Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ЛЕКЦИИ по ВСЕМИРКЕ.doc
Скачиваний:
975
Добавлен:
05.02.2016
Размер:
913.92 Кб
Скачать

3. Ксро 30 жж.: казармалық социализмнің орнатылуы

Азамат соғысы аяқталған кезде елдің халық шаруашылығының жағдайы өте ауыр еді. Сол себепті 20 жж. Екінші жартысы мен 30 жж. Бірінші жартысында Ресейдің алдында тұрған басты міндет мемлекеттің экономикалық дербестігі мен ауыл шаруашылығын қайта құруға қамтамасыз етіп қана қоймай, сонымен бірге елдің қорғаныс қабілетін нығайтуға мүмкіндік беретін өнеркәсіп қуатын жасау болды.

1925 ж. БК(б)П-ның 14 съезі елді индустрияландыру бағытын жариялады. 1927 ж. желтоқсанында большевиктер партиясының 15 съезі халық шаруашылығын дамытудың бірінші бесжылдық (1928/29 – 1932/33 жж.) жоспарын дайындау туралы шешім қабылдады. Жоспардың көрсеткіштерін орындау міндетті болды. 1930 ж. жазында өткен партияның кезекті съезінде индустрияландыру қарқынын жеделдету туралы шешім қабылданды. өнеркәсіп өнімдерінің жылдық өсімі 30 % көлемінде белгіленді. Шын мәнісінде, бұл белгіленген көрсеткіштерді орындауға нақтылы мүмкіншіліктер жоқ болатын.

Нәтижесінде бірінші бесжылдықтың тапсырмаларының көптеген көрсеткіштері орындалмады. Дегенмен осы жылдары 1500 аса өнеркәсіп орындары салынды, өндірістің жаңа салалары пайда болды және жаңа қалалар мен поселкелер бой түзеді.

Екінші бесжылдық (1933-1937) жоспарды іске асырғаннан кейін елдің индустриалдық қуаты едәуір артты. Тек екінші бесжылдықта 4,5 мыңнан аса жаңа зауыт-фабрикалар салынды.

1936 ж. қарашада КСРО Кеңестерінің 8 съезінде жаңа конституция қабылданып, ол сталиндік конституция деген ат алды. Кеңес азаматтары кең ауқымды құқықтар мен бостандықтарға ие болды. Ресми насихаттың тұжырымдауынша, Кеңес Одағы дүниежүзіндегі ең демократиялық мемлекетке айналды.бірақ осы құқықтар мен бостандықтар іс жүзінде өрескел бұрмаланып, бұзылып отырды. Мұның ең айқын мысалы ретінде 30 жж. Орын алған жаппай жазалау мен қуғын-сүргіндерді алуға болады. Шыңына 1937-1938 жж. Жеткен бұл жаппай жазалау барысында жүз мыңдаған жазықсыз жандар құрбан болды: атылды, асылды, түрмелерге жабылып, лагерьлерге айдалды.

Партия мен Кеңес үкіметінің көптеген белгілі қайраткерлері, көрнекті әскербасылары, атақты ғалымдар, жазушылар, мәдениет және көркемөнер қайраткерлері, дипломаттар мен миллиондаған қарапайым жұмысшылар мен шаруалар Сталин мен оның жақын серіктері ұйымдастырған өз халқына қарсы террордың құрбандары болды.

1937-1938 жж. Жаппай жазалау әрекеттерінің елге тигізген шығыны мен соққысы орасан зор ауыр болды. Көптеген тәжірибелі басшылар мен мамандардың асылып, атылып, қамалуына байланысты, шаруашылықты басқару ісі әлсіреді, келешек соғысқа дайындық ісіне кедергі келтірілді, КСРО-ның Ұлы Отан соғысының алғашқы жылдарындағы елеулі сәтсіздіктерге ұшырауына себеп болды.

4. АҚШ-тағы экономикалық дағдарыстың ерекшеліктері. 30-ж басыңда АҚШ капиталистік дүниенің әлем мойындаған орталығына, техникалық прогресcтің бейнесіне айналды. Капитализмнің жетілгендігі бұл елдегі экономикалық дағдарыстың аса қатты болғандығына себеп болды. 1929-1932 ж. Аралығында өнеркәсіп өнімінің көлемі 50% қысқарып, 13 млн таяу адам жұмыссыз қалды. Әлеуметтік мәселелер шиеленісе түсті.

Елде шіркеу тарапынан қайырымдылықтан басқа ешқандай жұмыссыздықтан сақтандыру, әлеуметтік жағынан қолдау деген болмады.

"Табанды дарашылдық" идеологиясының негізгі түйіні әркім өз қиыншылдықтары үшін өзі жауапты деген қағидаға келіп тірелді. Мемлекеттің адамдардың тағдыры үшін жауапкершілігі іс жүзінде мойындалмады.

АҚШ-тағы, бүкіл капиталистік дүниедегі дағдарыс ескі капитализм дәуірінің күні біткендігін көрсетті, дағдарыстың терендігі, оның букіл дүниежүзіне жайылуы төтенше және ауқымды шаралар қолдануды талап етті. Бұл жылдары АҚШ-та билік республикашылдар партиясының қолында еді. Президент Герберт Гувер, бұрын жолы болған тау-кен инженері және кәсіпкер, осының алдындағы сауда министрі қызметінде өзінің іскерлік қасиеттері, филантропияға бейімдігі, бизнеске деген адал қызметінің арқасында 1928 ж. Үкімет басына келген болатын. Гувер мемлекеттің бизнеске араласпаулы туралы XIX ғ. либерализмі мен дарашылдық ұстанымдарын қолдады. 1931 ж. Жаппай жұмыссыздық жағдайында ол қоғамдық жұмыстар ұйымдастыру туралы ұсыныстарды қараудан бас тартты. Гувер келісім берген бірден-бір ірі шара-ол Қайта құрушылық қаржы корпорациясын (ҚҚҚҚ) құру болды. Бұл үкіметтік ұйым банктерге, темір жолдарға, сақтандыру компанияларына қарыз беру мәселелерімен айналысты.

Президент Франклин Д. Рузвельт. 1932 ж. қарашада өткен президент сайлауында Гуверге қарсы демократиялық партияның кандидаты Франклин Делано Рузвельт дауысқа түсті.

Франклин Рузвельт 1882 ж. туылған . Үй тәрбиесін алған. Неміс және француз тілдерін өте жетік меңгерген. Гарвард университетін тәмамдаған. Жастайынан аса баққұмар ол барлық өмірін саяси қызметке арнады. 1910 ж. Нью-Йорк штатының сенатына сайланды. В.Вильсонның үкіметінде теңіз министрінің орынбасары ретінде Париж бітім конференциясында американ делегациясының құрамында болды. 1921 ж. сал ауруымен ауырып, өмір бойы аяғы істемейтін мүгедек болып қалады. 1928 ж. Рузвельт Нью-Йорк штатының губернаторы болып сайланады, бұл әдетте Ақ үйге тура жол деп есептелетін. Ата-бабаларынан қалған әжептәуір мұрагерлік дүние-мүлкі, оның ішінде ірі иелігі Гайд-парк болатын. Рузвельт қатарынан 4 рет сайланған (1932, 1936, 1940, 1944) бірден-бір американ президенті болды. Осының өзі-ақ оның АҚШ тарихында ерекше орын бар екендігінің куәсі бола алады.

Сайлау науұанының барысында Гувер жаңа бағдарлама ұсынбады. Рузвельт керісінше, өзгерістердің жалпы талабына құлақ асып, бір сөзінде «Мен американ халқына жаңа бағыт уәде етемін», - деп жариялады. Бұл «жаңа бағыт» («нью дил») тартымды сөз тіркесі кең тараған ұранға және саясаттың атына айналды. Ол жаңа президент конгресс арқылы бүтіндей бір заң пакетін өткізгеннен кейін, 1933 ж. наурыз-маусым айларындағы реформалардың «жүз күні» деп аталатын кезеңде ғана мазмұн тапты. Президент өз миссиясын дұрыс түсінді – төтенше жағдайлар төтенше шараларды қабылдауды қажет етеді.

«Жаңа бағыт» реформалары. Мемлекеттің жаңа міндеттері.Наурыздың басында конгрестің бірінші сессиясы өз жұмысын бастады. Үш айдың ішінде конгресс көптеген заңдар қабылдады. Олардың мәні Америка мен бүкіл капиталистік дүниенің тарихында бұрын болып көрмеген кең көлемде экономиканы мемлекеттік реттеу болды. Барлық шаралардың төтенше сипатта, американдық ауқымды түрде іске асырылуы президенттің жеке басының батылдығы мен шешімділігін көрсетті.

Президенттің алғашқы шаралары банк жүйесін тұрақтандыру және жұмыссыздарға көмек көрсетуді ұйымдастыру, федералдық ауқымда, штаттар мен мен муниципалитеттерде көмек көрсету жөніндегі тиісті мемлекеттік мекемелерді құру болды. Бұл мақсаттар үшін көмек көрсететін Төтенше федералдық ұйым құрылып, ол мұқтаждар арасында үлестіру үшін 500 мың доллар жұмсады. Кейіннен Рузвельт мақтан тұтқан маңызды мәселе қалалардағы жұмыссыз жастар үшін орманды аудандарда лагерьлер құру болды. Бұл бағдарлама резервтерді сақтаудың Азаматтық корпусі деп аталды.

Жыл сайын лагерлерде 500 мыңдай жұмыссыз жастар орналастырылып, баспана, тамақ, киім және күніне бір доллар алып тұрды. Олар ағаш егу, ормандарды тазалау, мелиорация, тоғандар қазу, ұлттық парктер мен қорықтарды көріктендіру, жол, көпір салу т.б. Жұмыстармен айналысты. Мысалы, Канадамен шеккарадан Техас штатына дейін орман қорғау белдеуі жүргізіліп, оған 200 млн.түп тал отырғызылды.

Рузвельттің екінші бір төл перзенті – ол Теннесси өзеннің алқабында орналасқан жеті штаттың жерін қамтитын географиялық аймақтың кешенді экономикалық дамуының орасан зор жоспары болды. Бір кездерде бір жерлерде мақта өсіретін алқаптар болған еді, бірақ келе-келе топырақ тозып, ормандарды кесу эрозияға алып келді. Рузвельт бұл апат шегуші аймақты өзенде электростанциялар жүйесін салатын, топырақ азуымен күрес жүргізетін ормандық қорғау жолақтарын салатын, кедейшілік тақсіретін тартып отырған фермерлерге көмек көрсететін, жұртты жұмыспен қамтамассыз ететін, түбінде олардың тұрмыс жағдайын көтеретін қуатты мемлекеттік корпорация құру жолымен қайта түлеткісі келді.

Жеке кәсіпкерлік аясында Теннесси аңғарын қайта жаңғыртқан аса қуатты мемлекеттік корпорация пайда болды. 25 электр станциясы салынып, өзенде кемелер жүзетін болды, жас орман желектері көтеріліп, топырақ тозуы тоқтатылды, жұрт еңсесін көтеріп, тұрмыс жақсарды.

Уақытша көмек көрсету шараларының қажет екендігі жұрттың көпшілігіне түсінікті болды, бірақ былықтың ең басты себебі тыйымсыз кеткен бәсекені қайта тоқтату керек? Экономиканы қалай еткенде қалпына келтіріп, тұрақты жұмыс істетуге болады? Қажетті көп шаралардың бірі ретінде күштеп картелдендіруді енгізу ұсынылды. Рузвельт бұл идеяны бірден қағып алды. Сөйтіп, Ұлттық-өнеркасіпті қалпына кетіру туралы заң (НИРА) шығарылды.

Өнеркәсіпті қалпына келтіру туралы заң үш бөлімнен тұрды. Бірінші бөлімінде «адал бәсеке кодексін» енгізу қарастырылды. Белгілі бір саланың кәсіпкерлері стол басына отырып, оларды тең жағдайларға қоятын өнім шығару шарттарын жасауға тиісті болды.

Бұл бәсеке күштеп шектеу қою еді: өндіріс көлемімен баға рынок мөлшерін ескере отырып тағайындалды, бұл өндірілген өнімдердің сатылуына мүмкіндік туғызды. «Адал бәсеке кодексін» президент бекітіп, ол заң күшіне енді. Мұндай кодекстер АҚШ өнеркәсібінің 95 % қамтыды. Өндіріс көлемі мен тұтыну рыногінің көлемдерінің арасындағы тепе-теңдік өнеркәсіптің дағдарыстан шығуы жолындағы алғашқы адым болды.

НИРА-ның екінші бөлімі кәсіпкерлер мен жұмысшылардың өзара қатынастарын реттеді. Заңның бір бабында кәсіподақтарды тану, жұмысшылардың кәсіпкерлерімен келіссөздер жүргізуге және жұмысқа жалдану мен жұмыс жағдайлары туралы ұжымдық шарттар жасасуға құқығы қарастырылды. Кәсіпкерлерге өздерінің «компаниялық» қолшоқпар кәсіподақтарын құруға және «арам еңбек тәжірибесін» қолдануға тиым салынды.

1935 ж. НИРА-ның осы баптарының негізінде Еңбек қатынастары туралы акт (Вагнер заңы) қабылданды. Ол ұжымдық-шарттық тәжірибені АҚШ-тың ұлттық саясаты ретінде мойындады. Бұл 30-жж. АҚШ-та өндірістік кәсіподақтардың құрылуына үлкен серпіліс берді.

Дағдарысқа қарсы шаралардың үшінші бөлігі қоғамдық жұмыстар мен мемлекеттік өнеркәсіп, әскери және т.б. объектілерді салуға ірі көлемде қаржы бөлуді қарастырды.

Ауыл шаруашылығын реттеу туралы заң.Келесі бір аса маңызды құқықтық акт ауыл шаруашылығын реттеу туралы заң болды. Онда фермерлер шаруашылықтарына көмек көрсету, егіс көлемін қысқартқандығы үшін сыйақы төлеу, фермалардың өнімдерін сатып алу қарастырылды. Бұл шара ауыл шаруашылығы мен өнеркәсіп өнімдерінің бағаларының арасындағы айырмашылықтарды қысқарту үшін қажет болды.

НИРА заңы мен ауыл шаруашылығын реттеу туралы заң екі жылдық мерзімге енгізілді, ол мерзім өткеннен кейін жоғарғы сот оларды конституцияға сай емес, кәсіпкерлердің еркіндік ұстанымдарына қайшы деп таныды.

1936 ж. президент сайлауы науқанында Рузвельтке жеткілікті түрде қуатты күштер – мемлекеттік реттеуге наразы ірі бизнес, Одақтық лигаға біріккен республикашыл партия мен басқа да оңшыл топтар, газеттердің көбісі қарсы шықты. Олар жаңа бағыттың барлық шаралары мен заңдарына, оның ішінде әлеуметтік қамсыздандыруды қоса қарсы болды. Бірақ 1936 ж. Резвельке тағы да сайлаушылардың көпшілігі қолдау көрсетті.

«Жаңа бағыттың» әлеуметтік реформалары. 1937 ж.президент лауазымына мерзімге отырғанда Рузвельт өзінің сайлау алдында берген уәделерін және қоғамдағы қатынастарды жалпы реформалау жоспарын іске асыруда конгресс пен жоғарғы сот тарапынан қатты қарсылыққа кездесті. Жалпы қорытындыда 30-жж.бірнеше аса маңызды әлеуметтік реформалар қабылданды: еңбек қатынастары туралы заң (Вагнер заңы), әлеуметтік қауыпсыздандыру туралы заң (1935), жұмысқа жалдаудың әділетті шарттары туралы заң. Соңғы заң бойынша балалар еңбегін пайдалануға тыйым салынды, ең төменгі еңбекақы төлемі мен жұмысшылар мен қызметкерлер үшін жұмыс аптасының ең ұзақ мөлшері белгіленді. 1938 ж. дағдарыс үкіметті мемлекеттік құрылыстар мен қоғамдық жұмыстарға бірнеше млрд.доллар бөлуге мәжбүр етті. Ауыл шаруашылығын көтеруге бағытталған маңызды шаралардың бірі топырақтың құнарлылығын қалпына келтіру жөніндегі бағдарламалар болды. Бұл 30-жж.орын алған, аса көп зиян келтірген шанды дауылдар мен құрғақшылықтардан ейін дер кезінде қолданылған шара болды. Жұмыссыздықтын сақтандырумен бірге АҚШ-та зейнетақымен қамтамасыз ету туралы заңы қабылданды.

АҚШ-тың дуниежүзіндегі рөлі. Панамериканизм және оқшаулану. АҚШ-тың 30-жж.сыртқы саясатына 1929-1933 жж.дүниежүзілік экономикалық дағдарыс пен күннен күнге күшейіп келе жатқан соғыс қауапты үлкен әсер етті. Қоғамдық пікірлер АҚШ-ты экономикалық және саяси оқшаулануға итермеледі. Бұл 1935 ж.бейтараптық туралы заңның қабылдануына әкеліп соқты. Бұл заң бойынша еуропалық саяси одақтарға қосылмау және соғысушы елдерге ешқандай әскери немесе экономикалық көмек бермеу керек деп белгіленді. Сондықтанда АҚШ-тың сыртқы саясатында 30-жж.соғыс басталғанға дейін Германия мен Жапонияның тарапынан жасалынған агрессиялық оқиғаларға "немқұрайды қараушылық" орын алып келді.

Дүниежүзінде болып жатқан өзгерістерді ескеріп, Ф.Рузвельт 1933 ж. КСРО-мен дипломатиялық қатынас орнату туралы шешім қабылдады. Бірақ КСРО-ға сенімсіздікпен қарау 1941 ж. дейін созылды.

АҚШ сыртқы саясатының артықшылықпен пайдаланған бағыты Латын Америкасы болды. Ф.Рузвельт құрлық елдермен қатынасты түбегейлі қайтадан құрды. Жаңа «қайрымды көрші» саясатының бұрынғы «үлкен шоқпар» мен «доллар диломатиясы» бағытынан айырмашылығы, ол латынамерикалық елдердің ішкі саясатына араласпау, өзара тиімді сауда және техникалық көмек көрсетуге негізделді. Бұл жаңа бағыт АҚШ-қа «американаралық жүйеде» үстемдік орнатуға мүмкіндік берді.

Екінші дүниежүзілік соғыс басталғанша оқшауланушылық үкімет саясатының жетекші бағыты болып келді. Кейіннен Ф.Рузвельт бейтараптық туралы заңның қателік болғандығын, өйткені оның агрессорларға көмектесіп, олардың құрбандарын қажетті көмектерден айырғандығын мойындады.