Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ЛЕКЦИИ по ВСЕМИРКЕ.doc
Скачиваний:
975
Добавлен:
05.02.2016
Размер:
913.92 Кб
Скачать

Хх ғ. Екінші жартысындағы Африка елдері

Отаршылдық жүйенің ыдырауы және күйреуі.Екінші дүниежүзілік соғысқа дейін отарлар мен мандат бойынша басқарылатын территорияларда Жер шары халқының үштен бірі өмір сүрді, отарлық иеліктер құрлықтың үштен бірін алып жатты. Жартылай отар елдерде осынша халықтар тұрды. Қытайдың көптеген жерін және Оңтүстік Азия елдерін басып алған Жапония және фашистік Германия мен Италияның талқандалулары Азия мен Африканың отаршылдық шет аймақтарының халықтарының ұлттық азаттық алуы үшін қолайлы алғышарттар туғызды. Отарсыздану процесі бірнеше онжылдықтарға созылып кетті. Азияда басты оқиғалар соғыстан кейінгі алғашқы онжылдық барысында орын алды. Жапонияның жеңілуі Үндіқытай, Бирма, Малайя, Индонезия халықтарын ұлт-азаттық күреске көтерді, Жапонияның тақандалғанын естісімен олар өздерінің тәуелсіздіктерін жариялады. Қызыл Әскер жапондардың Квантун әскерін тақандап, Қытайға жапон басқыншыларын қуып шығуға жәрдемдесті. Филиппины да азаттық алды.

Германия, Италия және Жапония Екінші дүниежүзілік соғыста жеңілуідің нәтижесінде тек отарлары мен империяларынан айырылып қана қойған жоқ, сонымен бірге өз территорияларының да біраз бөліктерін жоғалтты. Жеңімпаз мемлекеттер де қанша тырысқанымен өз отарларынан айырылды.

Отарсыздану процесіндегі аса маңызды оқиға ірі азиялық елдер – Үндістан мен Пәкістанға тәуелсіздік беру болды. Ағылшындар отарды соғыстан бұрынғы өзін-өзі басқару дәрежесінде де сақтап қала алмады. Соғыс кезінде Үнді ұлттық конгресінің басшылары ағылшындармен ынтымақтастықтан бас тартты, өз мемлекетін құру үшін мұсылмандар қозғалысы да кең етек алды. 1946 жылы үнді флотындағы көтеріліс ағылшындарды мәселені түпкілікті шешуге итермеледі. 1947 ж. тамызда Үндістан мен Пәкістан көптен күткен тәуелсіздіктерін алды.

Франция өзінің отарларының қиыршығыстық бөлігінен әрең ажырады. Вьетнамдағы соғыс (1946-1954) француз армиясының оңбай жеңіліп, Дьенбьенфу түбінде тізе бүгуімен аяқталды. Солтүстік Африкадағы отарлар да Франция үшін аз проблема болған жоқ. 1956 ж. Марокко мен Тунис тәуелсіздік алды. Алжирде көтерілісшілермен соғыс сегіз жылға созылып, 1962 жылы аяқталды.

Бұрынғы Италия отарлары алғашқыда БҰҰ қамқорлығына алынған болатын. 1951 жылы Ливия, 1960 ж. Сомали тәуелсіздік алды.

Осман империясы құлағаннан кейін мұнда бірнеше араб мемлекеттері пайда болған болатын:

1932 ж. – Ирак, 1936 ж. – Египет. Бірақ Ұлыбритания бұл елдерде тағы да жиырма шақты жыл бойына өз әскерлерін орналастырып келді. 1945-1946 жж. Франция Сирия мен Ливанға иелік ету мандатынан бас тартты.

1920 жылы Ұлыбританияға Ұлттар Лигасы берген Палестина мандатының келешек тағдыры Таяу Шығыстағы шешуі қиын проблемаға айналды. Араб ұлтшылдары Палестинаны араб жері деп санады. Бальфур декларациясы (1917 ж.) Палестинада еврейлердің «ұлттық ошағын» құруға уәде берген болатын. Арабтардың да, еврейлердің де ұлтшыл ұйымдары соғыстан кейін террористік актілер қолдана бастады, сол кезде Англия БҰҰ-ға мандатты жоққа шығару туралы өтініш жасады. БҰҰ резолюциясы Палестинада араб және еврей мемлекеттерін құруды қарастырды. Екі жақтың жаласына қалған Англия 1948 ж. өз әскерлерін алып кетті. Сол кезде еврей мемдекеті Израиль құрылды. Араб мемлекеті құрылмай қалды. Оның үстіне Палестинада іс жүзінде азамат соғысы басталды. Израиль Газа секторын, ал Трансиордания Батыс жағалауды басып алды. Соның нәтижесінде араб мемлекетін құрайтын территория жоғалып кеткендей болды. Палестинадан Ливанға, Сирияға және Трансиорданияға 600 мыңнан аса арабтар ауып кетті. Араб мемлекеттері Израиль мемлекетін ешқашан танымаймыз деп жариялады.

Кейінгі онжылдықтарда бірнеше араб-израиль соғысы орын алды. Израиль АҚШ пен Батыс елдердің көмегіне арқа сүйенді, ал араб елдерін КСРО қолдады. 1964 ж. Палестинаны азат ету ұйымы құрылды. Бірақ араб елдерінің арасында ауызбіршілік болмады, сондықтан олар 1967 ж. жетікүндік соғыста жеңіліс тапты. Израиль Батыс жағалау мен Голан қыраттарын басып алды. Иордания мен Ливанға тағы да 600 мыңдай арабтар қашты, бір миллионнан астамы басып алынған жерлерде қалды. 1970 жж. араб елдерінің өздерінің арасындағы қақтығыстар мен соғыс жанжалдар аймақтағы проблемаларды шешуге мүмкіндік бермеді. Араб ұлтшылдығы мен мұсылмандық фундаментализм, христиандар мен мұсылмандар қақтығысы, мұсылмандар арасында шииттер мен сунниттер арасындағы қақтығыстар тиылмады. Мұсылман ұйымдары Израильге қарсы джихат (қасиетті соғыс) жариялап, терроризм жолына түсті.

Африканың отарсыздандырылуы. Басқаларға қарағанда Африка отаршылдықтан кейінірек азат болды. Солтүстік Африкада Жерорта теңізі аймағында Франция өздерінің отаршылдық мәселелерін қиыншылықпен шешті. 1956 ж. Француз үкіметі Марокко мен Туниске тәуелсіздік берді, ал 1 млн. шамасы француздар тұратын Алжирден Алжирді азат ету майданының көтерілісшілерімен сегіз жыл соғысқаннан кейін (1954-1962) кетуге тура келді. Африка отарсыздану процесіндегі шешуші оқиғалар 1960 ж. орын алды, сондықтан да 1960 ж. «Африка жылы» деп аталды.

1960 жылдың басында 45-тей тәуелсіз мемлекет пайда болды. Кейінірек 1974 ж. Португалиядағы авторитарлық режим құлағаннан соң, Ангола мен Мозамбик өз тәуелсіздіктерін қарулы күрес барысында жаулап алды. Құрлықтың ірі елдерінің ішінде ең соңғысы болып 1990 ж. намибия бостандық алды.

Қытай. 1946-1949 жж. азамат соғысында Қытай коммунистік партиясы жеңіске жетті. Гоминьдан мен Чан Кайшидің жеңілуінің бірнеше себептері болды. Жапондарға қарсы соғыс жылдарында Чан Кайшидің партиясы мен үкіметі өз беделдерін түсіріп алды, гоминьданның реформашылдық саясаты сарқылды. Қытай шенеуніктері үшін үйреншікті сыбайлас жемқорлық биліктің жоғарғы жағын аздырды, сөйтіп олар жапон басқыншыларына қарсылық ұйымдастыруға дәрменсіз болып шықты. Соғыс аяқталғаннан кейін компартия қалың бұқараға түсінікті, қарапайым ұран көтере білді. АҚШ-тың осы кезде гоминьданға көрсеткен көмегі мардымсыз болды.

1949 ж. қазанда Қытай Халық Республикасы құрылғаннан кейін социалистік құрылыс басталды. Аграрлық реформа жүргізіліп, шаруалар ұжымдастырылды. Аралас экономика құрылды: ішінара мемлекет қарамағына алу арқылы мемлекеттік сектор пайда болды, ол жеке кәсіпкерлікпен қатар өмір сүріп отырды. Бірақ 1958 ж. шешуші бетбұрыс – «үлкен секіріс» басталды. Қытай Коммунистік партиясы басты бағыты дамуды шапшаңдатып, қысқа мерзім ішінде коммунистік қоғам орнату болды. Индустриаландыру жедел қарқынмен жүргізіліп, барлық өнеркәсіп иелерінен сатып алынып, қоғамдастырылды, теңдей бөлісу принципі енгізілді.

Осы кезеңде кеңес-қытай қатынастары шиеленісті. ҚКП ОК төрағасы Мао Цзедун дүниежүзілік революцияның келуін тездету мүмкін деп есептеп, компартияларды батыл қимылдар жасауға итермеледі. Бұл арандатушылық бағыт көтеріліс бастаған Индонезия компартиясын толық жойылып кетуіне себеп болды. «Үлкен секіріс» сәтсіздікпен аяқталды. өнеркәсіп пен ауыл шаруашылық өндірістері қысқарып кетті. Елге аштық қаупі төнді. Мао Цзедун партияның ішінде оппозицияға тап болды. «Мәдени революция» деген басталып, оның барысында «ұлы жолбасшыға» шексіз берілген жастар отрядтарының көмегімен Мао және оның жақтастары партия кадрларын қуғынға ұшыратып, көпшілігін жойып жіберді.

1976 ж. Мао Цзедун қайтыс бола салысымен билік үшін күрес күшейіп, ел азамат соғысының алдында тұрды. Бұл күресте «мәдени революция» кезінде қуғынға ұшыраған Дэн Сяопин бастаған топ жеңіске жетті. ҚКП жаңа басшылығының әрекеттерінің бағдарламасы реформалар жасау болды.

Жапония.Екінші дүниежүзілік соғысты тек жапон милитаризмі талқандалып қана қойған жоқ, сонымен бірге елдің билеуші топтары таңдап алған жартығасырлық құрлыққа басқыншылық стратегиясы мен Оңтүстік Шығыс Азия және Қытай халықтарын құлдану бағытына тыйым салынды. Жапония жеңілістен, одан кейінгі оккупациядан дұрыс қорытынды шығара алды. Экономикалық және саяси реформалар жүргізіліп, олар қоғамның әлеуметтік құрылымын, емлекеттік саяси құрылысты өзгертті және қоғамның экономикалық базисінің өзгеруіне негіз жасады. Реформалардың ішінде помещиктің жер иеліктерін, феодалдық қалдықтарды жою және жерді шаруаларға беру маңызды орын алды. Император құқықтары конституция бойынша шектелді (ол ағылшын королевасы сияқты патшалық ететі, бірақ басқармайды), елде бұрын болмаған көппартиялық негізінде парламенттік демократия орнады. Конституцияды Жапонияның даулы мәселелерді шешудің құралы ретінде соғыстан бас тартатындығы туралы жазылды.

Қазіргі Жапония инфрақұрылымы, білім беру, денсаулық сақтау және әлеуметтік қамсыздандыру жүйесі дамыған, бай және гүлденген мемлекет, ертеңгі ғылым мен техниканың орталығы.

Үндістан. Үндістанның тәуелсіздігі туралы 1947 ж. 15 тамызындағы заң екі доминионды – Үнді одағы мен Пәкістанның құрылуын қарастырды. Бұрынғы отар формальды түрде діни белгілері бойынша екі мемлекетке бөлінді. Бөліну аса күшті үнді-мұсылман жауласуы мен қанды қақтығыстар жағдайында іске асырылды.1949 ж. Үндістанның Құрылтай жиналысы конституция қабылдап, ол 1950 ж. қаңтарынан бастап күшіне енді. Конституция Үндістан Республикасын жариялады. Парламенттік сайлауда Үнді Ұлттық Конгресі жеңіске жетті. Сол кезден бастап бұл партия үкіметті үздіксіз басқарып келеді. Тұңғыш үкіметті Джавахарлал Неру басқарды. Кейінгі уақыттарда үкіметті оның қызы Индира Ганди, оның баласы Раджив ганди басқарды. Олардың екеуі де террористердің қолынан қаза тапты.

Үндістан мен Пәкістан арасындағы көпжылдық қарама-қайшылықтар сақталып келеді, кейде олар қарулы қақтығыстарға да айланып отыруда.

Пәкістан Үндістанның бір бөлігі болатын. Үндістанның бұл бөлігінің толығымен мұсылмандандырылуы айтарлықтар құрылымдық өзгерістерге алып келді. Бірнеше жылдар бойына саяси билікті Мұсылман Лигасы атқарып келген болатын.тек 1955 жылы ғана Құрылтай жиналысы конституцияны бекітті. Пәкістан Ислам Республикасы деп жарияланды. Үндістаннан айырмашылығы мұнда президенттік басқару енгізілген.

Иран.60-70 жж. Иранда елдің капиталистік дамуын жеделдету, жаңартуды жылдамдатылған қарқынмен іске асыру және адамдардың өмірін жақсартуға тиісті реформалар жүргізілді. Олардың ішіндегі ең маңыздысы – 60 жж. жүргізілген аграрлық реформа болды. Оның мақсаты жердің жетіспеушілігін жою, ірі жекеменшілікті шектеу, қазынаның едәуір жер иеліктерін сатып алуы арқылы фермерлік-капиталистік шаруашылықты құру және оларды мұқтаж щаруаларға ұзақ мерзімде төлеп тұратын несиеге беру болды. Бірақ адамдардың барлығы бірдей түбегейлі өзгеріп бара жатқан өмір жағдайларына бейімделе алмады.мұнайдан түскен табыстар шахқа жолдарды жаңалап, қоғамдық ғимараттар салуға, жаңа кәсіпорындар мен өндірістер ашуға мүмкіндік берді.

Ирандағы реформалар аса жылдам және кейде жан-жақты ойластырмай жүргізілді.

Шахқа қарсы қозғалысты шиит дінбасылары және олардың басшысы Аятолла Хомейни басқарды. Діншіл қайраткерлер өзгерістерді дәстүрлі өмір салтынан, ислам нормаларынан бас тарту деп түсінді. 70 жж. соңындағы иран революциясы нәтижесінде шах режимі құлатылды. Иран шариат нормаларына, чадраға және дінсіздерге төзбестікке оралды.