Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Земельное право РК.docx
Скачиваний:
196
Добавлен:
08.03.2016
Размер:
169.15 Кб
Скачать

22.Ауыл шаруашылығы мақсатына арналған жерлерге меншік құқығы және өзге құқықтар, ауыл шаруашылық мақсатындағы жерлерді пайдалану субъектілері.

Ауыл шаруашылығының қажеттерi үшiн берiлген немесе осы мақсаттарға арналған жер ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер деп танылады. Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер құрамына: ауыл шаруашылығы алқаптары мен ауыл шаруашылығының жұмыс iстеуiне қажеттi iшкi шаруашылық жолдары, коммуникациялар, тұйық су айдындары, мелиорациялық жүйе, қора-жайлар мен ғимараттар орналасқан жер, сондай-ақ басқа да алқаптар (сор, құм, тақыр және ауыл шаруашылығы алқаптарының алабына қосылған басқа да алқаптар) жатқызылады. Ауыл шаруашылығы алқаптарына: егiстiктер, тыңайған жер, көп жылдық екпелер егiлген жер, шабындықтар мен жайылымдар жатады.

Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер: 1) жеке меншiкке - ҚР/ң азаматтарына өзiндiк қосалқы шаруашылығын, бағбандықты, саяжай құрылысын дамыту үшiн; 2) жеке меншiкке немесе жер пайдалануға - ҚР/ң жеке және заңды тұлғаларына шаруа (фермер) қожалығын жүргiзуге, тауарлы ауыл шаруашылығы өндiрiсi, орман өсiру, ғылыми-зерттеу, тәжiрибе жүргiзу және оқыту мақсатында, қосалқы ауыл шаруашылығын, бақша және мал шаруашылығын жүргiзу үшiн; 3) шетелдiктер мен азаматтығы жоқ адамдарға 10 жылға дейiнгi мерзiмге жалдау шарттарымен уақытша жер пайдалануға берiледi. Азаматтар мен заңды тұлғаларға жер пайдалануға н/е меншiкке берiлетiн ауыл шаруашылығы алқаптарының сапасын мемлекеттiк бақылау мақсатында бюджет қаражаты есебiнен топырақты зерттеу, топырақ-мелиорациялық, геоботаникалық зерттеулер мен топырақты бағалау материалдары деректерiнiң негiзiнде ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерiнiң паспорты жасалады. Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерi паспортының нысанын жер ресурстарын басқару жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган бекiтедi. Жер учаскесінің паспортын жасау жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыруды және оны беруді жер учаскесі орналасқан жердегі облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың), аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) уәкілетті органдары жүзеге асыр

23.Жерге меншік құқығының түсінігі. Жерге меншік құқығы мен жер пайдалану құқығының тоқтатылу негіздері.

Жерге меншік құқығы – ол заңмен танылып және қорғалатын жерлерді иелелену, пайдалану және басқару құқығы. Жерге меншік құқығына жалпы меншік құқығының барлық ерекшеліктері тән. Бірақ, сонымен бірге оның өзіндік ерекшеліктері де бар: жерге меншік құқығына әрқашанда мемлекет мүддесіне және жер-құқық қатынастарының өзге субъектілерінің мүддесіне байланысты кейбір шектеулер қойылады. ҚР жерге меншік құқығы екі түрге бөлінеді: мемлекеттік меншік және жеке меншік. Меншік-ҚР/ң Конституциясында «меншік» ең алдымен адам мен азаматтың негізгі құқықтарының бірі-заңды түрде алған қандай да болсын мүлкіне иелік ету , пайдалану және меншігінде ұстай алу құқығын айқындайды.Соттың шешімінсіз ешкімді өз мүлкінен айыруға болмайды.Заңмен көзделген ерекше жағдайларда мемлекет мұқтажы үшін мүліктен күштеп айыру оның құны тең бағамен өтелген кезде жүргізілуі тиіс. Жерге меншік құқығы-азаматтардың және мемлекеттік емес заңды тұлғалардың өздеріне тиесілі жерді ҚР Жер кодексінде белгіленген негіздерде , шарттар мен шектерде иелену, пайдалану және оларға билік ету құқығы. Жер иелену құқығы-жерді іс жүзінде иеленуді жүзеге асырудың заңмен қамтамасыз етілген мүмкіндігі. Жерге билік ету құқығы- мемлекеттің ҚР аумағындағы жердің заңдық тағдырын айқындауға заңмен қамтамасыз етілген құқығы , сондай-ақ жердің жеке меншік иесінің өз жер учаскесіне қатысты ҚР/ң тыйым салынбаған мәмілелер жасауға құқығы. Жер пайдалану құқығы- тұлғаның мемлекеттік меншіктегі жер учаскесін өтеулі және өтеусіз негізде шектеусіз мерзімге немесе белгілі бір мерзім ішінде иелену және пайдалану құқығы. Жерге заттық құқық-меншік құқығы, жер пайдалану құқығы, жер учаскесін уақытша пйдалану, сервитут,өзге де заттық құқықтарты қамтиды.Ең басты белгілері:иелену, пайдалану, билік ету құқықтарының бар болуы.Жер учаскесiне жеке меншiк құқығын немесе жер пайдалану құқығын тоқтату негiздерi

1. Жер учаскесiне жеке меншiк құқығы немесе жер пайдалану құқығы:

1) меншiк иесi - жер учаскесiн немесе жер пайдаланушы жер пайдалану құқығын иелiктен шығарып басқа тұлғаларға берген;

2) меншiк иесi меншiк құқығынан немесе жер пайдаланушы жер пайдалану құқығынан бас тартқан;

3) жер учаскесiне меншiк құқығынан немесе жер пайдалану құқығынан Қазақстан Республикасының заң актiлерiндекөзделген өзге де жағдайларда айырылған ретте тоқтатылады.

2. Меншiк иесiнен жер учаскесiн және жер пайдаланушыдан жер пайдалану құқығын олардың келісімінсіз алып қоюға:

1) меншiк иесiнiң немесе жер пайдаланушының мiндеттемелерi бойынша жер учаскесiнен немесе жер пайдалану құқығынан өндiрiп алу жүргiзiлген;

2) жер учаскесі мемлекет мұқтажы үшін мәжбүрлеп иеліктен шығарылған;

3) осы Кодекстiң 92 және 93-баптарында көзделген жағдайларда, мақсатына сай пайдаланылмай отырған немесе Қазақстан Республикасының заңдарын бұза отырып пайдаланылып жүрген жер учаскесi меншiк иесiнен немесе жер пайдаланушыдан мәжбүрлеп алып қойылған;

4) радиоактивті ластануға ұшыраған жер учаскесі оның меншік иесінен немесе жер пайдаланушыдан, құны тең жер учаскесі беріле отырып, мәжбүрлеп иеліктен шығарылған;

5) тәркiленген реттен басқа жағдайларда жол берiлмейдi.

3. Жер пайдалану құқығы бұдан басқа да мынадай негiздер бойынша тоқтатылуы мүмкiн:

1) учаске берiлген мерзiмнiң өтуi;

2) жер учаскесi кепiлде тұрған жағдайларды қоспағанда, жер учаскесiн жалға беру шартының немесе өтеусiз уақытша жер пайдалану шартының мерзiмiнен бұрын тоқтатылуы;

3) жер пайдаланушыға қызметтiк жер телiмiн берумен байланысты туындаған еңбек қатынастарының тоқтатылуы.