Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМКД для студентов.doc
Скачиваний:
127
Добавлен:
21.02.2016
Размер:
2.07 Mб
Скачать

15 Лекция. Мемлекеттің сыртқы экономикалық қызметі

    1. Мемлекеттің экономикалық саясаты

    2. Қаржы жүйесі және қаржы саясаты.

Мемлекеттің экономикалық саясаты – бұл қойылған мақсатқа жету үшін эк-қ суб-дің іс әрекетін реттеуге бағытталған іс-шаралардың жиынтығы. Оның мақсаттары әртүрлі болуы мүмкін: экономикалық өсу, ғылыми тех-қ прогресс, кірістерді онтайлы бөлу, толық жұмыспен қамтылу.

Мемлекет мақсатына жету үшін әртүрлі әрекет қолданады. Олар тура немесе жанама болуы мүмкін.

Тура шараларға объектке әсер ететін шаралар жатады. Ол әкімшілік ұстанымдар, тыйым салу, рұқсат, қаулылар.

Жанама шараларға объектіге оның қызмет ету аясын өзгерту арқылы әсер ететін шаралар жатады. Онда мемлекет ақша-несиелік, салық-бюджеттік, ғылыми-техникалық саясаты арқылы әсер етеді.

Пайдалануға ұсынылатын әдебиеттер:

  1. Есқараев Қ. Қазақстан Республикасының нарығын мемлекеттік реттеу. Алматы, 2007

  2. Мировая экономика в век глобализации. Москва, 2007

  3. ]www.minfin.kz

Практика (семинар) сабақтарының әдістемелік нұсқаулары

Семинар сабақтарына дайындалу үшін әдістемелік нұсқаулар

«Экономикалық теория негіздері» пәні бойынша семинар және тәжірибелік сабақтары әр-түрлі нысандарда өткізіледі (жалпы сұрау, мамандықты меңгеру ойындары, ауызша баяндамалар, үй тапсырмасын талдау). Семинарды немесе тәжірибелік сабақты өткізу нысанын оқытушы әр сабақта анықтайды және алдын ала хабарлайды.

Семинар сабақтарына курстың неғұрлым маңызды әрі күрделі сұрақтары шығарылады. Студенттерден семинар сұрақтарын талқылауы үшін лекция мен ұсынылған қайнар көздерді пайдалана отырып, арнаулы дайындалуы талап етіледі.

Семинар сабақтарының мақсаты: студенттерде қарастырылып отырған мәселе бойынша оқу әдебиеттерімен, нормативтік құқықтық актілермен және өзге де қайнар көздермен дербес жұмыс істеу дағдыларын; оқып қарастырылған материалдарды ұғыну және талдау дағдыларын; тәжірибелік мәселелерді шешу жолымен нақты жағдайға қатысты құқықтық нормаларды қолдана білу дағдыларын қалыптастыру. Сонымен қатар, семинардың мақсаты - әдебиет бойынша дербес жұмыстың нәтижелерін тексеру, түсініксіз мәселелерді талқылау, аудитория алдында баяндау дағдыларын беру.

Семинар – ұсынылған қайнар көздер мен әдебиетті оқу бойынша студенттің дербес жұмысының нәтижесі.

Студенттің дербес жұмысы дегеніміз не? Дербес жұмысты атқару дегеніміз – ұсынылған әдебиетті, қайнар көздерді оқу, семинар сұрақтарына жауаптарға дайындалу мақсатында, пән бойынша білімдерді тереңдету мақсатында, курстың тақырыптары бойынша реферат немесе баяндама жасау мақсатында оқылғанға қысқаша мәнжазбаларды жасау.

Семинар сабақтарына дайындықты мынадай тәртіппен жүргізген жөн:

  1. Берілген тақырып бойынша семинар жоспарымен мұқият түрде танысып алу, алдымен негізгі сұрақтармен, ал соңынан талқылауға ұсынылған сұрақтармен;

  2. Семинар тақырыбы бойынша лекцияның конспектісін толық оқып шығу және қойылған сұрақтарды оқу үшін қажетті материалдарды белгілеп алу;

  3. Берілген тақырып бойынша ұсынылған негізгі және қосымша қайнар көздерге жүгіну;

  4. Берілген тақырып бойынша курсты тиімді меңгеруге көмектесетін негізгі терминдер мен түсініктерге ерекше мән беру;

  5. Тақырыпта кездесетін нормативтік құқықтық актілерді ұғыну;

  6. Тақырыпты оқу барысында семинар сабағына арналған дәптерге қысқаша мәнжазбаларды жазып алу қажет, бұл әсіресе дербес оқуға арналған сұрақтарға қатысты. Бұл мәнжазбаларды семинар сабағында жауап беру барысында, сондай ақ межелік бақылау мен емтиханға дайындық барысында қолдануға болады.

Семинарға дайындық студенттің дербес жұмысының міндетті бөлігі болып табылады және сабақ жоспарында көрсетілген барлық сұрақтарды қамтуы тиіс. Сабаққа толықтай дайындалу тақырыпты толығымен меңгеруге және семинардың тиімді жұмыс істеуіне ықпал етеді.

Студенттің семинар сабағындағы жұмысы оның жоғары белсенділігі деңгейін және жария қорғау барысында төмендегі талаптарға сай болуын болжайды:

  • Көмекші құрал ретінде мини конспектілерді пайдалана отырып, сұрақтарға ауызша еркін түрде жауап беруі;

  • Сұрақтарға жауап беруге дайын болуы және жауап бере алуы, сондай ақ айтылғандарға талдай жасай білуі;

  • Мемлекет және құқық теориясы курсы бойынша терминологияны меңгеруі;

  • Баяндама жасау үшін регламент 7÷10 минут.

Курсты оқу аяқталған соң студент курстың негізгі тұжырымдарын меңгеруі тиіс және құқық субъектілерінің мінез құлқын талқылауда, проблемаларды талдау және шешуде, мемлекет пен құқық, мемлекеттік саясат үлгілерін таңдауда оларды қолдана білуі тиіс.

Семинар сабақтарына оқу бағдарламасына сәйкес аудиториялық сабақтардың жалпы санынан 15сағат бөлінген. Студент әрбір семинар сабағында мах. І баллға дейін жинай алады.

Семинар сабағында студенттің білімі мынадай критерийлер бойынша бағаланады:

  • Теориялық білімдерін пайдалану;

  • Жауаптарының негізділігі;

  • Қойылған сұрақтарды талқылауға қатысу;

  • Жаттығуларды орындау, мән жайларды қарастыру;

  • Тезистер мен жауаптардың негізділігі;

  • Есептерді шығару;

  • Фактілік және кесте, сызбалық материалдарды қолдану;

  • Зерттеудің негізгі түсініктерін меңгеру;

  • Қойылған сұрақтарға жауап беру және тапсырмаларды шешу барысында дербестік таныту;

  • Қарастырылып отырған сұрақтарды талқылау барысында терең теориялық білімдерін көрсету;

  • Жауаптарының теориялық негізділігі мен құқықтық реттеу тәжірибесінен мысалдар келтіруі;

  • Барлық қойылған сұрақтар бойынша талқылауға белсенді әрі тұрақты түрде атсалысу;

  • Қарастырылып отырған мән жайлар бойынша дұрыс, негізді әрі толық түсінік беру;

  • Қарастырылып отырған мән жай бойынша өзінің көзқарасын дәлелдей білуі;

  • Қарастырылған мәселе бойынша негізгі ұғымдарды меңгеруі;

  • Басқа студенттердің жауаптарын талқылауға белсенді түрде атсалысу;

  • Семинар сабағында толықтай белсенділік таныту.