Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ЛЕКЦИИ по ВСЕМИРКЕ.doc
Скачиваний:
975
Добавлен:
05.02.2016
Размер:
913.92 Кб
Скачать

Ұлы Отан соғысы және Жапонияның Тынық мұхиттағы әскери қозғалысы Жоспар

1. Фашистік Германия мен оның одақтастарының КСРО-ға шабуылы.

2. Жапонияның Тынық мұхит пен Шығыс Азиядағы шабуылы

3. Антифашистік одақ. Біріккен Ұлттар

Фашистік Германия мен оның одақтастарының КСРО-ға шабуылы. 1941ж.жазына Германия КСРО-ға шабуыл жасауға дайындықтарын аяқтады.”Барбаросса” жоспары бойынша герман қарулы күштері “Кеңестік Ресейді қысқа науқан барысында Англияға қарсы соғыс бітуден бұрын тасөталған етуді” көздеді. КСРО Еуропалық бөлігін олар неміс колонистері үшін “өмір сүру кеңестігі” ретінде пайдалануды мақсат етті.Славян халықтарын құлдыққа айналдыруды, бірсыпырасын жер аударып бір бөлігін қырып тастауды жоспарлады. Польшада басқыншылар алдынөала арнайы өлім лагерлерін салдды, оларда “қажетсіз” халықтарды, бірінші кезекте еврейлер мен слвяндарды жоюды ойластырды. Соғыс жылдарында бұл лагерлерде (Освенцим, Майданек, Треблинка және т.б.) 16 млн-нан астам адам жойылды.

1941 ж. 22 маусымда таңертеңгі 3 сағат 30 минутта фашист әскерлері соғыс жариялаусыз КСРО-ға басып кірді. Кеңес Одағының Ұлы Отан соғысы басталды. Германияның жақтастары ретінде КСРО-ға қарсы соғысқа Румыния, Венгрия, Финляндия, Италия, Словакия және Хорватия қатысты. Испанияның Франко басқарған үкіметі мен Франсуздың Виши үкіметі Германияға көмекке еріктілерді жіберді. Кеңез Одағына шабуылға 190 дивизия, яғни Германияның қарулы күштердің 80 пайызы қатысты. Кеңес-Герман майданы екінші дүниежүзілік соғыстың басты майданына айналды.

Фашистердің шабуылы Кеңес Одағын өте қиын жағдайға қалдырды. КСРО батыс шкаралық округтеріндегі 170 дивия орналастырған болатын. Танктер мен самолеттердің жалпы саны бойынша олар басқыншылардан басым болатын, бірақ Кеңес танктері мен самолеттерінің көпшілігі ескі еді. Қызыл армияның соғыс қабілеттігі соғыс алдындағы қырық мыңнан аса комондирлер мен саяси қызметкерлердің жаппай жазылуына байланысты едәуір әлсіреген болатын. Олардың орындары басқан жаңа кадрлардың қажетті дайындығы әскері тәжірибелері болмады. Гитлердің уәделеріне сеніп және Ұлыбританиямен соғысып соғысып жатқан Германия екі майданда бірдей соғыспайды деп есептеп, Сталин дайындалып жатқан фасиштік басқыншылық туралы келіп түсіп жатқан мәліметтерге сенбеді, оларды арандатушылық деп есептеді. Нәтижесінде Кеңес басшылығы мен командованиясы қапыда қалды. Кенес аэрандромдарына 22 маусым күні таңертеңінде кенет ауа ауа шабуылын жасаған неміс авияциясы кеңес авияциясының бірталай бқлігін істен шығарды. Немістің танкті және моторланғын дивизиялары авияциясының қолдануына сүйеніп, шапшаң түрде алға жылжыды. Кеңес әскерлері табанды қарсылық көрсетті, көп шығынға ұшырады, бірақ жауды тоқтата алмады. 1941 ж. Қысына қарай неміс әскерлері Балтық жағалауын, Молдовияны, Украинаны, Белоруссияны басып алып, Ленингратты қоршауға алды да, Москваға таяп келді. 1941 ж. Желтоқсанында Москва түбінде Кеңес әскерлері қарсы шабуылға шықты, Ұлы Отан со,ысы барысында бірінші рет ірі шабуыл операциясын ұйымдастырып, дұшпанды Москадан 100-200 км. әрі қуып тастады. 1942 ж. Көктеміндк неміс әскерлері шығыс майданда жаңа шабуылға шықты. Олар Қызыл Армияға Қырымда және Хорьков түбінде жіңіліс таптырды. 1942 ж. Жаз ортасында олар Сталинградқа (қазір Волгоград) және Кавказға шықты. Осы шептерде олардың шабуылына тойтарыс берілді.

Жапонияның Тынық мұхит пен Шығыс Азиядағы шабуылы. Германия КСРО-ға шабуыл жасап жатқан кезде Жапония үкіметі жапон шапқыншылығын қайда бағыттан тиімді: КСРО-ға қарсы солтүстікке ме, жоқ, АҚШ пен Ұлыбританияға қарсы оңтүстік теңіздер ауданына қарай бұрған дұрыс па деген сұрақтарға жауап іздеуде болды. Алғашқыда екі бағытта да соғыс қимылдарын бастауға дайындық жүргізілді, бірақ 1941 ж. 2-ші шілдеде Жапонияның жоғарғы бпсшыларының императордың қатысуымен өткен кеңесі бірінші кезектегі міндет “оңтүстікке қозғалу” деп шешті.

Жапонияның алғашқы көз тікккені негізгі күштерді Гавай аралдарына, Перл Харьор мүйесінде шоғырланған АҚШ-тың Тынық мұхит флоты болды. 1941 ж. Желтоқсанда құрамында 6 авианосиці бар жапон кемелерінің ірі тобы Перл-Харборға сездірместен жақындап келіп, ауадын Американ кемелеріне күйрете соққы берді. Кемелеодің кқпшілігі суға батырылды немесе күшті зақымдалды.

Перл-Харбор бір мезгілде жапон кемелері мен авиациясы Филиппині аралдары, Малая және Голландияның отары Индонезияда орналасқан АҚШ пен Ұлыбританияның соғыс базаларына тұтқиылдан шабуыл жасады. Жапон әскерлері Тайландқа басып кіріп, оны еш қарсылықсыз басып алды, сөйтіп Тайландпен шекаралас ағылшын отары Бирмаға шабуылға шықьты.

Жапон әскерлері соғыс қимылдарына жақсы дайындалған еді. Оның бергі жағында Жапоня өз шабуылдарын Азияны “ақ империализмен” азат ету ұранымен жүргізді, бұл жергілікті халықтардың бір бөлігінің тарапынан қолдау тапты.

1942 ж. Жазына Жапонияның қол астында (екінші дүниежүзілік соғыстан бұрын басып алған Қытай және Кореа территорияларын қоспағанда) Индонезия, Филиппины, Тайланд, Бирма, Малайя, Үндіқытай сияқты халықтарының жалпы саны 150 млн. Адамға жететін ірі Азия елдері болды. Батыста жапон әскерлері Үндістанмен шекараға жетіп, Оңтүстікте Австралияға таяп келіп қалды. Тек 1942 ж. Жазына Австралияның жағалауында Коралл теңізіндегі (мамыр 1942 ж.) және Тынық мұхитттағы Мидуэй аралығында (маусым 1942 ж.) теңіз шайқастарынан кейін ғана АҚШ-пен Англия Жапонияның ілгері жылжуын тоқтата алды.

Антифашистік одақ. Біріккен Ұлттар. Германия мен оның одақтастарының КСРО-ға шабуылы, одан соң Жапониянының АҚШ пен Ұлыбританияға қарсы басқынышылығы фашист басқыншыларына қарсы күресіп жатқан барлық кұштердің біртұтас антифашистік одаққа бірігуіне алып келеді. Оның маңызды құжаты Черчилль мен Рузвельтттің 1942 ж. тамызында Канаданың Атлантикалық жағалауында кездесу кезінде қол қойысқан Атлантика хартиясы болды. Атлантикалық хартияда АҚШ-пен Ұлыбританияның “ешқандай территориялық немесе басқа да жауып алушылыққа ұмтылмайтындығы және барлық халықтардың өздері өмір сүргісі келетін басқару түрін таңдап алуға құқылы екндігі” туралы айтылды. Ұлыбритания мен АҚШ “нацистік теранияны түпкілікті құртканнан кейін” олар жұрттың брлығы “ешқандай қорқынышсыз, жоқшылық көрмей өмір сүретіндей” дүние құруға үміттенетіндігін жарияланды. Ол үшін басқынышыны қарусыздандыру жәнне жалпыға бірдей қауіпсіздіктің сенімді жүйесін құру, ал келешекте “күш қолданудын бас тарту” қажет деді. КСРО Атлантика хартиясына қосылды. 1941 ж. шілдеде Германияға қарсы бірлесіп қимылдай жөнінде ағылшын кеңес келісіміне қол қойды. Президент Рузвельт ленд-лиз туралы заңның күшін Кеңес Одағына да тартты, сөйтіп, Кеңес Одағына американ қару-жарақтары мен құрал-жабдықтары келе бастады.

1942 ж. 26 тамызда Лондонда “Гитлерлік Германия мен оның Еуропадағы сыбайластарына қарсы соғыста одақтастық және соғыстан кейінгі ынтымақтастық пен өзара көмек туралы ” 20 жылға келісімге қол қойылады. 1942 ж. 11 маусымда Вашингтонда өзара көмек туралы кеңес-американ келісіміне қол қойылды.

Ұлы үш мемлекеттің-КСРО-ның, Ұлыбританияның және АҚШ-тың әскери-саяси одағы құрылды. Фашизимге қарсы мемлекеттердің бірігуіне басты себеп, олардың басқыншыларға қарсы күресте күш біріктірулерінің қажеттілігі еді. Кеңестік режимді сынап, оның дүние жүзіне таралу қаупінен сескенгендіктеріне қарамастан, Рузвельт пен Черчилль КСРО мен ынтымақтасу ауадай қажет деп есептеді. Бірақ одаққа енген елдердің арасында олардың әлуметтік-экономкалық және саяси сипаттарының ерекшеліктеріне және соғыстан кейінгі жоспарына байлыннысты терең қарама-қайшылықтар бар еді.

Одақтастар арасында көп уақыт бойына талас туғызып келген мәселе екінші майдынның ашылуы жайында болды. Фашистік Германияның Европадағы негізгі күштері өзіне қарсы тұрған Кеңес Одағы Англиямен АҚШ-тан Еуропада тезірек екінші майдан ашуды, соғыс қимылдарын Герианияға төте жолы бар Франциядан бастауда табанды түрде талап етті. Бірақ АҚШ пен Англияның үкіметтері күштерінің жетімсіздігін сылтау етіп, Еуропада екінші майдан ашу туралы мәселені кейінге қалдырып отырды.