Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ЛЕКЦИИ по ВСЕМИРКЕ.doc
Скачиваний:
975
Добавлен:
05.02.2016
Размер:
913.92 Кб
Скачать

20 Жж. Халықаралық қатынастар Жоспар

  1. Дүниежүзілік екі соғыс арасындағы халықаралық қатынастар

  2. Кеңестік Ресей және батыс

  3. 1929-1933 жж. халықаралық қатынастар

Дүниежүзілік екі соғыс арасындағы халықаралық қатынастар 20-және 30-жж. Қамтитын екі кезеңге бөлінеді. 20-жж. Версаль-Вашингтон жүйесінің келісімдерінің негізінде мемлекетаралық және дүниежүзілік шаруашылық қатынастарында біршама уақытша тұрақтылықа қол жетісті.

“Пацифизм дәуірі” деп аталған 20-жж. Еуропа мен АҚШ саясаткерлері қайшылықтарды бейбіт жолдармен шешіп отырды.

30-жж. Дүниежүзіндегі жағдай күрт өзгере бастады. Версаль-Вашингтон жүйесі күйреді, Батыс пен Шығыста соғыс ошақтары пайда болды, дүние біртіндеп, күннен-күнге жаңа соғысқа жақындап келе жатты.

Версаль-Вашингтон жүйесінің түбіне жеңімпаздардың өз араларындағы және жеңімпаздар мен жеңіліс тапқандардың арасындағы қарама-қайшылықтар жетті. XX ғ. Басында АҚШ Еуропаның борышкері және одан тәуелді болған еді. Енді, міне, 20-ж. Соңында АҚШ-тың бір өзі Англия, Франция, Германия, Италия және Жапония бесеуін қосқандағы көп өнеркәсіп өнімдерін шығаратын болды. АҚШ несие беруші айналып, соғыс жылдарында Еуропа елдері оған берешек болып шықты. АҚШ Англияны шетелдердегі күрделі салым көлемі жөнінен қуып жетті. (16,5 млрд доллар) және онымен тек Латын Америкасында емес, басқа аймақтарда да бәсекелес болып алды. Мемлекеттердің мүдделері құрлықта да, теңізде де жиі қақтығысып тұрды.

Әскери-күш тұрғысынан ойлау көп жағдайларда капиталистік мемлекеттердің халықаралық мәселелердегі мінез-құлық ұстанымдарына әсер етті. Бірақ Еуропадағы пацифистік көз қарастар және соғысқа қарсы қозғалыстармен санасуға және ымыраға келу жолдарын қарастыруға тура келді.

Герман репарацияларының мәселесі. Франция Батыс Еуропада саны жағынан ең көп жаяу әскер ұстады. Осы әскери күшке сүйеніп, ол құрлыққа жетекшілік ролді қамтамасыз етемін деп есептеді. 1923 ж. француздар Бельгия әскерлерімен бірлесіп, Францияға репарациялық көмірді жөнелтуді тоқтатқан герман үкіметінің сазайын тарттыру үшін Рур облысына басып кірді. Бірақ Францияның билеуші топтарының Еуропада жетекші ролге демесі халықаралық қатынастардағы шын экономикалық және саяси салмағына сай болмады. Герман репарацияларының мәселесін шешуді халықаралық капитал, ең алдымен АҚШ, өз қолына алды.

Репарациялар мен Еуропалық қарыздар мәселесін шешудің кілті Дауэс жоспарында болып шықты. Дауэс жоспары Германия үшін алғашқы жж. Төмендеу репарациялық төлемдер (1 млрд. марка), сосын елдің экономикасы қалпына келтіру жағдайына қарай жыл сайын 3 млрд. Маркаға дейн арттыруды белгілейді. 1929 ж. Тамызында Гаагадағы халықаралық конференцияда Юнг жоспары (американ өкілі О.Юнгтың атымен) қабылданды. Германиның өтемдері жылына 2 млрд. Маркаға дейін төмендетіліп, қарыздың жалпы сомасы азайтылды. 1931 ж. Жеңімпаз елдердің ұсынысы бойынша дүниежүзілік экономикалық дағдарысқа байланысты Германияның репарация төлеуі тоқтатылды.

Ұлттар Лигасы. Еуропадағы пацифистік көңіл-күйлерді ескере отырып және өзінің бейбітшілік орнатушылық ролін ақтау мақсатында Ұлттар Лигасы 1925 ж. Қарусыздану және теңіз-соғыс қаруы жөнінде халықаралық конференйия шақыруға дайындыққа кірісті. Бірақ ҰлттырЛигасының бұл бастамасы көп жыл бойындағы дайындық жұмыстарының шеңберінен асып шықпады.

Сол кезде халықаралық қатынастар жүйесінде бере-бара күштердің жаңа арасалмағы қалыптасып, жаңа қарама-қайшылықтар түйіндері пайда бола бастады.

Франйияны Германияның өндірістік қуатының қалпына келтірілуі мен оның сауда экспансиясы алаңдатты. Сондықтан да 1928 ж. Сәуірде Францияның сыртқы істерминистрі А.Бриан АҚШ-қа ұлттық саясаттың құралы ретінде соғыстан бас тарту туралы пакт қабылдау мемлекеттік секретары Ф.Келлог және 10-нан аса басқа да мемлекеттердің өкілдері Бриан-Келлог пактіне қол қойды. Өзінің мазмұны жағынан бейбітшілікті қолдау жөніндегі ниет білдіру туралы жай ғана сөз жүзіндегі келісім екендігіне қарамастан, бұл аса маңызды құжат болды. КСРО бұл пактіге қосылып, оны 1929 ж. Қабылдады.

Кеңестік Ресей және Батыс. Ресейдегі азаматтық соғыс пен капиталистік мемлекеттердің басқыншылығы 1922 ж. Аяқталды. Басқа капиталистік дүниеге қарағанда меншік пен идеологияның өзгеше ұстанымдарында негізделген жаңа билік пен мемлекетті халықаралық-құқықтық тану үшін мүмкіндік туды. Идеологиялық қақтығыстарға дем беретін бұл өзгешеліктер Кеңестік Ресейдің қалған дүниемен қатынастарын шиеленістіріп, ондаған жылдар бойына халықаралық арасындағы бейбітшілік пен ынтымақтастық орнату ұранымен дүниеге келген Кеңестік Ресей өзінің кейінгі саясатында әр уақытта бірізді болмады. Екі жүйенің бейбіт қатар өмір сүруі жөніндегі тұжырымдама кеңестік сыртқы саясат саласындағы қайшылықты көрініс тапты. Ол капиталистік мемлекеттер тарапынан басқыншылықтың қаупін ескерді, бірақ, екінші жағынан, ол барлық мемлекттермен, әсіресе Батыс пен Шығыстағы көрші мемлекеттермен, достастық және ынтымақтастық қарым-қатынас орнату, тым болмағанда, олардың тілектестік битараптықта болуы туралы әділ ниеттерді білдірді. Осы негізде Ресейдің халықаралық қатынастар жүйесіне қайта оралуы пройесі басталды.

1921 ж. Жаңа тәуелсіз елдер Польша, Латвия, Литва, Эстониямен және Финляндиямен бейбіт келісімдерге қол қойылды. Дәл сол кезде Персиямен, Туркиямен, Ауғаныстанмен және Монғолиямен достық келіссөздер жасалынды. 1921 ж. Кеңестік Ресейдің Англиямен, Германиямен, Италиямен, Норвегиямен және басқа да елдермен сауда қатынастары басталды.

1922 ж. Генуяда Еурпадағы экономиканы қалпына келтіруді талқылау мақсатымен халықаралық конференция болды. Конференцияға кеңес делегайиясы да қатысты. Экономикалық ынтымақтастық туралы келіссөздер нәтижесіз аяқталды. Бірақ Ресейді дипломатиялық оқшаулау бұзылды – 1922 ж. Сәуірде Рапаллода КСРО мен Германия арасында өзара талаптардан бас тарту туралы (оның ішінде қарыздар мен репарациялардан) шартқа қол қойылды.

Кеңес-герман келісімі екі мемлекет арасындағы ондаған жылдарға созылған белсенді экономикалық және соғыс-техникалық ынтымақтық кезеңін ашты. 1924 ж. Кеңестік Ресейді негізгі батысеуропалық елдердің: Ұлыбритания, Италия, Франция, Норвегия, Швеция, Австрия, Дания, Грекияның және Мексика, Қытай, Жапонияның таныған жылы болды. Ірі мемлекеттердің ішінен тек АҚШ қана КСРО-ны тануды кейінге қалдырды. (1933 ж. Дейін.)

Кеңестік Ресейдің Батыс елдерімен қарым-қатынастары өте қиын қалыптасты. Бейбіт қатар өмір сүру тұжырымдамасы КСРО басшы топтарында халықаралық аренада тап күресінің бір тұрі, жаңа басқыншылық қаупін тудырушы капиталистік қоршаумен қарым-қатынастардың уақытша күйі есебінде қарастырылды. Сонымен бірге капиталистік Батыстың да Кеңестік Ресей мен Коммунистік Интернационал тарапынан революцияны экспорттаудан қауіптенуіне дәлелдер жеткілікті еді.

Сөйтіп, Кеңестік Ресей мен Батыс арасында қатынастарда екі жақты сенімсіздіктер орын алды. Халықаралық аренада екі жүйенің арасындағы қарама-қайшылықтар нақты фактор болды. Оның бергі жағында бұл қайшылықтар тіпті бейбітшілік уақыттарда да көрініс беріп тұрды. Мысалы, Бельгия мен Нидерландының шекараларына кепілдік беру жөніндегі Батыс мемлекеттер 1925 ж. Қол қойған Рейн кепілдік пактісін ресейлік дипломатия КСРО-ның қауіпсіздігіне қатер төндіретін және оны оқшаулауға бағытталған деп бағалады, себебі онда Шығыс Еуропа елдерінің шекараларының қауіпсіздігіне ешқандай кепілдіктер қарастырылмаған еді. Өз шекараларын қауіпсіздендіру үшін КСРО Германиямен, Түркиямен, Персиямен, Литвамен, Ауғаныстанмен битараптық жөнінде келісімдер жасасты.

Батыс елдермен қарым-қатынастардың қиындықтарына қарамастан, КСРО біртіндеп қалыпты халықаралық-құқықтық жүйеге орала бастады. 1934 ж. Соғыс қаупінің күшеюіне байланысты көптеген мемлекеттер тобы КСРО-ны Ұлттар Лигасына енуге шақырды. КСРО халықаралық ұйымға мүше болды, бұл белгілі дәрежеде артықшылықтар бергенімен, белгілі мөлшерде міндеттер жүктеді.

Дағдарыс жылдарындағы халықаралық қатынастар (1929-1933).

Экономикалық жағдарыс жылдарында версаль-Вашингтон жүйесі одан әрі күйрей түсті. Еуропа құрлығындағы күштердің арасалмағы түбегейлі өзгерді: жетекші капиталистік елдер арасындағы бәсекелестік күшейе түсіп, бұл әсіресе жанталаса қаруланудан көрініс тапты. Германия «қауіпсіздік жүйесінің шегінде тең құқықты» деп танылды, бұл Германияның өзінің соғыс күшін қалпына келтіруге құқығын мойындау еді. Ол репарация төлеу міндетінен босатылды. Версаль жүйесі келіссөздерін қайта қарау бұрынғы жеңген және жеңілген елдердің жағдайларын өзгертті.

Әсіресе Францияның жағдайы нашарлады. Германия жағынан оның қауіпсіздігіне қатер төнгендігі 30-жж. басында-ақ белгі бере бастаған болатын. Француздар шабуыл жасамау туралы француз-кеңес пактін жасасу туралы КСРО-мен келіссөздер жүргізді. Пактіге 1932 ж. қол қойылды.

Дағдарыс жылдарында Қиыр Шығыстағы жавғдай шиеленісе түсті. Қытай Ұлыбритания, АҚШ, Жапония арасындағы бақталастық алаңы болып қала берді. Жапония жеке-дара үстемдікке ұмтылды және «Ұлы Азияны» құру жоспарын жасады. Бұл жоспардың іске асырылуы 1931 ж. Жапонияның маньчжурияны басып алуынан басталды. Дәл осы арада дүниежүзілік соғыстың бірінші ошағы пайда болды.

Солтүстік-шығыс Қытайда 1911 ж. Синьхай революциясы кезінде тақтан құлатылған бұрынғы император Пу И-дің басшылығымен қуыршақ үкімет пен мемлекет құрылды. Ұлттар Лигасы қытайға арнайы комиссия жіберді, ол өзінің баяндамасында Маньчжоу-Го қуыршақ мемлекетінің тәуелсіздігін мойындамауды және қытайда жапон әскерлерін әкетуді ұсынды. Жапония бұл талаптарға құлақ аспай, Ұлттар Лигасынан шықты.

Фашизм германияда үкімет басында және халықаралық қатынастар.

1933 ж. қаңтарда германияда билік басына фашистік ұлттық-социалистік жұмысшыпартиясы – қарымта қайтару және соғыс партиясы келді. Германияның 1933-1935 жж. басты міндеті Версаль келісімінде жазылған елдің қарулануынақойылған шектемелерді жою және дүниежүзілік күшпен қайта бөлуге дайындық жасау болды.

Экспансиялық бағыттағы бұл саясат германияның «теңдігін» қайта қалпына келтіру жөніндегі идеологиялық бүркемелеудің көмегімен іске асырылып жатты. Германия Версаль келісімінің әділетсіздіктерін шебер пайдаланды, сондықтан да оның келісімді қайта қарау туралы талаптары біраз елдерде қолдау тапты.

1935 ж. Германия жалпыға бірдей әскери міндет енгізді. Версаль келісімінің шарттарының кезекті бұзылуын Англия мен Францияның үкіметтері мен қоғамдық пікірі болмағандай, жайбарақат қабылдады. Сол 1935 ж. плебисциттің нәтижесінде Саар облысы германияның құрамына енді. 1936 ж. наурызда герман әскерлері Рейн аймағына басып кірді, ол версаль келісімінің шарттары бойынша демилитарланған аймақ болып қалуы тиіс болатын, яғни ол жерде әскер де, қару-жарақ таболмауы тиіс еді. 1933-1935 жж. Германияның қайта қарулануына салынған барлық шектеулерді алып тастау кезеңі болды.