Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМКД для студентов.doc
Скачиваний:
127
Добавлен:
21.02.2016
Размер:
2.07 Mб
Скачать

Негізгі әдебиеттер тізімі

1. Әкімбеков С., Баймухаметова А.С., Жанайдарова У.А. Экономикалық теория. Оқу құралы. – Астана; 2002. – 464 б.

2. Темірбекова А.Б. Экономикалық теория. Алматы, 2008

3. Темірбекова А.Б., Байшоланова Қ.С., Бектұрсынова Ж.Ж. Экономикалық теория негіздері. Алматы, 2008

4. Әубәкiров Я.Ә. және ұжым, Экономикалық теория. Оқулық.. Алматы, 1999.

5. Экономикалық теория негіздері. Оқулық. Алматы. Қазақ университеті.1988.

6. Экономикалық теория. Оқулық. Алматы. Қазақ университеті.2000.

7. Тлеужанова М. Макроэкономика. Алматы, 2008

8. Есенғалиева Қ.С. Микроэкономика. Алматы, 2007

9. Ильясов А.А. Денежно-кредитная политика. Алматы, 2007

«Экономикалық теория негіздері» пәні бойынша лекция тезистері

  1. Лекция Экономикалық теория пәні мен оның негізгі бағыттары

  1. Экономикалық ғылымдардың қайнар көздері

2. Экономикалық заңдар мен категориялар

3. Экономикалық теорияның пәні

Экономика сөзі грек тілінің «үй шаруашылығын жүргізу» деген сөзінен шыққан. Экономика - әртүрлі елдердің өндірісінде, шаруашылықтарында тәжірибелік шаруашылық қызмет б.т. Үй шаруашылығы мен экономиканың арасында көп ұқсастық бар. Үй шаруашылығында да біз отбасылық бюджетті, адамдардың мүмкіндіктерін, қабілеттерін ескере отырып, ресурстарды бөлеміз. Қоғам техника мен технологияның дамуына байланысты белг-бір ресурстар қорына ие. Және ол бүкіл қоғам мүшелеріне сол миллион үй шаруашылықтар мен фирмалар арқылы іске асады.

2. Экономикалық заңдар – өндіріс, бөлу, айырбас және тұтыну қатынастарының даму заңдары. Экономикалық заңдар адамдардың іс-әрекет, қызметін билейтін заңдар. Олар адамның еңбек-қызмет процесінде туып, осы процесс арқылы жүзеге асырылады. Экономикалық теорияда экономикалық заңдармен қатар экономикалық категорияларды зерттейді.

Экономикалық теория ресурстардың шектелген жағдайында қажеттіліктерді қамтамасыз етуді көздеген, адамдардың материалдық игіліктер мен қызметтерді өндіру, бөлу, айырбастау және тұтынудағы іс-әрекеттерін зерттеп, талдайтын қоғамдық ғылым.

Экономикалық теорияның зерттеп тану объектісіне нарықтықтың қызмет ету механизмі, нарықта болатын жетілегн және жетілмеген бәсеке, жеке шаруашылық сфералардың монополиялану дәрежесі, нарық қатынастарын реформалаудың бағыттары мен тәсілдері жатады. Өндірісті қайталап жүргізіп отыру және оның экономикалық өсуі индивидуалдық дәрежеде және қоғамдық масштабта жүріп отырады. Сондықтан экономикалық теорияның құрылымына микроэкономика мен макроэкономика жатады.

Микроэкономика жеке өндірушілердің қызмет әрекеттерін, кәсіпкерлік капитал мен бәсекелік ортаның қалыптасу заңдылықтарын зерттейді. Бұнда жеке тауар бағасы, жұмсалған ресурстар, шығындар, фирманың қызмет атқару механизмі, бағаның құрылуы, еңбекке ынта т.б. жағдайлар талданады. Макроэкономика микропропорциялардың негізінде қалыптасатын ұлттық экономикалық жүйенің қызмет-әрекеттерін зерттейді. Бұның зерттеу объектісіне: ұлттық өнім, бағаның жалпы дәрежесі, инфляция, жұмыспен қамту жатады.

Пайдалануға ұсынылатын әдебиеттер:

1. Әкімбеков С., Баймухаметова А.С., Жанайдарова У.А. Экономикалық теория. Оқу құралы. – Астана; 2002. – 464 б.

2. Темірбекова А.Б., Байшоланова Қ.С., Бектұрсынова Ж.Ж. Экономикалық теория негіздері. Алматы, 2008