Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМКД для студентов.doc
Скачиваний:
127
Добавлен:
21.02.2016
Размер:
2.07 Mб
Скачать

Негізгі әдебиеттер тізімі

1. Әкімбеков С., Баймухаметова А.С., Жанайдарова У.А. Экономикалық теория. Оқу құралы. – Астана; 2002. – 464 б.

2. Темірбекова А.Б. Экономикалық теория. Алматы, 2008

3. Темірбекова А.Б., Байшоланова Қ.С., Бектұрсынова Ж.Ж. Экономикалық теория негіздері. Алматы, 2008

4. Әубәкiров Я.Ә. және ұжым, Экономикалық теория. Оқулық.. Алматы, 1999.

5. Экономикалық теория негіздері. Оқулық. Алматы. Қазақ университеті.1988.

6. Экономикалық теория. Оқулық. Алматы. Қазақ университеті.2000.

7. Тлеужанова М. Макроэкономика. Алматы, 2008

8. сенғалиева Қ.С. Микроэкономика. Алматы, 2007

9. Ильясов А.А. Денежно-кредитная политика. Алматы, 2007

Қосымша әдебиеттер тізімі

1. Есқараев Қ. Қазақстан Республикасының нарығын мемлекеттік реттеу. Алматы, 2007

2. Баймұханова С.Б. Қаржылық есеп. Алматы, 2007

3. Мировая экономика в век глобализации. Москва, 2007

4. Утибаев Б.С. Государственный бюджет. Алматы, 2006

5. Макроэкономика под редакцией Абишева. Алматы, 2007

6. Жаналинов Б.Н. Инфляция и антиинфляционная политика в Казахстане. Алматы, 2006

7. Торегожина М.Б. Государственное регулирование экономики. Алматы, 2007

8. Бердалиев К.Б. Менеджмент. Курс лекций. Алматы, 2005

9. Р.Дорнбуш.,С.Фишер. Макроэкономика. Оқулық. Алматы. ҚазМБА. 1997.

10. Экономикалық ілімдер тарихы. Оқу құралы. Алматы. Қаз.университеті. 1997.

11. Жүнісов Б.Ж. Нарықтық экономика негіздері. Оқу құралы. Алматы. 1994.

12. Мәдешев Б.Р. Нарықтық экономикаға кіріспе. Оқу құралы. Алматы. Экономика, 1995.

13. Саяси экономия. Оқұлық-Алматы, Ана тілі, 1992.

14. П.Самуэльсон, С.Нордхаус. Экономикс. Оқу құралы. Алматы. 1996.

15. Назарбаев Н.Ә. /Қазақстан- 2030/.Алматы, 1997.

16. Экономическая теория (политэкономия). Учебник. Под общ. Ред. Акад. В.Н.Видяпина, Г.П.Журавлевой.:ИНФРА, 1999.

17. Саяси экономия. Оқулық. Медведев В.А., Абалкин Л.И., Ожерельев О.М. т.б. Алматы, 1991.

18. Курс экономической теории. Под.общ. ред., проф. Чепурина и проф. Киселевой Е.А.-Киров, 1994.

19. Экономика. Учебник. Под ред. Булатова А.С., М.: БЕК, 1994.

20. Борисов Е.Ф. Экономическая теория. Учебник. М.: Юрист, 1997.

21. Фишер С., Дорнбуш Р., Шмалензи Р. Экономика. 2-е изд., М., /Дело/, 1995.

22. Макконелл К.Р., Брю С.Л., Экономикс: Принципы, проблемы и политика. Пер. с англ. М., «Республика», 2001.

23. Экономическая теория: учебное пособие / В.М. Соколинский, В.Е. Корольков; под ред. А.Г.Грязновой и М. Соколинского. - 2-ое издание. - М.: КНОРУС, 2006. - 464 с.

Интернет ресурстар

www.minfin.kz

www.salyk.kz

www.e.gov.kz

www.nationalbank.kz

www.afn.kz

www.kase.kz

www.rfca.gov.kz

Глоссарий

Автаркия – ұлттың өзін-өзі экономикалық жағынан қамтамасыз етуіне және елдің экономикасы басқа елдердің экономикасынан дербес болуына бағытталған саясат.

Аграрлық өнеркәсіптік кешен – ауыл-шаруашылық шикізаттарынан азық-түлік және тауарлар өндіретін сала, АӨК үшін еңбек құралдарын өндіретін және оның инфрақұрылымдық салаларының жиынтығын құрайтын экономиканың ерекше сферасы.

Ағымдағы операциялар балансы – тауарлардың, қызметтердің және валюта аударуының экспорты мен импорты көлемдері туралы есеп.

Айырбас құны – тауардың басқа тауарға белгілі сандық арақатынаста айырбасталу қабілеті.

Айырбасты теңдестіру – жиынтық шығындар елдің шаруашылығында өндірілетін барлық тауарлар мен қызметтердің құнына тең болады: MV=PQ бұнда M–ақшаның ұсынысы, V– ақша айналысының жылдамдығы, P– тауарлар мен қызметтер бағаларының деңгейі, Q– өнімнің саны.

Акселератор – күрделі қаржы салымының көлемі өндіріс көлемінің өзгеруінен тәуелді болады деп тұжырымдайтын үлгі.

Актив – фирманың ақшаға шағып есептелген меншігі.

Активизация – биржада кәсіпорынның барлық акцияларын бір адамның немесе адамдар тобының сатып алуы.

Акциз – тауардың бағасына жатқызылатын тұтыну заттары мен қызметтерге салынатын жанама салықтың формасы.

Акционерлік қоғам – акциялар шығарып орналасу негізінде келетін акционерлік капитал арқылы құрылатын, корпоративтік бірлестіктің формасы.

Акция – иесіне дивидент алуға және оған компанияны басқаруға құқық беретін, мерзімсіз бағалы қағаз.

Ақша – тауарлар мен қызметтер үшін төлем ретінде алынатындардың барлығы, кейбір металл түрін алатын жалпыға ортақ балама.

Ақшаның массасы– елде айналыста жүрген ақшаның көлемі.

Ақшаның металл теориясы – ақшаның бағалылығы мемелекет соғатын монеттің салмағымен белгіленеді дейтін теория.

Алтын стандарты – әр елдің өзінің валютасының құнын алтынның белгілі шамасымен көрсететін, валюта қатынастарының жүйесі. Бұл өзінің алтын қоры мен айналыстағы ақша массасының арасындағы қатынастардың тұрақтылығын қолдайды. Осы жүйе ХІ–ХІІ ғ.ғ. орын алған.

Алыс–беріс шикізаты – өңдеу жүргізу мақсатымен шетелге экспортталатын шикізат, осыдан жасалған дайын өнім шикізат берген фирманың еліне импортталады.

Амортизация – капиталдың тозу көлемін бағалау, негізгі капиталдың ауысқан құны.

Аралас экономика – өндірістік құрал-жабдықтарға қоғамдық меншіктің элементтерін біріктіретін және нарықтық экономиканы орталықтанған - жоспарлық басқарумен ұштастыратын экономикалық жүйе.

Аралық өнім – өндіріс процесінде уақыттың барлық мерзімі бойынша пайдаланылатын өнімнің құны.

Аукцион – сатылатын мүлікке саудаласу барысында ең жоғары баға ұсынған сатып алушыға меншік құқы берілетін, ашық сауда-саттық.

Аутсайдер – монополистік бірлестіктерге кірмеген фирмалар.

Ашық акционерлік қоғам – бұндай АҚ өзі шығаратын акцияларға жазылуды және және оны сатуды ашық жүргізуге құқы болады.

Ашық инфляция – бағаның өсуі, ұлттық валюта бағаcының төмендеуі.

Ашық экономика – халықаралық тауарлар мен капиталдар нарағында барлық шаруашылық субъектері ешқандай жағдайлармен шектелмеген операциялар жүргізе алатын ұлттық шаруашылық.

Әлемдік даму банкі – 1945 жылы құрылған халықаралық мекеме, дамып келе жатқан елдердің экономикалық дамуын қаржыландырады, үлгілеріне экспертиза жүргізеді, экономикалық даму мәселелері бойынша консультация береді.

Баға – ақшаға шағылған тауардың құны, тауардың, қызметтің бірлігін алу үшін басқа бір нәрсені құрбан ету.

Баланс – иелену құралдары (активтер), міндеттемелер (пассивтер) және меншікті капитал көрсетілетін, есеп беру формасы.

Банк – ақша ресурстарын тартумен және оларды орналастырумен айналысатын экономикалық институт.

Биржа – көтерме сауда нарығының тұрақты қызмет ету формасы. Тауар, қор, еңбек т.б. биржасы болып бөлінеді.

Вексель – жазбаша борышқорлық міндеттеменің ерекше түрі, ол оның иесіне белгілі уақыт мерзімі өткен соң, осында көрсетілген соманың төленуін талап етуге құқық береді.

Венчурлік капитал – қауіп-қатерлік дәрежесі жоғары капитал салымын қолдануға болатын ақша.

Дебетор – қарыздар, қарыз алушы.

Дивиденд – акцияға табыс түрінде төленетін, акционерлік қоғамның пайдасының бөлігі.

Еңбек – табиғат заттары мен күштерінің түрін өзгертуге бағытталған адамның мақсатты қызметі.

Жалпы ішкі өнім – елдің территориясында белгілі уақыт мерзімінде барлық өндірілген тауарлар мен қызметтердің жиынтық құны, оның ішінде шетел меншігіндегі өндіріс факторымен елдің территориясында өндірілген жиынтық табыс.

Лизинг – несиенің бір формасы, бұнда меншік объекті ұзақ мерзімдік арендаға беріледі, соңынан ол сатып алынады немесе қайтарылады.

Маркетинг – нақты және болашақтағы қажеттіліктердің қалыптасуын зерттеуге негізделген, өнімнің өндірісі мен өткізілуін кешенді ғылыми бағалау.

Менеджмент – нарықтық экономика жағдайында кәсіпорынды басқару нысаны, менеджменттің негізгі қызметтері – шешім қабылдау және оны орындау.

Микроэкономика – экономиканың жекелеген бірліктерін, бөлшектерін зерттеу, бұнда нарықтық процестерге негізгі назар аударылады.

Монополиялдық билік – тауар бағасына әсер етуге және нарықта өзінің шарттарын орындауға қабілетті болу, бұл өнімнің осы түрі өндірісінің және оны өткізудің елеулі бөлігін шоғырландыру арқылы жүзеге асырылады.

Нарық – тауар болып табылатын өнімдермен айырбас жүргізудің экономикалық нысаны, бұнда өндірушілер мен тұтынушылар, сатушылар және сатып алушылар түрлерін алады.

Облигация – ұсынушыға арналған қарыз алушының борышқорлық міндеттемесі болып табылатын құнды қағаздардың түрі, ол несие берушіге шарттасқан уақытта облигацияның көрсетулі құнының қайтарылуына және қатал бекітілген немесе өзгеріп тұратын мөлшерлеме бойынша пайыз түрінде тұрақты табыс алуына кепілдік береді.

Өндіріс – қоғам дамуына қажет материалдық игіліктер мен қызметтер жасау мақсатпен табиғат заттарына адамның әсер етуі.

Патент – белгілі жылдар бойы жаңа тауарды немесе идеяны пайдалануға монополияның болуы.