛАНУ ҚҰҚЫҒЫНДАҒЫ ЖЕРДІҢ, УЧАСКЕЛЕРДІҢ, АЛАҢДАРДЫҢ, ТОПЫРАҚТЫҢ ҚҰнарлығының озгеруімен байланысты процестерді ,улы заттармен, өндірістік. тұрмыстык жэне баска да калдыктармен ластануын, топырактың баска да касиеттерініц на-шарлауын немесе жаксаруын;

2.өзендердін, теңіздердің, көлдердің, бұғаздардын, су коймала-рының, шығанактардың жағалау сызыктарының жағдайын, кұздар-дың, кар көшкінінің, селдің, жер сілкінісінің, карсттык, криогендік және баска да кұбылыстардың нэтижесіндегі процестерді;

3.едлі мекендер жерінің, мұнай жэне газ ондіру жерлерінің, таза-лау кұрылғыларының, ки сакгау коймаларының, кокыстардың, жа-нар-жағар май коймаларының, тыңайткыштардың, автоколіктұрак-тарының, өндірістік улы калдыктар мен радиоактивтік материал-дардың кому орындарының, сонымен катар, баска да өндірістік объ-ектілерінің жағдайын.

14.Ауыл шаруашылығы мақсатына арналған жерлер түсінігі. Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді берудің және пайдаланудың ерекшеліктері.

Ауыл шаруашылығының қажеттерi үшiн берiлген немесе осы мақсаттарға арналған жер ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер деп танылады. Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер құрамына ауыл шаруашылығы алқаптары мен ауыл шаруашылығының жұмыс iстеуiне қажеттi iшкi шаруашылық жолдары, коммуникациялар, тұйық су айдындары, мелиорациялық жүйе, қора-жайлар мен ғимараттар орналасқан жер, сондай-ақ басқа да алқаптар (сор, құм, тақыр және ауыл шаруашылығы алқаптарының алабына қосылған басқа да алқаптар) жатқызылады. Ауыл шаруашылығы алқаптары айрықша қорғалуға тиiс. Бұл жердi ауыл шаруашылығы өндiрiсiне байланысты емес мақсаттарға пайдалануға ерекше жағдайларда жол берiледi. Ауыл шаруашылығы алқаптарына егiстiктер, тыңайған жер, көп жылдық екпелер егiлген жер, шабындықтар мен жайылымдар жатады. Егiстiк - жүйелi түрде өңделетiн және көп жылдық шөптердiң егiстiгiн қоса алғанда, ауыл шаруашылығы дақылдарының егiстiгiне пайдаланылатын жер учаскелерi, сондай-ақ сүрi жер. Алдын ала егiлетiн дақылдардың егiстiгi орналасқан (үш жылдан аспайтын уақыт аралығында), түбегейлi жақсарту мақсатында жыртылған шабындықтар мен жайылымдардың жер учаскелерi, сондай-ақ бақтардың егiске пайдаланылатын қатар аралығы егiстiкке жатпайды. Тыңайған жер - бұрын егiстiк құрамында болған және күзден бастап бiр жылдан аса ауыл шаруашылығы дақылдарын егуге пайдаланылмайтын және пар айдауға әзiрленбеген жер учаскесi. Көп жылдық екпелер - жемiс-жидек, техникалық және дәрi-дәрмек өнiмдерiнiң түсiмiн алуға, сондай-ақ аумақты сәндеп безендiруге арналып қолдан отырғызылған көп жылдық ағаш, бұта екпелерiне пайдаланылатын жер учаскелерi. Табиғи шабындықтар мен жайылымдар - шөп шабуға және жануарларды жаюға жүйелi түрде пайдаланылатын жер учаскелерi. Түбегейлi жақсартылған шабындықтар мен жайылымдар - шөп егу арқылы жаңадан отайған шабындық және жайылым учаскелерi. Суландырылған жайылымдар - тиiстi мал басын сапасы ойдағыдай сумен қамтамасыз ете алатын су көздерi (көлдер, өзендер, тоғандар, апандар, суару және суландыру каналдары, құбырлы немесе шегендi құдықтар) бар жайылымдар.Ауыл шаруашылығының қажеттерi үшiн берiлген немесе осы мақсаттарға арналған жер ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер деп танылады. Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер құрамына: ауыл шаруашылығы алқаптары мен ауыл шаруашылығының жұмыс iстеуiне қажеттi iшкi шаруашылық жолдары, коммуникациялар, тұйық су айдындары, мелиорациялық жүйе, қора-жайлар мен ғимараттар орналасқан жер, сондай-ақ басқа да алқаптар (сор, құм, тақыр және ауыл шаруашылығы алқаптарының алабына қосылған басқа да алқаптар) жатқызылады. Ауыл шаруашылығы алқаптарына: егiстiктер, тыңайған жер, көп жылдық екпелер егiлген жер, шабындықтар мен жайылымдар жатады.

Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер: 1) жеке меншiкке - ҚР/ң азаматтарына өзiндiк қосалқы шаруашылығын, бағбандықты, саяжай құрылысын дамыту үшiн; 2) жеке меншiкке немесе жер пайдалануға - ҚР/ң жеке және заңды тұлғаларына шаруа (фермер) қожалығын жүргiзуге, тауарлы ауыл шаруашылығы өндiрiсi, орман өсiру, ғылыми-зерттеу, тәжiрибе жүргiзу және оқыту мақсатында, қосалқы ауыл шаруашылығын, бақша және мал шаруашылығын жүргiзу үшiн; 3) шетелдiктер мен азаматтығы жоқ адамдарға 10 жылға дейiнгi мерзiмге жалдау шарттарымен уақытша жер пайдалануға берiледi. Азаматтар мен заңды тұлғаларға жер пайдалануға немесе меншiкке берiлетiн ауыл шаруашылығы алқаптарының сапасын мемлекеттiк бақылау мақсатында бюджет қаражаты есебiнен топырақты зерттеу, топырақ-мелиорациялық, геоботаникалық зерттеулер мен топырақты бағалау материалдары деректерiнiң негiзiнде ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерiнiң паспорты жасалады. Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерi паспортының нысанын жер ресурстарын басқару жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган бекiтедi. Жер учаскесінің паспортын жасау жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыруды және оны беруді жер учаскесі орналасқан жердегі облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың), аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) уәкілетті органдары жүзеге асырады. Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерге меншiк құқығы . Мемлекеттiк меншiктегi ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерi осы Кодексте белгiленген тәртiппен және жағдайларда жеке және заңды тұлғаларға жер пайдалану құқығымен және (немесе) жеке меншiк құқығымен берiлуi мүмкiн. Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерi жеке меншiк құқығымен Қазақстан Республикасының азаматтарына шаруа (фермер) қожалығын жүргiзу үшiн және Қазақстан Республикасының мемлекеттiк емес заңды тұлғаларына тауарлы ауыл шаруашылығы өндiрiсiн жүргiзу және орман өсiру үшiн берiледi. . Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскесiне жеке меншік құқығын табыстыру ақылы негiзде жүргiзiледi. жер учаскелерiн сатып алған кезде сатып алу сомасын төлеу жер учаскесiне жеке меншiк құқығын сатып алатын тұлғаның жазбаша өтiнiшi бойынша он жылға дейiн төлеу мерзiмiн ұзарту арқылы жүргiзiлуi мүмкiн.