Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМКД для студентов.doc
Скачиваний:
127
Добавлен:
21.02.2016
Размер:
2.07 Mб
Скачать

13. Лекция. Сақтандыру нарығы

1. Сақтандыру қызметінің мәні.

2. Сақтандыру қызметін ұйымдастыру.

3. Сақтандыру нарығының қатысушылары.

1. Сақтандырудың негізгі қайнар көзі «Сақтандыру қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңы болып табылады. Ол 2000 жылғы 18 желтоқсанда қабылданды. Осы заң бойынша Сақтандыру дегенiмiз, сақтандыру ұйымы өз активтерi есебiнен жүзеге асыратын сақтандыру төлемi арқылы сақтандыру шартында белгiленген сақтандыру жағдайы немесе өзге де оқиғалар туындаған кезде жеке немесе заңды тұлғаның заңды мүдделерiн мүлiктiк жағынан қорғауға байланысты қатынастар кешенi. Ал сақтандыру қызметi - сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттарын жасау мен орындауға байланысты, Қазақстан Республикасы заңдарының талаптарына сәйкес уәкiлеттi мемлекеттiк органның лицензиясы негiзiнде жүзеге асырылатын қызметi.   

Сақтандыру жағдайы: болған оқиға нәтижесінде келісім негізінде сақтандырушы төлем жасауға міндеттенеді. Келісімге отырған кезде сақатандырушы мен сақтандырылушы сақтандыру сомасына байланысты келіседі.

Сақтандыру функциялары:

Қорғаушы – яғни сақтандыру арқылы адам өзінің қауіпсіздік қажеттігін қамт. етеді.

  • Ынталандырушы – көрсетілетін қызметтердің (медициналық, өрт қауіпсіздігі) дамуы мен сапасын ынталандыру б.т.

  • Әлеуметтік – сақтандыру компанияларының белгілі бір жұмыс орындармен қамтамасыз етуінің нәтижесінде жұмыссыздықтың проблемасының бір бөлігін шешуге болады.

Пайдалануға ұсынылатын әдебиеттер:

1. Қазақстан Республикасының «Сақтандыру қызметі» туралы заңы

2. Темірбекова А.Б., Байшоланова Қ.С., Бектұрсынова Ж.Ж. Экономикалық теория негіздері. Алматы, 2008

14 Лекция. Бағалы қағаздар нарығы

  1. Бағалы қағаздар түсінігі

  2. Бағалы қағаздардың түрлері

  3. Бағалы қағаздар нарығына қатысушылар

Бағалы қағаздар айналымы жүретін қаржы нарығының бөлігін қор биржасы дейміз. Қазақстан нарығындағы бағалы қағаздар қатарына ҚР Үкіметі мен шаруашылық субъектілер акциялары мен облигациялары жатады.

Акция- шаруашылық субъектінің бағалы қағаздары. Ол негізінен аталған субъектінің дивидент түрінде пайда табуына, акционерлердің жалпы отырысында дауыс беруге және ликвидация кезінде субъекті мүлігінің бір бөлігіне құқық береді.

Облигация - борыштық бағалы қағаз түрі. Ол қоғамды басқаруға қатысу құқығын бермегенімен, купон не дисконт түрінде сыйақы алуға кепілдік береді.

Эмитентке байланысты бағалы қағаздар мемлекеттік, муниципалдық және ұжымдық болып бөлінеді. Мемлекеттік бағалы қағаздар Қаржы Министрлігі мен ҚР Ұлттық Банкі бастаған ҚР Үкіметімен эмиссия жасайды. Муниципалдық бағалы қағаздар жергілікті атқарушы органдар арқылы шығарылады. Ал, ұжымдық бағалы қағаздар түрі болса, шаруашылық субъектілерімен.

Жалпы, бағалы қағаздар ресурстарды тарту құралы боп саналады. Акциялар акционерлік капиталды ұлғайтады. Ал, облигациялар айналым капиталын арттырады не белігілі бір мақсатты бағдарламаларды өткізу үшін эмиссия жасайды. Мемлекеттік облигациялар - мемлекеттік қарыз формасы. Бұл жағдайда мемлекет бюджет дефицитін жабу, түрлі мақсаттық бағдарламаларды өткізу және зейнетақы қарыздарын өтеу үшін қайтарымды және ақылы негізді ресурстар тартады. Ұжымдық облигациялар дегеніміз эмитенттердің тұрғысынан қарағанда, облигацияларды шығару мен орналастыру барысында банктік несие бойынша орта нарықтық ставкадан төмен белгілі бір ставкамен, белгілі бір уақыт аралығына ресурстар тартылатын банктік несиенің баламасы. Ал, инвестициялау үшін қажетті ресурстары бар тұлғалар, яғни, инвесторлардың пікірінше облигациялар дегеніміз, бағалы қағаздарды сатып алу жолымен артық ресурстарды уақытша салынып, бағалы қағаздар өтелім мерзімі аяқталғанша немесе инвесторлар үшін кез-келген тиімді уақыт ішінде сатуға қолайлы банктік депозит баламасы.

Бағалы қағаздар нарығының қатысушылары

Қор нарығындағы кәсіби делдалдар-брокерлік және дилерлік қызмет көрсету лицензиясы мен биржа мүшесі болып табылатын білікті мамандардан тұратын арнайы штаты бар кәсіби қатысушылар, яғни брокерлер мен дилерлер. Брокерлік қызмет – бағалы қағаздарды сатып алу операцияларын жүзеге асыру, клиенттік тапсырыс негізінде клиент мүддесі мен өз атынан бағалы қағаздарға кепілдік ретінде қаражат қорын тартып, орналастыру, бағалы қағаздарды жасау мен орналастыру жолымен қаржыландыруды ұйымдастыру, сонымен қатар бизнестің бірігу мен сіңу мәселесі бойынша кеңес беру.

Пайдалануға ұсынылатын әдебиеттер:

1. Темірбекова А.Б. Экономикалық теория. Алматы, 2008

2. Қазақстан Республикасының «Бағалы қағаздар» туралы заңы

www.kase.kz