Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМКД для студентов.doc
Скачиваний:
127
Добавлен:
21.02.2016
Размер:
2.07 Mб
Скачать

7. Лекция. Нарықтық бәсеке және оның түрлері

      1. Бәсеке түсінігі және оның түрлері.

      2. Еркін немес жетілген таза бәсеке

      3. Монополистік, жетілмеген бәсеке

1. Бәсеке деген бір жағынан іс-қимыл жасайтын салада жақсы нәтижеге жету үшін жүріп отыратын экономикалық жарыс, шаруашылық жүргізудің қолайлы жағдайына ие болу үшін? Пайданы мол алу үшін тауар өндірушілердің бір-бірімен күресі, екінші ол нарық субъектісінің өнімді өндіру мен оны өткізудегі жене капиталды қолдану сферасындағы ара-қатынастары.

Нарықтық бәсекенің артықшылықтары мен кемшіліктері.

Артықшылықтары:

  • қоғамға қажет тауарларды өндіруде ресурстарды тиімді пайдалануға мүмкіндіктің болуы;

  • тез өзгеріп отыратын өндіріс жағдайларына икемді болуы;

  • тауардың жаңа түрлерін жасау саласына жаңа техника мен технология енгізуге, өндірісті ұйымдастырып басқарудың жетілген әдістерін қолдануға, ғылыми-техникалық жетістіктерді ұтымды пайдалануға жағдайлар тудыратындығы;

  • өндірушілерді көптүрлі қажеттіктерді қанағаттандыруға, тауарлар мен қызметтердің сапасын жоғарылатуға мақсаттандыруы.

Кемшіліктері

  • ұдайы өндірілмейтін ресурстарды (орман, жер, теңіз, мұхит қоймалары) сақтауға көмектеспейді;

  • ұжымдық пайдалануға бағытталған тауарлар мен қызметтер (дамба, жол, қоғамдық көлік) өндірісінің дамуын қамтамасыз етпейді;

  • қоршаған ортаны қорғауда негативтік бағытта болады;

  • еңбек, табыс, демалу құқықтарына кепілдік бермейді;

  • әлеуметтік әділетсіздік пен қоғамның байлар мен кедейлерге бөлінуіне бөгет жасайтын механизмдері жоқ.

Тұтынушы (сатып алушы) мен өндірушінің (сатушы) әрекеттерін екі заң болжайды:

  • сұраныс заңы: сатып алушы баға кемігенде, басқа шарттар тұрақты болса, тауарларды көбірек алады, баға жоғарыласа – азырақ алады;

  • ұсыныс заңы: басқа шарттар тұрақты болса, баға жзоғарылағанда сатушы сату үшін тауарларды көп өндіреді де оны сатуға ұсынады, баға кемігенде аз ұсынады.

Монополия деген термин тауардың жалғыз сатушысы дегенді білдіреді. Монополизмнің негізгі көрсеткіштеріне монополиялық баға мен монополиялық пайда жатады. Фирманың қарамағындағы сирек кездесетін, ұдайы өндірілмейтін ресурстары болса, онда оның монополистік болмысы табиғи болады. Ал егер фирма өзі ұйымдастырудың әртүрлі әдістерін ұтымды пайдаланып, монополия құрса онда жасанды болады.

ХХ ғасырға дейін монополиялар шектелген сфераларда болған. КЕйін монополиялану процестері заңдылыққа айналды. Бұл өндірістің, бәсекенің, ұйымдастырулық бастаманың күшеюімен байланысты болды. Монополияланудың бірнеше формалары болады – картельдік келісімдер, синдикаттау, біріктіру мен жұтып қою т.б. жатады. Осылардың негізінде монополистк бәсекенің бірнеше түрлері туады: монопсония, олигополия, олигопсония, дуополия, билатеральдік монополия.

Пайдалануға ұсынылатын әдебиеттер:

1. Экономическая теория (политэкономия). Учебник. Под общ. Ред. Акад. В.Н.Видяпина, Г.П.Журавлевой.:ИНФРА, 1999.

2. Әкімбеков С., Баймухаметова А.С., Жанайдарова У.А. Экономикалық теория. Оқу құралы. – Астана; 2002. – 464 б.

3. Фишер С., Дорнбуш Р., Шмалензи Р. Экономика. 2-е изд., М., /Дело/, 1995.Әубәкiров Я.Ә. және ұжым, Экономикалық теория. Оқулық.. Алматы, 1999.

МИКРОЭКОНОМИКА. ӨНДІРУШІЛЕРДІҢ ІС ӘРЕКЕТТЕРІ