Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМКД для студентов.doc
Скачиваний:
127
Добавлен:
21.02.2016
Размер:
2.07 Mб
Скачать

9 Лекция. Кәсіпкерлік капитал

1. Кәсіпкерліктің қалыптасуы

1. Капитал (ағылшынша – бас мүлік, бас сома, латынша – ең басты) – экономикалық ғылымның ең маңызды категорияларының бірі, нарықтық шаруашылықтың қажетті элементі. Тауар өндірісі пайда болып өалыптасқаннан бері, капитал мынадай тарихи формалар алған: сауда капиталы, - тарихи капиталдың ең көне еркін формасы, өсімқорлық, осыдан кейін - өнеркәсіптік.

Пайдалануға ұсынылатын әдебиеттер:

1. Әкімбеков С., Баймухаметова А.С., Жанайдарова У.А. Экономикалық теория. Оқу құралы. – Астана; 2002. – 464 б.

2. Экономикалық ілімдер тарихы. Оқу құралы. Алматы. Қаз.университеті. 1997.

3. Экономикалық теория. Оқулық. Алматы. Қазақ университеті.2000.

Макроэкономика. Ұлттық экономика

10. Лекция. Макроэкономикалық саясаттың мақсаттары мен құралдары. Макроэкономика - өзара байланысты өндірушілердің және тұтынушылардың жиынтығы.

Макроэкономика өндірушілер мен тұтынушылардың іс-әрекеттерінің мотивациясын зерттейді, сонымен қатар бәсекеліктің әртүрлі болған жағдайындағы солардың тауар нарығындағы және өндіріс факторы нарығындағы өзара әсер ету механизмін зерттейді. Макроэконмика экономиканың тұтас болып қызмет етуін зерттейтін, экономикалық теорияның саласы болып табылады.

Макроэкономикалық дәрежеде зерттелетін негізгі мәселелер:

  • ұлттық өнім және ұлттық табыстың мөлшері мен құрылымын анықтау;

  • ұлттық экономика мастабында жұмыспен қамтуды реттейтін факторларды айқындау;

  • инфляцияның табиғатын талдау;

  • экономикалық өсудің механизімі мен факторларын зерттеу;

  • Экономикадағы циклдық ауытқулардың себептерін зерттеу;

  • Ұлттық экономикалардың сыртқы экономикалармен өзара әсерлерін зерттеу;

  • Мемлекеттің макроэкономикалық саясатының мақсаттарын, мазмұны мен формаларын теория жүзінде дәлелдеу.

Макроэкономикалық көрсеткіштер. Ұлттық есеп жүйесі.

Ұлттық экономиканың қызмет ету нәтижесін өлшеу үшін теория мен шаруашылық практикада әртүрлі макроэкономикалық көрсеткіштер қолданылады. Бұған жататындар:

Жалпы қоғамдық өнім ЖҚӨ

Түпкі қоғамдық өнім – ТҮҚӨ

Таза қоғамдық өнім – ТҚӨ

Таза ұлттық өнім – ТҰӨ

Жалпы ішкі өнім – ЖІӨ

Ұлттық табыс – ҰТ

Жеке табыс – ЖТ

Арадағы өнім – АӨ.

Пайдалануға ұсынылатын әдебиеттер:

1. Тлеужанова М. Макроэкономика. Алматы, 2008

2. Макрэкономика под редакцией Абишева. Алматы, 2007

11. Лекция. Жұмыссыздық және оның түрлері

Экономикалық белсенді адамдар – елдің жұмысқа қабілетті және жұмыс істеуге ниеті бар адамдар. Жұмыссыз деп жұмыс істеуге ниеті бар, бірақ белгілі бір себептермен жұмыс таба алмай жүргендер кіреді. Барлық жұмысқа қабілетті адамдарды 3 категорияға бөліп қараймыз.

  1. жұмыс істеушілер

  2. жұмыс істемейтіндер, бірақ белсенді жұмыс іздеушілер (жұмыссыздар)

  3. жұмыс істемейтіндер, яғни жұмыс іздемейтіндер.

Адамдар кейбір төмендегі себептермен бір категориядан басқасына ауысып отырады.

  • адамдардың бір бөлігі еңбек қызметін үзбей жұмыс орнын ауыстырады;

  • басқасы өз жұмысын уақытша тастап, басқа жұмысқа тұрады;

  • енді біреулері жұмыс істегісі келмей, жұмыссыздар категориясына көшеді;

  • кейбір жұмыссыздар жұмысқа шығып, кейбіреулері іздеуді тоқтатып жұмыс істемейтіндер қатарына қосылады.

Жұмыс күшіне жұмыспен қамтылғандар мен жұмыссыздар жатады.

Жұмыссыздықтың себептері:

  • экономидағы жүйелік қозғалыстар;

  • экономиканың төмендеуі (депрессия);

  • үкіметтің еңбекті төлеудегі саясаты;

  • экономиканың кейбір салаларында өндірістің маусымдық өзгерістері;

  • демографиядағы өзгерістер ;

  • табиғи катаклизмдер.

Жұмыссыздықтың түрлері:

  • еркін – қызметкер өзінің таңдауына не жағдайына байланысты жұмыс орнынан бас тартуы;

  • мұқтаж – жалақының төмен болуына байланысты қызметкерджің жұмыстан бас тартуы;

  • фрикциондық – қызметкерді жасына, мамандығына, т.б. байланысты орнынан ауыстыру;

  • кейбір салалалрдың маусымдық болуына байланысты;

  • жасырын – жалған жұмыспен қамтылғандық, яғни өндірістік дағдарыс кезінде қызметкерлерді жұмыстан шығармай , ақы төленбейтін демалысқа шығарады.