Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМКД для студентов.doc
Скачиваний:
127
Добавлен:
21.02.2016
Размер:
2.07 Mб
Скачать

4. Лекция. Меншік және экономикалық жүйе.

1. Меншік экономикалық категория

2. Меншік және иемдену заңдары.

Меншік субъектінің затты пайдалануға ерекше құқығын білдіреді. Меншік материалдық және рухани игіліктерді және осыларды өндіру шарттарын пайдалану туралы адамдар арасындағы қатынастар немесе игіліктерді иеленудің белгілі тарихи қоғамдық әдісі б.т. Меншік адамдар арасындағы материалдық және рухани игіліктерді пайдалану туралы қатынастар. Тарихта меншіктің екі формасы мәлім: жалпы және жеке меншік. Иемдену затты меңгеріп алудың нақты қоғамдық әдісі. Иемдену көпдәрежелі күрделі әлеуметтік экономикалық процесс. Алғашқы заманда адамдар табиғат сыйларын йемденген. Бара бара екі типті шаруашылық қалыптасқан иемденуші және өндіруші шаруашылықтар. Сонымен иемдену қатынастары өндіріс, бөлу және айырбаспен толықтырылған болады.

Санкт Петербургтың мемлекеттің экономика және қаржы университетінің ғалым экономистерінің көзқарастыры бойынша меншіктің және иемденудің екі екіден заңдары бар. Өзінің еңбегіннің өніміне меншік заңы, меншіктің бірінші заңы болып табылады. Иемдену заңы: еңбек иемденудің тұңғыш әдісі. Бұл меншікті және оның бағасын жасайды. Жасалған өнімге меншік иеленушінің тікелей еңбегінен туындайтын меншік еңбектік деп аталады. Еңбектік жеке меншіктің капиталистік жеке меншікке айналуы, меншіктің бірінші заңының екіншісіне бөтен еңбектің өніміне меншік заңына көшуінің негізінде өтеді. Енді бұған екінші заңға иемденудің басқа тауар айналымы ең бастапқы иемденудің әдісі. Ірі қоғамдық өндіріс осы заңдарға негізделеді.

Пайдалануға ұсынылатын әдебиеттер:

1. Әкімбеков С., Баймухаметова А.С., Жанайдарова У.А. Экономикалық теория. Оқу құралы. – Астана; 2002. – 464 б.

2. Курс экономической теории. Под.общ. ред., проф. Чепурина М.Н. и проф. Киселевой Е.А.-Киров, 1994.

3. Қазақстан республикасының Азаматтық кодексі.

  1. Лекция. Нарықтық экономиканың негізгі белгілері

1. Тауар, тауарлар мен қызметтер құндарының қалыптасуы.

2. Ақша, оның қызметтері.

3. Тауарлық өндірістің экономикалық заңдары. Бағалар мен тарифтер

Экономиканы ұйымдастырудың элементарлық формасында – байлықтың табиғи формасының көрінісі натуралдық өнім түрінде болған. Бұл өнімге, біріншіден, тұтыну бағалығы, Заттың пайдалығы, оның өзіне тән белгілі-бір физикалық не басқа да қасиеттерінің арқасында адамдардың белгілі-бір қажеттіліктерін қамтамасыз ететін қабілеті, өнімнің тұтыну бағалығын құрайды

Тауар дегеніміз еңбекпен жасалған қгоғамдық бағалықты иемденген және айырбасқа арналған арналған заттар немесе қызметтер. Тауар болу үшін олар адамдар арасындағы айырбастың объектісіне айналуға тиіс. Яғни, айырбас процесінде әр тауар нарықта айырбас құқына ие болады. . белгілі бір сәйкестікте басқа пайдалы затқа айырбастала алатындық қабілетке ие болады.

Тауардың құны туралы теориялар:

1 К.Маркстің еңбектік құн теориясы. Құн тауарға сіңген тауар өндірушілердің қоғамдық еңбегі болып белгіленеді.

2. Құн және баға тауарлардың шекті пайдалығының және олардың сиректігінің туындысы болып табылады. Қордың ең ақырғы бірлігінің пайдалылығы немесе игіліктің шекті пайдалылығы осы тауардың құнының көлемін белгілейді. Шекті пайдалылық теориясы адамдарға өмір сүру үшін материалдық игіліктердің адамның белгілі-бір жиынтығы қажет дейді, игіліктердің адамның белгілі-бір қажеттігін қамтамасыз ететін қабілеті, оның пайдалылығы деп аталады.

Тұтыну бағалығы – бұл заттың пайдалығы, адамның қандай болмасын қажеттігін оның қанағаттандыра алатын қабілеті.

Тауардың құны, оны жасауға жұмсалған еңбек шығынынан тұрады. Тауардың құнының шамасы, оны өндіруге жұмсалған еңбек шамасымен және қажетті жұмыс уақытымен белгіленеді. Тұтынудағы бағалылық пен құн тауарда қатар, бір мезгілде орын алады.

Классикалық экономикалық теорияның негізін қалаушылар А.Смит және Д.Рикардо ақшаның басты қызметі деп, айналыс құралы, қалғандары осы қызметтен туындайды дейді.

К.Маркс ақшаның бес қызметіне назар аудартады: құн өлшемі, айналым құралы, төлем құралы, жинақ жасау құралы, дүниежүзілік ақша.

Бүгінгі экономистер ақшаның атқаратын негізгі үш қызметін көрсетеді: құн өлшемі, айналым құралы, жинақ құралы.

Бағаның негізін тауарлардың бағалығы құрайды.

Еңбек өнімдері өндіріс сферасынан нарықтық фактор әрекет ететін айналыс сферасына келіп түседі. Олар бағаның төмен, не жоғары ауытқуын тудырады. Ал баға өз тарапынан тауардың сұранысы мен ұсынысына әсер етеді. Яғни, сатып алушылар мен сатушылардың іс-әрекетіне ықпал жасайды.

Бағаларға, бағаны құру механизмі деп аталатын оларды белгілеу әдістері өте зор әсер етеді. Экономикалық практикада бағаны белгілеу туралы екі негізгі ықпал қалыптасқан: нарықтық және шығындық.

  • Нарықтық әдісте шешуші факторлар: нарықтың құрылымы, тауарға сұраныс және ұсыныс.

  • Шығындық әдісте баға белгілеу негізінде өндірістік шығындар, алдымен тауарды жасауға жұмсалған еңбек шығындары жатқызылады.

Сауда саттық операциялардың масштабына сәйкес және сатылатын тауарлардық түрлеріне қарай , бағалар мына түрлерге бөлінеді.

  • Көтерме сауда бағасы арқылы көтерме саудада өнімдердің ірі партиялары сатылады;

  • Бөлшек сауда бағасы арқылы тауар жеке сатып алушыларға шағын мөлшерде сатылады;

  • Тарифтер көрсетілген қызметтер үшін (телефон, газ, су... пайдаланғаны үшін)

Еркіндік дәрежесіне сай бағалар былай бөлінеді

  • Қатаң белгіленген тұрақты бағалар – баға құру органдарының белгілейтін бағалары;

  • Реттелген бағалар. Бұлардың мөлшерін мемлекеттік органдар реттеп отырады.

  • Нарықтық бағалар – мемлекеттік органдың тікелей реттеуіне жатпайтын бағалар

  • Салыстырмалы, есептелген, келісімді, болжамды, жоспарланған да түрлері бар.

Пайдалануға ұсынылатын әдебиеттер:

1. Есенғалиева Қ.С. Микроэкономика. Алматы, 2007

2. Есқараев Қ. Қазақстан Республикасының нарығын мемлекеттік реттеу. Алматы, 2007

3. Баймұханова С.Б. Қаржылық есеп. Алматы, 2007

  1. Лекция. Нарықтық қатынастар.

  1. Нарық мәні, құрылымы

  2. Нарық түрлері

1. Нарықтың екі жақты мағынасы бар: 1) нарық (маркет) деген түсінік өзіндік мағынада “өткізу” деген түсінік, бұл айырбас, айналыс сферасында орын алады. 2) нарық өндіріс, бөлу, айырбас және тұтыну процестерін қамтитын, адамдар арасындағы экономикалық қатынастар жүйесі. Бұл меншіктің әр-алуан формаларын, тауар-ақша байланыстарын, қаржы несие жүйесін пайдалануға негізделген, экономикалық іс-әрекеттердің күрделі механизмі.

Айналыспен қатар нарық қатынастарына мыналар жатады.

  • Екі субъектінің өзара байланыстары нарық негізінде болғанда, кәсіпорындарды және экономикалық басқа құрылымдарды жалға алумен байланысты қатынастар;

  • Еңбек биржасы арқылы жұмыс күшін жалдап пайдалану процесі;

  • Шетел фирмалары мен бірлескен кәсіпорындардың айырбас процестері;

  • Белгілі процентке несие берудегі несие қатынастары;

  • Тауар, қор, валюта биржалары мен басқа құрылымдардан тұратын, нарықтық инфрақұрылымдардың іс-әрекет процестері.

2. Қазіргі заманда споттық және мерзімдік нарықтар кең тарап отыр.

Споттық нарық дегеніміз қолма-қол жеткізілген нақты тауармен сауда-саттық жүргізу нарығының бір түрі.

Мерзімдік нарық – бұл мерзімді контрактілер нарығы, яғни келісім-шарттар бойынша көрсетілген мерзімде материалдық байлықтарды, тауарларды, құнды қағаздар түріндегі активтерді, болашақта жеткізу туралы контрагенттердің бір-бірімен жасасқан келісімі.

Споттық нарықта хеджерлер мен саудагерлер қатысады. Хеджерлер контрактілерді сату және сатып алу келісімдерін жүргізеді. Олар тауарды осы сәтте сатып жібере алады, немесе мерзімді контрактіні сатып жіберіп тауарды сақтап отыра алады.Саудагерлер болашақта болып қалуы мүмкін спот бағасын болжай отырып, тауар қорын жасайды. Мерзім контрактілердің орындалуы форвардтық, фьючерстік және опциондық контрактілер түрінде жүзеге асырылады.

Форвардтық контракт- бұл контрагенттер арасында биржадан тыс жасасқан контракт объектісін болашақта жеткізу туралы келісімшарт. Әртүрлі активтер – тауарлар, акциялар, облигация, валюта келісімнің предметі бола алады.

Фьючерстік контракт – бұл контрактінің предметін болашақта жеткізу туралы келісім. Фьючерстік контракт тек биржада жасалынады. Контрактінің предметі болып материалдық активтер – алтын, бидай, бензин және қаржы құралдары (валюта, құнды қағаздар) қызмет атқара алады.Биржаның есеп жүргізетін палатасы фьючерстік контрактілердің орындалуына кепілдік алады.

Опциондық контракт. Бұл белгілі базистік активтерді, белгілі бағамен белгілі уақытта сатып алу немесе сату құқық беру туралы екі жақты келісім шарт. Активті сатып алған не сату құқық алған жақ сатушыға сыйлық төлейді. Орындалу мерзіміне байланысты опциондар: американдық және еуропалық болып екіге бөлінеді.

Пайдалануға ұсынылатын әдебиеттер:

1. Жүнісов Б.Ж. Нарықтық экономика негіздері. Оқу құралы. Алматы. 1994.

2. Есқараев Қ. Қазақстан Республикасының нарығын мемлекеттік реттеу. Алматы, 2007

3. Мәдешев Б.Р. Нарықтық экономикаға кіріспе. Оқу құралы. Алматы. Экономика, 1995.

4. Экономикалық теория. Оқулық. Алматы. Қазақ университеті.2000.