Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ЛЕКЦИИ по ВСЕМИРКЕ.doc
Скачиваний:
975
Добавлен:
05.02.2016
Размер:
913.92 Кб
Скачать

19 Ғ. Аяғы мен 20 ғ. Басындағы Солтүстік Америка елдері

  1. Азамат соғысынан кейінгі АҚШ-тағы идеялық-саяси күрес

  2. «Прогрессивтік дәуір». Т.Рузвельт

  3. Жұмысшы қозғалысы

  4. Экспансионизм. «Үлкен шоқпар дипломатиясы» мен «доллар дипломатиясы».

ХІХ ғ. соңы мен ХХ ғ. басы американ экономикасының қауырт дамыған кезеңі болды. Көшіп келушілердің санының күннен күнге көбеюіне байланысты халық саны бұрын соңды болмаған қарқынмен өсіп отырды. 1871 ж. 1913 ж. дейін ол 39,8 млн-нан 96,5 млн-ға дейін көбейді.

ХІХ ғ. соңы мен ХХ ғ. басында АҚШ өнеркәсіп өнімдерінің көлемі, кәсіпорындардығ техникалық жабдықталуы және еңбек өнімділігі жағынан дүние жүзінде бірінші орынға шықты. Ол Англия, Германия және Францияны қоса есептегендігінен көп шойын мен болат балқытып, тас көмір өндірді.

Азамат соғысынан кейінгі АҚШ-тағы идеялық-саяси күрес. ХІХ ғ. соңғы үштігінде АҚШ-та президенттік типтегі республика мен қоспартиялық жүйе түпкілікті орнады. Солтүстіктердің жақтастары республикалық партияның жетекші тобын құраса, оңтүстіктердің жақтастары демократиялық партияда көпшілік болды. ХІХ ғ. соңында үкімет басында үздіксіз республикашылар тұрды. АҚШ-та кәсіпкерлер мен саудагерлердің бәсекесіне шектеу қойып, өзара келісулер арқылы тұтынушыларға монополиялық бағаларды таңушы трестер мен картельдерге қарсы күрес өріс алды. 1890 ж. конгресс сенатор Шерман ұсынған «трестерге қарсы» заңды қабылдады. Шерман заңы «кез келген бірлестіктер, келісім және монополия» тарапынан өндіріс пен саудаға шектеулер қоюға тыйым салады.

ХІХ ғ. соңында америка фермерлерінің арасында теміржол, өнеркәсіп және сауда монополияларына қарсы бағытталған көпшілік қозғалысы пайда болды. Популистік партия (латынша популис – «халық» деген ұғымды білдіреді) құрылды. Популистер талаптары монополияларға қарсы сипатта болды. Олар теміржолдарды, телеграф пен телефонды, артық жерлерді мемлекет қарамағына алуды, байларға салықты арттыруды талап етті. Құрамында 1 млн. мүшесі бар антиимпериалистік лига да белсенділік көрсетіп, экспансиялық саясатқа қарсы көптеген наразылық митингілерін ұйымдастырды. Расизмге қарсы күресті 1909 ж. негізі қаланған, ақ нәсілділер мен қара нәсілділерді біріктіретін, қара нәсілді халықтың дамуына көмек көрсетуші Ұлттық ассоциация жүргізді. Оның белсенділері баспасөз беттерінде, соттар мен заң шығарушы органдарда ақ нәсілді емес халықтың құқықтарын қорғады.

«Прогрессивтік дәуір». Т.Рузвельт.1901 жылы АҚШ президенті қызметіне республикашылдар партиясының көрнекті қайраткері Теодор Рузвельт келді. Ол прогрессивтік деп аталатын кезеңнің басын салған бірнеше реформалар жүргізді. Т. Рузвельт мемлекет либералдардың доктриналарына қарамастан, экономиканың дамуы мен еңбек қатынастарын реттеуі керек деп санады. Өзі «индустрия капитандары» деп атаған ірі капиталистерді жоғары бағалай отырып, сонда да трестер олардың «жаман жақтарын: бәсекелестерін жойып, рынокта монополиялық ахуал орнатуға бейімділіктерін шектейтін мемлекеттік реттеуге мұқтаж» деп есептеді. Рузвельт мемлекет еңбек пен капиталдың өзара қатынастарын реттеп отыруға міндетті деп санады.

Рузвельт үкіметінің жұртшылық тарапынан кең қолдау тапқан прогрессивтік шарасы – ол монополияларға қарсы сот процесі болды. 1901 жылы АҚШ үкіметі Морганның бақылауындағы теміржол компанияларын еркін саудаға кедергі жасады деп айыптап, оларға қарсы сот процесін ұйымдастырған болатын. Сот компанияны кінәлі деп тауып, оны екіге бөлуге үкім шығарды.

Осыдан кейін іле–шала компанияларға қарсы тағы да 25 сот процесі болды, бұл Рузвельтке «трестердің қиратушысы», тіпті «революционер» деген даңқ әкелді. Экономикаға мемлекеттің араласу саясатын жалғастыра отырып, Рузвельт үкіметі 1906 ж. конгресс арқылы теміржол тарифтерін бақылауға мүмкіншілік беретін заң өткізді. Жұмысшылар жөнінде «адал бағыт» жүргізуге уәде беріп, үкімет сан рет ереуілдерге араласып, кейде жұмысшыларды жақтады.

Рузвельт үкіметінің атағын шығарған екінші бір мәселе – ол табиғатты қорғау болды. Ең әсем, өсімдік пен жануарларға бай аудандар мемлекеттік қорықтар деп жарияланды.

1908 ж. АҚШ президенті болып республикашылар кандидаты Уильям Тафт сайланды. Ол монополиялардың үстінен бақылау енгізуге бағытталған реформаларды жалғастырды.

Тафт үкіметі трестерге, оның ішінде Рокфеллердің «Мұнай компаниясына» және Морганның «Болат трестіне» қарсы 45 сот процесін ұйымдастырды. Оларды сауда еркіндігін бұзғандығы үшін кінәлі деп тауып, ұсақтады.

1912 ж. сайлауда республикашылар партиясының жақтастарының арасында жік тууына байланысты демократтардың кандидаты Вудро Вильсон жеңіске жетті. Ол үкімет басында 1920 ж. дейін отырды. Вильсонның бірінші дүниежүзілік соғыс басталғанға дейін басты ішкі саяси әрекеті – мемлекеттік жалпыұлттық банк жүйесін іс жүзінде енгізу болды. 1913 жылы қабылданған Федералдық резервтік жүйе туралы заңға сәйкес жеке меншіктік банктермен қатар үкімет бақылайтын «резервтік банктер де» құрыла бастады. Оларға маңызды банктік қызметтер, оның ішінде құнды қағаздарды шығару да тапсырылды.

Жұмысшы қозғалысыАҚШ–та көбінесе экономикалық сипатта болды. С.Гомперс басқарған ең ірі кәсіподақ ұйымы – Америка еңбек федерациясы (АЕФ) таптық ынтымақтастық пен «іскерлік юнионизм» ұстанымдарын жақтады. 1914 ж. АЕФ құрамында 2 млн. жуық мүше болды. 1901 ж. американ социалистерінің бірнеше тобы бірігіп, социалистік партия құрды, бірақ оның мүшелерінің саны 10 мыңнан аспады. Оның көсемі Юджин Дебс болды. Социалистік партия өзінің басты мақсаты әлеуметтік реформалар жүргізу және тапсыз қоғам орнату деп жариялады.

1905 ж. солшыл социалистер Дебс, де Леон және Хейвуд «Дүниежүзінің индустриалды жұмысшылары» деп аталатын, негізінен мамандықтары төмен, көбісі иммигранттардын тұратын жаңа жұмысшы ұйымын құрды.

Экспансионизм. «Үлкен шоқпар дипломатиясы» мен «доллар дипломатиясы». АҚШ–тың экономикалық қуатының артуы сыртқы саясаттық экспансиямен бірге іске асты. Экспансионистер «тағдырдың таңдауы» және «англосаксондық нәсілдің артықшылығы» тұжырымдамаларына арқа сүйеп, АҚШ үшін экспансия даму заңы болып табылады және теңіздегі үстемдік үшін күреске кірісетін уақыт жетті деп дәлелдеді. Олардың басты идеологы – тарихшы және публицист адмирал Мэхэн: «теңіз күші – бұл өмір сүруге құқық үшін күресте елдің тағдырын анықтайтын маңызды фактор» деп тұжырымдады.

Т.Рузвельт, Мэхэн және олардың жақтастары Америка экспансиясының негізгі нысаны Латын Америкасы деп есептеді. 1898 ж. АҚШ Кубадағы көтерілісті басып жатқан Испанияға қарсы соғыс қимылдарын бастады. Испания жеңіліс тауып, бітімге қол қоюға мәжбүр болды.

1898 жылғы бейбіт келісімге сәйкес Куба тәуелсіз деп жарияланды, АҚШ Кубадан алыс емес Атлант мұхитында орналасқан Пуэрто–Рико аралын иеленді. Тынық мұхитта Филиппины аралдары, Гуам аралы, кейінірек Гавай аралдары мен Самоа аралының бір бөлігі АҚШ–тың билігіне көшіп, оларда американың әскери базалары орналасты.

АҚШ–тың Латын Америкасындағы қимылдары «үлкен шоқпар» саясатын іс жүзінде қолдану болып шықты. 1903 жылы АҚШ Кубаға американ сенаторы Платт ұсынған түзетпені күштеп таңды. «Платт түзетуі» Кубаға АҚШ–тың келісімінсіз шет елдермен келіссөз жасауға тыйым салды, Куба американың базаларын салуға рұқсат етті және АҚШ–қа Куба жеріне өз әскерін кіргізуге құқық берді.

1903ж. АҚШ пен Колумбия арасында жанжал шықты, оған себеп болған АҚШ–тың осы елдің территориясы арқылы Тынық және Атлант мұхиттарын қосатын канал қазу ниеті еді. Колумбия парламенті бұл жобаны қабылдамай тастады. Сол кезде АҚШ Панаманың Колумбиядан бөлінуін жақтаушыларға қолдау көрсетті. Америка флотының көмегімен олар Панаманың тәуелсіздігін жариялады да, АҚШ–қа америка әскерлері күзетіп тұрған аймақ арқылы канал құрылысын жүргізуге рұқсат берілді.

Панама каналының құрылысы 10 жылға созылып, 1914 ж. аяқталды. Бұл нағыз алып техникалық құрылыс болды. Ұзындығы 81 км, өте күрделі географиялық жағдайларда салынған канал американ флотына тез уақыттың ішінде өз күштерін бір мұхиттан екінші мұхитқа жеткізуге мүмкіндік берді.

Т.Рузвельт қолданған «үлкен шоқпар» саясаты Латын Америкасында наразылық туғызды және АҚШ–тың өзінде де қарсылыққа ұшырады. АҚШ–тың жаңа президенті Уильям Тафт «штыктарды долларға ауыстыру» қажет деп жариялады. Тафт жария еткен «доллар дипломатиясына» сәйкес Құрама Штаттар Латын Америкасын экономикалық экспансиялауды бастады.