Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ЛЕКЦИИ по ВСЕМИРКЕ.doc
Скачиваний:
975
Добавлен:
05.02.2016
Размер:
913.92 Кб
Скачать

3. Нейяде Болгария қол қойған шарт (4 маусым 1920 ж.):

- Грекияға Фракияның жағалаулық жерлерін беру.

4. Венгриямен жасалған Трианон шарты (10 тамыз 1920 ж.):

- Словакия Чехославакияға өтеді;

- Трансильвания Румынияға беріледі;

- Банат Югославияға кетеді.

5. Түркия қол қойған Севр шарты (10 тамыз 1920 ж.):

- бұғаздарда халықаралық бақылау орнату және осы мақсатпен халықаралық әкімшілік құру;

- Қару-жарақты азайтып, қарулы күштер санын 50 000 дейін қысқарту;

- территорияларды басқаларға беру.

Бірақ Париж бітім конференциясынан кейін отаршыл елдерге Қиыр Шығыс пен Тынық мұхит аймағындағы қарама-қайшылықтарды реттеу, сонымен бірге Шаньдун түбегін Жопонияға беруге қарсы болып, Германиямен бейбіт бітімге қол қоюдан бас тартқан Қытайға қатысты саясаты белгілеу жұмыстарымен айналасуға тура келді.

АҚШ үшін Вашингтонда конференция шақырып, өзінің пайдасына маңызды шешімдерді қабылдаттыруға қолайлы сәт туды.

1921–1922 жж. Вашингтон конференциясы.АҚШ-тан басқа конференцияға Ұлыбритания, Франция, Жапония, Италия, Бельгия, Португалия, Голландия және Қытай қатысты. Кеңестік Ресей ірі тынықмұхиттық мемлекет екендігіне қарамастан, конференцияға шақырылмады. Қабылданған құжаттар бірнеше басты, оның ішінде АҚШ алдында тұрған, мәселелерді шешті.

«Төрт мемілекеттің шешімі» (Англия, АҚШ, Франция және Жапония) оған қатысушылардың Тынық мұхит аймағындағы иеліктеріне қол сұғуға болмайтандығы туралы отаршыл мемлекеттердің өзара кепілдіктерін тұжырымдады.

Кепілдіктердің иеліктерінің сақталуы жөнінде белгілі бір аландаушылық пайда болғанда ғана берілетіндігі түсінікті жәйт. Бұл жағдайда әңгіме американ-жопон қарама-қайшылықтарының шиеленісуі мен басқа мемлекеттердің Жапонияның агрессиялығынан қауіптенуі туралы болып отыр.

«Бес мемілекеттің келісімі» (Англия, АҚШ, Франция, Жапония және Италия) формальді түрде сыйымдылығы 35 мың т. артық соғыс кемелерін салуға тиым салды және бұл елдердің әскери-теңіз флоттарының (линкорлар класы бойынша) арақатынасын белгіледі (5:5:3,5:1,75:1,35). Соғыс кемелерінің тоннаждарының шегі 35 мың т. болып белгіленді. Бұл америка дипломатиясының жеңісі еді, себебі Ұлыбритания АҚШ-тың флот саласындағы теңдікке құқын мойындады. Келісімге қатысушылар тоннаждары 35 мың т. артық соғыс кемесін жасамауға міндеттеді.

Қабылданған келісім қару-жарақты шектеу деп бағаланды.

Ұлыбритания осының аз-ақ алдында өзінің дүниежүзінің екі ірі флотқа тең көлемде флот ұстауға құқын қорғап баққан болатын.Германиямен жанталаса қарулану жарысында орын алған дредноуттар шайқасын еске түсірейікші. Кемелердің тоннажының 35 мың т. шектелуі АҚШ үшін аса тиімді болды, себебі одан үлкен кемелер Панама каналы арқылы Атлантикадан Тынық мұхитқа өте алмайтын еді.

«Тоғыз мемілекеттің келісімі»ұлы мемілекеттердің Қытай жөніндегі саясаттарының түбегейлі өзгергендігін және Версаль бітімі жөніндегі келісімнің белгілі дәрежеде қайта қаралғандығын байқатты. Біріншіден, онда сөз жүзінде болса да, Қытайдың егемендігі мен тәуелсіздігін құрметтеу қажет екендігі айтылды. Екіншіден, келісуші жақтар бүкіл Қытай жерінде сауда мен өнеркәсіпті дамытуда «ашық есік» және «тең мүмкіндіктер» принциптерін ұстауға ұйғарысты. Бұл формалды түрде Қытайды «ықпал аймақтарына» бөлу саясатынан бас тарту болды. Ақырында, АҚШ Жапония басып алған Шаньдун аралын Қытайға қайтарып беруді талап етті.

Вашингтонда қол қойылған келісімдер Версаль жүйесіне толықтырулар еді, екеуі бірігіп, Версаль-Вашингтон жүйесін құрады және Еуропада, Азияда, Африка мен Тынық мұхитта соғыстан кейінгі бейбіт реттеудің шарттарын анықтап, халықаралық қатынастар саласында уақытша тұрақтылық негізін қалады.