Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ЛЕКЦИИ по ВСЕМИРКЕ.doc
Скачиваний:
975
Добавлен:
05.02.2016
Размер:
913.92 Кб
Скачать

Әлемдік экономикалық дағдарыс және оның әр елдегі көріністері

  1. Әлемдік экономикалық дағдарыстың ерекшеліктері.

  2. Кейнсшілдік.

  3. Дағдарыстан шығу жолдары. Тоталитаризм немесе демократия?

  4. Әлемдік экономикалық дағдарыстың әр елдегі көріністері: АҚШ, Ұлыбритания, Франция, Германия, Италия.

1929-1933 жж. Дүниежүзілік экономикалық дағдарыстын ерекшеліктері. Дағдарыс 1929 ж. Қазандағы Нью-Йорк фондалық биржасында миллиондаған акциялардың бағасының миллиардтаған долларға кеміп кетуіне байланысты үрейден басталды. Бұл бағалы қағаздар рыногінің апатқа ұшырауы еді. Акциялармен биржалық алып-сатушылық және олардың курсын 1928-1929 жж. Экономиқалық серпіліс кезіндегідей жасанды түрде асыру осындай салдарға алып келетіні күмәнсіз еді. Бірақ биржа апаты терен экономикалық дағдарыстың тек сыртқы көрінісі ғана болды.

Экономикалық циклдің міндетті кезеңі болып табылатын экономикалық дағдарыстардың ең басты себептерінің бірі – өндіріс пен тұтыну арасындағы тепе-тендіктің бұзылуы болып табылады: шығарылған тауарлар рыногіндегі ұсыныс оларға деген төлем қабілеті – сұраныстан асып кетеді. Тауарлар жатып қалмасын деп өндірушілер әдетте дағдарыс кездерінде бағаны кемітеді, өндірісті азайтады, жұмысшыларды қысқартады, капитал салымын кемітеді. Өндірісті рыноктің тарылғын көлеміне дейін теңестіру циклдік дағдарыстан автоматты түрде шығудың алғашқы адымы болып табылады. Бұл бұрын болған экономикалық дағдарыстарға тән көрініс болатын. Бірақ 1929-1933 жж. Экономикалық дағдарыс ерекше болды.

Дағдарыстан шығудың автоматтық механизмінің «істемей қалуы» көп жағдайда капиталистік шаруашылықтың құрылымының өзгерістерімен байланысты болды. Капитал мен өндірістің аса ірі бірлестіктерде шоғырлануы ірі бірлестіктерге олардың өндіріске монополиялықтарына баланысты бағаны төмендетпей, бір мезгілде өндірісті қысқартуға мүмкіндік берді. Дағдарыстың аса ұзаққа созылуы (кей елдерде бес жыл бойына) дағдарыстан автоматты түрде шығудың дәстүрлі рыноктік механизмінің бұл жағдайда істемейтіндігің, сол себепті мемлекеттік реттеу механизмімен тырылуы тиіс екендігін көрсетті. Халықаралық тауар алмасу процестеріне едергі келтірген қолдаушылық саясаты да дағдарыстан шығуды қиындатты.

XX ғ. бірінші үштігінде жасалған жаңа техника мен технологияның жаппай өндірісті қамтамасыз етуге мүмкіншіліктері бар болатын. АҚШ-та жаңа дәуірдің белгісі автомобиль шығару болды. Жаппай өндірісті бастау үшін жаппай сатып алушы, жаппай тұтынушы қажет. 1929-1933 жж. дағдарыста дәл осы өндіріс пен тұтынудың, ұсыныс пен сұранымның арасындағы сәйкессіздік көрініс тапты.

Ақырында, дағдарыс бұрын болып қөрмеген мөлшерде тұрақты жаппай жұмыссыздық туғызды, миллиондаған адамдар үшін аштық, бүліктер мен көтерілістер қаупін төндірді, яғни әлеуметтік мәселелер шиеленісе түсті.

Дүниежүзілік экономикалық дағдарыстың аса маңызды ерекшелігі циклдік дағдарыстың ұзақ мерзімдік құрылымдық дағдарыспен тура келуінде болды. 30 жж.циклдік экономикалық дағдарыс әдетте әрбір 10-15 жылда бір рет келетін құрылымдық дағдарысқа тура келді. Орыс ғалымы Н.Д. Кондратьев 20-жж.өзінде-ақ экономикалық дамудағы «үлкен циклдер», немесе «ұзын толқындар» теориясын тұжырымдаған болатын. XX ғ.аса ірі экономикалық және саяси сілкіністері экономикадағы «ұзын толқындар» теориясының дұрыстығын дәлелдеп берді.

Экономикада «ұзын толқындар» деп ұзақтығы шамамен алғанда 48-55 жылға созылатын экономикалық белсенділіктің оқтын-оқтын ауытқып тұруын айтады. Мұндай жартығасырлық аралық келетін кезендерде индустриялық қоғамның техникалық және технологиялық негізі жаңарып, бұл құбылыс капиталистік өркениеттің басты-басты экономикалық аймақтарының шаруашылықтарының барлық салаларын қамтиды. Мұндай циклдер XVIII ғ.80-ж.соңы мен 90-шы жж.басынан басталған болатын. Сол кезден бастап батыс елдері төрт «ұзын толқындарды» бастарынан өткізді, олардың әрқайсысының бірінші жартысында конъюктураны арттыратын кезеңі болса, соңынан төмендетін кезеңі болады. Арттыратын және төмендететін кезендердің түйіскен жерінің үлесіне әлеуметтік сілкіністердің көп бөлігі (соғыстар, революциялар, аса ірі әлеуметтік-саяси қақтығыстар) келеді. Бұл үлкен циклдердің шеңберлері шамамен мына төмендегідей: 1780 ж.соңы – 1840 ж., 1840 ж.соңы – 1890 ж.; 1890 ж.соңы – 1940 ж.басы; 1940 ж.басы – 1982-1985 жж. Сөйтіп, XX ғ. екі толық «ұзын толқындар» орын алды, ал 1980 жж. басталған бесінші «ұзын толқындар» немесе кезең XXI ғ. аяқталмақшы.

1914-1945 жж. аралық кезең конъюктураның төмендеу кезенің қамтиды. Бұл уақыт ішінде екі дүниежүзілік соғыс, 30-жж. Дүниежүзілік экономикалық дағдарыс, Ресей мен кейбір еуропалық елдердегі революциялар, Еуропадағы тоталитарлық және авторитарлық режимдердің орнауы секілді оқиғалар орын алды. Бұл кезенді дүниежүзі тарихында ең ірі омырылу, либералдық демократияның терең дағдарысы және еуропалық өркениеттің өзін-өзі жойып жіберу қаупі деп қарастырған жөн. Соғысаралық онжылдықтар мен екі дүниежүзілік соғыстың күйзелістерінен шығу жолдарының қиындығы мен қарама-қайшылықтығы, міне , осында болды.

Кейнсшілдік. Экономистер дағдарыстер дағдарыстан байқау және қателіктер әдісі арқылы да, теория көмегімен де шығу жолдарын іздестірді. Әр түрлі көзқарастар тоқырасты (әлеуметтік рыноктік шаруашылыктың либералдық теорияларынан шаруашылықты бір орталықтан жоспарлау мен бөлудің тоталитарлық және социалистік теорияларына дейін). Бұл ізденістерде ең үлкен табыс ағылшын экономисі Дж. М. Кейнстің үлесіне тиді. Ол өзінің теориясының негізін "Жұмыспен қамту, пайыз және ақша теориясы" (1936) кітабына баяндады.

Кейнсшілдік ең алдымен үкіметтер мен кәсіпкерлердің экономикалық стратегиясын өзгертуді көздеді. Кейнс жағдайды дұрыс бағалады: жаңа өндірушілік мүмкіншіліктер жаппай өндіріс өнімдерін тұтынуда қоғамның мүмкіншіліктерінің шектелгендігіне тап болды. Мұндай жаппай өндіріс үйлесімді және тұрақты даму үшін оған жаппай тұтыну мүмкіншілігі сай келуі керек. Халықтың қайыршылығы және еңбек ақыны төмендету жолымен "тер сығып алу" жағдайында, яғни сатып алушылық қабілетін төмендету жолымен тауарлардың салыстырмалы артықтығы тұйығынан шығу мумкін емес еді. Бұл тұйықтан шығудың бір-ақ жолы болды, ол еңбек ақыны арттыру жолымен (Кейнсше "тиімді сұраныс") еңбекшілердің сатыпалушылық қабілетін арттыру немесе қорлардың артығын қоғамдық тұтынуға, қоғамдық жұмыстар шығындары аясына, қызметтерге, ағарту ісіне (мемлекеттік шығындар арқылы) аудару жолы еді. Екінші нұсқа милитарландыру болды. Кейнс тұтыну көлемін, жалпы сұранысты мемлекеттік шығындарды ұлғайту жолымен арттыруды ұсынды. Мұндай бағытты тіпті мемлекет қарыздарын ұлғайту жолымен де жүргізу қажет деп санады. Бұл өндірістің құлдырауына және тауарлардың жатып қалуына бөгет болып, бір мезгілде қаржыларды аса жоқшылық көріп отырғандардың пайдасына қайта бөлуге, қоғамдық жұмыстар ұйымдастыруға, жаңа жұмыс орындарын құруға мүмкіндік берер еді. Осы жолмен жұмыссыздықты азайту, тіпті толық жұмыспен қамтамасыз ету мәселесін де шешуге мүмкін еді.

Кейнс экономиканы дағдарысқа қарсы реттеу жөнінде бірнеше нақтылы шаралар ұсынды. Ол мемлекеттік шығындарды азайту немесе арттыру, экономикалық конъюктураға байланысты салықтар мен банк пайыздарын кеміту немесе көбейту арқылы экономиканы жалпы мемлекеттік реттеу (макрореттеу) механизмің жасады. Дағдарыс жағдайында "сұранысты қампиту", яғни өндірісті ынталандыру мақсатында мемлекеттік шығындарды арттыру, салық пен банк пайызын азайту, ал экономиканың "қызып кеткен" және инфляция жағдайында шығындарды азайту, салықтарды және банк пайызын көбейту ұсынылды. Мемлекеттік реттеудің бұл шаралары "тоқта-жүре бер" ұстанымы деген ат алды.

Дағдарыстан шығу жолдары. Тоталитаризм немесе демократия? Мемлекет пен мемлекеттік реттеудің рөлі туралы мәселе экономикалық дағдарыс пен әлеуметтік күйзелестерден шығу жолдарына байланысты мәселелер шумағымен қоса өрілген болатын.

Сайып келгенде, барлық пікірталастырдың ұшы ең басты мәселеге-мемлекет пен азаматтық қоғамның, мемлекеттік және жеке меншіктердің, мемлекеттік реттеу мен рыноктың рөліне келіп тірелді. Тіпті дарашылдық пен дәстүрлі либерализм идеяларының тамырлары тереңге кеткен американ қоғамының өзінде де мемлекеттік реттеу мәселелері буржуазияшыл саясаткерлер мен экономистердің, кәсіпкерлердің назарын өзіне аудара бастады. Ал Еуропада өткен ғасырдың соңында-ақ марксистік емес саяси экономия мемлекеттік реттеу мен экономикаға араласудың маңызды рөл атқаратындағын дәлелдеген болатын.

Бұл мәселе сол кездің басты идеялық-саяси қайшылығы – мемлекет пен тұлға, мемлекет пен азаматтық қоғам арасындағы тұрасында принциптік түрде қарама-қарсы түсініктерді ұстаған тоталитаризм мен либералдық демократия арасындағы келіспеушілікке байланысты болды. Бұл өмірлік бар мәселерден алыс жай ғана теориялық пікірталас емес еді. Бұл XX ғ.саяси тарихының арқауын құрайтын тотаритализм мен демократия арасындағы күрестің мазмүны болды.

АҚШ.1929-1933 жж. Экономикалық дағдарыс әлем тарихындағы ең күшті, терең дағдарыс болды. Бұл дағдарыстың зардаптары бірінші дүниежүзілік соғыс шығындарынан да асып түсті. Дүниежүзілік экономикалық даму ХХ ғасыр басындағы дәрежесіне түсіп қалды.

Дағдарыс АҚШ экономикасын ерекше қатты күйзелтті. Осы жылдары өнеркәсіп өндірісі 46 пайызға қысқарды, ұлттық табыс 2 есеге кеміді. Мыңдаған банктер күйреді, фермерлік шаруашылықтар күйзеліске ұшырады. Дағдарыстың зардаптары АҚШ экономикасы үшін ауыр болғаны соншалықты, басқа елдер өз өндірісінің дағдарысқа дейінгі дәрежесіне 1935 ж. жетсе, АҚШ тек 1937 ж. ғана жетті. Дағдарыстың АҚШ-та ерекше күшті және ұзақ болуының себебі қандай? Дағдарыстың алғышарттары гүлдену жылдарында-ақ қалыптасқан еді. Біріншіден, өнеркәсіптің әр түрлі салаларының дамуындағы шамаластық жүйесі бұзылды: жаңа салалар ескі, байырғы салаларға қарағанда жылдамырақ дамыды. Екіншіден, өндіріс ұлғайған сайын рынақ тарыла берді, ұсыныс мөлшері сұраныс мөлшерінен асып кетті. Үшіншіден, Ресейдің дүниежүзілік капиталистік шаруашылық жүйесінен шығып кетуіне және аграрлық ірі мемлекеттердің арасындағы тауар өткізу рыногы үшін күрестің күшеюіне байланысты АҚШ-тың сыртқы саудасы да төмендей бастады.

Дағдарыс еңбекші халықты ерекше күйзеліске ұшыратты: жұмысқа жарамдылардың үштен бірі жұмыссыз қалды, жалақы 35 %-ға азайды.

Дағдарыстан шығу 1933 ж. басталып, ақыры бірте-бірте экономикада жандану байқалды. 1937 ж. көктемде өнеркәсіп өндірісінің көлемі дағдарысқа дейінгі дәрежесіне жетті. Алайда сол жылдың жазында жаңа экономикалық дағдарыс басталды., ол 1938 ж. дейін созылды. Соның салдарынан АҚШ экономикасы дағдарысқа дейінгі дәрежесіне тек 1940 ж. ғана жетті.

Ұлыбритания.Дағдарыстың алғашқы белгілері Англияда 1930 ж. басында пайда болды, ал ең тереңдеген кезі 1932 ж. болды. Осы жылдарда өнеркәсіп өнімі 23 пайызға қырқарды. Соның ішінде металлургия, көмір өндіру, кеме жасау салалары, ауыл шаруашылығы және сыртқы сауда ерекше күйзеліске ұшырады. Өндірістің қысқаруы салдарынан жұмыссыздық күрт өсті. 1932 ж. әрбір төртінші жұмысшы жұмыссыз қалды.

1932 ж. аяғына қарай экономикада жандану байқалды. Бірақ елдің экономикалық жағдайының жақсаруы баяу жүрді. Өнеркәсіп өнімінің көлемі дағдарысқа дейінгі дәрежесіне 1934 ж. ғана жетті. Елдің дағдарыстан шығуына ағылшын буржуазиясының шетке капитал шығаруды азайтып, қаржыны өз елінің өнеркәсібіне жұмсауы елеулі ықпалын тигізді.

Алайда ағылшын экономикасының өрлеу кезеңі тым қысқа болды. 1937 ж. күзінде тағы да дағдарыс басталды, содан ағылшын өнеркәсібінің екінші дүниежүзілік соғыстың басталуына дейінгі жылдардағы дамуы баяу болды. 1913 жылмен салстырғанда 1939 ж. өнеркәсіп өнімі 21 пайызға өсті. Англияның дүниежүзілік соғыстар арасындағы экономикалық дамуының орташа қарқыны төмен болды, дағдарыстар мен тоқыраулар алмасып отырды. Англия дүниежүзлік өнеркәсіптік және қаржылық орталық болу рөлінен мүлде айырылып қалды.

Франция.Дағдарыс Францияда басқа елдерге қарағанда кешірек, 1930 ж. аяғында басталды, бірақ ұзаққа созылды. 1935 ж. өнеркәсіп өнімі 46 пайызға қысқарды. Жұмысшылардың жартысына жуығы жұмыссыз қалды. Жалақы 30 пайызға қысқарды. Франк құнсызданып кетті. өнеркәсіп пен сауда І дүниежүзілік соғысқа дейінгі дәрежесіне тек 1937 ж. ғана жетті.

Дағдарыс ауыл шаруашылығында ерекше ауыр көрінді. 1933 ж. ауыл шаруашылығының даму дәрежесі соғыстан бұрынғы дәрежесіне де жетпей қалды. Ауыл шаруашылығы өнімдерінің бағасы 2 есе төмендеп кетті. Соның салдарынан көптеген шаруа шаруашылықтары күйзеліске ұшырады.

1936 ж. француз экономикасында жандану байқалды, бірақ 1937 ж. қайта дағдарыс басталды. Соның салдарынан француз экономикасы екінші дүниежүзілік соғыс басталғанға дейін тоқырау жағдайында болды. Франция экономикалық даму дәрежесі жөнінен өзінің басты бәсекелесі – Германиядан тым артта қалып қойды.

Германия.Дағдарыс Германияда ерекше ауыр, терең және созылмалы сипатта болды. 1932 ж. өнеркәсіп өнімінің көлемі 1900 жылғы дәрежесіне түсіп қалды. Ірі банктердің көпшілігі жабылып қалды. Жұмыссыздар саны 9 миллионға жуықтады. Нақты жалақы 2 есе азайды. Шаруалардың, қолөнершілердің, ұсақ буржуазияның жағдайы қатты нашарлады. 200 мың шаруа шаруашылығы күйзеліске ұшырады.

Дағдарыс Германияда басқа елдеге қарағанда ерекше ауыр болуының мынандай себептері бар: І дүниежүзілік соғыстағы жеңілістен кейін Германия отарларынан айырылды, шет елдерге қарыздар болып қалды, соғыс шығындарын төледі және дүниежүзілік тауар өткізу рыноктарына еркін шығу мүмкіншілігінен айырылды. Сондықтан АҚШ, Англия, Франция сияқты ірі елдер дағдарыстан әлеуметтік-экономикалық реформалар жасау арқылы шықса, Германия фашистік диктатураның тоталитарлық экономикалық жүйе құруы нәтижесінде шықты. Экономиканы соғыс мақсатына сәйкестендіріп қайта құру және ұйымдастыру нәтижесінде Германияның өнеркәсібі 1939 ж. дағдарысқа дейінгі дәрежесінен 50 пайыз асып түсті.

Италия.1939-1933 жж. Дүниежүзілік дағдарыс Италия экономикасына ауыр соққы берді. Елдің қаржылық жүйесінің негізі болып отырған ең ірі 3 банк күйреп қалды, өнеркәсіп өнімі және сыртқы сауда көлемі 3 есе кеміді. Жұмыссыздар саны көбейді, жалақы 50-60 пайызға қысқарды.

Дағдарыс жылдарында шаруа шаруашылықтары, ұсақ және орта буржуазияның иелігіндегі кәсіпорындар ерекше күйзеліске ұшырады. Осының өзі өндірістің шоғырлануын күшейтіп, монополиялардың санын көбейтті. Муссолини үкіметі ірі монополистік бірлестіктердің құрылуына барынша жағдай жсапа отырды. 1933 ж. жоғарыда аталған күйреген 3 банктің капиталы біріктіріліп, мемлекеттік финанстық мекеме құрылды. Сөйтіп, дағдарыс жағдайында мемлекет экономикаға кеңінен араласты.

Ауыл шаруашылығында өнімді белгіленген баға бойынша мемлекетке өткізу жүйесі енгізілді. Бұл шаралардың барлығы елдің экономикасын соғысқа дайындау міндетін іске асыруға тиісті болды.