Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМКД для студентов.doc
Скачиваний:
127
Добавлен:
21.02.2016
Размер:
2.07 Mб
Скачать

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

СУЛЕЙМАН ДЕМИРЕЛ УНИВЕРСИТЕТІ

ӘЛЕУМЕТТІК-ГУМАНИТАРЛЫҚ ПӘНДЕР КАФЕДРАСЫ

«Бекітемін»

Кафедра меңгерушісі

_______________ Құсайынова М.А.

«____»__________ 20___ж.

СТУДЕНТТЕРГЕ АРНАЛҒАН «ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТЕОРИЯ НЕГІЗДЕРІ» ПӘНІНІҢ

ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ

«Барлық мамандықтарға арналған»

Алматы, 2010

«Экономикалық теория негіздері» пәнінің

оқу-әдістемелік кешенінің мазмұнының

тізімдемесі

Құжаттаманың атауы

Беті

1

Cиллабус

2

Дәрістер тезистері

3

Семинар және практика сабақтарының қысқаша сипаттамасы (семинар және практика сабақтарын жүргізуге арналған тапсырмалар)

4

СӨЖ қысқаша сипаттамасы мен әдістемелік нұсқаулықтар

5

СОӨЖ қысқаша сипаттамасы мен әдістемелік нұсқаулықтар

6

Білім алушылардың білімін (пәндік біліктілігінің қалыптасу деңгейін) мониторингілеуге және бақылауға арналған материалдар:

тестілік тапсырмалар, ағымдық, аралық және қорытынды бақылауға арналған тапсырмалар

7

Негізгі және қосымша әдебиеттер тізімі, соның ішінде интернет ресурстар

8

Глоссарий

ғ

Жалпы мәліметтер

Пән атауы- Экономикалық теория негіздері

Коды: ЖБП.

Кредит саны: 2 кредит (15 сағ. лекция, 15 сағ. семинар, 30 сағ. СОӨЖ, 30 сағ. СӨЖ)

Оқытушы: Раисова Шынар Ерболатовна

А 126 каб, тел. 29 77 00 ішкі 191

Өткізу уақыты мен орны – сабақ кестесі бойынша келісіледі

Пәннiң мақсаттары мен мiндеттерi, оның оқу процесiндегi орны

Пәннің пререквизиттері: құқық негіздері, экономикалық география, әлем тарихы, қазақстан тарихы.

Пәннің постреквизиттері: Макроэкономика, микроэкономика, саясаттану, әлеуметтану.

Пәннің мақсаты:“Экономикалық теория” курсы экономиканың барлық мамандарын даярлауда базалық пәндердің бірі болып табылады. Бұл пән шектеулі ресурстарды тиімді пайдаланып, соның нәтижесінде қоғам мен оның мүшелерінің қажеттіліктерін мейлінше толық қанағаттандыру проблемаларын зерттейді. Осыған байланысты игіліктерді өндіру, бөлу, айырбастау, тұтыну процестеріндегі заңдылықтарды анықтап, экономиканың қалай жұмыс істейтінін түсіндіреді.

Пәннің міндеті:

  • студенттерге терең теориялық білім және практикалық тәжірибелер беру;

  • негізгі экономикалық терминдер мен категорияларды түсіндіру;

  • студенттерді алған экономикалық білімдерін шешім қабылдаудағы құрал ретінде қолдана білуге дағдыландыру;

  • экономикалық дамудың логикасы туралы өзіндік негізделген бағдарлама құра білуге үйрету;

  • әлеуметтік - экономикалық сауатты болуға, әлеуметтік - экономикалық принциптерді бағалай білуге дағдыландыру.

  • Курстың негізгі мақсаты:

  • Дәріс сабақтарында экономика негіздері бойынша материалдарды түсінікті әрі жеңіл қабылданатындай етіп жеткізу;

  • Кредиттік технология жүйесі бойынша студенттердің ізденімпаздығы мен шығармашылық қабілеттерін дамыту.

    • Күтілетін нәтижелер:

  • Студент мына бағыттар бойынша білімін, ізденімпаздық қабілеттерін көрсете білуі керек:

  • Курс бойынша семестр соңында алған білімін көрсете білу;

  • Сұрақтарға логикалық тұрғыда нақты жауап бере білу және рефераттарды қорғап, пікір айта білу;

  • Қазіргі күнгі нормативтік актілерге, оқиғаларға талдау және қорытынды жасау;

  • Нормативтік актілер мен баспасөз ақпараттарымен, электронды оқулықтармен, картамен, Интернет материалдарымен өздігінен жұмыс жүргізе білу;

  • Ғылыми жұмыс жүргізуге дағдысы болу.

Студенттерге қойылатын талаптар:

Дәрістер мен практикалық сабақтарға қатысып, белсенділік көрсету студенттің міндеті және ол қортынды бағаның негізгі құрауышы болып табылады. Дәрістер оқулықтың негізгі тарауларын қамтығанмен, осы материалды толық түсініп меңгеруге арналған көптеген теориялық мысалдар тек қана дәріс сабақтарында беріледі. Сондықтан сабаққа қатыспау студенттің үлгеріміне және қортынды бағаға әсер етуі мүмкін. Сабақта үнемі студенттің белсенділігі қажет. Әрбір сабаққа дайындалу курстың міндетті түрдегі талабы болып табылады. Оқулықтың көрсетілген бөлімдерін және қосымша материалдарды тек қана семинар сабақтарына дайындалғанда ғана емес, сонымен қатар тиесілі дәріс сабағының алдында да қарап танысу қажет. Бұндай дайындық студенттің жаңа материалды қабылдауын жеңілдетеді және студенттің белсенділік танытуыңа әсерін тигізеді.

Студенттердің сапалы білім алуы үшін оқытушы белгілеген талаптар мен университеттің ішкі тәртіп ережелерін бұлжытпай орындау.

Студенттердің өзіндік жұмысына тапсырмалар тақырып бойынша топталған. СОӨЖ және СӨЖ тапсырмаларын орындау үшін кітапханаларда жеке ізденіс жүргізілуі керек.