Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМКД для студентов.doc
Скачиваний:
127
Добавлен:
21.02.2016
Размер:
2.07 Mб
Скачать

« Экономикалық диктант»

Мақсаты: Лекцияда өткен тақырыпты, студенттің қаншалықты меңгеріп, түсінгенін анықтау.

Өткізу тәртібі: Сабақтың аяқталуына 12-15 минут қалғанда, дәптерге өткен сабақтар бойынша негізгі ұғымдар, терминдердің мағынасын жаздырту. Студентке ойлануға уақыт берілмейді. Ол сол ұғымның жанына бірденен анықтамасын не түсінігін жазуы керек.

Мысалы: Экономикалық заң, экономикалық категория, өндіріс, кәсіпкерлік, нарық, тауар деген сияқты кейбір негізгі ұғымдардың түсінігін лектор диктант ретінде алады.

Өткізу талаптары: оқытушы сабақ аяғында өтілген тақырыптардың негізгі ұғымдарры бойынша диктант алады. Бір сөзді айтқаннан кейін балалардың жауабын жазғанын қарап тұрады, жауап жазылғаннан кейін екінші сөзге көшеді. Студент көршісінің жұмысына қарауына болмайды, сұраққа тез жауап жазып үлгеруі керек.

Студенттердің өзіндік жұмыстары (сөж) тапсырмаларын орындауға арналған әдістемелік нұсқаулар

СӨЖ тапсырмаларына қойылатын талаптар:

СӨЖ тапсырмалары силлабуста белгіленген тақырыптар бойынша жазбаша нысанда дайындалады. Студент тарапынан дайындалған СӨЖ оқытушының офис сағаттарында қорғалады. Қорғау кезінде тақырыпты қысқаша түсіндіреді және сол тақырыпқа байланысты оқытушы тарапынан қойылған сұрақтарға жауап беруі талап етіледі.

Студенттер СӨЖ жазу барысында жұмыс бағдарламасында сонымен қатар силлабустарда көрсетілген әдебиеттерді пайдалана алады. Жұмыстың көлеміне байланысты шектеулер жоқ, бірақ тақырыпты жеткілікті дәрежеде ашуы тиіс. СӨЖ орындауда жоспары, мазмұны және қолданылған әдебиет тізімі көрсетіледі. Қолданылған әдебиеттер тізімінде, ғылыми еңбектің аталуы, авторы, баспа атауы, шыққан жері мен жылы көрсетіледі. Оқу-жұмыс бағдарламасында көрсетілген мерзімнен кейін даярланған СӨЖ қабылданбайды.

СӨЖ туралы талаптар:

Тақырыптың негізіне кірмес бұрын студент СӨЖ тақырыбына кіріспе жасайды. Кіріспеде тақырыптың қысқаша тарихына тоқталады, құқықтағы орны мен маңызы қарастырылады. Осыдан кейін негізіне тоқталады. Осы бөлімде тақырыпты жан жақты ашуға тырысады. Осы тақырыпқа байланысты ғылыми пікірлер, тәжірибеге тоқталады. Жұмыста студент тақырып шеңберінде еңбекте қаралған сұрақтарды көрсетіп автордың субъективті позициясын ашуға тиісті. Осыдан кейін барып өзіндік қорытынды жасалады. Қорытынды да тақырыпқа байланысты өзіндік тұжырым, түйіндемелер жасалады. Кешіктірілген жұмыстар қабылданбайды.

СӨЖ мақсаты: тақырып шеңберінде жоспарда көрсетілген сұрақтар бойынша негізделген ғылыми және тәжірибелік қорытындыларды шығару.

Бұл пән бойынша орындалатын СӨЖ– берілген тақырыпты зерттеудің нәтижелері мен қозғалысын сипаттайтын теориялық және практикалық мазмұндағы дербес аяқталған жұмыс болып табылады.

Өзіндік жұмысты орындайтын студенттің алдына қойылатын мақсат – «Экономикалық теория негіздері» пәні бойынша теориялық білім дәрежесін көрсету, экономикалық үдерістер мен құбылыстарды өз бетінше талдай алу, нақтылы есептерді шеше білу.

Өзіндік жұмысты орындау студентке келесі мүмкіншіліктерді береді:

- экономика негіздері бойынша базалық білімдерін бекіту;

- таңдап алынған тақырыпқа сәйкес нақты экономикалық мәселе немесе есеп бойынша білімді ұлғайту және тереңдету;

- алынған теориялық білімдерді практикалық экономикамен байланыстыру;

- ҚР-ң ағымдағы жай-күйімен танысу;

- өзіндік ғылыми зерттеулерді алғашқы дағдысын алу;

- топтық жұмысты қорғаған кезде өзінің білімін және білімдарлығын көрсету;

- экономикалық тұрғыдан сауатты сөйлей және жаза алатындығын көрсету.

Студенттер өз бетінше орындайтын бұл жұмыстар реферат және эссе түрінде болады. Бұларды орындау барысында студенттер дәріс, практика сабақтарынан алған білімдерін және оқулықтарды, қосымша әдебиеттерді қолдануы тиіс. Реферат жазбаша түрде орындалып, көлемі 4-5 бет болуы керек.

Тапсырмадағы сұрақтардың негізгі мәнін анықтап, оны түсініп, басты проблемаларды шешу жолдарын көрсете білулері керек. Егер студент бұл жұмысты орындаған кезде әдебиеттер, интернет материалдарын қолданып, солардың мәліметтерін пайдаланса , онда сол жұмыстарға сілтемелерді міндетті түрде көрсетулері керек. Жұмыс силлабуста көрсетілген уақытта, мерзімінде тапсырылуы тиіс, егер белгілі уақыттан кешігіп өткізсе, онда бағасы төмендетіледі.

Жұмыс силлабуста көрсетілген бағалау тәртібі кестесіне сәйкес бағаланады.

Рефераттың құрылымды элементтері болып келесілер саналады:

  1. Кіріспе

  2. Негізгі бөлім

  3. Қорытынды

  4. Қолданылған әдебиеттер

Жұмыстың құрылымдық элементтеріне қойылатын талаптар:

  1. Кіріспе.

Кіріспенің мазмұнында шешілетін мәселенің бүгінгі күйінің деңгейі бағаланып, тақырыпты өңдеуге қажетті нәтижелі мәліметтер мен оның іргетасы, сонымен қатар зерттеудің мақсаты мен міндеттері берілуі қажет. Кіріспеде тақырыптың өзектілігі мен жаңалығы, сондай-ақ зерттеліп жатқан мәселенің басқа тақырыптармен байланысы көрсетілуі керек.

2.Негізгі бөлім.

Бұл бөлімде оқулықтарға, оқу әдістемелік құралдарға, ғылыми журналдар мен мақалаларға негізделген теориялық материал баяндалуы тиіс. Студенттер зерттелінген экономика саласын, яғни нақты объектіні сипаттап, жұмысты орындау барысында теориялық білімдерді қолданып, осы экономика саласының жұмысына талдау жүргізу арқылы нақты шешімдер қабылдау іскерлігін көрсетулері керек.

3. Қорытынды.

Қорытындыда орындалған рефераттың тақырыбы бойынша қойылған мақсаттардың шешімі және оның нәтижесі туралы қысқаша түйін беріледі. Осы бөлімде студент қолданылған әдебиеттер туралы қысқаша мағлұматтар беруі керек.